Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Сабақты зерттеу әдісі Lesson study Масса және денелердің массасын өлшеу. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақты зерттеу әдісінде сабақ жоспарын тиімді жоспарлауда қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы Масса және денелердің массасын өлшеу

Зерттеу сұрағы:

Топтық жұмыс түрі 7 «З» сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын қаншалықты арттырады?

Зерттеу мақсаты:

Топтық жұмыс түрі арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру

Бөлім:

Денелердің өзара әрекеттесуі

Педагогтің аты-жөні:

Ермаханбетова Диана Дүйсенқызы

Сабақтың тақырыбы:

Масса және денелердің массасын өлшеу. №7 Практикалық жұмыс «Сандық және сапалық есептер шығару»

Күні.

30.11.2021ж

Сыныбы: 7 «З»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.2.8-дененің массасын,салмағын және ауырлық күшін анықтау

7.2.2.9-электронды,серіппелі,иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу

Бағалау критерийлері:


  • дененің массасын, салмағын және ауырлық күшін анықтайды;

  • есеп шығаруда массаның ХБЖ-дегі негізгі өлшем бірліктерін, массаның үлестік және еселік бірліктерін қолдана алады;

  • дененің массасын таразыларды қолданып, дененің массасын өлшейді.

Сабақтың мақсаты:

  • массаның белгіленуін,өлшем бірліктерін біледі. Денелердің әрекеттесуін түсінеді.Әртүрлі таразылар арқылы массаларды өлшейді;

  • массаның маңыздылығын біледі, денелердің массаларын салыстырады;

  • жоғары деңгейдегі есептерді шығара алады, пәнаралық байланыс жасай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 минут

  1. Ұйымдастыру:

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Сынып оқушыларын топтау: килограмм, грамм, миллиграм, тонна сөздерімен 4-топқа бөлу.


Әр топта топ басшы, хатшы, жазушы, жазушының көмекшісі, баяндаушы, баяндаушының көмекшісі

І. Өтілген сабақты пысықтау.

Ынтымақтастықты қалыптастыру: «Plickers» тәсілі арқылы сұрақтар қою.


1. Инерция деп нені айтады?

2. Өздеріңді қоршаған ортадағы, микроәлемдегі, ғарыштағы инерция бойынша қозғала алатын денелерге мысалдар келтіріңдер.

3. Егер бір денеге басқа дене әрекет етпесе, онда ол қалай қозғалады?

4. Г.Галилей арбашалармен жүргізген тәжірибелерінен кейін қандай қорытындыға келді?

5. Автобус кейін тоқтағанда немесе жылдамдығын күрт арттырғанда адамның құлап қалуы мүмкін екенін қалай түсіндіруге болады?

6. Дененің қозғалыс жылдамдығын оған тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретінін көрсететін мысалдар келтіріңдер.


«Фильмдерді көру және оны талдау» әдісі

Видеоролик: «Дененің массасын,салмағын және ауырлық күшін анықтау» толық тақырып түсіндіріледі. Таразының түрлерімен таныстырылады


Өлшем бірліктері арқылы белгіленген парақтарды таңдау арқылы топқа бөлініп, әр топтың топ басшылары тағайындалады. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың жылдамдығы ескеріледі











Видеоролик көру барысында дененің массасын,салмағын және ауырлық күшін ажыратады.


Мақсаты

Ұйымшылдыққа баулиды

Дискрипторлар

-инерция жайлы біледі- 3 сұрақ

-өмірмен байланысын біледі-3 сұрақ


Жалпы балл -6 балл


Слайд 1

LED экран



Shape1



А оқушыдан күтілетін нәтиже

Алдыңғы сабақтағы білімдерін еске түсіріп берілген сұрақтарға жауап береді

В оқушыдан күтілетін нәтиже:

Алдыңғы сабақта өтілген білімдерін еске түсіре отырып, берілген мысал сұрақтардан шатасуы мүмкін, алайда сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

С оқушыдан күтілетін нәтиже:

Алдыңғы сабақта өтілген білімдерін еске түсіре отырып, кемінде өздеріне жеңіл сұрақтарға жауап береді



Оқу мақсатын талдау.

7.2.2.8-дененің массасын,салмағын және ауырлық күшін анықтау

7.2.2.9-электронды,серіппелі,иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу

Бағалау критерийлерін шығару:

  • дененің массасын, салмағын және ауырлық күшін анықтайды;

  • есеп шығаруда массаның ХБЖ-дегі негізгі өлшем бірліктерін, массаның үлестік және еселік бірліктерін қолдана алады;

  • дененің массасын таразыларды қолданып, дененің массасын өлшейді.

Оқу мақсатымен көрсетемін.

Кімнің нені білгісі келеді?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Жауаптар іріктеледі.

Оқушылар оқу мақсатынан бағалау критерийлерін құрастырады.


Таныстыры-лым

Сабақтың ортасы

20 минут





































Қызығушы-лықты ояту

10 минут

ІІ. Жаңа сабақ. Әрбір топ оқулықпен жұмыс жасайды.

Топтық жұмыс.

1-Тапсырма "Елші" әдісі арқылы әр топ бір-біріне жаңа сабақты түсіндіреді.

1-топ. 1. Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?

2. Мұзайдынында аяқтарына коньки байлаған екі баланың қозғалысын түсіндір?

3. Ауыр шкафты орнынан қозғалтқан кездегі қозғалысын түсіндір?


2-топ. 1. Инерттілік дегеніміз не?

2. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады?

3. Өзара әрекеттесуші екі дененің жылдамдықтарының формуласы?


3-топ. 1. Массаның үлестік өлшем бірліктері?

2. Дененің массасын өлшеу тәсілдерін ата

3. Массаның еселік өлшем бірліктері?


4 топ. 1. Массаның белгіленуі және ХБЖ қандай ?

2. Ескекшінің сумен әрекеттесуін (сурет 3.6) түсіндір?

3. +


2-тапсырма: Тәжірибелік жұмыс

4 топқа екі түрлі дене(конфет,тұз) беріледі. Оқушылар осы заттарды электронды, серіппелі,иінді таразының көмегімен өлшейді

«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» әдісі

Құрал – жабдықтар: Электронды,серіппелі,иінді таразылар ұсақ гірлер және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.

Жұмыстың барысы:

Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі - таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін гірлер салынады.Дененің массасы таразыны теңгеретін гірлердің массасына тең. Ол үшін:

  1. Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткезіңдер;

  2. Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.

  3. Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.

Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

Тәжірибе реті

Өлшенетін дене

Дененің массасы, г

Дененің массасы, кг

1.

2.

3.




Қорытынды:Таразыны өлшеуге даярлау,дене мен гірлерді табақшаға қою, денені кірлермен теңгеруге дағдылану,массасын жазуға үйрену.

3-тапсырма:

Жеке жұмыс. «Кейс – стади» әдісі – практикалық есептер шығару бір мәселені талдайды

«Өз ойының» ойыны барысында есептер шығару.

Есеп №1. Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер:шыбынның қанаты 0,00005г, теннис добы 2,5г

Есеп №2. Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер:футбол добы 400г, автомобиль 1,45т

Есеп №3. Дене 100г, 50г, 10г, 1г жүктер жиынтығымен теңестірілген. Дененің массасы қандай?

Есеп №4. Роликті коньки киген екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы жаққа қарай сәйкес 3 м/с және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 40 кг. Екінші баланың массасы неге тең?


Тапсырмаларды әр оқушы жеке орындап, жұппен, топпен тексереді.

Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

ДҰРЫСТЫҒЫ СЛАЙДТАН ТЕКСЕРІЛЕДІ.

Бағалау парақшаларына әркім өз деңгейін бағалайды.


А оқушы Мәтінмен жұмыс жасай біледі, өз ойын толық жеткізеді

В оқушы өмірмен байланыстыра біледі

С оқушы өлшем бірліктерін біледі













Оқушылар берілген заттарды алып электронды, серіппелі,иінді таразының көмегімен өлшейді.

Мақсаты: Оқушы алған білімін практикада, өмірде қолдану






















А оқушы:берілген шамаларды ХБЖ-ға келтіріп есепті шығарады

В оқушы: есептің берілгенін жазып формуласын табады

С оқушы:берілген шамаларды белгіленуімен дұрыстап жазады



Дескриптор:

"Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру" әдісі

1. Анықтамасын айтады 2. Формуласын жа

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2023
289
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12