Материалдар / сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру тиімділігі

сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына, өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырып, мәселені шешіп үйренуіне ықпал етеді. Бұл нәтижесінде оқушылардың өздерінің білім алуына белсенді араласуына ынталандырады. Топтағы жұмыс оқушыларды ойландыруға, алынған ақпаратты өңдеуге, қорытуға және өзгенін пікірін түсінуге ынталандырады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










Сабақта топтық жұмысты

ұйымдастыру

тиімділігі















Аннотация


Мектеп қабырғасында жалпы орта білім берудің көптеген әдіс-тәсілдері белгілі, оларды қолданудағы басты мақсат – оқушылардың білім игеруінде. Жаңашылдықтарды енгізу мен бұрыннан қалыптасқан сабақ құрылымына үйлесімді түрде ендіру қажырлы еңбекті талап етеді. Оқу модульдерінен: белсенді, белсенді емес және интерактивті түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Белсенді емес, яғни пассивті оқытуда оқушылар материалды мұғалімнің айтқан сөздерінен, оқулық беттерінен игереді, оқушылар бір-бірімен қатынас жасамайды, шығармашылық тапсырмалар орындалмайды. Бұл модель ең дәстүрлі және де жиі қолданылады, дегенмен заманауи білім, қоғам, әлем белсенді әдістердің қолданылуы талап етеді. Белсенді әдістер оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық әрекеттерін белсендіруге бағытталады. Бұл модельдегі басты қарым-қатынас оқушы-оқытушы бағытында болып, шығармашылық (жиі үй жұмысы) тапсырмалар міндетті түрде орындалады. Интерактивті модель білім берудің жайлы ортасын қалыптастыру мен оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарына бағытталады. Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізінде өмірлік жағдайлар мен рольдік ойындар, сондай-ақ ситуациялар мен жағдаяттарды талдау арқылы бірлескен шешім қабылдау жатады. Әрине, интербелсенді сабақ құрылымы, дәстүрлі сабақ құрылымынан өзгеше, сол себепті осындай сабақты өткізу мұғалімнің тәжірибесі мен кәсібилігін талап етеді. Құрылым интерактивті технологиялар, нақты әдіс пен тәсілдер енгізіледі, басты мақсат сабақты барынша өзгеше және қызықты ету.

Жұмыстың мақсаты топтық жұмыс әдістерін қарастыру.

Жұмыстың міндеттері келесідей:

Сабақты ұйымдастырудың психологиялық негіздерін қарастыру;

Сабақтың әдістемелік негізін қарастыру;

Топтық оқыту әдістерінің түрлерін қарастыру;

Сабақты ұйымдастырудың психологиялық негіздері.
























Кіріспе

Оқыту процесін ұйымдастыру дегеніміз – бұл оқытушы мен оқушының арасындағы өзара қарым-қатынасы мен оқыту процесін құрылымдау, оның ішінде оқу материалы, оқытушының білім беру мен оқушының білім алу әрекеті қарастырылады. Оқыту процесінің жоғары нәтижесі, оқушылардың әрекетімен сипатталады, ұстаз қандай болмасын, өз пәнін жоғары деңгейде білсе де, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алмаса, қызығушылықтарын оята алмаса және де оқушылардың өзара білімді де мазмұнды қарым-қатынастарына қол жеткізе алмаса, ол мұғалім жоғарғы нәтижеге жете алмайды. Оның оқушылары емтиханда жатталған материалды нақты айтып өтеді, алайда мұғалім оқушының данына шығармашылық отын енгізе алмайды.

Оқу процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған, барлық принциптерге сай өткізілетін болса да, оқушының білім алуға, тәрбиеленуге, дамуға құлқы жоқ болса, оқыту процесі осы оқушыға қатысты тиімсіз болып табылады. Сол себепті әр мұғалімнің басты міндеті – әрбір оқушыда білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, дамуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады.

В.А.сухомлинский жазғандай: «Мектептерді қызық оқиғалар орын алуда... мұғалімдер тәрбиеленбейтін оқушыларды тәрбиелеуге тырысуда» (1, 121 б)

Тәрбиелеу адам бойында тәрбиеленуші болуға деген қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Тәрбиеленуші болу қабілеті – жанның сезімталдығы, тәрбиешінің сөздеріндегі нәзік түстерін, көзқарасын, күлкісі мен үндемеуінің себептерін тануға деген жүрек сезімталдығы.

Оқушылардың оқу әрекеттерін басқару – бұл тек жоспарлау, материал дайындау мен сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушы сынып ұжымында қалыпты эмоционалды көңіл-күй алуы мен қажеттілік-мотивациялық ортасын қалыптастыру болып табылады. Сыныпта шеткері қалған оқушылар мен өзге де эмоционалды түрде алғанда сәтсіз оқушылар қалмауы керек.

Мектеп, оқытушылар бір емес бірнеше күрделі түрде байланысқан мәселелерді шешумен айналысады. Мектеп бір емес бірнеше мақсат қояды. Осы мақсаттарға белгілі бір тәртіпке сүйене отырып, иерархиясы жасалады, яғни негізгі және басты мақсатқа өзге мақсаттар бағынады. Басты мақсатты оған жету құралдары анықтайды: мектептің және оқытушылардың әдістер мен тәсілдері. Педагогикалық еңбектің жеке мақсаттары екі басты және негізгі мақсаттарына бағытталады.

Бірінші мақсат барлық оқушылардың ғылым негіздерін игеру мен білім мен білік, дағдыларын қалыптастыру мен физикалық және еңбек әрекеттерін дамыту, профессионалды қабілеттерінің негізін қалау.

Екінші мақсат, жоғарғы құндылықты, жан-жақты дамыған, шығармашылық белсенділігін және қоғамдық саналығын тәрбиелеу. Мектептің тәрбиелік мақсаты ретінде қарастырылады, оқыту процесінің шеткері аумақтарына тиісті. Яғни, «оқыту тек қана білім берумен шектелмейді, оқыту мен тәрбие қатар жүреді» дегенді білдіреді.

Бүгінгі күні әрбір мұғалім оның жұмысының негізі оқушыларды тәрбиелеу мен әрбір оқушыны жан-жақты дамыған, қоғамның белсенді мүшесін қалыптастыру болып табылады. Әрине, пән мұғалімдерінің өзгеше қойылған мақсаттары болуы мүмкін, тек бұл мақсат оқушыдан тұлға қалыптастыру мақсатымен бірлесе жүргізілуі тиіс. Тек тәрбие беру мен оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы қазіргі кездегі білім берудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға болады.








Тақырыбы







Мақсаты

Оқудағы ынтымақтастық пен топтағы бірлескен жұмыс формаларын қолданудың тиімділігін көрсету




Күтілетін нәтиже

Өзге тілді сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы қазақ тілі сабағында танымдық белсенділік қалыптасады




Негізгі идея

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына, өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырып, мәселені шешіп үйренуіне ықпал етеді. Бұл нәтижесінде оқушылардың өздерінің білім алуына белсенді араласуына ынталандырады. Топтағы жұмыс оқушыларды ойландыруға, алынған ақпаратты өңдеуге, қорытуға және өзгенін пікірін түсінуге ынталандырады.






















Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар қоғамның мектеп алдына қоятын талаптарының негізінде жасалады, оқушының саналы, терең, сапалы білімін қалыптастыру, тәрбие негіздерін қалыптастыру, қоғамдық еңбекке белсенді қатысуын қалыптастыратын, дағдыларын, белсенділі, еңбекқорлық қасиеттерін сабақта қалыптастыру. Сонымен қатар, білім мен танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық, инициатива, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын, білімдерін практикада қолдану, білімге деген қажеттіліктерін, қоғамдық және азаматтық парызын түсіну қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ – логикалық түрде аяқталған, оқыту-тәрбие процесінің белгілі шектеулерімен анықталады.

Сабақтың сапалы деңгейде өтуі, әрбір компонент, яғни мақсат, мазмұн, әдістер, тәсілдердің дұрыс таңдалып алынуы мен тіимді түрде қолданылуына байланысты. Сабақ құрылымын жасау кезінде тек қана оқушылардың білім игеруіне ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар осы сабақтың қай кезеңінде білім игерілуі тиіс екендігін анықтап алған жөн. Сабақ – оқыту процесінің бір бөлшегі болыпи табылатындықтан, білім үш деңгейде игерілуі мүмкін:

Таным деңгейінде, саралау мен есте сақтау;

Үлгі бойынша іс-әрекет ету деңгейінде;

Жаңа ситуацияда білімді қолдану деңгейінде.

Сабаққа қойылатын бірқатар талаптар бар:

Сабақ тек қана материалды берумен шектелмеу тиіс, сонымен қатар осы білімді практикада қолдана алатындай бірнеше тапсырмалар берілуі тиіс.

Білімнің белгілі бір көлемі оқушылардың ізденімпаздығы мен мәселелерді шешуі нәтижесінде игерілуі тиіс.

Материалды беру вариативті негізде жүргізілуі тиіс.

Бірде бір сабақ оқытудың барлық мәселелерін шеше алмайды. Сабақ белгілі бір курстың, тақырып пен бөлімнің бөлігі. Оның логикалық өлшемі болып табылады.

Сабақ құрылымы логикалық түрден қарастырған нақыт болуы тиіс, яғни бір кезеңнен екінші кезеңге өту дидактикалық мақсатқа, оқыту процесінің заңдылықтарына сай болуы тиіс.

Оқу процесін бұрын алған білім, білік, дағдыларды қайталаусыз елестету мүмкін емес. Әр сабақта міндетті түрде бекіту кезеңі болуы тиіс.

Игерілген білім жүйелі түрде жоспарлы тексерілуі тиіс. Мұғалім мәдениеті мен оның интеллектуалды және адами құндылықтары сабақ тиімділігін арттырады.


Сабақ құрылымына қойылатын талаптар:

Сабақтың оқу программасына сай болуы.

Сабақ құрылымы мен кезеңдердің уақыт талабына сай болуы.

Ғылыми және бірегей болуы.

Эстетикалық тәрбие беру мен сабақтың эмоционалдық жақтары.

Жаңа материалды беру

Дамыта оқыту принциптерін сақтау

Өмірмен байланыстылығы

Көрнекіліктер

Кітаппен жұмыс

Таным мен жаңа түсініктердің қалыптасуы

Жаттықтыру тапсырмалардың орындалуы

Өз бетімен жұмыс жасай білу

Оқушылардың белсенділігі мен инициативалылығы

Оқушыларды іс-әрекеттің түрлі формаларымен қамтуы

Ауызша және сөздік практикаларды қолдану

Жекеше жұмыс, дарынды және үлгерімі төмен балаларға көңіл бөлу

Оқушылардың білімін тексеру

Оқушы білімінің қоры мен тереңдігі

Бағалаудың нақты біліміне сай болуы

Үй тапсырмасын ұйымдастыру

Сабақ барысының темпі

Мұғалімнің педагогикалық тактісі

Мұғалім сөзі мен субъективті қасиеті

Дұрыс оқу мен айта білу

Сөздік-фразеологиялық және стилистикалық жұмыс

Дұрыс сөйлем құрып, өз ойын жеткізе білу

Оқу жылдамдығы

Ауызша және жазбаша жұмыстың мәдениеті

Жазбаша жұмыс жүйесі

Сабақ кезеңдері:

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ