Материалдар / Сабақты зерттеу – кәсіби дамудың жарқын жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақты зерттеу – кәсіби дамудың жарқын жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдерінің сабақты зерттеу барысындағы шығармашылық тәжірибелерін арттыру, педагогтық шеберлігін дамытудың бірден бір жолы екенін нақтылап көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рустемова Венера Ибрашевна

20 орта мектептің директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

тел:87077646699

e-mail:rus_ven72@mail.ru


Сабақты зерттеу – кәсіби дамудың жарқын жолы

Жас ұрпақтың жаңа заманға сай  өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында білім беру саласында білім берудің жаңа мазмұны енгізілуде. Себебі, болашақ өмірі үшін өзіндік санасы қалыптасқан, өзі атқаратын, өзі қалайтын іске жан қалауымен бара алатын тұлға тәрбиеленуі қажет.  Қазіргі таңда барлық мектептерде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес үдеріс орын алуда. Жаңа мазмұнда беріліп жатқан білім берудегі жаңалықтарға жұрт құлағы түрулі жүр. Баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне үлес қосатын мектеп мұғалімдерінің тәжірибелеріне өзгеріс енгізу үшін Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлескен білім жетілдіру бағдарламалары мен жаңартылған білім мазмұны аясында жасалынған бағдарламалар арқылы мұғалім біліктіліктерін арттыру мақсатындағы курстардан өткізу бір жолға қойылған.Бұл бағдарламалардан сертификатталған мұғалімдер әр пәнді жаңаша жүргізуге және мектептің дамып ілгерілеуіне, ұжымның кәсіби дамуына ықпал ететін міндеттер атқаруға жауапкершілік алады.

Оқыту мен оқудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйреніп, оны тәжірибелеріне қолданып, жасаған тәжірибелеріне ой-толғаныс жасай отырып, алдағы жұмыстарды болжай отырып, жоспарлауға машықтануға казіргі мұғалімдер аса ыждахаттықпен кірісуде, өз –ара іс- тәжірибе алмасуда. Сабақты зерттеудің шығу тарихына түсініктеме беретін болсақ,  ол ХІХ ғасырдың 70-жылдары Жапония мемлекетінде пайда болған. Бұл тәсілді жапондық ғалым Макота Йошида АҚШ мен Ұлыбританияда таныстырылым жасағаннан соң, 2007 жылдан бастап әлемнің басқа да мемлекеттерінде танымал бола бастады. Сабақты зерттеу тәсілі жапон мектептерінің тәжірибелеріне енгізіп, оның нәтижелері, озық тәжірибелері әлемге таратылуда. Ал аталған әдіс Қазақстан мемлекетіне 2012 жылдан бастау алған деңгейлі бағдарламаларды оқытумен қатар келді. Осы әдісте тәжірибелеріне қолданған мұғалімдер оның тиімділігін, соның ішінде мұғалімнің кәсіби жетілуіне ықпал ететіндігін өз сөздерінде айтып кетті. 2016 жылдан бері Қазақстан мемлекеті 18 мемлекеттен құралған Дүниежүзілік «Lesson Study» қауымдастығына мүше болып енгендігі мәлім. Сондықтан да республикамыздағы әр мектепте осы үдеріс тәжірибеге енгізіліп кетті. Мектептерде орын алып жатқан сабақты зерттеу тәсілі – мектептегі мұғалім тәжірибесі саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған, іс – әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады. Сабақты зерттеу тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру саласында ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық білімді жетілдіру, оқу бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау, мектепті басқаруды жүргізу болып та табылады. Бұл жерде басты назарда «сабақты зерделеу» тұрады. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі педагогикалық тәсілді, оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игергендігін зерттейді. Сабақты зерттеу тәсілі: сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талдауды қамти отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, соның нәтижесінде түпкі мақсат – оқушылардың оқу  үлгерімін арттыруды көздейді. Ендеше,зерттеу сабағын жүргізудің қысқаша сипаттамасы:

  • сабақты зерттеу үдерісі бірнеше айналымды үдеріс болып табылады;

  • зерттеу тобы құрылады;

  • зерттеу тобы 3-4 адамнан құралады;

  • зерттеу тобының нақты бағыты,тақырыбы,мақсаты,күтілетін нәтижелері анықталады;

  • зерттеу тобының жұмыс жоспары ,кестесі болады;

  • зерттеу тобы құрамына тәжірибелі және тәжірибесі аз мұғалімдер мүше бола алады;

  • зерттеу сабағы кезінде бақылауға алынатын оқушылар белгілі өлшемдерге сәйкестендіріліп,анықталады;

  • оқушыларды бақылау жоспарланған сабақтың тиімділігін,оқушы мен оқушы,оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынас деңгейін анықтауға септігін тигізеді;

  • зерттеу сабақтарын жоспарлауда топ мүшелеріне мұқият болып,жан-жақты әзірлегені абзал;

  • зерттеу топ нормалары топ мүшелерінің ынтымақтастықта,бірлескен ортада жұмыстануына жағдай жасайды;

  • зерттеу сабағын өз сабағына енгізген мұғалім әрбір мұғалім жаңа нәрсені ойлап шығармай алдыңғы жинақталған тәжірибелерге негізделуі шарт;

  • сабақты жоспарлауда оқушылардың қажеттіліг нысанаға алынады;

  • зерттеу тобындағы мұғалімдердің сабақты өткізуде өз міндеттері мен жауапкершіліктері бар.

Сабақты зерттеу мұғалімді бағамдауға ғана емес, оқушының ойлауы мен оқуы зерттеуге бағытта келіп, зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланатын болғандықтан, зерттеу сабағын өткізу мен қадағалауға топ мүшелерінің жауапкершілігі зор. Зерттеу сабағын өткізген мұғалім де, оны қадағалауына алған мұғалім де өзіне көп тәжірибе жинақтайды. Бұл үдеріс мұғалімдердің қадағалау дағдыларын шыңдаумен қатар, оларға оқу үдерісін ішінен тануға, оқушылардың санасында жүріп жатқан ойлау үдерісін танып-білуге мүмкіндік береді. Зерттеу сабағында сабақты жүргізетін мұғалім мен қадағалаушы мұғалімдердің міндеттері нақты жолға қойылуы шарт. Қадағалау барысында жинақталған деректерді саралай келе алдағы жұмыстарды жақсартуға жоспар жасалады. Жинақталған деректерден мұғалім мен оқушының жетістіктері мен жетілдіру керек тұстары анықталып, олардың өзін-өзі реттеуге қалыптастырушы кері байланыстар беріледі. Бір айналым өткеннен кейін жұмыс хаттамасы толтырылып, алдағы жұмыстарды жалғастырудың бағыты анықталады.

Сабақты зерттеуде мұғалімдер өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізеді. Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби өсуіне бірден бір даңғыл жол болып табылады. Рефлексия Lesson Study нысанының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study-ді енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен практикалық амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады, және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады
Мектептегі желілік қоғамдастықтағы мұғалімдердің зерттеу тәсілін ортаға салып тәжірибе алмасуы тек қана өз мектептерінде ғана емес, сонымен қатар аудандық, қалалық, облыстық көлемде ұйымдастырылған шаралардан көрініс табуда. Ендеше бұл сабақты зерттеу тәсілі мектеп мұғалімдерінің қызығушылығын оятып, дамуына үлес қосатын оң нәтиже болып отыр.
Мектебімізде 5 жас маман жұмыс жасайды. Мектепте сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі арқылы жас маманның кәсіби жетілуіне ықпал ету мәселесі алға койылды. Өз іс- тәжірбемнен  бұның оңтайлы тұстарын көріп келемін. Сабақты зерттеуге қатынасуға жас маманның іс- тәжірибесінің аздығы емес, жүрексінулері байқалды.Әдістемелік алаңда Lesson Study туралы жас мамандарды сабақты зерттеуге, талдай білуге бірден тарту үшін түрлі тапсырмалар беріп, сабақты зерттеу әдісі туралы түсінігін қалыптастырдым, бұл әдіс маған не берді? Сабақты зерттеу туралы ой-пікірін қалыптастырды. Сабақты зерттеу әдістері жүргізілген озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатыстырып,тәжірибе алмасу үрдісінде түсініктерін кеңейте түстім.Бірте-бірте жас маманның өзінің сабақтарына зерттеу жүргізіле бастады. Сабақты жоспарлау- білім беру саласында қолданылатын, ең алдымен жеке, өзіндік ерекшелігі бар қызмет әдетте, мұғалімдер «сыныпқа дайындалуды» әріптестерінің қатысуынсыз  іске асырады. Жас маманның сабағын жоспарлауда зерттеу жұмысының мүшелері өздерінің сабақ бергендігі мен қалай сабақ беретінідігі тағы басқа артықшылықтары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақты зерттеу әдісінің сабақты бірге жоспарлау бөлігінде алғашқы жүргізілген сабақтан кейінгі жоспарға түзетулер енгізіп, келесі сабақта тиімді тәсілдерді сәтті таңдай білуге үйреніп келеді.Сабақты зерттеу мен бақылауда жас маман «Транскрипция» бақылау түрі арқылы сөйлеу мәдениеті мен өзін-өзі оқушы алдында ұстау мәдениетіне үйренсе, «Хронология»бақылау әдісі арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы коммуникативті қарым-қатынасты таразылап,егжей-тегжейлі білуге үйренеді.Сабақтағы мұғалім мен оқушы,оқушы мен оқушы арасындағы іс-әрекеттің кескін сызба картасына түсуі арқылы сабақ материалындағы оқушы игеруге тиісті ақпараттарды сәтті таңдап алынған белсенді әдіс –тәсілдермен байланыстыра білуге үйренетіндігін байқадым.

Оқытудағы кедергілерді шешу үшін балаларға табандылық пен шыдамдылық қажет. Жас маманды оқытудағы жетістігіне жеткізу үшін өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете алатынымызды ойластыруымыз қажет. Сабақ үрдісінде кездескен кедергіні жас маманның өз бетімен шешуіне біз қалай көмектесеміз?сұрақтары  барлығымыздың көкейімізге келетіні белгілі.Осындай сауалдың шешімін табу үшін біз, ұстаздар қауымы өзіміздің әдістемемізге зер салып, бір сәт 40 минут берілетін сабағыңыздың өн бойына зерделеу жүргізгеніңіз абзал.Олай дейтін себеп, біз көбіне сабақтың өтуі, мақсатына жетуі, өзімнің жеткен жетістігім, сабақ жоспарымды өзімнің сәтті құруым, сырт көздің мені, менің әдістемемді, менің тәжірибемді сынауы деп қараймыз. 2019 жылы мектепте әріптестер арасында белсенді, жаңашылдар өз тәжірибесін жетілдіру үшін Сабақты зерттеуді ұйымдастыру мен іске асыруды қолға ала отырып, өздерінің мектептегі жас әріптестерін де осы үрдіске тартып келеді. Мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлауды,сабақты бақылау мен рефлекциялық талқылауды үйрене бастады. Бұл ретте мұғалім үшін психологиялық аспект маңызды. Сабақ жоспарын  бірлесе дайындау сабақ беру барысында  әріптестердің арасында кәсіби қарым- қатынас бұрынғыдан да жақсарды, жаңа еңбек жолын бастаған жас маман үшін де жүрексінуді қойып, әріптестерінің қолдауында қызығушылығы арытып, жұмысына құлшына кірісе алды.

Сабақты зерттеудің белгіленген қатал шегі жоқ екендігін, өз түсінігімізге сай, мақсатқа бағыттап қолдануға болатынын түсіндік. Мұғалімдер өз тәжірибесін жақсарту үшін пайдалы және оқуға оң ықпал ететін нәрселер қолданысқа  алынуы тиіс  екенін есте  ұстауымыз керек. Жоғарыда келтірілген сауалдарыма жауап тапқандаймын, олай дейтін себебім, зерттеу үрдісіне мұғалімдерді тарту оқушыларға бағдарлануға көп көмегін тигізіп келе жатыр. Мұғалімдеріміз сабақты зерттеудің сипатын түсініп келеді, өйткені ол мұғалімдердің  назарын өздерінің оқытуына емес, балаларды оқытуға аударатын пәрменді тәсіл екенін түсінді. Сабақты зерттеу әдісі  мұғалімдерге сабақ беру барысында өз тәжірибесін жетілдіруге  мүмкіндік беретін  әдіс ретінде  ғана емес, сонымен бірге, ең маңыздысы, мұғалімдердің мектеп ішіндегі кәсіби дамуы ретінде: өзара бірлестікте, ынтымақтастықта жұмыс атқаратын ортада мұғалімдер бірлесіп тиімді сабақты ұйымдастыруға қатынасып қана қоймай, үнемі кәсіби білім мен тәжірибе алмасып, қажет болған жағдайда оқу материалдарымен танысып, кәсіби біліктілігін жетілдіреді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!