Сабақжоспары "Т-Д дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақжоспары "Т-Д дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Т – Д дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату, оларды дұрыс айтқызу. Түзету мақсаты: ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл - қозғалысын дамыту, фонематикалық естуін арттыру. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық: Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Дыбыстарды анықтап, ІІ.Аутотренинг: • Мен бәрінде білемін, менің қолымнан бәрі де келеді. • Мен сөйлеу ережесін сақтаймын. • Мен асықпай, саспай, тынысымды дұрыс алып, анық сөйлеймін. • Мен сұрақтарға ойланып, толық жауап беремін. • Мен сабағымды жақсы өткізуге тырысамын. • Мен жақсы оқимын. Логопед: Мен де сендерге сабақта табыс тілеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Т – Д дыбыстарын ажырату.

Сабақтың мақсаты:Т – Д дыбыстарының артикуляциясын айтуға үйрету.

Т – Д дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату, оларды дұрыс айтқызу.

Түзету мақсаты: ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл - қозғалысын дамыту, фонематикалық естуін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, достыққа және әдептілік сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: айналар, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, суреттер, сөздер жазылған парақшалар.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Дыбыстарды анықтап,

Ойымызды жинақтап

Ережені ескеріп,

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз.

Логопед: жарайсыңдар. Олай болса, бүгінгі сабақта дыбыстарды анық, сұрақтарға толық, терең тыныс алып, ойымызды жинақтап айтамыз.

ІІ.Аутотренинг:

  • Мен бәрінде білемін, менің қолымнан бәрі де келеді.

  • Мен сөйлеу ережесін сақтаймын.

  • Мен асықпай, саспай, тынысымды дұрыс алып, анық сөйлеймін.

  • Мен сұрақтарға ойланып, толық жауап беремін.

  • Мен сабағымды жақсы өткізуге тырысамын.

  • Мен жақсы оқимын.


Логопед: Мен де сендерге сабақта табыс тілеймін. Сендерде бәрі жақсы болсын, бүгінгі күнді сәтті өткізейік!

ІІІ. Т – Д дыбыстарына байланысты өлең шумақтарын айтқызу.

Түлкі, тазы, тотықұс, Дәмді шөпті таңдаған,

Тырнаны оған қосыңыз. Дәмді шөпті талғаған,

Басталар Т – дан тасбақа Дағдысынша Дуадақ

Терек, тарақ, тасыңыз. Даланы еркін шарлаған.

Сонымен бүгінгі сабақта Т –Д дыбыстарын сөзде, сөйлемде дұрыс анық айтып, есту арқылы ажыратуға үйренеміз.

IV.Артикуляциялық және акустикалық белгілеріне мінездеме.

Д-Дыбыстың артикуляциясы

Тіл тіске тиіп тұрады. Тіл арқасы түсіңкі. Ауа екпінмен тістен ажырайды.

Тіл тіске тиіп тұрады. Тіл арқасы түсіңкі. Дауыс желбезегі жұмыс жасайды.

Дыбыс

ТД Дыбыстың сипаттамасы

Дауыссыз, қатаң, тіл алды, сөздің басында, ортасында, аяғында келе береді.

Дауыссыз, ұяң, тіл алды, сөздің басында, ортасында келеді.Қазақ тілінде сөздің соңында келмейді.


  1. Фонематикалық қабылдауын дамыту.

  1. «Т» дыбысын естісеңдер, жалаушаны көтер:

Тал, орман, сиыр, терезе, ғарышкер, кітап, жұлдыз, тауық, кебеже, тырна, қырау, түтін, егін, сағат, жеміс, от.

  1. «Д» дыбысын естісеңдер, шапалақ соқ:

Бұзау, көгершін, дала, шелек, домбыра, жапырақ, қарға, доп, аққу, дуадақ,сандық, дауыл, көбелек, дойбы,есік, орындық.


VII.Жұмбақтар шешу.

Сирағы ұзын, Тоғыз белбеу,

Тырнағы ұзын. Қос жібек,

Балықты сүзбей Екі мұрын бір шүмек.

Ұстайтын шоқып, (Домбыра)

Тұмсығы біздей. (Тырна)


VII.Дыбыстық талдау жасау.

«Тырна» «Домбыра»

Неше дыбыс? Неше әріп? Неше буын?

Дауысты дыбыстарды ата –

Дауыссыз дыбыстарды ата –


VIII.«Сөзді өзгерт» дидактикалық ойыны.

Дана - ... ана орда - ор ... а ду - ... у Дала - ... ала дән - ... ән дара - ... ара


IX. «Гүл құрастыр» ойыны. (Т – Д) дыбыстарын сөздер арасынан бөлу.

  1. Балаларға гүл күлтешелері беріледі. Ол құрамында Т дыбысы бар заттардың суретін таңдап алып, гүл құрастыруы керек.

  1. «Д» дыбысы бар заттардың суретін таңдап алып,екінші тақтаға іледі.


X.Парақшамен жеке жұмыс:

(көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу)

Ба ... а, ... оп, қарын ...аш, ... үйме, қа ... ық, ке ...пен, бүл ...ірген, орын ...ық, жаз ...а, жайлау...а, ...үлкі, трак...ор, ...өңгелек, ...орғай.


XI. Суретпен жұмыс. Әр балаға сюжетті сурет беріледі. Балалар суреттер мазмұны бойынша әңгіме құрайды.



1.Сөйлем құрау:

  1. Доппен, ойнады, Дархан.

  2. Дүкенде, жұмыс, Дулат, істейді.

  3. Дәптер, жинады, қаламдарын, Дана.

  4. Жыртты, жерді, трактор.

  5. Тауыққа, берді, жем, Талғат.

  6. Талшын, орындайды, тыңғылықты, тапсырманы.

2.«Т - Д» дыбыстары бар жаңылтпаштар мен логоритмикалар айту.

Та – та – та – сары екен жота

Ты – ты – ты – атам менің мықты.

Ту – ту – ту – ағайынды тату.

Да – да – да – ойын екен дода.

Ду – ду – ду – ысқырамын – ду –ду.

Дық – дық – кішкене қодық.

Дір – дір – дір – су қандай мөлдір.

3.Баспалдақ ойыны.

Т – Д –

Т - - Д - -

Т - - - Д - - -

Т - - - - Д - - - -

Т - - - - - Д - - - - -

Т - - - - - - Д - - - - - -

Т - - - - - - - Д - - - - - - -

(Жауаптары: ту, тіс, тері, тарақ, терезе, тікұшақ, тоқылдақ)

(жауаптары: до, доп, доға, даяшы, долана, демалыс, дөңгелек)


    1. Қорытындылау.

Біз бүгін қандай дыбыстарды ажыратуға үйрендік?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Д дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Т дыбысына сипаттама беріңдер.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.12.2020
1542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі