Материалдар / Сабақтағы тиімді тәсіл - жобалау әдісі `(PBL ТЕХНОЛОГИЯСЫ)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақтағы тиімді тәсіл - жобалау әдісі `(PBL ТЕХНОЛОГИЯСЫ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсатқа жету мақсатында өзім жетекшілік ететін 2 «а» сыныбында ұйымдастырылған «Albeni» онкүндік жобасы балаларды ғылымға бастар баспалдағының алғашқы қадамы болды.Аяулы әріптес, осы жобалау әдісі арқылы өткен онкүндік жобаммен бөлісемін. Оқушылар белсенділігі жоғары дәреже көрсетті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2023
382
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бастауыш сынып білім беру жүйесіндегі жобалау әдісі

XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде  қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың зерттеу  жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес.Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Осы мақсатта өзім жетекшілік ететін 2 «а» сыныбында ұйымдастырылған «Albeni» онкүндік жобасы балаларды ғылымға бастар баспалдағының алғашқы қадамы болды.

Әдетте, балалар таңдауы тәтті емес пе? Олай болса,қазақта «Тәтті жеген бала ақылды болады» деген сөзді ұстана отырып,біздің таңдауымыз «Албени» шоколады болды. Және осы өнімді өндіретін «Улкер» түрік компаниясы осы жобаны ұйымдастыруымызды құп алып, демеушілік көрсетті.

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалай оқыту технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап.

Жоба түрлері:

1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы;

2) пәндік-мазмұндық сипатына қарай: моножоба және пәнаралық;

3) қарым-қатынас тәсіліне қарай: тікелей қарым-қатынас; коммуникациялық технология;

4) үйлестіру сипатына қарай: тікелей, жанама;

5) байланыс сипатына қарай: аймақтық, оқу орнында орындалатын және халықаралық;

6) қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, топтық;

7) орындалу уақытына қарай: қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік деп іштей топтастырылады. Бұл жобалар мазмұндық сипаты жағынан іштей екі үлкен топқа: ғылыми-ізденіс және қолданбалы-практикалық болып біріктіріледі. Бұл онкүндік жоба мазмұндық сипаты жағынан қолданбалы-практикалық болып табылады.

  Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда оқушылар өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.





Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда оқу үдерісін сабақ беру логикасына бағындырмай, керісінше, оқушының білімді өздігінен игеру логикасына бағыттадым.

«Albeni» онкүндік жобасының ашылуы салтанатты түрде өтті.Кеш сап түзеген оқушылардың әнұранды шырқауымен басталып кетті.Арнайы шақырылған «Улкер» түрік компаниясының менеджері Анна ханым,мектеп директоры,оқу ісінің меңгерушілері,бастауыш сынып әдістеме жетекшісі және мектеп медбикесі қатысты.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 18 - қара сөзінде «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық» деп айтқан екен. Бұдан ұғарымыз,адамдық қасиеттермен қатар бойымызға ғылым мен білімді бірге сіңіруді меңзеді.Сендер үшін , бұл жоба ғылымға бастар баспалдақтың алғашқы қадамы деп білерсіңдер! –деп, бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнаған Абайдың дана сөзімен бастадым.

Жобаға қатысушыларды «Улкер» компанияның төрт түрлі өнімдерін таңдау арқылы топқа біріктірдім.

1-топ.«Жас зерттеуші» тобына «Албени» шоколадын таңдаған оқушылар топтастырылды.

2 -топ. «Жас технолог» тобына «Албени» түйіршіктелген конфетін таңдаған оқушылар топтастырылды.

3-топ. «Жас ғалым» тобына «Албени» кексін таңдаған оқушылар топтастырылды.

4-топ. «Жас кондитер» тобына «Албени» печеньесін таңдаған оқушылар топтастырылды.

- жобаның мақсаттарын таныстыру;

- жобаның құрылымы;

-жобаға қойылатын талаптар;

- жобаның онкүндік жоспары таныстыру;





- Албени өнімдерінің шығу тарихына қысқаша тоқталып, оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, «Менің таңдауым - Албени» атты ақпараттық көмекші құралды ұсындым. Мектеп медбикесі тамақтанудың адам ағзасына әсері,тәттінің бала денсаулығына зияны мен пайдасы туралы кеңестермен бөлісті. Және мектеп директоры Смагулова Ә.Д. онкүндік жобаның салтанатты ашылу лентасын қиды.

Жобаның ашылу салтанатына жиналған қонақтар оқушыларға сәттілік тіледі.

Жоба барысында әрбір топ мүшелері таңдап алған өімдерінің құрамын (белок,май, көмірсу,жалпы құнарлылығы,сақталу мерзімі,құны) зерттеуді алдымен жеке жұмыс ретінде орындап, келесі сабақта бірдей қорытындыға келе отырып,топтық жұмыс деңгейінде кесте жасалды. Сонымен бірге, Улкер түрік компаниясы өімдерінің бағалау каталогы бойынша өнім этикеткасындағы штрих коды арқылы өнімнің сатылу бағасын анықтады.

Picture 1 Picture 2

Рисунок 5 Рисунок 6

Рисунок 6 Рисунок 7

Жасаған зерттеу жұмыстары өзара тыңдалып,талдау жасалды. Оқушылар әрбір қадам үшін өз-өзін бағалау жүйесі арқылы арнайы «Жетістік қалташаларын» бағалауларға толтырып отырды. Оқушылардың зертеу кезіндегі ізденістерін қолдап, үнемі демеу беріп отырдым.

Жоспар бойынша кезеңаралық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастырып отырдым.Әрбір өнім құрамындағы минералды заттардың адам ағзасына келтірер пайдасы жайлы «Менің таңдауым -Албени» атты ақпараттық көмекші құрал арқылы анықтап, және дүниетаным ойларымен байланыстыра отырып, өз ой –пікірлерін ортаға салды,топтық жұмыста ролдерді өздері таңдап алды.

Келесі зерттеудің түрі - ата-аналармен сауалнама жүргізу. Әр топ ата-аналармен бірінші және екінші сұрақтар бойынша сауалнама жүргізу арқылы Албени өнімдерінің қай түріне жиі таңдау жасағаны және бағасы не сапасы құнды екені жайлы диограмма сызып,қорытынды шығарды.

Ата-аналарға арналған сауалнама: ________________________

1. Берілген өнімнің қайсысын жиі таңдайсыз?

А)№ 1 Ә)№2 Б)№3 В)№4


Рисунок 15 Рисунок 7 Рисунок 8 Рисунок 9

2. Сіз үшін өнімнің сапасы не бағасы маңызды?

а) сапасы ә) бағасы

Ата-аналармен сауалнама жүргізу сәттерінен суреттер ұсынамын.Рисунок 8 Shape1

«Жас ғалым»

Shape2

«Жас кондитер»

Рисунок 3 Рисунок 4


Рисунок 3 Рисунок 1

Жобаға қатысушылар ата-аналармен сауалнама жүргізу барысында жағымды қарым-қатынас орнатуға, аралық диалог құрастыруда сыпайылық пен мәдениеттілікті сақтай отырып,оқушының өз-өзіне деген сенімділігі артты. Осындай жұмыс нәтижесінде оқушылар нақты шешім шығарды. Яғни,жалпылама алғанда, 80 ата-анамен жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша 45 пайызы Албени печеньесіне,ал 30 пайыз ата-ана Албени шокаладына жиі таңдау жасаса,ал 60 пайыз ата-аналар өнімнің сапасына басты назар аударатындығы дәлелденді.



«Albeni» онкүндік жобасы қорытынды кезеңі мектептің акт залында өтті.


-Қатысушылар топтық жүйемен орналасты. - Сарапшылар таныстырылды.




-Әрбір топ басшылары мольверт тақтасында өз зерттеу жұмыстарын қорғады.







-Сарапшылар бағалау критерийлері бойынша әр топ жұмысы бағаланды,марапатталды.

- Онкүндік «Жетістіктер қалташасының» қорытындысы шығарылды. Алға шыққан бірінші, екінші, үшінші балаға демеушілер сыйлық тапсырды.

- Кері байланыс «Менің таңдауым -Албени». Жоба барысында «Жетістік қалташасына» жинаған бағалауларына Албени тәттілер көрмесінен өнімдер сатып алу мүмкіндігі берілді.

Picture 3

Тәжірибеде жобалай оқыту технологиясы арқылы ұйымдастырылатын өздік жұмыстарында мұғалім мынадай педагогикалық шарттарды ұстанса, табысты нәтижеге қол жеткізілетіні анықталды:

а) оқушыларға қызықты және өзекті тақырыпты таңдау мүмкіндігін беру;

ә) оқушыларға жобаны іске асыруға қажетті әдістерді өз еркімен пайдалануын жүзеге асыру;

б) топтық жұмыста рөлдерді өздеріне таңдату;

в) оқушылардың зерттеу қызметінде олардың ізденісін қолдау, демеу жасау;

г) сағаттар кестесін қатаң сақтай отырып кеңес беру;

ғ) кезеңаралық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастыру;

д) оқушылардың жасаған жоба жұмыстарын өзара, өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу;

е) жобаның тұсаукесерін салтанатты түрде ұйымдастыру.

Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін арттырады. Жоба әдісінің басты мақсаты – тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасау болып табылады.

Жобалау әдісі арқылы ұсынылатын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.



Қорытындылай келе, бастауыш білім беруді жобалай оқыту технология негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына , өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпін.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!