Материалдар / Сабақты талдау үлгісі (Аттестация материалдары )
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақты талдау үлгісі (Аттестация материалдары )

Материал туралы қысқаша түсінік
Категорияға портфолио тапсырған кезде қажет болатын материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
1183
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Талдау

Сабақ өткізуші:Бастауыш сынып мұғалімі С.Ж.Жанекешова

Күні:19.01.2022

Сыныбы: 4 «д»

Сабақтың тақырыбы: Күміс қанат ұшақтар

Сабақ мақсаты: 4.2.9.1Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табуңдеу және тұжырым жасау,себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

4.2.6.1 Кейіпкердің,іс-әрекеті,мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау


Сабақты жоспарлау кезінде оқушылардың ойлау,есте сақтау,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру ескерілді.

Сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып жоспарладым.

Сабақты оқушыларға мынадай сөздер жазылған қима қағаздар тарата отырып бастадым.

Звездочка,Юрий,Тоқтар,Талғат,Айдын,Союз ТМ-13,Союз ТМ-19,Союз ТМ-27,Союз ТМ-32,Союз ТМА-18М,Алғыр,епті,қайсар,тәуекелшіл,ержүрек.

Осы қағаздар арқылы мынадай топтарға топталуларын өтіндім.

1-топ. «Ғарышкерлер»

2-топ. «Ғарышкемелер»

3-топ. «Қасиеттер» Оқушылар әр топқа тиесілі сөздермен топталды.Осы мақсатта оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбын не туралы екенін анықтады.

Информатика,жаратылыстану пәндерімен байланыстыра отырып алынды. Акпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен пайдалану жоспарланды.

Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінді түсніп айт.

Wordwall платформаларынан "Кездейсоқ дөңгелек"әдісі.

1.Қазақ ғарышкерлерін ата?

2.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

3.Тоқтар қашан,қандай ғарыш кемесімен ұшты?

4.Не себептен Тоқтар есімі берілді?

5.Талғат ғарышқа неше рет,қай жылдары ұшты?

6.Тоқтар кім болуды армандады?

7.Байқоңыр ғарышайлағы қай обл.орналасты?

8.Ғарыш кемелерінің қандай түрлерін білесің?Оқушылар өздері айналмалы дөңгелекті айналдыра отырып келген сұраққа жауап берді.Үй тапсырмасына Асем,Амир,Айару,Мұхаммедсафа,Абылайлардың өте жақсы дайндығы анықталды.

«Түсініп оқы» айдары Оқушыларға тізбектей оқыту «Сынақшы-ғарышкер» әңгімесін нақышына келтіріп, мәнеріне сай дауыс екпінімен оқиды.Оқушылардың оқу деңгейі анықталды.Барлығы жақсы жүргізіп оқыды.

Саралау «Қарқын» тәсілі арқылы жүргізілді. Қарқынды оқушыға:

-Мәтіннен сынақшы-ұшқыш болудың қиындығы суреттелген бөлігін тауып,оқу тапсырылды.Оқушылардың көбі керек бөлігін тауып қолдарын көтеріп белсенділік танытты.

-Тоқтар басына түскен қиындықты қалай жеңе білді?

-Кейіпкер «қиындыққа қарсы тұра білдік» дегенді қалай түсіндіреді?

Қойылған сұрақтарға да жақсы жауаптар алынды.

«Болжа»әдісі арқылы оқушылар өздері әрекетін айту ұсынылды.

Қауіптен аман қалған ұшқыш не ойлауы мүмкін?

Өте жақсы жауап берген Абылай және Мұхаммедсафа ерекше ойларымен бөлісті.

«Жаңа сөздер сандығы» айдары,дәптермен жұмыс

Қапыда-кенеттен,күтпеген жерден,аяқ астынан

Мәртебесі-беделі,абыройы сөз мағынасы ашылып,жазылды.

«Ұшақ»ойыны, Wordwall платформалары

Дәптермен жұмыс.Тақтадағ ы дұрыс деп тапқан сөздерді жазып отыру.

-Сендерге Тоқтардың бойындағы қандай қасиеттері ұнайды?

Оқушылар ойын түрінде алынған тәсілді еркін меңгеріп,тапсырманы қызыға орындады.

«Сәйкестендір» Wordwall платформаларынан

Кестенің 1-бөліміндегі сөздердің мазмұны 2- бөліміндегі қай сөзге сәйкес келеді?

1.Аңқау,кінәрат-кемшілік ,сынық

2.Тұңғыш,бірінше-алғашқы

3.Лезде,қас қағым сәтте-көзді ашып-жұмғанша

4.Кенеттен-аяқ астынан, керекті сөздерді еркін тапты.Оқушылардың қиындық туғызған сөздері кенеттен,лезде сөздерімен таныс еместігі байқалды.Сөз мағынасы түсіндірілді.Сөздік қорларына енгізу сұралды.

Топтық жұмыс .

«Мен түсіндім» айдары .

1-топ."Сиқырлы шарлар" Қиындықты шешу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

2-топ. "Темір жол бағыты"әдісі бойынша Тоқтар өмірін, өмір жолын жалғастыр

3-топ."Синквейн"әдісі арқылы Тоқтарға арнау.

Топ оқушылары барынша белсенділік танытып тапсырманы жақсы орындап шықты.Топтық жұмыста көзге ерекше Асем,Алуа Мұхаммедсафалар көрінді.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы жақсы орндады.Кері байланысты да өте жақсы берген оқушылар бар.Тапсырмалардың Wordwall арқылы алынғаны қызығушылықтарын ойатқандықтарын,келешек тапсырма түрлерін де осы тәсілмен түрлендірілсе деген де ұсыныс түсті.Топ жетекшісі бағалау парақшасы арқылы топтағы оқушылардың сабаққа қатысын бағалады.Әр тапсырмаға берілген дескриптордың орындалуын да қадағалай отырып бағаладым.

«Күміс қанат ұшақтар»тақырыбындағы сабақ мақсатына жетті.Оқушылар керекті ақпараттарды қолдана,өңдеу және тұжырым жасау шеберліктерін көрсетті.Тақырып кейіпкерінің мінез құлықтарының жақсы жағын,жетістікке жетелеу әрекеттерін таба білді.Түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда еш қиындықсыз орындау шеберліктерін көрсеткен өте жақсы оқушылар көп болды.






Талдау

Сабақ өткізуші:Бастауыш сынып мұғалімі С.Ж.Жанекешова

Күні:19.01.2023

Сыныбы: 2 «д»

Сабақтың тақырыбы: Көбейту амалының компоненттері

Сабақ мақсаты:2.1.2.1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы,бөлуді заттарды түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.

2.5.2.4. Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атаулырын өрнектерді оқу мен жазда қолдану.

Жоспар құру кезінде оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып тапсырмаларды құрастырыу мақсатқа алынды.Оқушылардың тапсырманы қызығушылықпен орындауы қадағаланды.

Сабақты амалдардың компонентері арқылы топтастырдым.Бұл тәсілмен топтау себебім,оқушы есінде амал компоненттері айтылуы сақталсын деген ойда.Баларарға үй жұмысын тексеру кезінде көбейтуді қосумен алмастыруды естеріне түсіруге «Көңілді күн»әдісімен тапсырма орындалды.Бұл әдіс балаларға қызықты әрі тапсырма орындауға қолайлы болды.Жаңа сабақпен байланысы да қаралды.2 тапсырма бейне ролик арқылы берілді,онда көрсетілген жануарларды топқа бөлу,әр топқа нешеуден келгендігі және оны қалай бөліп тапқандары талданды.Оқушылар роликті көре отырып тапсырманы тез орындады.3 тапсырманы « Wordwall»платформасынан алынған «Түрлі техника» «Жол ережесі» әдісімен алынды.Балалардың АКТ меңгергендері жақсы әсерлі болды.Оқушыларға логикалық тапсырма «Түйінделген жіп» әдісі арқылы берілді.Ол тапсырма оқушылардың терең ойлану керектігі ,көздерімен көргенді есептеп қоймай, сөздің астарына мән беру керектігі ескерілді.Тапсырма орындау кезінде ұшқыр ойлы балалар да анықталды.4 тапсырма топтық жұмыс түрінде алынды.Оқушыларға мазмұнды есеп беріліп әр топ өзара танысып 1-топ есеп шартын құру,2-топ шешуін шешу,3-топ жауабын табу тапсырылды.4- топ осы жұмысты тексеру,бағалау тапсырылды.Бұл жұмыс үстінде оқушылырдың бірін-бірі оқыту мақсатқа алынған еді.Оқушылырдың бәрін жұмылдыра қамту,берілген уақытпен санасу да талапқа қойылды. Оқушылардың жұмыс қорғау кезінде топ мүшелерінің түгел атсалысуы қаралды.Топ басшысы қызметі де ескерілді.

Тақырып бойынша бүгінгі сабақты бағалау түрлі әдіспен алында.Оқушыларды үнемі мадақтау сабақтың өне бойы өтті,достық бағалау әдісі қолданылды.Ол әдістен оқушылардың үнемі адал болуы керектігі қаралды.Әр балл тапсырмаға берілген дескриптор талабына сай болу керектігін білді.Сабақ соңында кері байланыс «БББ» әдісімен өтті.Оқушылар не білетінінін,білгенін,білгісі келетіні туралы айтылды.

Математика пәнінен өткен «Көбейту амалының компоненттері» тақырыбы бойынша өткізген сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын.Сабаққа белсене қатысып көзге түскен оқушыларда көп болды.


Талдау

Сабақ өткізуші:Бастауыш сынып мұғалімі С.Ж.Жанекешова

Күні: 17.01.2023

Сыныбы: 2 «д»

Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен тырна

Сабақ мақсаты:

2.2.1.2. Шығарманы іштей оқып,ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.

2.2.5.1. Мұғалімнің көмегемен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын,дамуы мен аяқталуын анықтау.


Сабақ жоспарлау кезінде оқушыларға шығарма мағынаын ашуды ескердім.Берілген шығарманы мақсатқа сүйене отырып жаспарладым.Оқушылардың жас ерекшеліге сай тапсырма қолдандым.

Оқушыларды топтауды өз еркілерімен таңдауға салдым.Сыныпты 4 топқа бөлдім.1 топ -Адамгершілік.2 топ-Сенім.3 топ-Жақсылық.4 топ-Сыйластық деп алдым.Әр оқушы осы топтарға сай бір сөзден айтып топталды.Топты осылай атай отырып оқушыларға сөздік қорларын кеңейту,жақсы азамат болуға құштарландыру болды.Оқушылардың бәрі жақсы сөздерін айта топталды.

Үйге берілген тапсырманы «Айналмалы дөңгелек» арқылы алдым.Оқушылар өздері таңдаған бөліктерге тоқталып сол бөліктегі іс-әрекет туралы айтты.Сұрақтар қойылды.Жауап алынды.Бұлай үй жұмысын қорытындылаудағы ойым уақытты тиімді пайдалану,оқушы мәттінді қай жерінен болса да жалғастыруға дайындау,тапсырма айтып тұрған оқушыны тыңдауға машықтандыру болды.

Жаңа сабақты түрлі әрекеттерді таныстырумен бастадым. Wordwall платформаларынан «Карта «ойыны арқылы өздеріне түскен іс-әрекеттердің қандай жануарға тиесілі екенін тапты.Оқушылар жануарлардың әрекетін тауып айтты.Сол бойынша жаңа сабақ кейіпкерлерін анықтап алдық.Тақтаға қасқыр мен тырна суреті ілінді.Жаңа сабақ «onlain mektep» арқылы таныстырылды.Шығарма тізбектеліп оқылды.Оқушылардың оқу техникасын тексеру үшін орындалды.Сыныпта оқу техникасы төмен оқушылар болмады. «ВЕНН» диограммасы арқылы кейіпкерлердің әс әрекеті мен ерекшеліктерін анықтады.Әр жануарға өзіне тән әрекеттері анықтауды меңгерту ескерілді.»Кезбе тілші»әдісімен қасқырдың әділетсіз ісін анықтады.Әділетсіздік түрлері туралы оқушы ойларын анықтау.Өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру көзделді. «Үш бұрышты пішін» арқылы қимыл қозғалыс жасалды.Бұл қимыл қозғалысында тырна қасқырға көмектеспесе не болатыны анықтау керек болды.Тырна ісінің қаншалықты дұрыс,бұрыстығы басқан қадамда айту керек.Осы әдісті қолданып,оқушылардың адалдық жақсылық,сыйластық,сенім өмір міндеті екенін айқындау болды.

Сабақты «Дауыс беру» әдісімен кері байланыс жүргіздім.Оқушылардың өмір ұстанымын дұрыс жолға бағыттау көзделді.Оқушылар дұрыс әрекетті ажырата алды.Бағалау өзімнің тапсырма орындауға байланысты берілген сыйлықтарыммен бағаланды.Оқушыларды ынталандыру мақсатында.


Сабақ мақсатына жетті. Шығарманы іштей оқып,ондағы қажетті ақпараттарды мегерді. Мұғалімнің көмегемен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын,дамуы мен аяқталуын анықтады.










Талдау

Сабақ өткізуші:Бастауыш сынып мұғалімі С.Ж.Жанекешова

Күні:20.01.2023

Сыныбы:2 «д»

Сабақтың тақырыбы: Күннің достарын білесің бе?

Сабақ мақсаты: 2.4.2.1.Күн жүйесі ғаламшарының орналасу тәртібін анықтау.

2.1.2.1. Ақпарат көзі ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру.


Сабақты жоспарлау кезінде оқушылардың ойлау,есте сақтау,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру ескерілді.

Сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып жоспарладым.

Үй жұмысын түсінік сұрай отырып бір-бірінің білім деңгейін зерттеу мақсатында сұрақ қою,жалғасын тап әдістерді пайдаландым.

Жаңа сабақты «Аспан әлемі» ертегісінен үзінді көрумен бастадық.Ғаламшар мен жұлдыз айырмашылығын табуға тапсырма берілді.Түсінгендерінортаға салып айырмашылық жинау «Кәрзеңке»ойынымен жүзеге асты.Оқушыларға «Карта ойыны» қолданды.Ол ойынның міндеті көрсетілген ғаламшарлар атауын тауып айту. «Қызықты дөңгелек» арқылы күннен алыс орналасқан күн жүйесінің ғаламшарларын ретімен орналастыруға тиімді қолдану ретінде алдым.Ол оқушыларға тиімді әдіс болды. «Нысана» әдісімен оқушыларға ақпарат көзін пайдаланудың тиімділігін қарастыра отырып ,берілген ақпараттың қажеттілігін алуды меңгерту болды.Оқушыларды танысқан тақырыпқа сай өз ойларымен жұмыс жасауға меңгерткім келді.Сонымен қатар берілген әр тапсырмаға уақыт шектелуі қойылды.Сынып кеңістіге

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!