Материалдар / Сабақ туралы ой толғаныс.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ туралы ой толғаныс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың жаңа әдістерін оқып-үйрену, білу, меңгеру арқылы мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына ықпал ету, өзін-өзі әрдайым дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ туралы ой толғаныс.


Оқытудың жаңа әдістерін оқып-үйрену, білу, меңгеру арқылы мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына ықпал ету, өзін-өзі әрдайым дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету.

Қазіргі таңда еліміздегі жалпы білім беретін мектеп педагогтері оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білетін, білімді, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, үш тілді өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мен оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту үшін олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделгенін түсіндім.

Өзімнің жұмыс жасап жүрген мектебімде төртінші сыныпта ашық сабақ өткізуді ұйғардым. Өйткені, бірінші сыныптан бастап осы сыныпта сабақ бергендіктен, балаларды жақсы білдім. Әрбір ұстаз сабақты құрастыруда алдына белгілі бір нақты мақсат қоя білуі керек. Маған сабақ жасауда алдыма дұрыс мақсат қоюда «Мұғалімге арналған Нұсқаулық» үлкен пайда тигізді деп айта аламын.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау бойынша «Айтыс өнері» тақырыбына сабақ жоспарын құрастырдым.

Жалпы сабақта қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшелектеріне сәйкес оқыту және оқу, ақпараттық коммуникациялық технологиясы,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болып табылады.

Біріншіден, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің әдістеріне сүйене отырып, ұйымдастыру кезеңінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын, психологиялық-эмоционалдық ахуалды қалыптастыру үшін«Үш тілдік амандасу» өткізілді. «Көңіл - күйлерің қалай? Бүгінгі күн шуағындай ма?» «Топтасып, жұптасып, жеке жұмыс істеуге дайынсыңдар ма?»деген сұрақтар қойылды. Сабақтың барысында үй тапсырмасын тексеру мақсатында, балаларға «Ал кеттік » әдісі арқылы үй жұмысына берілген сөздер мен сөз тіркестері туралы ашық және жабық сұрақтар қою арқылы оқушылардың өткен материалдарды қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында жүргізіліп , сыни тұрғыдан ойлауын дамыттым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады да және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.[1,41]

Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға қолдау көрсетіп,қолпаштау сөздермен, қол шапалақтау арқылы бағаланды.Мұнда үй тапсырмасын орындап келген баладан сұрап қана қоймай, қалған оқушылар осыған қалай қарайды, келісе ме деп, көзқарасын айтуға жетеледім.

Барнстың : оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатыны туралы пікіріне сүйене отырып, [1,39 бет] жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушылардың назарын тақтаға аударып, сабаққа байланысты сөзжұмбақты шешті . Балалармен бірлесе отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатын аштық.

Келесі кезеңі жеке жұмыс жасау төңірегіне болды.Осы тапсырманы орындау барысында сын тұрғысынан ойлану әлементтері ретінде деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.А,В,С деңгейдегі оқушылар деңгейлік таспсырмаларды орындады. Бағалау парақтары бойынша өз тапсырмаларын бағалау парақтары бойынша бағалады.

Александер айтқандай: «Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданылатын кез келген нысанның артында

объективті емес нормалалар мен стандарттар ғана емес сондай ақ баланың д

Бағалау парақтары

амуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін- өзі бағалау қабілеттілік және күш –жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады».[1,56 бет] Бағалау олардан түсінушілікті, қызығушылықты, ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Өзім де сабақ ортасында жауап берген, сабаққа араласып отырған оқушыларды мадақтап, қошеметтеп отыру жағын бірінші жолға қойдым. Әрбір оқушы сабақ айтқаннан кейін қол соғып қошемет көрсеткенде, оқушылардың көздерінен қуаныш ұшқыны сезіліп тұрды.

Өзінің мықты және осал жақтарын көре отыра, алға жылжу деңгейін бақылайды.Балалар өз жұмыстарына сыни баға бере алады да, оқудың қай сатысында тұрғанын анықтайды. Осы кезеңде екі модульдің ықпалдасуы көрінді.Олар «Оқытудағы жаңа тәсілдер» мен «Жас ерекшеліктеріне сай оқыту».Оқытудағы әңгімелесу –қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды. Инклюзивті оқу туралы көп мағлұмат алдық. Осы білім балалардың зияткерлік дамуына қарамастан, барлық балаларға ортақ болады.Сондықтан, мен өз сабағымда білім алуға барлық балаларды назардан тыс қалдырмауға, сыни тұрғыдан ойлану, өзін –өзі реттеуге мүмкіндік беруге тырыстым.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ақпараттық коммуникативтік технологияның көмегімен интербелсенді тақтадан көрсетілген балалардың қимылын оқушылар қайталап, сергіту сәтін жасаттым. Бастауыш оқушылары болғандықтан ұл балаларға да, қыз балаларға да мұндай қимылдар жасау қызық көрініп, бір - біріне жымия қарап, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.Көтеріңкі көңілмен сабағымызды жалғасырдық.

С абақты толықтырып, бекіту мақсатымен біз келесі «Тарсия» әдісі бойынша мәтін бойынша маңызды кезеңіне көштік.Сұрақтарға жауап бере

о

Үшбұрышты жапсыру сәті

тырып қағазға үшбұрышта жазылған сұраққа басқа

үшбұрыштардан керек жауаптарын іздеп жапсырды Әр топ сабақтың тақырыбына байланысты кішентай ұшбұрыштардан үлкен үшбұрыш жасаттым,себебі оқушылар осы тапсырма арқылы сыни тұрғыдан ойлай алады, топпен жұмыс жасай алады , өткен сабақтың білімін қайталау барысында, есте сақтау қабілеті дамытылады.Жұмысты жасауда сөйлемеген С деңгейдегі оқушыны топтық жұмысқа араласуын сырттай бақылап отырдым. Дегенмен балалар топтық жұмысқа да белсенді араласты. Әр топты жасалған үшбұрышты тақта алдына қорғауға шықты. Топтағы оқушылар өзара ақылдасып қорғауға бір оқушыны таңдап алды.

Әр топ жұмысын қорғап шыққан соң, мен сөйлемеген топ мүшелерін «Сен осымен келісесің бе?» , «Ал сен осы ойды қайталап дәлелдей аласың ба?» деп оқу үрдісіне араластырдым.

Топтарда білім деңгейлері бірдей білімі төмен оқушылар да, білімі жоғары оқушылар да болды. Бұндай жағдайдың оң жақтары болып шықты жақсы оқитын А деңгейіндегі оқушы өзінің алған білімімен бөлісіп отырды.

Нашар оқитын оқушы да өзінің ойын айта алды. Бұл тапсырманың тиімді жағы барлық топ оқушылары қатысып, бірдей жұмыс атқарды.Топпен жұмыс жасауда, мен оқушылардың бірігіп жұмыс жасауы мен бірін-бірін тыңдауға, пікір алмасуға, сыйластыққа, ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге үйреттім.

Байқағаным, балалар бір -бірімен қарым-қатынас, талқылау жүргізе алады. Сонымен қатар бір – бірінің ойын тыңдауға, өзгертіп, өз ойларын қосуға дайын екен.Оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады.[1,34 бет]

Сабақтың өту барысында үй жұмысын тексеру, жаңа сабақты меңгерту бөлімдерінде оқушылар көбіне өздігінен жұмыс жасады. Мен өзім тек оқу мен оқытудағы басқару мен көшбасшылық модулі бойынша оқушыларға

бағыт-бағдар беруші, бақылаушы, қадағалаушы, бағыттаушы рөлін атқардым.

Сабақ соңында оқушылармен«Смайликтер әдісі»рефлексиясы өткізілді.

Өткізілген сабақ кезінде оқушылар сабаққа қызығушылықпен қарады, тапсырмаларды белсенділікпен атқарды. Бұған сабақтың бірсарынды болмай, түрлендіріліп өтілуінің маңызы зор болды.

Сабақ өткізу негізінде оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас өзгерді. Оқытудың жақсы нәтижесін шығаруға бағытталған жұмысымды жалғастырып, одан әрі жетілдіруіме көңіл бөлемін. Оқушыларға өзіндік білім алуға, дамуына ықпал ету. Мұғалім оқушыларды жұмысқа ынталандырады, сабақ үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың біліктілігін арттырып, өмірдің басты құндылықтарының маңызын түсіндіріп, келешек өмірде алған білімін қолдануға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өз күшіне деген сенімділігін арттыру, шешім қабылдауға үйрету ең маңызды әрекеттердің бірі болып табылады. Өз күшіме сене отырып, алдағы уақытта алған білімімді, тәжірибемді барлық сабақтарымда қолдануға дайынмын. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау дағдыларын одан әрі жетілдіру. Оқушыларды бір – бірімен ой бөлісуге, айтқан сынды қабылдай алуға үйрету. Болашақта барлық сабақтарымда оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқыту.

Сілтеме:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!