Сабақ.Алғашқы қар. М.Жаманбалинов.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ.Алғашқы қар. М.Жаманбалинов.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарымен танысу, тақпақттар жаттау, тапсырмалар орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Алғашқы қар. М.Жаманбалинов.

Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктерін түсіндіру.

Міндеттері: 1. Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата білуге баулу.

  1. Балалардың ойлау қабілетін және тілін дамыту.

  2. Туған табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптер, демонстрациялық материал.

Биингвальды компонент: табиғат көрінісі пейзаж, қысқы табиғат зимний пейзаж.

ҰОҚ барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Педагог:

  1. Балалар, табиғатты сүю – парыз. Сүю үшін қорғау парыз.

  2. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

  1. Негізгі кезен

  • Балалар, қыс мезгіліне арнап көптеген ақын жазушылыр өлеңдер, тақпақтар, әңгімелер жазған. М.Жаманбалинов ағамыздың да "Суретші", "Алғашқы қар" деген өлеңдері бар. Қазір біз "Алғашқы қар " өлеңімен танысамыз.

Педагог мәнерлеп оқиды.


О, керемет, керемет! Бейне аппақ көбелек. Ақша қар жай көлбеңдеп, Қонып жатыр жерге кеп.


Қонып жатыр жерге кеп, Бақшаға кеп, бауға кеп. Қонып жатыр көлге кеп – Кетті ұласып жер мен көк.


Шыр көбелек айналып, Қонып жатыр жайланып:

    • Енді қайтып ұшпаймыз, Осы жерде қыстаймыз.

Педагог балаларға сұрақтар қояды.

  • Өлеңді тыңдағанда көз алдыларыңа не елестеді?

  • Бір сөзбен айтқанда, қысқы табиғат. Бұны сурет жанрында «пейзаж» деп айтады.

  • Өлеңде автор қарды неге теңейді?

  • Қарды түсі мен түріне қарап тағы неге теңеуге болады?

  • Сендерге өлең ұнады ма?

  • Өлеңнің қай жолдарын қайта тыңдағыларың келеді, қандай жолдары сендерде ерекше әсер қалдырды?

  • Мен қазір өлең жолдарын қайталап оқимын, сендер қайталап айтыңдар.

  • Енді осы өлеңді қайталап отырып естеріңе сақтап қалуға тырысыңдар. Педагог суретке қарап қайталау арқылы өлең жолдарын жаттатады.

Сергіту сәті

(Сергіту жаттығуларын И.Токмакованың «Аю» өлеңімен жасатуға болады.)

Тауға шықсаң – қалың қар,

Сайға түссең – қалың қар,

Шырша үсті – қалың қар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.


Педагог балаларға дауыссыз дыбыстардың айтылу кезіндегі ерекшеліктерін түсіндіреді. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді.

Қатаң дауыссыздар: дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: к, қ, п, т, с, ф, х, ц, ч, ш, щ.

Ұяң дауыссыздар: салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз.

ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ.

үнді дауыссыздар: үн мен салдырдың қатынасынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.

Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, и, у, м, н, ң. Дидактикалық ойын:

«Дыбыстарды дауыстап айтайық». А-а-а, ә-ә-ә.

Дауыссыз дыбыстарды айтқызып қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды тапқызу: б, в, г т.б.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырма орындалады.

Ойын шарты: Педагогтің көмегімен балалар дәптердегі суреттер қандай дауыссыз дыбыстан басталып тұрғанын айтады.

  1. Қорытынды бөлім. Рефлексия

  • Балалар бүгін кімнің өлеңін жаттадық?

  • Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?

Педагог балалардан дыбыстар нешеге бөлінетінін, дауыссыз дыбыстардың түрлерін айтып беруді сұрайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:жаттаған өлеңнің тақырыбын және авторын біледі, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажыратады, сұрақтарға жауап береді;

Түсінеді: күзден кейін қыс мезгілі келетінін, суретші тілінде «табиғатты пейзаж» деп айтатынын, қарды ақ мақтаға, көбелекке теңеуге болатынын;

Қолданады:суретке қарап өлеңді жаттайды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2024
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі