Материалдар / Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде колледж білімі әр адамның формалды оқытудың ең ұзақ кезеңін көрсетеді, сондай-ақ жеке жетістік және бүкіл елдің ұзақ мерзімді дамуының маңызды факторы болып табылады. Миллиондаған оқушылардың мақсатты бағыттарының дайындығынан біз еліміздің инновациялық даму жолын қаншалықты таңдай және қамтамасыз ете алатынымыз байланысты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

КГКП «Костанайский политехнический высший колледж»

Управления образования акимата Костанайской области








Тәжірибені жалпылау

«Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша куратордың әзірлеуі»








Сагумбаев Марат Калимканович, арнайы парнайы пәндер оқытушысы

Ақпараттық – экономикалық пәндер кафедра












Қостанай, 2022 ж.



Мазмұны


Ұстаз жайлы ақпарат

Кіріспе……………………………………………………………………………......…...4

1. Өзектілігі ……………………………………………………………………......…......5

2. Қызмет мазмұны ……………………………………………...................................…7

2.1. Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері ……........................................7

2.2. Тәжірибелік кезең…………………………………………………………….....….10

3.Колледж оқушыларының сабақтан тыс қызметі тиімділігінің диагностикасы...... 24

Қорытынды ………………………………………………………………………….......27

Әдебиет ………………………………………………………….....................................28

Қосымша ………………………………………………………………………...........…29



































Ақпараттық бет



Авор жайлы ақпарат

Сагумбаев Марат Калимканович

Туған жылы –28.03.1984

Арнайы пәндер мұғалімі

Адрес: Қостанай қаласы, Карбышева 11 көшесі, 6 пәтер

Тел. 87752779273

Білімі

Жоғары

А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 2001-2006

Категория

Жоғары

Берілген жылы-2016

Тәжірибе беру жайлы ақпарат

Тәжірибе арнайы пәндер ұстазы













Кіріспе

Қазіргі кезде колледж білімі әр адамның формалды оқытудың ең ұзақ кезеңін көрсетеді, сондай-ақ жеке жетістік және бүкіл елдің ұзақ мерзімді дамуының маңызды факторы болып табылады. Миллиондаған оқушылардың мақсатты бағыттарының дайындығынан біз еліміздің инновациялық даму жолын қаншалықты таңдай және қамтамасыз ете алатынымыз байланысты.

Дәл қазір, жалпы білімді қаншалықты заманауи және интеллектуалды ету болашақ ұрпақтың ауқаттылығына байланысты.

Колледж білімінің негізгі нәтижесі озық даму мақсатына сәйкес болуы қажет. Бұл колледждерде оқыту өткен жетістіктің қажеттігі ғана емес, сондай-ақ болашақта қажет болатын әдістер мен технологияларды да білдіреді. Білім алушылар зерттеушілік жобаларға, шығармашылық сабақтарға, спорттық іс-шараларға қызығулары қажет, осылардың барысында олар жаңа затты ойлап табуға, түсінуге және меңгеруге, ашық болуға және жеке ойларын білдіруге қабілетті болуға, шешімдер қабылдай алу және бір-біріне көмектесу, қызығушылықтарын қалыптастыру және мүмкіндіктерін түсінуге үйренеді.

Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендірудің мақсаттарын шешу, олардың жан-жақты дамуы сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру аясында өте тиімді. Сабақтан тыс қызметтің өзектілігі қазіргі кезде елімізде оқушы тұлғасы қалыптасу жағдайларында айтарлықтай өзгерістер болып жатқандығында анықталады. Заманауи бала айқын сыртқы және ішкі шекарасы жоқ шексіз ақпараттық және зор әлеуметтік кеңістіктікте орналасқан. Оған интернет, телевизия, компьютерлік ойындар, кино арқасында алынған ақпараттық ағындары әсер етеді. Осы және басқа ақпарат көздерінің тәрбиелік және әлеуметтендіретін әсері тәрбие және әлеуметтену үдерісінде жиі басым болып келеді.

Бүгін баланың колледжде және колледж сыртында меңгерген білімі мен құндылықтары иемденген мінез-құлықтарының арасында шиеленіс бар:

колледжде (жүйелілік, бірізділік, дәстүрлілік, мәдени сәйкестілік және т.б.);

колледж сыртында (еліктеушілік, бейберекеттілік, жоғары мәдениет пен тұрмыстың араласуы, мәдениет пен антимәдениет шекараларының арасындағы бұзылыс және т.б.).

Бұл шиеленіс бала ойлауы құрылымын, олардың сана сезімі мен дүниетанымын өзгертеді, дүниеге эклектикалық көзқарасын қалыптастыруға, өмірге тұтынушылық қатынасты бағыттайды.









Өзектілігі

Сабақтан тыс қызметтің маңызы мен мәні оқушының қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын дамыту үшін қосымша жағдай тұғызумен және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен аяқталады. Ол жағдай жасауға бағытталған:

баланың жайлы ортада шығармашылығын өмірдің түрлі аспектілерінде туындатуға және қоршаған ортаға оң қарым-қатынас қалыптастыруға;

баланың қарым-қатынас үрдісінде және балалар қоғамдастығындағы бірлескен қызметтерінде, құрдастары және педагогтермен белсенді араласуында жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыру;

оқушының болашақ өмірлік жоспарлары мен перспективасын табысты жүзеге асыру үшін өзін-өзі кәсіби анықтауы;

мұғалім мен баланың арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастардың жоғары деңгейі талап етіледі;

оқушылардың бір топтан басқа топқа ауысуы (тақырып бойынша, интеллектуалды даму деңгейі бойынша, жетекші педагогке);

білім берудің басқа түрлерінен айырмашылығы оқушылардың барлық топтарын дарынды, ақыл ойының дамуында ауытқушылығы бар, дене кемістігі бар, қоғамға жат мінез қылық бейімділігі бар, әртүрлі жастағы т.б. қамтуға мүмкіндік береді;

ата-анасының және оқушының өзгерістеріне жедел қызмет жасау, сабақтан тыс қызметтің дәстүрлі және инновациялық түрлерін сақтау;

алынған білім мен дағдылардың практикалық маңыздылығы;

білім беру кеңістігін кеңінен пайдалану (сабақтан тыс уақыты түрлі орындарда: кітапханада, акт және спорт залдарында, ойын бөлмесінде, топсеруенде т.б өткізу мүмкіндігі).

приоритет баланың нақты жеке қасиеттерін дамыту мен қалыптасыруда мақсат қояды, балалар ұжымында оң психологиялық ахуалды қалыптастыру, балаларды адамгершілік және мәдени құндылықтарға үйрету;

үй жұмысының орындалмауы.

Сабақтан тыс қызметтің негізін түсіндіру және ұғындырудың әдіснамалық кілті ретінде «қызмет» деген сөзге назар аудару қажет. Оның үрдісінде идеалардың мақсатты өндірісі, құндылықтары, идеалары, түсініктері, ұсыныстары, мәдениеттің шығармашылық құрылымы жүзеге асырылады. Сыныптан тыс қызметтің қызмет статусына ауысуы оның сапасын күрт өзгертеді. Колледж үшін сабақтан тыс қызмет оның жауапкершілігін алатын қызметтің жаңа есептік түріне айналады.

Педагогикалық тәжірибенің мақсаты: Сабақтан тыс іс-әрекетте оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау.

Тәжірибенің жаңалығы

Тәжірибенің жаңалығы:

қызығушылықтарының, бейімділіктерінің, қабілеттерінің және оқушылардың түрлі қызметіндегі мүмкіндіктерін айқандау;

сабақтан тыс іс- шараларда таңдалған сферада әр баланың жеке дамуына жағдай туғызуы;

оқушылардың қызметіндегі білім, білік, дағдылар жүйесін қалыптастыру;

оқушылардың бейресми қарым-қатынас тәжірибесін, өзара іс-қимыл ынтымақтастығын дамыту;

оқушылардың қоғаммен қарым-қатынас аясын кеңейту;

оқытуда қиындық көретін балалармен түзету жұмыстарын жүргізу.













































2. ҚЫЗМЕТ МАЗМҰНЫ

Әдістемелік ұсынымдарда білім беру ұйымдары қызметіндегі сабақтан тыс уақыттарын жетілдірудің заманауи бағыттары ұсынылады. Оқушылардың бәсекелестігіне әсер ететін сабақтан тыс қызметіндегі тәрбиесін дамытудың объективті және субъективті негіздері, сабақтан тыс қызметінің әлеуметтік-педагогикалық және тәрбиелік мүмкіндіктері белгіленген.

Республикадағы жалпы білім беру колледждеріндегі сабақтан тыс қызметтің қалыптасуындағы педагогикалық тәжірибесі көрсетілген.

Әдістемелік ұсынымдар сабақтан тыс уақытындағы балаларға қосымша білім берудің білімдік үдерісін іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің қалың көпшілігіне ұсынылады.

Позитивті өзгерістер еліміздегі білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу қызметтер жүйесіндегі өз маңызын тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, адамгершілікті, гуманистік бағыттың, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенді дамуындағы саяси және рухани маңыздылығын ұғымы үрдісі жүріп жатыр. Жалпы қазақ менталитетінің, мәдениетінің, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отырып, интеллектуалды, рухани және шығармашылық әлеуетін қайта түзету мақсатында шарттар құрылуда.





2.1.Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері

Сабақтан тыс қызметтің міндеттеріне, формаларына және мазмұнына қарай, оны базалық ретінде іске асыру үшін келесі ұйымдастыру моделі қарастырылады.

Сабақтан тыс қызметті іске асырудың базалық ұйымдастырушылық моделі:

білім беру үрдісінің қатысушылары қалыптастыратын білім беру ұйымының оқу жоспары (сабақтыққа қарағанда бөлек формаларда өткізілетін қосымша білім беру модульдері, арнайы курстар, колледждік ғылыми қоғамдар, оқу ғылыми зерттеулер, практикумдар және т.б.);

білім беру ұйымдарының қосымша білім беру бағдарламалары (қосымша білім берудің колледжішілік жүйесі);

балаларға қосымша білім беру ұйымдарының, сонымен қатар мәдениет және спорт ұйымдарының білім беру бағдарламалары;

сынып жетекшілігі (экскурсиялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, сайыстар, қоғамдық пайдалы тәжірибелер және т.б.);

білім беру қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының лауазымдық міндеттеріне сәйкес өзге педагогикалық еңбеккерлердің (ұйымдастырушы-педагогтің, әлеуметтік педагогтің, педагог-психологтің, аға тәлімгердің) қызметі;

жаңа білім беру бағдарламаларды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерін есепке алатын бағдарламаларды әзірлеу, апробациялау, енгізу бойынша инновациялық (тәжірибелік) қызмет.

Аталмыш базалық модельге сүйене отырып, сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдерінің бірнеше негізгі типтері ұсынылуы мүмкін:

балаларға қосымша білім беру моделі;

«толық күн мектебі» моделі;

оңтайландырылған модель (білім беру ұйымының барлық ішкі ресурстарын оңтайландыру негізінде);

инновациялық-білім беру моделі.

Балаларға қосымша білім берудің моделі колледжішілік қосымша білім беру әлеуетін басым қолдануға және балаларға колледжден тыс қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастыққа сүйенеді. Сабақтан тыс қызмет балалардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау және оларды көркем, техникалық, экологиялық-биологиялық, спорттық және басқа қызметке қосу жағынан балаларға қосымша білім берумен тығыз байланысты. Сабақтан тыс қызмет пен балаларға қосымша білім беру арасындағы байланыстырушы болып факультативтер, колледждік ғылыми қоғамдар, кәсіби бағыттағы бірлестіктер, таңдау бойынша оқу курстары сияқты оны іске асырудың формалары болып табылады.

Қосымша білім беру моделі негізіндегі сабақтан тыс қызмет кезінде білім беру ұйымдары балаларға қосымша білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдануы мүмкін. Аталмыш модель сабақтан тыс қызметтің және балаларға қосымша білім берудің ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістігін құруды, білім беру ұйымын басқарудан білім беру бағдарламасын басқаруға көшуді іске асыруды көздейді.

Аталмыш модель балалардың аумақтық, әлеуметтік және академиялық ұшқырлыққа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Модельдің артықшылығы балаларға қызығушылықтар бойынша балалар бірлестігі бағыттарының спектрі негізінде кең таңдау ұсыну, балалардың еркін өзін-өзі анықтау және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі, сабақтан тыс қызметті іске асыру білікті мамандарды тарту, сондай-ақ білім беру үрдісі ұйымының балаларға қосымша білім беруге тән тәжірибелік-бағдарлы және қызметті негіз болып табылады.

Қосымша білім беру ұйымы өзінің әлеуетін толық шамада іске асыруы үшін барлық педагогикалық жүйенің нақты әрі үйлесімді жұмысы қажет. Сондықтан педагогтерге бір-бірінің – балаларға қосымша білім берумен кәсіби айналысатын және колледждегі пәндік оқытумен байланысты педагогтердің мәселелерін білу және түсіну аса маңызды. Тек солардың өзара көмегі және бірлесе ойластырылған қызмет жеке колледж деңгейінде де, бүтін қала, өңір, ел деңгейінде де тұтас білім беру кеңістігін құру үшін негіз бола алады.

«Толық колледж күні» моделі. «Толық колледж күні» моделінің негізі – сабақтан тыс қызметті көбінесе ұзартылған күн тәрбиешілерімен іске асырылуы.

Аталмыш модельді сипаттайды:

баланың күні бойы білім беру ұйымында толыққанды болуы үшін жағдайлар жасау, оның ішінде колледждің білім беру ортасын поляризациялау және түрлі акценттелген кеңістіктерді бөлу арқылы;

тәрбие беру жүйесі және білім беру ұйымының негізгі білім беру бағдарламалары аясындағы оқу, тәрбие беру, дамыту үрдістерінің мазмұнды бірлігі;

санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтердің сақталуын қамтамасыз ететін және білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырудан, қимыл белсенділігін оңтайландырудан, тиімді тамақтануды ұйымдастырудан, денсаулықтың және салауатты өмір салтының құндылығын қалыптастыру бойынша жұмыстардан тұратын денсаулық сақтау ортасын құру;

балалар қоғамдық бірлестіктерінің және оқушылардың өзін-өзі бсқару органдарының белсенді қолдауымен балалардың өз-өздерін көрсетулері, өз-өздерін іске асырулары және өз-өздерін ұйымдастырулары үшін жағдайлар жасау;

баланың білім беру ұйымында болуының жеке білім беру траекториясын және жеке кестесін құрастыру;

негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары ынтымақтастығына сүйену.

Аталмыш модельдің артықшылықтары болып табылады: күні бойы білім беру үрдісін табысты іске асыруға арналған жағдайлар кешенін құру, тамақтануды қоса алғанда.

Оңтайландырушы модель. Білім беру ұйымының барлық ішкі ресурстарын оңтайландыру негізіндегі сабақтан тыс қызметтің моделі оны іске асыруға аталмыш білім беру ұйымының барлық педагогикалық қызметкерлерінің (мұғалімдер, ұйымдастырушы-педагог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, тәрбиеші, аға тәлімгер және т.б.) қатысуын қарастырады. Бұл жағдайда үйлестіруші рөлін әдетте сынып жетекшісі атқарады, ол өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес:

педагогикалық қызметкерлермен, сонымен қатар білім беру ұйымының оқу-қосалқы қызметкерлерімен өзара әрекеттеседі;

сыныпта колледж ұжымы қызметінің аясында оқушылар тұлғасының оң әлеуетін дамытуға арналған оңтайлы білім беру үрдісін ұйымдастырады;

сынып ұжымының тәрбиелеуші үрдісінің түрлі формалары арқылы, оның ішінде өзін-өзі басқару органдары арқылы қарым-қатынастар жүйесін ұйымдастырады;

оқушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметін ұйымдастырады.

Оңтайландырушы модельдің артықшылығы сыныптан тыс қызметке кететін қаржылық шығындарды азайту, білім беру ұйымында бірыңғай білім беру және әдістемелік кеңістік құру, оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлігі болып табылады.

Инновациялық-білім беру моделі. Инновациялық-білім беру моделі республикалық және өңірлік деңгейдегі инновациялық (тәжірибелік, қанатқақты, ендірушілік) алаң қызметіне сүйенеді. Аталмыш модель аясында жаңа білім беру бағдарламаларының, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескеретін бағдарламалардың әзірленуі, апробациялануы, енгізілуі жүреді. Инновациялық-білім беру моделі білім беру ұйымдарының кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен және әдістемелік қызметтермен тығыз өзара қызметін қарастырады. Аталған модельдің артықшылықтары болып табылады:

сабақтан тыс қызмет бағдарламалары мазмұнының және (немесе) әдістемелік құрал-жабдықтарының жоғары өзектілігі;

оларды іске асыруды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, қалыптасатын тәжірибенің брегейлігі.

Колледжде сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру моделі білім беру үрдісі жүретін жағдайларға байланысты: параллель сыныптардың саны; қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымының болуы; жұмыс ерекшелігі (бір нмесе екі ауысым, сыныптардың комплектілігі).



    1. Тәжірибелік кезең


1. Жобалық, ол балалардың қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне диагностикадан, олардың ата-аналарының сұраныстарынан және оның нәтижелері негізінде ресурстық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін есепке ала отырып, колледждегі сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру жүйесін жобалаудан тұрады.

2 . Ұйымдастырушылық-қызметтік, оның аясында сабақтан тыс қызметтің әзірленген моделінің оның ресурстық қамтамасыз етілуі арқылы құрылуы және жұмыс істеуі жүреді.

3. Сараптамалық кезең, оның барысында сабақтан тыс қызметтің іске асырылушы моделіне талдау жүргізіледі

Сабақтан тыс қызметті іске асыру үшін жағдайлар жасау. Сабақтан тыс іс- қызметті табысты іске асыру үшін мына бағыттар бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу қажет:

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ресурстық орталықтарды құрудан тұруы мүмкін. Алғашқы құрамдас ретінде мына «ресурстық» модель бола алады: балаларға қосымша білім беру ұйымы бірнеше жалпы білім беретін колледждердің оқушыларына арнап білім беру үрдісін іске асыру үшін өзінде бар материалдық-техникалық базаны қолданады, ол колледждер балаларға қосымша білім беру ұйымына «топтасады».

В ариативті модельдің екінші құрамдас бөлігі де өзара қызметті ұйымдастыруға деген дәстүрлі амал-тәсіл болып табылады, яғни жалпы білім беру ұйымының оқушылары қызығушылықтары бойынша аталмыш жалпы білім беретін ұйымның базасында жұмыс істейтін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелеріне, секцияларына, клубтарына және т.б. барады.

Оқушылар санының көп жағдайында аталмыш модельдің ары қарай дамуы колледж базасында БҚББҰ тиісті филиалының ашылуына әкеледі.

Өзара қызметтің вариативті моделінің үшінші құрамдас бөлігі – бұл балаларға қосымша білім беру ұйымының базасындағы тағылымдамалық алаң қолданылатын модель. Бұл жағдайда БҚББҰ – бұл жалпы білім беру жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыруға арналған белгілі бір ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық және базалық ұйым.

Балаларға жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың барлық өзара іс- қызметі жағдайларында ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістік құрылуы тиіс. Мұндай өзара қызмет аясында іске асырылатын сабақтан тыс қызмет бағдарламаларының мақсатты бағдарлары нақты жалпы білім беретін ұйымның жалпы орта білім беру бағдарламасын игерудің жоспарланып отырған нәтиежелерін көздеуі тиіс.

Сабақтан тыс қызметті іске асыруды нормативті қамтамасыз ету колледждің басқа ұйымдармен өзара қызметін, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ білім беру үрдісі қатысушыларының қызметін ұйымдастыруға арналған тиісті құқықтық өріс құруы қажет.

Білім беру ұйымдарының әзірленуші немесе үйлестіруші локальдық актілері Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келуі тиіс.

Қаржылық-экономикалық шарттар. Жалпы білім беру ұйымдарында және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу арқылы тегін жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету ЖАО құзіретіне жатқызылған.

Заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдары тиісті білім беру бағдарламаларымен және МЖБС-пен қарастырылмаған ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге (қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, арнайы курстарды және пәндер циклін оқыту, репетиторлық, оқушыларға пәндерді тереңдетіп үйрету сабақтары және басқа қызметтер) құқылы.

Алайда бұл ақылы білім беру қызметтері бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын білім беру қызметімен бірге көрсетіле алмайды.

Сондықтан, егер қосымша білім беру қызметтері жоғарыда көрсетілген жағдайлар сақталған кезде сұранысқа ие болса, және бұл сабақтан тыс қызметтің қолда бар бағыттарын кеңейтсе, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықтарға, орынжайларға және т.б. ақы төлеумен байланысты болса (мысалы, жүзу секциясы, мәнерлеп сырғанау секциясы, атқа мініп жүру секциясы үшін және т.б.), онда олар сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруға арналған қосымша ресурс ретінде қолданыла алады.

С абақтан тыс қызметті іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуге мыналар енгізілуі мүмкін:

білім беру ұйымдары педагогтері, оқушылар және ата-аналар қауымдастығы арасында кәсіби-қоғамдық пікір мониторингін жүргізу;

білім беру ұйымдарының ата-аналар қауымдастығымен, әлеуметтік серіктестермен, басқа білім беру ұйымдарымен, білім беру саласында басқаруды іске асыратын органдармен өзара қызметін ұйымдастыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

түрлі мәліметтер базасын (нормативтік құқытық, әдістемелік және т.б.) құру және жүргізу;

сабақтан тыс қызметті іске асыруды жоспарлау, уәждеу, бақылау үрдістерін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аумақтық қашықтыққа қарамастан білім беру үрдісінің барлық субъектілеріне тек өңірлік немесе республикалық қана емес, сондай-ақ халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді, осылайша олардың шығармашылық өзін-өзі іске асыруларына, оның ішінде сабақтан тыс қызметтегі өзін-өзі іске асыруларына арналған кеңістікті кеңейтеді.

Сабақтан тыс қызметті іске асыру өзінің міндеттеріне қарай білім беру үрдісін ұйымдастыруға, оған қатысушылар қызметінің нәтижелерін бағалауға, білім беру мазмұнын іріктеуге басқа (сабақтық формадағы оқу үрдісіне қарағанда) амал-тәсілдерді талап етеді.

О сы ретте білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге маңызды рөл беріледі, өйткені сабақтын тыс қызметтің ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістігін құруды қарастырады.

Білім беру ұйымдары үшін бұл ашық ғылыми-әдістемелік кеңістікке интеграциялану, педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға деген амал-тәсілдерді жаңарту дегенді білдіреді.

Сабақтын тыс қызметтерді іске асыруға арналған кадрлық шарттар:

білім беру ұйымының қажетті педагогикалық, басқарушы және өзге еңбеккерлермен қамтылуы;

білім беру ұйымының педагогикалық және өзге еңбеккерлерінің тиісті біліктіліктерінің болуы;

білім беру ұйымы педагогикалық еңбек ерлері кәсіби дамуының үздіксіздігі.

Оқушылардың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру кезінде егер жалпы білім беретін білім беру ұйымында қажетті материалдық-техникалық база жоқ болса, балаларға қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдану керек.

Каникул кезеңінде сабақтан тыс қызметті жалғастыру үшін балалардың демалыс және оларды сауықтыру ұйымдарының, жалпы білім беретін ұйымдардың және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының базасында құрылатын тақырыптық лагерьлік және бейінді ауысымдардың, жазғы колледждердің мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін.

Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, ол жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді, колледжде алынған білім мен дағдылардың тәжірибеде қолданылуына септеседі, оқушылардың танымдық уәждемелерін ынтыландырады. Ал бастысы – қосымша білім беру жағдайларында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі заманғы қоғамға бейімделу дағдыларын дамытады және бос уақыттарын толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін лады.

Қосымша білім беру – оқушылардың білім беру қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылатын тәрбие беру және оқыту үрдісі (ҚР-ның «Білім туралы» заңы).

Балаларға қосымша білім беру – түрлі өмірлік жағдаяттардан (оның ішінде белгісіздік жағдайларынан) шығудың басқа, дәстүрлі емес жолдарын апробациялайтын, тұлғаға өз тағдырын таңдаудың көптеген мүмкіндігін беретін, тұлғалық өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыратын ізденістік білім беру. Қосымша білім беру өзінің әлеуетін толық көлемде іске асыруы үшін барлық педагогикалық жүйенің нақты әрі үйлесімді жұмысы қажет.

Колледждегі қосымша білім берудің өзгшелігі мынадан байқалды:

баланың мақсатты өз еркімен сабақтан бос уақытын өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін толыққанды дамыту үшін пайдалануы;

қызмет бағытын, педагогті, білім беру бағдарламасын таңдау еркіндігі;

қызмет түрлерін, ұжымды, педагогті ауыстыру мүмкіндігі;

қосымша білім беру бағдарламалары негізінде іске асырылатын білім беру үрдісінің шығармашылық сипаты;

бала мен педагогтің ерекше өзара қарым-қатынасы (ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық, балаға жеке амал-тәсілдер қолдану);

кәсібиге дейінгі дайындықты алу мүмкіндігі.

Балаларға қосымша білім беру тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа бірқатар басқа әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, мысалы мынадай: балаларды жұмыспен қамту, олардың өзін-өзі іске асыруы мен әлеуметтік бейімделуі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, панасыздықтың, құқықбұзушылықтардың және балалар мен жасөспірімдер арасындағы басқа әлеуметтік емес құбылыстардың алдын алу.

Балаларға қосымша білім берудің негізінде таңдау бойынша сапалы білім берумен қамту мәселелері, балалар мен отбасының әлеуметтік-экономикалық проблемалары, тұтас қоғамды сауықтыру проблемалары шешіледі.

Қосымша білім беру балаға өзінің жеке білім беру жолын таңдаудың, оқу үлгерімі деңгейіне қарамай өз қабілеттеріне сәйкес табысқа жету мүмкіндіктерін алудың нақты мүмкіндігін береді. Қосымша білім беруде бала сабақтың мазмұнын, формасын өзі таңдайды, сәтсіздіктерден қорықпайды. Осының бәрі табысқа жету үшін жағымды психологиялқ жағдау туғызады, бұл өз кезегінде оқу қызметіне оң ықпал теді.

Қосымша білім беру міндеттерін іске асыра отырып колледж бір жағынан – білім беру стандартын игеру қажеттілігі мен екінші жағынан

тұлғаның еркін дамуы үшін жағдау жасау арасында орын алатын қарама-қайшылықты шешеді, бұл блім беруді жаңартудың аса маңызды ұстанымы ретінде жарияланған білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылады. Гуманистік педагогика баланы тұлға және индивид ретінде қабылдауға, оның өзін-өзі іске асыруға және өзін-өзі анықтауға деген құқығын қорғауға бағытталуымен ерекшеленеді. Нақ осы қосымша білім беру аталмыш критерийлерге барынша толық сәйкес келетін болып шықты. Ол өзінің мәні жөнінен пәндік бағытта қалып отырған, колледж стандартын игеруге бағытталған базалық білім беруге қарағанда тұлғаға бағытталған болып табылады.

Тек колледж қабырғаларында білім берудің қос түрінің органикалық үйлесім табуы жеке баланы да, сондай-ақ бүкіл білім беру ұйымын да дамытуға көмектесе алады. Мұны ұғыну – колледж педагогтерінің қосымша білім беруді негізгі білім берумен бір қатарда қабылдаулары жолындағы психологиялық кедергіні еңсерудің негізі.

Қосымша білім беру қызметінің негізгі мақсаты балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Бұл мақсатты іске асыру үшін білім алушыны объект ретінде қарастырмай, белсенділік, дербестік, коммуникативтілік сияқты жеке қасиеттерді дамытуда мүмкін болып табылатын оқытудың субъектісі ретінде қарастыру қажет.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру үдерісі нақты өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:

негізгі оқу уақытынан бос уақытта балалармен іске асырылады, бағыт және қызмет түрлерін таңдау, жыл бойы қызмет сферасын ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді;

еркіндікпен, бастамалармен және барлық қатысушылардың белсенділігімен (балалардың, ата-аналардың, педагогтердің), қатаң реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады;

білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық қызығушылықтарын дамытады және білім алушыларға сабақтардың түрлі бағыттары мен түрлерін үйлестіру құқығын береді;

оның барлық қатысушыларына формалдық емес жайлылық сипатта болады.

Тек білім беру үдерісіне ғана сенім артуға болмайтыны туралы айтатын уақыт туындады, қосымша білім беруді екінші кезекте қабылдау стереотипін артта қалдыру қажет және оның оқытудың, тәрбиелеудің, баланы дамытудың ортақ үдерісіне біріктіре алатын объективті мүмкіндігін түсіну қажет.

Жалпы білім беретін колледждерде балаларға қосымша білім берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды:

1. Қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты

таңдауға, оқушылардың бос уақыттарын толық қамтамасыз етуге, көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді.

2. Колледжде қосымша білім беру аясында оқушылармен жұмыс жасау маңызды тәрбиелік міндеттерді атқарады: оқушылардың бос уақытын мақсатқа сәйкес ұйымдастырады, шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, әлеуметтік, мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтауға жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады.

4. Биология, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі және басқа пәндер бойынша пәндік кеңес беру осы пәндерден оқушыларға жобалық және зерттеушілік қызметтердің негіздерін оқуға мүмкіндік береді.

5. Қосымша білім беру жүйесі педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеттерін жоғарылатуға, педагогикалық үздік тәжірибені анықтауға және таратуға мүмкіндік береді.

6 . Инновациялық педагогикалық идеяларды, білім берудің модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды.

Сөйтіп, қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене даму тұрғысында, шығармашылық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр балаға білім беру салаларын, қосымша бағдарламаның бейінін және оны меңгеруге кететін уақытын еркін таңдауға мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру үдерісінің тұлғаға бағытталу сипаттамасын, оның тұлғасын тануға және шығармашылыққа деген уәждемесін дамытуға бағытталуына, балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Заманауи колледжде балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың жолдары

Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде жалпы білім беретін колледждерде оны ұйымдастырудың негізгі төрт моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне тарту нақты әрбір колледж қарастыратын қосымша білім берудің қандай деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін.

Олар мынадай болуы мүмкін:

1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу;

2) балалар шығармашылық ұжымдарының және бірлестіктерінің жұмыстарын ішкі шоғырландыру, олардың қызметтерінің әртүрлі бағыттарға бағытталуы;

3) балаларға қосымша білім беруді дамытуды колледждің жеке бөлімшесі ретінде қарау;

4) негізгі және балаларға қосымша білім беруді кіріктіру, колледждің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлестігі.

Колледж жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Қазіргі кезде колледждерде қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші екі деңгейіне артықшылық береді. Кіріктіру үдерісін іске асыру жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік жүйесін құруға бағытталған колледждерге тән.

Әр модель, кім оларды жобалап және алдыңғы уақытта тәжірибеде іске асыратын болса, барлығы үшін нақты бір құндылықтармен қамтамасыз етеді. Колледжде қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі негізіндегі модельдердің нақты бір мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді және олардың сабақтан тыс жұмыстарының спектрларын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі модельдер балаларды, сонымен қатар балалар мен ересектерді біріктіретін (қауымдастықтар, шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және тағы басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерінде құрылған модельдер балалардың қосымша білім беруге әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және сонымен бірге бұданда маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жетістіктерге жету тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы барлық субъектілер жұмыстарының бірлігі есебінен мүмкін болады. Бірінші жағдайда, ортақ бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын, тәрбиелік қызметтің жалпы колледждік компоненті ретінде қарастырылатын, барлық қосымша білім беру педагогтері қызметтерінің бірлігі есебінен іске асырылады. Екінші жағдайда – мазмұн деңгейінде, сондай-ақ технологиясы деңгейінде негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын қосымша білім берумен кіріктіру есебінен іске асырылады.

Ішкі, сондай-ақ сыртқы механизмдерді қолданатын ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін іске асырумен құрастырылған модельдер, басымдық ретінде қарастырылады, себебі олар колледждегі білімнің барлық деңгейлерінде жаңа стандарттармен қарастырылған тәрбиелік жүйе құруға бағытталған.

Колледждегі қосымша білім беру міндетті түрде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары бойынша құрылған балалардың түрлі шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілері іске асырылады.

Колледждегі қосымша білімнің бағыттары: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, спорттық-сауықтыру және тағы басқа.

Сабақтан тыс жұмыстар мен қосымша білім берудің маңызды байланыстырушы буын пәндік үйірмелер болып табылады: бұл міндетті оқу материалымен байланыс; білімге, біліктілікке, дағдыға және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі.

Білім беру үдерісінің баланың дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашуға бағытталғандығы маңызды. Мұнда білім беру үдерісінің нысандалған сипаты аз, сондықтан ол бала дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің белсенді субъектісі болып табылады, білім алу міндеттерін белсенді шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, қызметті орындау түрлерін анықтайды, бақылау объектілерінің арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді.

Егер колледжде оқытуды жекелендіру ережесіне сәйкес бастама мұғалім тарапынан болатын болса, ал балаларға қосымша білім беруде, өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан болады. Педагогтің позициясы өзгереді: ол тек қана білім тасымалдаушысы ретінде қарастырылмай, сонымен қатар оқушының тұлғалық қалыптасуына көмекші ретінде қарастырылады: ынтымақтастықтың, формалдық емес қарым-қатынастың идеясы бекітіледі. Қосымша білім берудің педагогі кеңес берушінің қызметін орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.

Баланы дамыту мақсатына жету үшін білім беру үдерісінде ұйымдастырудың жеке және ұжымдық түрлерін, оқытудың проблемалық түрлерін (жұптық әрекеттестік, шағын топтар, топтар арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы мен педагог ұстанымдарын ауыстырады, олардың әрекеттестіктерінің субъект-субъектілік сипаттамаларын іске асыруға көмектеседі, қарым-қатынас жасаудың демократиялық стилін және педагог қызметінің ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді.

Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, өзін-өзі анықтау және тұлғаның өзін-өзі іске асыруды шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі.

Қосымша білім беру педагогінің қағидалық ұстанымы – бала тәрбиелеу, бұл жағдайда пән мақсат емес, ол тұлғаның барлық қырларын: ой-өрісін, тәжірибелік ақылын, еңбексүйгіштікті, дене дамуын және өзін-өзі жетілдіру, мінезі мен рухын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру құралы болып табылады.

Басқаша айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі жан-дүниесіне еніп, оны түсіну және мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.

Қосымша білім беру жүйесіне тиісті технологияларды колледждің оқу үдерісіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы мүмкін. Олар әдеттегідей сабақтың шегінен шығатын оқытушының басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық қызметін қарастырады. Сонымен қатар, колледж сабақтары оқу сабақтарының аясында материалдың мазмұнын тереңдету мен кеңейту арқылы және сабақтан тыс қызметтеріндегі әртүрлі нысандарда колледж сабақтарының бөлек элементтерін қолдану арқылы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үдерісінде жалғасын табуы мүмкін.

Бір жағынан негізгі және қосымша білім беруді кіріктіруді дамыту колледждің әртүрлі колледжден тыс қосымша білім беру ұйымдарымен әрекеттесу қызметі болып табылады. Бұл оқушыларды көркемөнер, спорт, туристік-өлкетану және басқа қызметтерге тартудың өте жақсы мүмкіндігі. Әрекеттесу қызметі жұмыс жоспарын үйлестіруге, колледж және қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Колледжде қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері

Егер колледжде бұрын қосымша білім беру блогы болмаған жағдайда, әкімшілік кезең-кезеңімен келесі талдамалық және ұйымдастырушылық қызметтерді жасауы керек.

1-кезең – талдамалық.

Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды:

колледждің мақсаты мен міндеттеріне мұқият талдау жасау. Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның мақсатына, бағытына, міндеттеріне, жоғары сыныптардағы бар немесе жоспарлаған бейінінің сипатына байланысты тандаған мақсатты болады;

қосымша білім беру қызметтеріне балалардың және ата-аналардың сұранысын анықтау. Олардың қажеттіліктерін сауалнамалар, ауызша сұрау, ата-аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау арқылы анықтау;

колледждегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс істейтін үйірмелерді, секцияларды анықтап, оларды балалардың және ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру;

балаларға қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын қосымша білім беру қызметтерін зерттеп, олармен біріккен жұмыстардың түрлерін ойластыру;

мұғалімдердің, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;

колледждің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру;

ғылыми және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасарларының, қосымша білім беру педагогтерінің, сынып жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;

балаларға қосымша білім беру ұйымдары бойынша негізгі құжаттарды (заңдар, қаулы, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер), сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды оқып білу;

Алдын ала жасалған талдау қосымша білім беру қызметтеріне әлеуметтік тапсырыстар мен колледждің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік береді.

2-кезең – жобалау.

Осы кезеңнің негізгі міндеті – колледжде қосымша білім берудің жалпы сызбасын дайындау. Оны дайындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

колледжке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және қандай шамада мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;

осылардың қандай бағыттарын және қандай формада колледж базасында, қандайын балаларға колледжден тыс қосымша білім беру ұйымдарының базасында іске асыру қажет;

қайсысын педагогтердің, шақырылған мамандардың, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының көмектері арқылы іске асыруға болады;

балаларға қосымша білім беру саласында колледждің негізгі материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;

не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады;

бастауыш колледж жасындағы оқушыларды қосымша білім беру бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;

білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру арқылы қандай кәсіби деңгейге дейінгі немесе кәсіптік бейімделу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, колледждегі сабақ кестесі мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім беру блогының жұмыс кестесін құру.

3-кезең – колледжді қосымша білім берудің ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету.

Жобалау кестесі іске аспай тұрып үйірмелердің, студиялардың, секциялардың, клубтардың жұмыстары ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау алу керек. Біріншіден, ол үшін колледж жарғысына қосымша білім беру блогын ұйымдастыру жөнінде бап енгізу керек.

Бұл бап әр колледжде іске асырылатын қосымша білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен түрі анықталғыш бағыты бар аса маңызды жеке сипаты болады. Сонымен қатар, тұжырымында бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:

білім беру ұйымдары қандай мақсатпен қосымша білім беру бағдарламаларын (тұлғаның жан-жақты дамуы, өздігінен білім алуда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқытуда бейіндікті қамтамасыз ету және т.б.);

колледждерде балаларға қосымша білім беру қандай бағыттарда жүзеге асырылады;

оның мазмұны қандай бағдарламалардың (үлгілік, модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады;

балалар бірлестіктерде (үйірмелер, клубтар, студиялар, секциялар т.с.с.) қосымша білім беру аясында білім беру үдерістері қандай нысанда іске асырылады;

қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады;

педагогикалық қызметтерге осы бағдарламаларды іске асыру үшін кім жіберіледі;

колледжде балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, тегін, аралас) іске асырылады?

Бапты тұжырымдау неғұрлым кәсіби тұрғыда болуы үшін, оны дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.

Екіншіден, колледжде қосымша білім берудің блогы туралы Ереже дайындау.

Үшіншіден, колледж бір немесе бірнеше арнайы ұйымдармен – балалар шығармашылық орталығымен (үйлерімен), балалар спорт колледждерімен, мұражайлармен, кітапханалармен тағы с.с. әрекеттесу туралы шарт жасау;

Төртіншіден, қосымша білім беру блогында жұмыс істейтін барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау.

Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулар олардың мақсаттарын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін белгілейді және келесі жағдайларда қажет:

колледждегі қызметкердің мәртебесі мен жұмысының көлемін анықтау қажет;

оның кәсіби міндеттерін көрсеткенде, белгісіздікті жою және қызметтердің шеңберіне шек қою.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру

Қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және жоспарлардың басқа түрлерімен, колледж директоры немесе оның қосымша білім жөніндегі орынбасары бекіткен қосымша білім беру бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.

Қосымша білім беру блогында оқу жылы 15 қыркүйекте басталады және ағымдағы жылғы 25 мамырда аяқталады. Жазғы каникул кезінде білім беру үдерісін (білім беру бағдарламаларында қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, түрлі бағыттардағы лагерлерде және тағы с.с. жалғастыруы мүмкін. Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге рұқсат етіледі.

Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі сабақ кестесі балалардың және жасөспірімдердің міндетті оқу жұмыстарына қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.

Осыған байланысты, әрбір баланы бірлестікке қабылдағанда, денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы және таңдаған бейіні бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы дәрігерден қорытындысын көрсетуі қажет.

Сабақтарда компьютерлік техникаларды пайдалану Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек.Бағдарламаға сәйкес педагогке білім беру қызметіндегі әртүрлі нысандарды: аудиториядағы сабақтар, дәрістер, семинарлар, жаттықтыру сабақтары, экскурсиялар, концерттер, көрмелер, экспедициялар және т.б. пайдалануға болады. Сабақтар бүкіл топпен, сондай-ақ 3-5 адамнан тұратын топтарда немесе жеке өткізуге болады.

Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды аттестаттауға құқылы. Тест, сауалнама, сынақ, сұхбаттасу, баяндама, реферат, олимпиада, байқау, көрме, конференция, концерт, басылым және т.б.

Білім алушыларды балалар бірлестіктеріне бағдарламада қарастырылған мерзімге қабылдайды. Колледж жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда білім алушыларды бірлестіктен шығарады. Білім алушы науқастанған жағдайда немесе шипажайлық-курорттық емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.

Оқушылардың қызметтері бірдей жастағы және қызығушылықтары бойынша әртүрлі бірлестіктерде (оқу тобы, клуб, студия, ансамбль, театр және т.б.) іске асырылады. Бірлестіктің жұмысына тізімдік құрамына кірмесе де, педагогпен келісіп, ата-аналарға да қатысуға болады.

Әрбір білім алушы бір уақытта болатын әртүрлі бағыттағы бірлестіктерде оқуға, сонымен қатар оқытудың бағытын өзгертуге құқығы бар.

Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі білім беру үдерісінің мазмұны.

Қосымша білім беру жүйесінде көркем-эстетикалық, экология-биологиялық, тарихи-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру – сауықтыру және т.б. бағыттардағы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

Бірлестіктерде сабақтарды бір тақырыптық немесе кешенді (біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.

Кешенді білім бағдарламаларын іске асыру үшін 2 немесе одан көп педагогті тартуға болады, оқу жүктемесі қосымша білім беру бағдарламасында көрсетіледі.

Педагог бағдарламаның Түсінік хатында көрсетілген білім беру міндеттерін, психологиялық-педагогикалық мақсаттылығын, санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны, оны іске асыру, әдісі мен формасы, бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.

Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын пайдалануға немесе колледж директоры бекіткен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім беру үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек: дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру үдерісінде білім алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі өзіндік мақсаты, балалардың тұлғалық көп қырлы дамуы мен қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);

формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке, теориялық және практикалық, орындаушылық және шығармашылық сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды);

қосымша білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі — жобалық, модификацияланған, авторлық бағдарламаларына негізделуі; олардың бәрі білім алушының дене және психикалық денсаулығына зиян келтірмеуі үшін білім беру үдерісіне енгізбестен бұрын әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы;

балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі; қосымша білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз: балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;

әртүрлі қызығушылықтары мен проблемалары бар балаларға жүрегіне жақын іспен айналысу үшін балалардың мүдделері мен уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.





  1. Колледж оқушыларының сабақтан тыс қызметі тиімділігінің диагностикасы

Диагностиканың мақсаты – оқушылар айналысатын сабақтан тыс қызмет түрлері тәрбиелеуіш болып табыла ма және қандай деңгейде дегенді анықтау. Бұл сабақтан тыс салада кездесетін барынша өткір мәселелерді анықтау және шешу үшін, тәрбиелеудің оң тәжірибесін сараптау, жалпылау және тарату үшін жасалады.

Диагностика мәні не болуы тиіс, тәрбиелеу тиімділігін бағалау үшін нақты нені зерттеу керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін тағы бір мәрте тәрбиелеудің анықтамасына жүгінейік.

Тәрбиелеу – жағымды жағдайлар жасау арқылы бала тұлғасын дамыту үрдісін басқару. Тиісінше диагностика да оқушы тұлғасын және сабақтан тыс қызметте жасалатын тұлғаны дамыту жағдайларын зерттеуге бағытталуы тиіс. Осыдан келіп диагностиканың үш негізгі мәнін бөліп қарауға болады.

Бірінші диагностика мәні – бұл тәрбиеленушінің өз тұлғасы

Оқушы тұлғасын дамыту қандай бағыттарда жүреді? Ол қандай құндылықтарға бағыт алған? Тәрбиелеу үрдісінде балада қоршаған әлемге, басқа адамдарға, өзіне деген қандай қарым-қатынастар қалыптасады? Колледж оқушысы тұлғасында болып жатқан өзгерістерді түрлі тәсілдер арқылы білуге болады. Бұл колледж оқушыларының күнделікті өміріндегі, арнайы жасалатын педагогикалық жағдайлардағы; оқушыны адами қарым-қатынастардың күрделі әлеміне апаратын рөлдік, іскерлік, ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік ойындардағы, педагогтер ұйымдастыратын өзекті мәселелер бойынша топтық пікірталастардағы жүріс-тұрысын және эмоционалды-адамгершілік жағдайын бақылау болуы мүмкін. Бұл оқушының жазбаша жұмысына: күнделіктеріне, шығармаларына, эсселеріне, колледж газеттеріндегі мақалаларына талдау жүргізу және т.б. болуы мүмкін.

Диагностиканың үшінші мәні – балалар ұжымы оқушы тұлғасын дамытудың аса маңызды жағдайларының бірі ретінде

Колледждерде сабақтан тыс қызмет дәстүрлі түрде ең алдымен ұжымда ұйымдастырылады: үйірме сыныбында, спорт секциясында, балалардың қоғамдық бірлестігінде және т.б.

Қазіргі заманғы бала тұлға ретінде бірнеше түрлі – қызмет сипаты бойынша, оларға балалардың ену тәсілі бойынша, осы ұжымдарда олардың іске асыратын рөлдерінің сипаттамасы бойынша және оларда балалардың болу ұзақтығы бойынша әртүрлі ұжымдарда дамиды. Ұжымның оқушыға әсері көп аспектілі: өздерінің бір қасиеттері есебінен ол тұлғаны бір сарынға түсіру, оны орташалау үрдісін тудыруы мүмкін, ал екінші қасиеттер есебінен ол оқушының бірегейлігін, оның шығармашылық әлеуетін дамытуы мүмкін.

Сол себепті балалар ұжымының даму деңгейін зерттеу маңызды (А.Н. Лутошкиннің «Біздің ұжымымыз қандай?» диагностикалық әдістемесі). Колледж оқушыларының өзара қызмет сипатын диагностикалау үшін социометрия әдістемесін қолданған тиімді.

Диагностиканың үшінші мәні – бұл педагогтің кәсіби ұстанымы, оқушы тұлғасын дамытудың тағы бір аса маңызды шарты

Ұстаным бұл – сана мен адамның қызметінің бірлігі, бұл жерде қызмет оның базалық құндылықтарын жүзеге асыру амалдарының бірі ретінде қатысады.

Осыған орай мынаны анықтау маңызды: тәрбие педагогтің саналы түрде таңдап алған қызметі болып табыла ма (немесе педагог өзіне біреумен жүктелген міндеттерді орындай ма); педагогтерде қандай кәсіби құндылықтар қалыптасқан (немесе ондай құндылықтар мүлдем жоқ, және педагог өзінің жұмысын немқұрайлы атқара ма)?

Сол сияқты педагогтік ұстанымның сипаты да жоғары маңызға ие. Тәрбие берушінің бойында гуманистік немесе авторитарлы педагогикалық ұстаным қалыптасқан ба, ол тәрбиеленушінің өзін-өзі басқаруын бағамдай ма немесе оны өз ойларын іске асыру үшін қарастыра ма? Бұл жерде педагогтің тәрбиеші ретіндегі кәсіби ұстанымының диагностика әдісін қолдануға болады.

Сабақтан тыс қызметтегі нәтижелер мен формалардың өзара байланыстарын, оның диагностикасын түсіну педагогтерге мүмкіндік береді:

сабақтан тыс қызметте нәтижелер туралы айқын көріністері бар білім бағдарламасын әзірлеуге;

белгілі бір деңгейде нәтижеге қол жеткізуге кепіл болаты сабақтан тыс қызмет үлгілерін іріктеп алуға;

нәтижелердің бір деңгейінен келесі деңгейіне ауысу логикасын құруға;

сабақтан тыс қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін диагностикалауға;

сабақтан тыс қызмет бағдарламасының сапасын бағалауға (қандай нәтижеге таласады, таңдап алынған үлгілер болжанған нәтижелерге сәйкес келе ме т.б.).

С оның арқасында, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру түрінің біреуін колледжде жүзеге асырудың нәтижесінде тәрбие беру жүйесінің тиімділігі мен оқушылардың әлеуметтенуі арта түсуі мүмкін, сондай-ақ, колледж өміріне айырықша үлес қосуға жағдай туады.

Колледждегі сабақтан тыс қызметтің елеулі сипаттамалары мыналар:

оқушылардың білім алу мұқтаждықтарына ата-аналардың, қоғамның, мемлекеттің бағдарлануы;

құндылықтарды баланың өзінің әрекеті арқылы қабылдауы, мұғалімдер мен тәрбиешілердің, ата-аналардың, қатарластарының және басқа да ол үшін маңызды адамдардың педагогикалық ұйымдасқан ықпалдастығы;

базалық құндылықтардың әртүрлі көздерін пайдалану (оқу материалдарының мазмұны, фольклор, көркем әдебиет, фильмдер және т.б.);

жалпы білім беретін колледждерде басым рөлге ие тәрбие беру мен әлеуметтенудің әртүрлі субъектілері қызметтерінің бірлігі;

б алаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде орталық тәсілді іске асыру.

Көп қырлы қызмет түрлері енгізілген және айналадағы өмірде жағымды қарым-қатынас жүйесіне қосылған баланың өмірі материалдық және рухани құндылықтар жинақтауға әсер етеді. Бұл ретте ол тұтынушыдан материалдық және рухани игіліктер өндірушіге біртіндеп өтуге ықпал етеді, ал ол өз кезегінде тұлғаның әлеуметтенуінің өзегі, даму мен адамның өсуінің көрсеткіші.

















































Қорытынды

Бүгінгі таңда әлем жылдам қарқынмен өзгеруде, соған сәйкес тәрбие беру жүйесі де қоғам мен білім берудің даму үдерістерімен қатар құрылымдалуы керек. Оқу-тәрбие беру үдерісінің басты мақсаты – әрбір бала өзін-өзі дамыту арқылы оқуға ынталы болатындай және оқитындай білім беру ортасын құру.

Гуманистік, тұлғалық-бағдарланған білім негізінде оқушы мен педагогтің әртүрлі бағытта дамуы және өзін-өзі дамытуы, олардың дүниетанымы, шығармашылық қабілеттері, зияткерлік әлеуеттері үшін қолайлы жағдай туғызу аталған мақсатқа қол жеткізу бойынша қызмет болып табылады.

Өйткені тәрбие беру жүйесіндегі негізгі бағыты оқушының тұлғалық дамуына және ұжымның құрылуына көмектесу, тәрбие беру жүйесін, оның ішінде сабақтан тыс қызметтерді жобалау бүгінгі таңдағы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды үдерістерінің біріне саналады.

Педагогикалық үдерістің барлық қатысушылары үшін қазіргі уақытта колледж түлектеріне, мемлекеттік институт ретіндегі колледждің өзіне қойылып отырған талап, сабақтан тыс танымдық қызметті басымдыққа ие өзекті қызмет түріне ауыстырады.

Колледжде сабақтан тыс қызметтің тұтас жүйесін құру үшін келесі іс-шараларды жүргізу қажет:

сабақтан тыс қызметті колледждің білім беру бағдарламасына енгізу;

сабақтан тыс қызметті нақты мазмұнмен байыту;

сабақтан тыс қызмет туралы Ереже дайындау;

сабақтан тыс қызмет бағдарламасының тізімін құру;

сабақтан тыс сабақ жүргізуге кадрларды іріктеп алу;

сабақтан тыс қызметтің жұмыс бағдарламаларын әзірлеу;

сабақтан тыс қызметті материалдық-техникалық жабдықтаумен қамтамасыз ету;

сабақтан тыс қызмет бағдарламасын іске асырудың уақыты мен кезеңдерін бекіту;

ата-аналарды сабақтан тыс қызмет туралы құлақтандыру.





















Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Білім туралы» заңы (2007 ж. 27 шілде, № 319-III)

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013ж. 17 мамырдағы №499 заңымен бекітілген «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары».

4. Асмолов А.Г. Системно-деятельностный подход к разработке стандартов нового поколения / А.Г. Асмолов // Педагогика. - 2009. - № 4. - 18-22 бб.

5. Григорьев Д.В. Внеурочная деятельность школьников. Методический конструктор: пособие для учителя / Д.В. Григорьев, П.В. Степанов. - М.: Просвещение, 2011. - 233 б.

6. Григорьев Д.В. Программы внеурочной деятельности. Игра. Досуговое общение: пособие для учителей общеобразоват. учреждений / Д.В. Григорьев, Б.В. Куприянов, П.В. Степанов. - М.: Просвещение, 2011. - 96 б.

7. Л. В. Занков. Избранные педагогические труды. М.: Педагогика, 1990.

8. Как проектировать универсальные учебные действия в начальной школе. От действия к мысли: пособие для учителя/ [А.Г. Асмолов, Г.В. Бурменская, И.А. Володарская и др.]; под ред. А.Г. Асмолова. – 3-ші басылым. – М.: Просвещение, 2011.-152 б.
























Қосымша

Топ

ТП-20



Тақырыбы:

Тәртіпке бағынған құл болмайды.



Мақсаты:

Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу. Оқушының өз құқықтарын білуіне баса назар аудару

Қажетті көрнекілік

интерактивті тақта, презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, мақал-мәтел.

Әдіс-тәсіл:

Сұрақ-жауап,мақал-мәтел,пікірталас.

Барысы:

Куратордың қызметі

Оқушылардың міндеті

Уақыт

Ұйымдастыру бөлімі


Оқушылармен амандасамын.


Ғұлама ғалымымыз Әл – Фараби былай деген екен: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы»

Біз бүгін оқушы жасөспірімдердің мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата — анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар… Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз.
Атақты ұстаз А.С.Макареньконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі.Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді.

Әдептілік дегеніміз? (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.)

Адам боламын деген бала не істеу керек? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар 

«Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?(Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.)

 Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? (айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.)

Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба? (Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.)


Куратормен амандасады.


1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.)

2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? (Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.)

3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? (Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.)

4)Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет ? ( Сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына  ие бола алатынын көрсетеді.

5) Адам адамнан несімен ерекшеленеді? (Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.) 11)Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)


10 мин












Негізгі бөлім

«Тәртіп – бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген. Тәртіпті бала сүйініш, Төбең бір көкке жетеді.Тәртіпсіз бала күйініш,Төмендеп басың кетеді – дегендей,сендер,оқушылар,мектепте жыл басында ішкі тәртіп ережесімен танысып,өз өмірлеріңіздің қауіпсіздігіне жауаптымын деп, танысып,қол қойдыңыздар. 


Оқушыларға сұрақ:

«Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, жол тәртібі туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар.

Баланы еркін тәрбиелеуді қалай түсінесіз? Пайдасы мен зияны. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?

Қазіргі қоғамдағы кездесіп жатқан келеңсіз жайттардың бала тәрбиесіне әсері бар ма? Онымен қалай күресуге болады? Өз ойларыңызды білдірсеңіздер екен.

Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық . Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры тәлім тәрбие ісінде жатырҚазіргі кезде ата ананың сабаққа қатысып, баласының білімін, тәртібін қадағалау жоқтың қасы. Ата - ана баласының болашағын ойламайды деуден аулақпын, бірақ сол болашақ күнделікті сабақтан басталатынын ұмытып кетеді. Тамшы су сияқты күнбе күнгі сабақ болашақты қалайтынын, содан білім құралып, үздік куәлік, аттестат, грант, диплом деген ұғымдар ұласатынын ата аналар естен шығарып алады. Күнделікті сабақты қадағаламайды да, әбден мектеп бітірерде қарбаласқа, уайымға салынады. Баланы мектепке даярлау ата ананың міндеті. Қазіргі ата ана бірінші кезекте баланың тамағы тоқ болса, киімі ешкімнен кем болмаса деп қана ойлайды.Тіпті балаларының сабақпен емес, агентпен әуре болып отырғанын елегісі келмейді. Өз баласының өздігінен өмір сүруге, өзі тауып, өзі ізденуіне мүмкіндік бермейді, баланың айтқанын орындайды. Бар малын, жиған тергенін, несие алып болса да сол баланың жолына салады.Керісінше, оқушылардың сабағын күнделікті қадағалайтын ата аналардың балалары өте жақсы оқып, жыл сайын мақтау қағаз алады, грант иегері атанып, оқуға түседі.

Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық»-ақ параққа жағымсыз әдеттерін жазып жыртып қоқысқа лақтыру. Дұрыс тәрбие, сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек өз бойындағы жаман қылықтардан арылу керек. Ендеше осы тренингтің мақсаты - өз бойымыздағы жаман әдеттерімізді өшіріп тастау.«Біреулер бойында жоқ нәрсені іздеп әуре, біреулер бойында бардың бағасын білмей мас», - деген екен Үмбетбай Уайдин. Сондықтан да бойымыздағы бар жақсылығымызды бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.

«Тығырықтан шығар жол қайсы?» 
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 — видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
— Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
— Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
— Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
— Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 — видео. Қожаның өзіне — өзі есеп беруі.
— Бұл видеодан не түсіндіңдер?
— Күн сайын өзіне — өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
— Сендер өз — өздеріне есеп бересіңдер ме?
— Яғни тәртіпті бала қандай болу керек?










25 мин



























Қорытынды бөлім

Адамды адам қылатын ол тәрбие. Тәрбиесіз алған білім адамзаттың қас жауы.

Тәрбиесіз үлкен белестерді де бағындыра алмайсың. Ендеше егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетін, қазақ ғылымын дамытып, дүниежүзілік аренаға көтере білетін терең білімді тәрбие алайық.

Сау болыңыздар!

Куратормен қоштасады.

5 мин



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!