400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақты зерттеу - кәсіби дамудың жарқын жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе сабаққа зерттеу туралы мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақты зерттеу - кәсіби дамудың жарқын жолы

эссе


... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр!

Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастай жарқырай береді.

Қаныш Сәтбаев

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі ең алдымен, мақсат міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Ж.Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» , деген екен. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер қолданады.

Менің ойымша, сабақты зерттеу - оқыту мен оқу сапасын жақсарту мен тәжірибелерді жүзеге асыру , бірлесіп зерттеу жүргізу, өзара көмек беру және ақпарат алмасу алаңы.

М.Ганди «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»- дегендей, «Тәжірибедегі рефлексия» курсы барысында тыңдаушылар оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Сабақты зерттеу әдісін қолдану және тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалауды үйренді. Мектебімізде Жаңа білім мазмұны негізінде 1- сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі ынталарын зерттеу арқылы жетілдіру мақсатында Lesson Study сабақтары 2016-2017 оқу жылы , «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі» озат тәжірибені тарату апталығы 13-20 қараша 2017ж. , көшбасшы мұғалімдердің «Диалогтік оқыту дегеніміз не?» коучинг сабақтары оздырылды.

Сенека «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» дегендей
Сабақты зерттеу мен тәжірибелердің басын қосудың мәні бұл жаңа білім алу барысында сыныптарда жүрлгізудің ерекше құралы ретінде қарастырылады, сондай ақ білімді жұмылдырып , одан әрі таратуға , бағыттауға болады. Әрбір мұғалімнің Сабақты зерттеуге қатысуы бір аптаға сабақ жоспарларын әзірлеу және өзгерістер енгізу, қадағалау мақсатында сабаққа әріптестерін шақыру, қадағалаушылармен бірге сабақты талқылау, рефлексия , ұсыныстар жасау барысында өзін өзі реттеу деңгейі жоғарлайды деп білемін. Оған дәлел, ауданымызда 2017-2018 оқу жылы бойы серіктес мектептер жұмыс жүйесінде Сабақты зерттеу құрылымы тиімді әдіс ретінде кеңінен қолданыла бастады.

Қорытындылай келе, Сабақты зерттеу тәсілін қолдану мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауын және рефлексиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, ынтымақтастықты арттырып, кәсіби білімін жетілдіреді. Кәсіби өсуіне бірден бір даңғыл жол болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы

Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Тлегенова Шолпан Максутовна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.11.2018
959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі