Материалдар / Сабақта кері байланыс жасаудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақта кері байланыс жасаудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны: • Кері байланыс оқушының академиялық жетістігіне ықпалы • Зерттеулермен теорияға шағын экускурс • Тәжірибелік ұсынымдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәлеметсіздерме Әріптестер! Сіздермен бірге «№1 Қазанбасы ЖББ»мектебінің география пәні мұғалімі: Қабажай Айсұлу Амантайқызы

Тақырыбым: «Сабақта кері байланыс жасаудың тиімділігі»

Мазмұны:

  • Кері байланыс оқушының академиялық жетістігіне ықпалы

  • Зерттеулермен теорияға шағын экускурс

  • Тәжірибелік ұсынымдар

Кері байланыс алу оқушы үшін қаншалықты маңызды?

Уақытылы кері байланыспен қамтамасыз ету.Кері байланыс алған оқушы, кері байланыс берілмеген оқушыға қарағанда жақсы нәтиже береді. Кері байланыс баланы оқу мақсатына жеткізетін оқу құралы.

Джон Хэттидің «Кері байланыстың ықпалы » деген еңбегіңде 500 ден астам метоанализ, 20 және 30 миллион оқушыға жүргізілген зерттеуі бар. Зерттеу нәтижесінде оқушымен кері байланыс жасауда 0,74 % әсер ететіні дәлелденген. Нәтижесінде "Кері байланыс» Оқу мақсатына жетуде мықты құрал екені көрсетілген.

Зерттеулер арасында кері байланыстың түрлерін жеке қарастыратын болсақ, егер баланың оқуына ықпал ететін болса қай түрі тиімдірек болады?

«Ынталандырушы кері байланыс» кезінде!

Жоғарғы сатыдағы кері байланыс және төменгі сатыдағы кері байланыстарды байқаймыз.



Жоғарғы сатыда «Нақты кеңестер ұсыну -1,10 каэффицент және Төменгі сатыда «Кешігіп берілген кері байланыс 0,24, жазалау 0,20, мадақтау»- 0,14 каэффицент көрсеткен кері байланысты қаншалықты қолданған дұрыс деген сұрақ туындауы мүмкін?

«Аудио/ видео кері байланыс» және «Компьютер арқылы бағыт-бағдар беретін кері байланыс» Қазіргі заман талабына сай қашықтықтан оқытуда, қолымызда бар құрал болғандықтан тиімді. Оқушының қасында отырып кері байланыс жасай алмаймыз, ауызша кері байланыс бере алмаймыз.Сондықтан АКТ құралдарымен кері байланыс кезінде қандай факторларды ескеруіміз керек екеңін өз тәжірибемізде байқаймыз. Уақытты үнемдейді 3-4 баланы топтастырып ұқсас қателерге бір ғана аудио кері байланыс берсек болады. Балада қайта қайта көруге, тыңдауға мүмкіндік болады. «Аудио/ видео кері байланыстың» ұзақтығы 3 минуттан аспағаны абзал, баланы жалықтырып аламыз!

Олай болса, Кері байланыстың түрі өте көп, ал өз тәжірибемізге сүйенсек!

Жалпылама берілген «Кері байланыс» оқушының оқуына әсері төмен, нақты болуы үшін белгілі бір академиялық мазмұнға бағытталуы қажет.


Біз оқушыларды Кері баланыспен қамтамасыз ету кезінде «жақсы», «керемет», «тамаша», «дұрыс» деген жалпылама кері байланыс жүргіземіз. Бұл суреттегідей вакуумдағы заттарды елестеді, вакуумдағы заттар ұзақ мерзімде сақталады, бұзылмайды. Біздің берген Кері байланысымыз баланың оқу жетістігінің гарантиясы болып табылады. Балада белгілі білім базасы жинақталады деген сөз. Бірақ байқасаңыздар вакуумда сақтап алға қарай жылжуға мүмкіндік беріп тұрған жоқ, сондықтан белгілі бір академиялық мазмұнға бағытталуы тиіс. Ол қандай мазмұн болуы тиіс?

Ең бірінші төрт деңгейлі мазмұнды кері байланысқа назар аударайық!

  • Тапсырмаға берілген кері байланыс

  • Тапсырманың жүзеге асырылуына берілген кері байланыс

  • Өзін –өзі реттеуге берілген кері байланыс

  • Жеке оқушыға берілген тұлғалық кері байланыс

-Тәжірибеңізбен бөлісіңіз! Аталған 4 кері байланыстың қайсысы сіздің тәжірибеңізде кеңінен қолданылады?

  • Өз тәжірибемде 4 де өте маңызды,осы аталған кері байланысты өз реттілігмен жасаған кезде бір циклді қамтитын боламыз.

Кері байланысты не үшін қолданамыз, мына суретте!

Қазіргі нәтиже және Қалаулы нәтиже (оқу мақсаты) көрсетілген. Баланың жасап жатқан жұмысымен оқу мақсатының арасындағы алшақтықты жою үшін біз осы кері байланысты сабағымызда пайдаланымыз. Кері байланыс оқушығы қалаулы нәтижеге жету үшін қажетті қадамдарды анықтауға көмектеседі.

«Тиімді кері байланысты» қолдана отырып екі арадағы алшақтықты жоюымыз керек. Ал «Тиімді кері байланыс» үш сұраққа жауап береді. Қандай сұрақтар?

Мына суретте көпіршеміздегі қызыл сызық Мұғалімнің оқушыны келесі сатыға жеткізу жолы деп түсінейік (көпірше орнату). Бұл көпір біздің кері байланысымыздың ішінде көрніс табуы керек. Бізде Тәуелді оқушылар және Тәуелсіз оқушылар бар. Тәуелсіз оқушылар алшақтықты өз бетімен жоя алады, ол кезде біз рефлексиялық кері байланыс берсек жеткілікті арқарай қадамды өзі тауып алады.


Тәуелді оқушы Ата-ананың, сынып жетекшінің, мұғалімнің қолдауына тәуелді оқушылар. Егер біз кері байланысты жалпылама беретін болсақ балаға толық қанды ақпарат бере алмайды екенбіз, мына көпіршеміз қалаулы нәтижеге жетуде қиналып қалады.Сондықтан «Тиімді кері байланыс» үш сұраққа жауап беруі тиіс.Оқу мақсаты қандай? Менің қазіргі нәтижем қандай? Нәтижені жақсарту үшін не истеуім қажет? деген сұрақтарға Сіздің Кері байланысыңыз жауап беретін болса тиімді болады.

Біз кері байланысты ұсынған кезде мативациялық тұрғыда болу керек.

Егер біздің берген кері байланымыз тиімді болса, Оқушы үшін:

(+плюс) күш жігер береді, оқуды жақсартуға ұмтылысты күшейтеді, мотивацияны арттырады.

(- минус) Оқу мақсаттарының түсініксіз болуы, оқудан бас тарту, аздаған нәтижеге қанағаттанады.

Мұғалім не істеуі қажет:

Оқушының академиялық қажеттілігіне сай оқу мақсатын (Егер Тәуелсіз оқушы болса) күрделендіреді немесе (Тәуелді болса) оқу мақсатын ықшамдайды.

Кері байланыс қандай эмоция туғызады ? Қалай әсер етуі мүмкін ?

Негативті және позитивті жақтары болуы мүмкін. Негативті теріс эмоция туғызады, позитивті жақсы әсер туғызады.Нақты және нақты емес тұжырымға тоқталатын болсақ, нақты бағыт-бағдар беретін кері байланыс, нақты емес жалпылама берілетін кері байланыс. Сонда біздің кері байланысымыз Нақты позитивті болатын болса баланың басында шамшырақ жанып, балада идея туындайды. Нақты емес позитивті болса оқуын жақсартатын қадамдар берілмейді. Ал өз тәжірибемде Нақты негативті кері байланысты қолдандым, кері байланыс жасағанда қателерді көрсете отырып оқуды жақсартады деп, бірақ дұрыс емес екеніңе көзім жетті. Негативті тұстарды атап кері байланысты нақты берген кезде оқушыларда теріс эмоция туындады. Арқарай жұмыс жасағым келмейді деген ұғымдар пайда болған кезде түсіндім.Сонда біздің беретін кері байланысымыз негативті болмауы керек. Әрине,Негативті кері байланысты қажет ететін оқушылар бар, негативті кері байланыс берілгеннің өзінде артында мативациялық түсініктеме болу керек.

Кері байланыстың түрлеріне қысқаша тоқталып кетсек: «жазбаша», «ауызша», «графикалық», «аудио», «видео» кері байланыстарды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар онлайн платформаларды пайдалануымызға болады.

1.Қысқаша тәжірибеге тоқталайық ватсап желісі арқылы берілген кері байланыста, оқушының жұмысына саусақпен кері байланыс беріліп тұр. Оқушы: Рахмет апай деген сөздің өзінде бала қуанып тұрғаны белгілі.

2.Ал келесі суретте тапсырманы орындауға нұсқау белілген, (Атлас картада 170 бетте түсінікті көрсетілген) деп бағыт бағдар жасалды.

Оқушы: (Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары, орталықтары мен дайын өнім түрлері) дәптерге жазамын ба? Деп бала нақтылап тұр!

Мұғалім: иә жазу керек! Оқушы: жарайды апай, рахмет апай деп арқарай жұмыс жасауына шабыттанғаның көріп тұрсыздар, яғни тиімді кері байланыс беріліп тұр.

Қазіргі таңда баланың дербес оқуына яғни өз бетінше оқуына көмектесуіміз керек. Осы кезде Мұғалімнің Кері байланысы қандай болуы керек.

  • Маған ұнады .....

  • Дұрыс....

  • Дұрыс емес .....

  • Менің ойымша осылай жасаған дұрыс .... Осы секілді кері байланыстар оқушыны мұғалімге тәуелді ете түседі.Бұл өз бетінше оқуды қолдамайды. Дербес оқуды қалыптастыру үшін мұғалім жасаған жұмыстардың сапасын арттыру бойынша шешімді оқушының өзі жасайтындай рефлекциялық сұрақтар арқылы кері ұсыну қажет.

Рефлекциялық сұрақтар қандай болуы мүмкін?

  • Тапсырмадағы қатені алдағы уақытта болдырмау үшін не істеу қажет?

  • Тапсырманы әлі де қалай жақсы орындауға болады?

  • Мақсатқа жету үшін тағыда не істеу қажет?

  • Осы тапсырманы орындау арқылы не үйредің? Деген сұрақтармен қамтамасыз етсек сонда ғана баланы дербес оқуға итермелейді.

  • Кері байланыстағы мақтаудың рөлі қаншалықты маңызды.

«Мадақтау» оқушының оқуын жақсартуға ықпалы аз екенің байқаймыз. «Зиякерлік қақпанға» түсіп қалуы мүмкін оқушы. Зиякерлік қақпан дегеніміз ... мен білемін,қолымнан келеді деген жалған түсінікке алып келеді. Оқушының арқарай жұмыс жасамай қалуы мүмкін.Үнемі мақтай берсек нәтижеге жетеміз деп ойламауымыз керек. Егерде қиын географиялық есептер кездесіп қалса оқушы дер кезінде орындай алмаған жағдайда қиындық туындайды. Мадақтау керекпіз бірақ қателіктерді де айта отыруымыз қажет.Сабақта смайлик тараттыңызба артынан мативациялық кері байланыс беру керекпіз, себебі смайлик алған оқушы мен смайлик алмаған оқушының арасында эмоциялық көпір туындап қалады.

Picture 2

Енді Мағжан Жұмабаевтыңда кері байланыс туралы тұжырымдарымен өз сөзімді аяқтағым келіп отыр. Педагогика деген еңбегінде былай жазылған екен.

  • Баланның өзін мақтама, ісін мақта, мақтағанда да мақтауға тұрақтылық ісін мақта.

  • Баланың жеңіл істерін мақтай беру балада менмендік, ретсіз тәкаппарлық туғызады, қайта бір жеңіл, дұрыс ісі болса да, нашар шәкіртті мақтау керек деген!


Назарларыңызға рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!