Материалдар / Сабақты зерттеу - сапалы сабақ кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақты зерттеу - сапалы сабақ кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты зерттеумен (LS) айналысатын мұғалімдерге,жас мамандарға көмек ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақты зерттеу - сапалы сабақ кепілі

Адамның ізденуге уақыты жетпейтіндей

өмір соншалық шолақ емес

Р.Эмерсон


Алматы облысы,Талдықорған қаласы,

«Мектепке дейінгі шағын орталығы

бар №9 орта мектеп» КММ

Т.Ж.Ибраева, директордың оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары, мектеп тренері


Заман ағымына қарай үнемі білімді жетілдіру мақсатында кезекті курстан өту барысында Назарбаев зияткерлік мектебі Педагогикалық шеберлік орталығынан Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәжірибедегі рефлексия бағдарламасы бойынша курсы бойынша білімімді жетілдірдім. Осы уакыттан бері менін педагог ретінде де, әдіскер ретінде де көз қарасым өзгерді. Алған білімнен кейін іздену барысында зерттеу тақырыбы дегеніміз оқушылардың үйренуіндегі, оқуындағы бір кемшілік, жетіспеушілік, кедергі, не олқылық екенін білдім. «Сабақ барысында қолданылатын стратегиялардың тиімді жағын қалай анықтау? Оқушылардың оқуы мен үйренуін қалай жақсартамыз? Неге оқытудың әдістерін зерттеп үйренуіміз керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуді үйрендім. Мектепке келген бойда мектеп басшысымен ақылдаса отырып, алдымызда кімдердің қатарынан, қанша топ құру, зерттеу тобының жұмысын қалай үйлестіру керек? Оқыту сапасын арттыру бойынша көптеген сұрақтар тұрды. Педагогтердің кәсіби дамуына әдістемелік сүйемелдеу көрсету арқылы функционалдық құзіреттіліктерін арттыру мақсатында тренер ретінде іштей және сырттай оқыту курсын ұйымдастырып, 24 мұғалімге жыл бойы дәріс бердім.

Алдымен мектептегі мұғалімдердің қатарынан ерікті түрде (5-6) адамдық топтарға біріктіру қажет болды. Мұғалімдерде - сабақ өткізу барысында қалыптасып қалған қағиданы, яғни мұғалімдердің сынға ұшырап қаламын деген қорқынышы басым болады. Сондықтан бірлесе жоспарлау барысында сабақ барысындағы сәтсіздіктер, кедергілерден шығу жолдарын бірлесе іздеу әріптестер арасында ынтымақтастық, сабақ сапасын арттырады, өзіне сенімділігігін нығайту мақсатында түрлі әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын, психологиялық қолдау көрсету үшін мектеп психологтарымен бірлесе отырып,тренингтер жоспарға сәйкес өтілуіне ықпал еттім.

Сабақты зерттеу (Lesson Study) үдерісін ұйымдастыру бойынша мектепішілік жұмыс жоспары құрылып, талдауға ұсындым.

Алғашқы жұмысымда кездескен кедергі: топ мүшелерінің жұмысын ұйымдастыру барысында кездесті. Олар: дәстүрлі сабақ беріп қалыптасып қалған ұстаздар өздерінің көз қарасын бірден өзгертпеуі, білім сапасын көтеру мақсатында бір сыныпқа сабақ бертін пән мұғалімдері арасында өз-ара ойларының келіспеушілігінен толық топты құру, бір пән бойынша бірлестік мүшелерінен топтастыру. Үйлестіруші ретінде топты құра отырып, жұмыс барысында кездескен сұрақтарға жауап іздедім. Өз тарапымнан жіберілген олқылық шығармашылықпен жұмыс істейтін топ мүшелері қатарынан әкімшілік топ мүшесі ретінде бұйрықпен топтастыра салу қате екенін түсіндім. Топтарға мұғалімдер өз қалаулары бойынша жақын араласатын әріптестерімен бірігуді ұсындық. «Бір топта кіммен бірлесе жұмыс жасағыңыз келеді?» деген сұраққа берілген жауаптарды талдай отырып, бірін-бірі қалағандарды бір топқа біріктірілді. Бұл зерттеу тақырыбы барлық мұғалімдер, топтар үшін ортақ болып, бүкіл шығармашылық топ осы тақырыпты шешу үшін бір ай бойы жұмыс жасады. Бір цикл бойында мұғалімдер жеке-жеке осы проблеманы шешу жолдарын өз сабақтарын жоспарлауда қарастырды, сабаққа қатысу барысында сабақтарында қолданылған әдістердің қалай жұмыс істегенін, сабақтан кейінгі рефлексия мен талдауда оларды жақсарту түрлері талқыланды.

2020-2021 оқу жылында сабақты зерттеу үрдісін жақсы меңгерген ұстаздар өз топтарын құрып 16 топ жұмысын жалғастыруда.

Ұстаздармен пікірлесу және болжау негізінде топ мүшелерінің нәтижелерді қадағалаудағы алғышарттары мен жұмыс алгоритмін анықтап алу үшін коучингтер ұйымдастырып, әдістемелік сүйемелдеу көрсеттім. Сондай-ақ мұғалімдермен жұмыс нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелерді анықтап алу үшін сабақты зерттеу қадамдарын меңгеруге ықпал етту мақсатында шебер сыныптар ұйымдастырдым. Атап айтсам, «Сабақты зерттеу – өзара әрекеттестікте», «Сабақты зерттеу-сапалы сабақ кепілі». Атқарылған жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында республикалық ғылыми конференцияларда мектеп ұстаздарының мақалаларының жарық көруіне ықпал еттім.

Мұғалімдерде әр өткізілген циклдан кейін салыстырмалы талдау жасау кезінде, жаңа идея ұсыну дағдылары қалыптасып, өз ойларын жинақы, ашық жеткізетінін көрдім. Сабақты зерттеу (Lesson Study) сабағында қай оқушыларды және қандай, қайсы әрекеттерін бақылайтындықтарын анықтап ала алады. Әрине, мұғалімдер мұнда өз тәжірибелерінің негізінде әрекеттеседі, бір цикл бойынша жасағандары мен үйреніп-түйгендерін қолданып, әрі қарай сабақты зерттеу үрдісін дамытады деген ойдамын. Зерттелген тақырып бойынша жұмыс жасағаннан кейін, әр топ мүшелері жан-жақты зерттелген сабақта кемшіліктер енді қайталанбайтын шығар, қайталанса – мұғалімдер оны шешу жолдарын іздейді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!