Материалдар / САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ 3 НҰСҚА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ 3 НҰСҚА

Материал туралы қысқаша түсінік
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ 3 НҰСҚА
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2024
112
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ № 1


1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда тұтас бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Қазақ мақалы бар:асыл тастан, өнер жастан.
Д) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше айтып берген.
Е) Қасқыр енді мұнын айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.

2. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғармады.
В) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы
қаласына бүгін келіп кірді.
С) Сиырда аунамақ жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.
Д) Қуаты – ақындық, үміті – халық.

Е) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Қайраттан қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
Д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

4. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
«Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген».
А) Басыңқы сөйлемнің алдында. В) Басыңқы сөйлемнен кейін. С) Басыңқы сөйлемнің ортасында. Д) Басыңқы сөйлемнің екі жағында. Е) Басыңқы сөйлемнің алдында да, кейін де.

5. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Абай Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.
В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
С) Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді.
Д) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.
Е) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданың, ұждан – рухтың бақылау тетігі.

6. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
А) Қайтсе? Не етсе? В) Қашаннан бері? Қайтіп?
С) Не етпек болып? Қалай? Д) Қайтсе де? Қайткенмен? Е) Қалайша? Неліктен?

7. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.
«Бұл сөздер көңіліне жаққандықтан, кітап сөзіндей етіп, Нұрлан есіне сақтапты.» .
А) Сатылы көп бағыныңқылы. В) Әр алуан жарыспалы. С) Қарсылықты бағыныңқылы.
Д) Бірыңғай жарыспалы. Е) Шартты бағыныңқылы.

8. Бағыныңқысының баяндауышында «майынша» жұрнағы бар сабақтас қай түріне жатады?
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қарсылықты бағыныңқы
Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы

9. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.
В) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?
С) Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай көтерілді.
Д) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.
Е) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

10. –ғандықтан-гендіктен- қай сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары?
А) шартты В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) мезгіл Е) мақсат


11. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.
В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтақтан қонып, шықылықтай берді.
С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.
Д) Сәкен екі-үш күнге дейін үйін көрмеді.
Е) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.

12. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұнын аяғы жақсылықпен тынбас еді.
В) Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойым тік тұрды.
С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр.
Д) Мен айтсам, ерегісіп тыңдамайды.
Е) Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.

13. Шартты бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге арқалықтар тегіс тиіп тұру керек.
В) Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.
С) Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
Д) Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.
Е) Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, көптің бірі болып біз де араласып кетеміз.

14. Сабақтастың қай түрі?
«Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады».
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қимыл-сын бағыныңқы
Д) шартты бағыныңқы Е) себеп бағыныңқы

15. Бағыныңқысының баяндауышы «ғанмен» тұлғалы сабақтастың қай түрі болады?
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қарсылықты бағыныңқы
Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы

16. Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты.
В) Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қанталайды.
С) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.
Д) Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек.
Е) Қолынан келер басқа жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат берді.

17. Мезгіл бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де шаршады.
В) Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, қуанып Майра келді.
С) Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен.
Д) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.
Е) Аяжан тыңдасын деп, теледидардың дауысын күшейттім.

18. Қимыл-сын бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жанар отырған жерге барды.
В) Сәкеннің сәлемін айтқанда, Имантай жылы жымиды.
С) Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты.
Д) Көктемнің желі соға бастасымен, маңайдағы қар ери бастады.
Е) Ербол біліп қоймасын деп, Әлібек әдейі үндемеді.

19. Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын.
В) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз сайдың ішімен кеттік.
С) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.
Д) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп отты жандырды.
Е) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келді.

20. Аралас құрмаластың құрамында қарсылық мәнді сөйлем болса, қандай тыныс белгісі қойылады?
А) үтір В) нүктелі үтір С) қос нүкте Д) сызықша Е) үтір және сызықша









САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ № 2


1.Сабақтас құрмаластың түрін анықтаңыз.

Жақсымен сөйлессең, жаның рахаттанады.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас. В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. D) Себеп бағыныңқы сабақтас.

Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас.


2.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Түн.Ышқынған дауыл. В) Қасиетті мекен, күн сәулесі.

С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті. D) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.


3.Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? сұраулықтарына жауап беретін сабақтас түрін көрсетіңіз.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас. В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Себеп бағыныңқы сабақтас. D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

Е) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.


4.Мақсат бағыныңқы сабақтастың баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.

А) -у+үшін, -мақ болып. В) -ып,-іп,-п.

С) -ған+ша, -ген+ше. D) -са да, -се де. Е) -ған+ы болмаса..


5.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты. В) Екі бүктелген күйі, ішін ұстап қалды.

С) Жұртқа сездірмегенмен, іштей мүжілгені анық. D) Жауын жауса – жер ырысы.

Е) Жаман есепші жанынан төлейді


6.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Май құйған шала сөнсе де,шам-шырақ сөнбес өмірде.

A) Көсемше жұрнағы арқылы. B) Шартты райдың –се жұрнағы арқылы.

C) Күрделі етістіктен. D) Етістіктің шартты рай түріне де шылауының тіркесіп келуінен.

E) Бағыныңқысының баяндауышы күрделі етістіктен.


7.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін белгілеңіз.

Иса сахнаға әуелі домбырасымен шығып, алдымен «желдірмеге» басатын.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас. B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Себеп бағыныңқы сабақтас. D) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.


8. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.

B) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.

C) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.

D) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.

E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.


9.Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

А)Таң мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты

В)Жылан шыққан кісіні мүмкіндігінше қозғамай, төсекке жатқызып қойған абзал

С)Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз

Д)Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді

Е)Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма


10.Болымсыз етістікті көсемше қандай құрмаластікі,белгілеңіз

Жер тоймай, ел тоймайды.

А)Шартты бағыныңқылы сабақтас В)Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

С)Себеп – салдар салалас Д)Кезектес салалас

Е)Қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас


11.Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемді табыңыз

А)Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым В)Театрға барсаң ,маған телефон соқ

С)Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды

Д)Күн жылынса,ауылға қайтамын Е)Күн жылынса да,қар ерімеді


12.Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз

А)Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті

В)Оның сөздік қоры мол болғандықтан , өз ойын еркін жеткізеді

С)Мен оқыған кітап қызық-ақ!

Д)Әдейі танытпау үшін ,ол бет аузын таңып алыпты

Е)Түн


13.Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А)Ақымақпен дос болғанша,ақылдымен жауласқан артық

В)Сәрсен әбден шаршаған еди, сондықтан Дәулеттің сұрақтарына жауап бермеді

С)Ашуланғаны сонша-өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды

Д)Ербол ат ерттеп болған кезде, тыстағылар тегіс жиналды

Е)Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші бір халықты біліседі


14.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

А)Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді

В)Міне біз де келдік. Кеш те басталды.

С)Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас:қардың суы секілді тез суалар

Д)Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет

Е)Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта,әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.


15.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А)Бүгін жаңа ай туды В)Кітабын оқып болғандықтан,досына бере салды

С)Табиғаттың тілін білсең,ешқашан қор болмайсың.

Д)Маған жақындап келгенде ғана,өзімнің шәкіртім екенін таныдым Е)Ертең апам келеді


16.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз

А)Бойда қайрат болмаған соң,айтпа сөз

В)Қартайсақ та,даусымыз жаспен бірдей

С)Жапырағы судырлап,тал таранды сұлуша

Д)Ділдәні Абайға айттырған уақытта,Алшынбай ауылы күміс тартқан

Е)Осы жолдан таймай адал жүрсең,жетпейтін мақсат жоқ


17.Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Үйірме мүшелері М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыды

В)Балалар еңбек сабағына құрал –жабдықтарын әкелді

С)Тұрмыс жақсы болу үшін ,еңбек өнімді болу керек

Д)Жамал пешке от жагып,асты әзірлей бастады

Е)Жақып кешкі тымырсық ауаны сіміре жұтып,даланы ұзақ аралады


18.Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.

А) Жай, күрделі. В) Бағыныңқы, басыңқы.

С) Сұраулы, лепті. D) Лепті, хабарлы. Е) Бұйрықты, сұраулы.


19. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Күз келсе де, жаңбыр әлі жаумады.

А) Қарсылықты. В) Себеп. С) Шартты.

D) Мақсат. Е) Қимыл-сын.


20.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауышының тұлғалық белгісін анықтаңыз.

А) Етістік негізді -ысымен (-ісімен) В) Жалғаулық шылаулар арқылы.

С) Көсемше негізді -дегенмен. D) -қан+ы болмаса тұлғалық белгісі.

Е) Көсемшенің  жұрнағына біткен болымсыз етістік түрі.






САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ № 3


1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Не ексең, соны орасың. В) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
С) Сабақ ер
те басталғандықтан, ерте бітті. D) Ол көп уайымдап, ерте келді.
E) Мұғалім айтқанда, ол жазды.

2. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.
А) Салалас құрмалас сөйлем. В) Жай сөйлем.
С) Жалаң сөйлем.
D) Атаулы сөйлем. E) Сабақтас құрмалас сөйлем.
 
3.Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) -са, -се. В) –ғандықтан, -гендіктен.
С) –ғанда, -генде.
D) –мақшы, -мекші+болып. E) –ғанмен, -генмен.
 
4.Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –а, -е, -й. В) –у үшін.
С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се. E) –са да, -се де.
 
5.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз. 
А) –қанмен, -кенмен. В) –са, -се.
С) –ып, -іп, -п.
D) –қанда, -кенде. E) –у үшін.
 
6.Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –са, -се + жіктік жалғау. В) –мақшы болды, -мекші болды.
С) –ғанмен, -генмен.
D) –ғанша, -генше. E) –ып, -іп, -п.
 
7.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Ол көп ойланып, үйге қайтып келді.
А) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.
В) Мақсат бағыныңқы сабақтас.
С
) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
E) Шартты бағын
ыңқы сабақтас.
 
8.Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –ғанмен, -генмен. В) –у үшін.
С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се+жіктік жалғау. E) –са да, -се де.

 
9.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.
B) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.
C) Не ексең, с
оны орасың. D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.
E) Жанат
хатты төрт-бес рет оқып шықты.

10.Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.
A) Ыңғайластық, кезектес, себеп-салдар. B) Талғаулы, мақсат, ыңғайластық.
C) Қарс
ылықты, себеп-салдар, талғаулы. D) Шартты, мезгіл, мақсат, қимыл-сын.

E) Себеп-салдар, қарсылықты, талғаулы.

11. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұнын аяғы жақсылықпен тынбас еді.
В) Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойым тік тұрды.
С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр.
Д) Мен айтсам, ерегісіп тыңдамайды.
Е) Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.


12. Шартты бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге арқалықтар тегіс тиіп тұру керек.
В) Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.
С) Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл
Д) Мен айтсам, ерегісіп тыңдамайды.
Е) Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.


13. Сабақтастың қай түрі?
«Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып 
тұрады»
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қимыл-сын бағыныңқы
Д) шартты бағыныңқы Е) себеп бағыныңқы


14. Бағыныңқысының баяндауышы «ғанмен» тұлғалы сабақтастың қай түрі болады?
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қарсылықты бағыныңқы
Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы


15. Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты.
В) Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қанталайды.
С) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.
Д) Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек.
Е) Қолынан келер басқа жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат берді. 


16. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
А) Қайтсе? Не етсе? В) Қашаннан бері? Қайтіп? С) Не етпек болып? Қалай?

Д) Қайтсе де? Қайткенмен? Е) Қалайша? Неліктен?


17. Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын.
В) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз сайдың ішімен кеттік.
С) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.
Д) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп отты жандырды.
Е) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келді.


18. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда тұтас бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Қазақ мақалы бар:асыл тастан, өнер жастан.
Д) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше айтып берген.
Е) Қасқыр енді мұнын айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.

19. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Қайраттан қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
Д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.


20. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
«Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген».
А) Басыңқы сөйлемнің алдында.  В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.  Д) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
Е) Басыңқы сөйлемнің алдында да, кейін де.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!