Материалдар / сабақ жоспары, Ыдыстар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары, Ыдыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың ыдыстар туралы түсінігін молайту,сөздік қорын молайту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
2250
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖТК ІІІ деңгей


Сабақтың  тақырыбы: «Ыдыстар»

Сабақтың  мақсаттары 1. Білімділік: Балаларды ыдыс түрлерімен таныстыру, ыдыстар туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлеу кезінде «Ыдыстар» деген жалпылауыш сөзді қолдана білуге үйрету. Ыдыстардың қажеттілігі жайында, және оларды күтіп қолдану туралы түсінік беру. 2. Дамытушылық: Артикуляциялық және ұсақ қол моторикалырын, дұрыс тыныс алу қабілеттерін дамыту. Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, топта жұмыс  жасау қабілеттерін, сабаққа деген  қызығушылығын дамыту. 3. Тәрбиелік: Балаларды  жинақылыққа, еңбек сүйгіштікке, белсенді, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті көрнекі құралдар: тақырыптық суреттер, артикуляциялық жаттығулар суреттері, жеке айналар, сүрткіштер, үлестірмелі  материалдар.

                                            САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I.Ұйымдастыру кезеңі.  

1. Сәлемдесу. Балалар шеңбер құрып:

Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге.

2. Балалардың көңіл - күйлерін сұрау.

3. Артикуляциялық жаттығулар:

«Бақа», «Піл», «Сусиыр», «Жалпақ тіл»,

«Күрекше», «Ине», «Сағат», «Футбол», «Әткеншек».

4. Тынысқа арналған жаттығулар:

«Қаламды домалат»

І.Негізгі бөлім:

а) Балаларға жаңа сабақтың  мақсат-міндетімен  түсіндіру.

- Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ыдыстар». Бүгін біз Ыдыстардың түрлерімен танысамыз, олардың қажеттілігі жайында әңгімелесеміз.

ІІ. Жаңа сабақ. Сурет бойынша жұмыс. Балаларға суреттерді көрсетіп, ыдыстарды жеке-жеке атату.

- Балалар ыдыстардың түрі өте көп, олар шәйнек, құман, кесе, кружка, тәрелке, қасық, шанышқы, пышақ, кәстрөл, қазан, нан салғыш, қант салғыш, май салғыш, тұз, бұрыш салғыш, сүт құйғыш, манты булағыш т.с.с. Балалар осылардың барлығын біз бір сөзбен «Ыдыстар» деп атаймыз. Балалар ыдыстарды сындырмай, ұқыпты ұстауымыз керек. Уақытында жуып, кептіріп отыруымыз керек. Ыдыстар бізге күнделікті тұрмыста тамақ дайындап, тамақты ұқыпты, әдемі етіп жеу үшін керек. Мысалы: қазанға біз тамақты пісіреміз; үлкен қасықпен оны тәрелкеге түсіреміз; тәрелкеден қасықпен немесе шанышқымен алып жейміз. Құмғанға су қайнатамыз, отқа қойып қайнатамыз; шәйнекке шәй демдейміз, шәйді пиялайға құйямыз.т.с.с.

Ыдыстар туралы жұмбақтар жасыру:


Құлағы бар қалқиған,

Аузы бар аңқиған.

Шығып алып ерте-кеш,

Төрт аяққа талтиған,

Қыздырады жалынға

Дәу қарынын қампиған.  (Қазан)


Аузы төбесiнде,

Тұтқасы денесiнде.    (Құман)


Отқа қойсаң елпiлдеп,

Быж-быж етiп тұншығар.

Тақиясы селкiлдеп,

Танауынан бу шығар.    (Шәйнек)


Өткiр жүздi келедi,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледi,

Ұсақтап та тұрар ол.    (Пышақ)



Үстi жазық –

Төрт қазық.   (Үстел)



- Жарайсыңдар балалар!

- Балалар осылардың барлығын бір сөзбен «ыдыстар» деп атауға болады. Ыдыстар бізге күнделікті тұрмыста тамақ дайындап, тамақты жеу үшін қажет.


ІІІ. Сергіту сәті.

1. Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

ІV. Сабақты жалғастыру. Ойын: «Сиқырлы қапшық»

Қап ішіне ойыншық ыдыстар салынады (касық, шанышқы, кружка, қазан, тәрелке т.б.)

Бала сиқырлы қап ішіне қолын салып, сипап сезу арқылы қандай ыдыс жасырынғанын табу керек. Ойын соңында қай бала көп ыдыс түрін тапса, сол жеңімпаз болады.

- Балалар біреу есік қағып тұр. Балалар, бізге Айша қуыршақ келіпті. Ол бізден көмек сұрай келіпті. Айша қуыршаққа достары келеді екен, оларға дастархан әзірлегісі келеді. Бірақ Айша қуыршақ ыдыстарды танып, білмейді екен. Айшаға дастархан әзірлеуге көмектесеміз бе?

Балаларға ыдыстардың атын ататып дастархан әзірлету. Ол ыдыстарға не салатынын ататқызу. Ыдыстарды күтіп ұстауды үйрету.

V. Қорытындылау:

- Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Біз бігін не үйрендік?

- Мына дастарханымызда қандай ыдыстар бар екен?

- Осылардың барлығын біз бір сөзбен не деп атаймыз?

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтап, бағалау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!