Материалдар / Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тәжірибе алмасу үшін қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
1760
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары

Мектеп: «№11 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Семинардың тыңдаушылардың саны:

Мерзімі: 31.02.2018 Мұғалім: Избасар Қ. А

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар



Мақсаты: Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізін жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ашу.

Міндеттері:

1. Мұғалімнің балаларды ізгілікке тәрбиелеуді жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы түсіндіру;

2. Баланың бойына жағымды қасиеттерді сіңіре біліп, жанды білімді беруге ұмтылу;

3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүректен жүрекке жеткізіп, балаларға шапағат нұрын сыйлай білуге талпындыру.

Ресурстары: (Интерактивті тақта, слайд, плакат, гүлдер, қорап, бейнематериал).

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімдермен амандасып аламын.

Семинарға қош келдіңіздер!

(Мұғалімдерді үш топқа бөлемін.)

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

С.А. Назарбаева «Өзін-өзі тану» білім беру Бағдарламасының авторы: «Рухани бастау ол адамгершілік, риясыз мейірімділік, өзара түсінушілік, төзімділік арқылы жүзеге асырылады.
Рухани адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.
Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін»-
деп айтқан.

1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру

бағдарламасының тарихи негіздері

  • Әлемдік рухани тұлғалар рухани адамгершілік білім туралы.

  • Қазақ мәдениетіндегі рухани адамгершілік білім.

  • Заманауи ғылымдардағы (философия, психология, педагогика) рухани бастауларды жаңғырту мәселелері.

Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.

Кімде кім өзін-өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Сократ

Ең қиын іс - өзіңді тану,

Ең оңай іс - басқаға ақыл айту. Фалес

Сыртқы әлем адамның ішкі әлемінің бейнесі. Лао Цзы

Әбу Насыр әл -Фараби жас ұрпақтың сана сезімін қалыптстыру үшін әр нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт дейді.

Баланың ішкі ынта ықласының құмарлығы.

Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы.

Сабақ процесінің алатын орны.

Фараби жасаған қорытындының басты түйіні -білім, мейірбандық, сұлулық. Үшеуінің бірлігінде.

«Адамның екі қажеттілігі бар: дене және жан қажеттіліктері. Өзін-өзі күту, өзін-өзі жақсы көру, менменшілдік пен атаққұмарлық бұл дене қажеттіліктері, ұят, адал қызмет етуге тырысу жан қажеттіліктері. Шәкәрім Құдайбердіұлы

 Ш. А. Амонашвили: «Әр бала керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек.

Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

 Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. «Өзін-өзі тану»  бағдарламасының  авторы Сара Алпысқызы Назарбаева:  «Өзін-өзі тану»  пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»,- деп атап айтқан. Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Адам кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Ішкі рухани үйлесімділікке жету үшін әрбір адам өзінің ой, сөз, іс-әрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуына тырысып, бірлікті тануы керек. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды мәуелі ағашқа теңеп  көрсек, мәуелі ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты, сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, мәуелі ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Мәуелі ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

  Ақиқат-өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау. Дұрыс пен бұрыстың арасындағы шынайылықты ажырату. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге, болашаққа тәуелді емес.

Сүйіспеншілік- бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат.

Дұрыс әрекет- борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық.

  Ішкі тыныштық- ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Ақыл мен жүрек тең болғанда ішкі тыныштық орнайды.

Қиянат жасамау- ешкімге оймен, сөзбен қиянат жасамау.


  Құндылықтардың алғашқы екеуі –ақиқат пен дұрыс әрекет, барлық адамгершіліктің мәнін қамтиды. Шыншылдық, туралық пен адалдық іштей осы екеуіне тән,барлық жағдайларда шындықты айт және іштегі ар-ождан дауысына сәйкес әрекет ет. Адам риясыз сүйіспеншілікпен әрекет етсе, ол жетістікке жеткеніне немесе жеңіліске  ұшырағанына, рахаттану немесе жан күйзелісіне, қуаныш немесе қайғыға қарамастан ол толық ішкі тыныштықта болады.

Ағаш арқылы мұғалімдерге түсіндіру.

Содержимое 3


«Сүйіспеншілік туралы астарлы әңгіме».

  1. Не себепті сүйіспеншілік теңіз жағасында қалып қойды?

  2. Қандай себептен сүйіспеншілікті ешқайсысы өз кемесіне алғысы келмеді?

  3. Сүйіспеншілікке кім көмекке келді?

  4. Қалайша сүйіспеншіліктің маңыздылығын уақыт қана түсінеді?

  5. Сіз жақындарыңызға сүйіспеншілігіңізді қалай көрсетесіз?

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.

 Ш.А.Амонашвили: «Балаларды қазіргі мектеп қанағаттандырмайды. Балалар бізден жанды білім күтеді, ал біз болсақ оларға жансыз білім берудеміз».

 Жанды білім-биікке самғайтын қанаттар. Жансыз білім-аяқтағы кісендер. Зияткерлік (сыртқы) білім санадан орын алады (жұмысқа тұру үшін). Рухани-адамгершілік (ішкі) білім жүректен орын алады (бақытты болу үшін). Тұтастырылған білім беру= сыртқы білім+ішкі білім. Білім берудің екі қыры өмір үндестігін құрып диалектикалық бірлікте болуы тиіс.

Ш.А.Амонашвили: «Балалар-қорқынышы жоқ ғалымдар, қате жібереді, сынап көреді, іздейді, тіпті өмірлерін де қатерге тіге алады. Балалар оқуды сүймейді, оларда жалқаулық бар деп кім айтты?-Бұл адасу. Ал біз, үлкендер не істейміз: біртұтас білімді ұсақ бөлшектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз және де оларды орындап, жаттауға мәжбүрлейміз...».

Интеграциялау жолдары:

1. Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар келтіру.

2. Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру.

3. Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау.

  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы- ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол-біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзыттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандықтың біртұтастығын көре білу. Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртұтас екендігін көрсетуіміз керек. (С.А. Назарбаева)


«Менің атым Қожа» атты қазақ фильмін көрсету.

- Не себепті Қожа Майқанова мұғалімге қарсы?

- Оспан Рахмановичтің бойындағы қандай қасиет Қожаны өзіне тарта алады?

- «Менің атым Қожа» фильмі балаларды қандай оқушы болуға баулиды деп ойлайсыз?


«Сәлемдеме беру» ойыны.

Шарты: Мұғалімдер қорапшаның ішінен бүктелген қағазды алып, соның ішінде жазылған тапсырманы орындайды.

Тапсырма:

  1. «Сүйіспеншілік» тақырыбында  ән айтыңыз.

  2. Шындықтың маңыздылығы туралы әңгіме айтыңыз.

  3. Қиын баланы өзіңіздің бойыңыздағы қандай құндылық арқылы өзгерткеніңізді айтыңыз.


  1. «Мейірімділік» тақырыбында өлең оқыңыз.

  2. «Білім» тақырыбында мақал-мәтел айтыңыз.

  3. Өміріңізде болған қиыншылықты айтып, оны құндылық арқылы қалай шешкеніңізді айтыңыз.


  1. «Ақылдылық»тақырыбында нақыл сөз айтыңыз.

  2. «Ізгі мұғалім» дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Сабақта болған ыңғайсыз оқиғадан құндылық арқылы қалай шешімін тапқаныңызды айтыңыз.


Топпен ән айту.

Өміріңе немқұрайлы қарама!

әні: Сәкен Дәрібаев

сөзі: Серік Сейітман


Тыңда досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.


Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Шақша басың айналса да бақыттан


қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала.

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де досым қанша шаттыққа

Өміріңе немқұрайлы қарама,


Бақ құсыңды қонған кезде бағала.

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең дағы,бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама,


Тұсау салып бастатқызбай көш дара,

Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.


Сын сағатта сақтау үшін өз басын,

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Айдын көлге айналса да көз жасың.

 «Сүйіспеншілік гүлі» ойыны.

 Шарты: Бұл іс-әрекетке барлық мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім алдындағы түрлі түсті қағаздармен қолдың суретін салып қиып семинардан түсінгендерін жазып іледі.

Қорытынды: Балаларға жанданған білім беріп, баланың болашағы мұғалімнің қолында екенін ұғыну.


Жиналыстың қорытынды сәті:

- Бүгінгі семинарға уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Балалар, біздің болашағымыз, бақытымыз! Ендеше, осы балаларға жанды білім беріп, жағымды қасиеттерді бойларына сіңіре білейік, сонда ғана бұл әлем сақталып қалмақ!




Мектеп директоры: Адилбекова К. Х.


«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі: Избасар Қ. А

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!