Сабақ жспары Үлкен - кіші. Біреу - көп МАД

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жспары Үлкен - кіші. Біреу - көп МАД

Материал туралы қысқаша түсінік
таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру. - таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; - осы сөздерді сөйлеу барысында колдану; - таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен - кіші) және санына қарай (бір - көп) салыстыруды үйрету; - қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту - Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: Үлкен - кіші. Біреу - көп

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

  • таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;

  • осы сөздерді сөйлеу барысында колдану;

  • таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен - кіші) және санына қарай (бір - көп) салыстыруды үйрету;

  • қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту

  • Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: кеш мезгілі, үлкен және кішкентай

заттар бейнеленген суреттер; жұмыс дәптері, әр балаға жай қарындаштар.

Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай.

Билингвальді компонент: кеш - вечер, үлкен - большой, кішкентай - маленький.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды:

Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң, балалар!

Аман Отан-панамыз,

Аман ата-анамыз,

Қайырлы таң, балалар!

- Өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді

естеріңе түсіріңдер.

- Сендер бұдан басқа қандай тәулік мезгілін білесіңдер?

Шаттық шеңберіне тұрады.



Бәрі бірге: «Қайырлы таң!» -дейді.




Тақпақты мұқият тыңдайды.




- Күндіз туралы әңгімеледік


- Таңертең туралы білеміз.

Ұйымдастырушылық ізденістік

«Бұл қай кезде болады?» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 3-оқу іс-әрекеті,

1-тапсырма.

Педагог балаларға кешкі мезгіл туралы

өлең оқып, әңгімелеп береді.

Сұрақтармен жұмыс:

- Біз қай мезгіл туралы әңгімеледік.

- Біз кешке не істейміз?

- Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Бала не істеп жатыр?

- Бұл уақыттың қай мезгілінде болады.

«Үлкен кішкентай» ойыны.

(3-оку іс-әрекеті, 2-тапсырма.) Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Отқа қойсаң елпілдеп.

Быж-быж етіп тұншығар. Тақиясы селкілдеп, Танауынан су шығар.

- Балалар, жұмбақ не туралы? Балалардың назарын бірнеше шәйнек салынған суретіне аударады. Педагог сұрақтар қояды:

- Шәйнектер бірдей ме, әлде әртүрлі ме'

- Олар қандай?

Педагог:

- Балалар, сол қолдарыңның үлкен саусағын (бас бармақ) үлкен шәйнекке, кішкентай саусақтарыңды (шынашақ) кішкентай шәйнекке қойындар.

- Ал кеселер бірдей ме?

Педагог енді балалардан оң қолдарыньп үлкен саусағын үлкен кесеге, кішкентай саусағын кішкентай кесеге қоюды сұрайды.

Педагог үлкен шәйнекті үлкен кесемен, ал кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсырады.

Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай.

Билингвальді компонент: кеш - вечер, үлкен - большой, кішкентай -маленький.

«Үлкен - кіші». Сергіту минуты.

Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді: «алдымен мен кішкентай боламын» деп, отырады. «Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып, қолын жоғары созады.

«Бір - көп» дидактикалық жаттығуы.

(3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.) Педагог балалардан суретте бір-бірден тұрған ойыншыктарды атауын және қоршап сызуларын тапсырады.

Содан соң педагог балалардан көп заттарды атап көрсетулерін өтінеді. Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар өлеңді, әңгімені тыңдайды.

- Кешкі мезгіл туралы. -Ұйықтауға дайындаламыз.

Суреттен көргендерін айтады.

- Ұйықтауға дайындалып жатыр.

- Кешке.

Балалар жұмбақты тыңдайды.

- Шәйнек туралы. Балалар суретке мұқият қарайды.

- Шәйнектер әртүрлі.

- Үлкен және кішкентай шәйнектер.

Балалар тапсырманы орындайды.

- Олар да эртүрлі: үлкен кесе жэне кішкентай кесе. Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар сызық арқылы қосады.

Қайталайды: кеш, үлкен, кішкентай. Қайталайды: кеш - вечер, үлкен - большой, кішкентай - маленький.

Тізелерін бүгіп отырады. Тұрып,

қолдарын жоғары көтереді.

Балалар

бір-бірден салынған

ойыншыктарды

атайды және қоршап

сызады: 1 ат, 1 піл,

1 машина.

- Доп, текше, аю көп.


Рефлексиялық түзетушілік

- Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?

Балалар жауап береді: кеш, күндіз.


Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: тәулік мезгілдерін (таң, күн, кеш), заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керектігін;

Қандай түсініктерді игерді: қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: заттардың санын (біреу көп) айқындау дағдысын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
886
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі