Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақтан тыс іс-шара
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сынып: 6-8
Тақырыбы: «Бұл әсем ғаламшар»
Мақсаты:
Оқушылардың ғылыми-экологиялық дүниетанымын, этика, эстетикалық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми-теориялық негізін, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстардың жалпы тіршіліктің даму ырғағын, ауытқуларды экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының қоршаған ортаға, табиғатқа деген парасатты, мәдени жауапкершілігін арттыру.
Барысы:
Табиғат! Жүрекке жылы, көңілге қонымды, терең мағыналы сөз, ұлағаты мол ұғым. Табиғатсыз өмір жоқ. Ол – бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Түптеп келгенде адамның өзі де табиғаттың туындысы. Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Жер – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Жер-Ана – біздің тұратын, демалатын, тәрбиеленетін мекеніміз. Жер табиғаттың басты байлығы. Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз қорегін осы қара жерден алады. Жердің қасиетін сақтау, Жер жомарттығын жойып алмау адамдардың өз қолында. «Жері байдың – елі бай», «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың түсінігінде жер, топырақ деген ұғымдар бір мағынада айтылады.
Жер Күні АҚШ-та 1970 жылы 22 сәуірден бастап дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бұл атаулы күннің мақсаты- жұртшылықтың назарын адамзат тарапынан қоршаған ортаға келіп жатқан зиянға аудару. Кейіннен бұл күн 1990 жылдан бастап Бүкіләлемдік Жер Күні ретінде аталып өте бастады. Бұл күнді сондай-ақ АҚШ-та «Ағаш отырғызу» күні ретінде атап өтіледі. Сол секілді бүгінгі іс шарамыз да Жер Күніне байланысты өткізілуде.
Беташарын сайысымыздың бастайық
Көрерменді серпілтіп бір тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық
Бірінші сайысымыз « ТАНЫСТЫРУ ». Әр топ өзін таныстырады. Топтың аты, ұраны болу керек. Сайысымызды бастамас бұрын сендердің өнерлеріңді, білімдеріңді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыралық.
1.
2.
3.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір-біріне мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі – сол Табиғат пен Жер –Ананың перзенті. Оны білу, оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Келесі кезекті ҮЙ ЖҰМЫСЫНА берейік. Сайыскерлердің міндеттері жер шарындағы табиғаттың әсем жерлерін презентация арқылы көрсету.
«Мақал-сөздің мәйегі» демекші келесі кезекті МАҚАЛ-МӘТЕЛ жарысына берейік.
-
Ерді талап ұшырар (құсты қанат ұшырар)
-
Атасы жер жырта білмегеннің (баласы тұқым себе алмас)
-
Сөз анасы – құлақ (су анасы - бұлақ)
-
Судың да (сұрауы бар)
-
Атаңнан мал қалғанша, (тал қалсын)
-
Сулы жер (нулы жер)
-
Дана көптен шығады (дәрі шөптен шығады)
-
Бұлақ көрсең (көзің аш)
Табиғатты қорғау мақсатында көптеген іс-шараларды атауға болады. Солардың бірі саны азайып бара жатқан жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді «Қызыл кітапқа » енгізу. Қазақстанның қорғауға алынған жануарларын қаншалықты білетіндерімізді тексеріп көрелік. Ендеше сайысымыздың келесі кезегі «ҚЫЗЫЛ КІТАП»
-
Сирек, кейбір аудандарда саны өте аз. Мекендейтін жерлері тарылуда. Үстіртте, Қызылқұмда, Тауқұм мен Іле ойпатында таралған, сексеуіл өскен шөлдерде мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 30-50 мың бас; санының кемуінің негізгі себептері - шөлдерді қарқынды түрде игеру және қасақылық. Өзбекстан мен Түркменстанда питомниктерде өсіріледі. Үстірт пен Барсакелмес қорықтарында, «Алтынемел» ұлттық паркі мен Ақтау-Бозашы қорықшаларында қорғалады. (қарақұйрық)
-
Жойылып кетү қаупі бар. Бұрын Қазақстанның дала мен тау бөктерлеріне кең тараған еді. 50-шы жылдары тың жерлерді игерудің нәтижесінде көп жерлерде жойыла бастады, саны оншақты есе азайды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі (дуадақ)
-
Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Дене тұрқы 160-168 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қарай аударады. Табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. (арқар)
-
Аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның оңашаланған ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурзым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері-заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау. (қызғылт бірқазан)
-
Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. (сұңқылдақ аққу)
-
Жойылып кету қаупі бар түр. Бар жоғы 3 жерде - оңтүстік - шығыс Байқал маңында, Ордоста (Ішкі Моңғолия) және Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі, Жалпы саны -5 мың шамасында деп жорамалданады. (реликті шағала)
-
Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр. Ұялайтын орны Қазақстанда Теңіз көлінде (Ақмола облысы).. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын жайлайды. Негізгі шектеу факторлары - ұялауға жарамды жерлердің азаюы және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады. (қоқиқаз)
-
1981 жылы Іле өзенінің бойына жерсіндірілген. Өзендер жайылмаларындағы қалың тоғайларда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бас; санының кемуіне негізгі себептер - өзен жайылмаларын шаруашылық қызметіне дұрыс пайдаланбау және қасақылық. Алматы қорығында өсіп-өнеді. (тоғай бұғысы)
Сайысымызды одан әрі жалғастырайық
Ал, балалар сайысқа қалайсыңдар?
Сіздер өтер әлі талай сын бар
«Қара жәшік» кезеңіне жетіп қалдық
Жауап берсеңдер сұрақтарға, жарайсыңдар, деп «ҚАРА ЖӘШІК» атты кезеңімізді бастайық.
1. Ежелгі грек мифологиясында жарық пен өнердің құдайы Аполлон ең сұлу Дафна атты қызды ұнатып қалады. Бірақ Дафна Аполоннан қорқып, қашып жүреді. Әрі қарай жүгіретін шамасы болмай Дафна әдемі ағашқа айналады. Ренжіген Аполлон сенің жасыл жапырақтарынан жасалған өрім (венок) менің басымды үнемі әдемі етіп тұрсын. Ешқашан да сенің жапырақтарын сарғаймасын, қурамасын. Үнемі жасыл болып тұрсын деген екен. Қандай ағаш жайында айтылып тұр (лавр ағашы)
2. Бұл заттан көптеген ойыншықтар жасалады. Олар түрлі түсті болуы мүмкін. Оны күйдірсе жағымсыз иіс, қара түтін шығады. Табиғатта оны лақтыруға болмайды. Өйткені оның қалдықтары 100-200 жыл бойы сақталып, ыдырамайды. (пластмасса)
3. Оны қытайлықтар ойлап тапты. Оны ағаштан алады. Ол өте тез және жеңіл жанады. Одан өте көп қоқыс шығады. (қағаз)
4. Бұл затты құмнан жасайды. Құлағанда тез сынады. Мөлдір (шыны)
Келесі сайыс «БӘЙГЕ»
1. Қандай жыртқыш жануардың ізінде тырнақтарының іздері жоқ (мысық)
2. Неліктен шошқалар сазда шомылады (паразиттерден құтылу үшін)
3. Үй жайындағы ғылым (экология)
4. Дәуіттің (кузнечик) құлағы қай жерде (аяғында)
5. Ең биік шөп (бамбук)
6. Тышқан, сиыр, барыс ... әрі қарай жалғастыр
7. Шаңғыны қандай ағаштан жасайды (қайың)
8. Немістер бұл жануардың шығарған дыбысын «киик» деп естиді. Ағылшындар «йонк-йонк», итальяндықтар «фрон-фрон» ал орыстар ше? (хрю-хрю)
9. Канада туында қай ағаштың жапырағы бейнеленген? (үйеңкі)
10. Орал тауының еліміздегі жалғасы (Мұғалжар)
11. Қанаты жоқ-ұшады, аяғы жоқ – қашады. (жел)
12. Азияның ең биік нүктесі (Гималай)
13. Бұл арал орта мұхиттық жотаның көтерілуінен пайда болды. Бұл сөнген және әрекет етуші жанартаулар патшалығы. Ең ірісі – Гекла. (Исландия)
14. Жел жылдамдығы мен бағытын анықтайтын аспап (желбағар)
15. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан (Есіл)
Сонымен сайысымыз аяқталды. Әділқазылар алқасы қорытынды шығарғанша келесі сөзді 6 сынып оқушыларына берейік. Табиғаттағы ең қызықты, әдемі, жұмбақ ағаштар жайында баяндап береді.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды. Жер –Анамызды жасыл етіп сақтайық!