Материалдар / Сабақты зерттеу —кәсіби дамудың жарқын жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақты зерттеу —кәсіби дамудың жарқын жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Таныстырылым. Білім беру ұйымдарының педагогтері үшін таптырмас құрал материалдары. Сабақты зерттеу бойынша керек мағлұматтар бар. Заманауи мектептегі әр ұстаздың алдына қойған мақсаты- бұл өзінің кәсіби шеберлігін заман талабына сай арттырып отыру. Сол себепті әр ұстаз өз кәсіби шеберлігін әріптестермен тәжірибе алмасу, семинар, тренингтерге қатысу және «Сабақты зерттеу» үрдісін жүзеге асыру арқылы арттырып отырады. «Сабақты зерттеу» үрдісінің түйінді сипаты кретивтілік пен ғылыми дәлдік болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы













12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі


Әдістемелік құрал


















Астана

2013

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама).



12-жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі. Әдістемелік құрал. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. 43 б.



Әдістемелік құралда педагогтардың уақтылы бақылауын жүзеге асыруға, ал оқушыларға негізгі құзыреттіліктер бойынша білімге қол жеткізуде өз-өзін бағалауына ықпал ететін 12 жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау жүйесі әзірленген.

Эксперименттегі сыныптарға сабақ беретін оқытушыларға, білім беру ұйымдарының жетекшілеріне, облыстық (қалалық) педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының әдіскерлеріне, оқулықтар мен ОӘК авторларына, баспаларға арналған.


























© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

DrawObject1

Кіріспе


Оқыту формалары мен әдістерінің алуан түрлілігі көрсетіліп отырған білім беру қызметтерінің сапасы туралы обьективті ақпараттармен қамтылып отырылуы қажет. Толық бағалы, әрбір адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім алу үшін оқушылар мен олардың ата-аналарының азаматтық құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау қажет.

Бастауыш, негізгі орта және толық орта мектепті бтіруші оқушылардың оқу дайындығы деңгейін педагогикалық бақылаудың құралдарын дайындаудың орталықтандырылған ұйымы қажет.

Бағалау үдерісін қайта қараудың өзектілігі білім берудің қазіргі заманғы стратегиялық міндеттерімен, халықаралық жетістіктер аясында білім деңгейін көтеру қажеттіліктерімен, оқыту нәтижелерінің объективтілігін және мектеп түлектерінің елімізден сырт жерлерде де бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттіліктерімен анықталады.

Бағалау жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ көп функционалды ету қажет. Ол оқушыны оқу материалын қаншалықты табысты меңгергенін немесе практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға; оқушылардың танымдық қызметтің түрлі салаларындағы табыстылықтың динамикасын көрсетуге мүмкіндік беруі тиіс, оқушылардың өзін-өзі бағалауын ынталандыратын, дамытатын, ықпал ететін механизмнің болу керек, сондай-ақ мұғалім - оқушы, ата-ана - сынып жетекші, әкімшілік-педагогикалық ұжым байланысын қарастыру қажет. Бұл оқу үдерісінің қалыптасуына жүйелі тәсілді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді.

Жаңартылған білім беру парадигмасының қалыптасуы, құзыреттілік қатынастарға негізделген жаңа білім стандарттарының пайда болуы оқушылардың оқу-танымдық құзыреттерін қалыптастыруға әсер ететін жүйелі, пәндер аралық сипаттарды меңгерген оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жолдарын іздеуге, бағалау технологиясының ұйымдастыру-педагогикалық негіздерін анықтауға, аталған технологияның практикалық жағынан іске асыру үлгісін әзірлеуге ықпал етеді. Бағалауға қойылатын әртүрлі тәсілдердің пайда болуы оқытудың құзыреттілік, тұлғалық-бағдарлау, дамыту қатынастарына негізделген жалпы педагогикалық тұжырымдамасын белгілеуге ықпал ететіні сөзсіз. Осының барлығы бағалау жүйесін дамытудағы қазіргі үрдісті алдын ала анықтады және қажетті құзыреттіліктердің қалыптастырылған деңгейін бағалаудың кейбір өлшемдері оқушылардың жеке жетістіктерін салыстырумен негізделетін, критериалды бағалау технологиясының пайда болу қажеттілігінен туындады.

Аталған әдістемелік құралдың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін бағалаудың әдістемесін әзірлеу.

Аталған мақсаттан туындайтын міндеттер:

- оқу пәндерінің мазмұнына қатысты «функционалдық сауаттылық» ұғымын ашу;

- оқушылардың дайындық деңгейін бағалау бойынша отандық және әлемдік тәжірибені зерделеу және сипаттау;

- 12 жылдық мектептің МЖБС жобасында баяндалған құзыреттіліктер шеңберінде білім алушылардың дайындық деңгейін бағалаудың тұжырымдамалық тәсілдерін анықтау;

- оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін критериалды бағалаудың жүйесін әзірлеу;

-12 жылдық мектеп жағдайында оқыту деңгейін аяқтау кезеңінде оқушылардың портфолиосын есепке алуды ерекшеліктерін ашу.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалуы барысы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйекте болған отырысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов: «Бз 12 жылдық оқытудың әдіснамасы мен мазмұнының жаңа негізін саламыз. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың 4 базалық механизмдерін атап көрсетуге болады. Оның біреуі - оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді» - деген болатын [1].

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру талаптарына сәйкес әдістемелік құралда білім алушылардың жағдайы мен іс-әрекеттерін ескере отырып 12 жылдық мектепте оқу жетістіктерін бағалаудың жобасы ұсынылып отыр. Құзыреттілік білім беруді енгізуге байланысты оқыту нәтижелері пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағды түрінде емес, оқушылардың пән салалары мен құзыреттіліктердің білім, білік және дағдының, субъекті әрекетінің контексіне байланысты мазмұнды және сандық сипаттаудың жиынтығын нақты меңгергенін қарастырады және «оқу жетістіктері» деп аталатын жаңа термин анықталады. Осы анықтамаға сәйкес, мектепте қолданылатын бағалау жүйесі қазіргі таңда тек білім, білік және дағдыны ғана бағалап қоймай, құзыреттілікті де бағалайға мүмкіндік береді.


1 «Функционалдық сауаттылық» ұғымы


Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Интеллектуалды ұлт-2020» [2] бағдарламасымен тікелей іске асырылуымен байланысты орта білім беру мазмұнына функционалдық сауаттылықты енгізу болып табылады.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен болған кездесуде (Астана қаласы, 2008 жылғы 30 қаңтар) Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде қазақстандықтарды жаңа формацияда тәрбиелеуге және Қазақстанды адам капиталы бәсекеге қабілетті елге айналдыруға ықпал ететін интеллектуалды ұлттың дамытудың маңызды аспектілерін атап өтті. Әсіресе, білім беру жүйесін инновациялық дамыту қажеттілігін ерекше атап өтті: «Білім беруге деген дәстүрлі тәсіл оқушыларға ақпарат пен білімнің барынша кең көлемде берілуін мақсат тұтады. Бүгінде жағдайлар өзгеруде. Мамандардың есептеуінше, әрбір жеті-сегіз жылда кәсіптік ақпараттардың көлемі екі есеге ұлғайып отырады екен. Жаңартылған білімнің легіне ілесіп отыру үшін қазіргі заман қызметкерлері жүйелі және сын тұрғысынан ойлауды меңгеруі тиіс және үнемі өз білімін жетілдіріп отыруы керек. Бұдан басқа, біздің жастарымыз тек білімді алып қана қоймай, жаңа білім беру жүйелер құруға да күш салысулары керек. Бүгінгі таңда ең маңызды сапа креативті ойлау, білімді қайта өңдей білу, жаңа шешімдер, технологиялар мен инновациялардың пайда болуы болып табылады. Бұл үшін жаңа әдістер, оқытудың жаңа формалары, жаңа мамандар қажет.».

Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» [3]. Жолдауындағы маңызды тапсырмасы бес жылға арналған Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу болып табылады. Осыған байланысты Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді, аталған жоспар шеңберінде функционалдық сауаттылық бойынша шетелдердің адыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеу және Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын әзірлеу міндеттері қойылды.

Қазіргі ұғым бойынша функционалдық сауаттылықты білімнің (бірінші кезекте, жалпы) көп жоспарлы адам әрекетімен байланысын біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделу әрекеті ретінде түсінуге болады. Бұл функционалдық сауаттылықтың ерекшелігі жылдам өзгеріп отыратын қоғамда барлығы үшін қажетті қолданбалы білімдер негізінде әртүрлі қызмет салаларында өмірлік мәселелерді шеше алуымен сипатталатыны оның анықтамасында берілген (Бранд О. [4]. Жалпы білім беретін мектептің жағдайында ол әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтің педагогика негіздеріне, сондай-ақ өмір бойы өз білімін жетілдіруге қызмет етеді.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептегі міндеттер жүйесі оқу пәні мазмұнының белгілі бір үзіндісінің репродукциясымен шектеліп қалуда. Сонымен қатар, қазіргі болмыс өскелең ұрпақ алдына жаңа міндеттер қойып отырса, мектепте алатын білімінің жартысы қолданусыз қалып қойып отыр. Мектепте оқыту барысында жүзеге асырылатын функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жастардың күнделікті өмірден алатын икемділіктерді меңгеруінен артта қалып отыр.

Функционалдық сауатсыздық барлық ұлттың экономикалық, интеллектуалды және әлеуметтік мәдени болашағы үшін елеулі қауіп төндіреді. Бүгінгі әртүрлі зерттеу материалдары көрсетіп отырғандай, функционалдық сауатсыздық бүкіл әлем бойынша ілгерілеп барады. Функционалдық сауатсыздықтан келіп жатқан жыл сайынгы шығындар әлем бойынша миллиардтаған долларлармен есептеледі. Функционалдық сауаттылық жастардың қоршаған ортаға сәтті бейімделуінің міндетті шарты болып отыр, ал функционалдық сауатты адамдардан тұратын қоғам елдің динамикалық дамуының негізі болып табылады. Ақпараттық қоғамға тән әлеуметтік динамиканың өсуі тек жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын анықтайтын білім көлемін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар адам өмірдің жаңа талаптарына бейімделу үшін қажетті әлеуметтенуді жылдамдатады. Сондықтан, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік мәдени дамуына байланысты қолданбалы білімге қойылатын талаптар күшеюде (олардың ауқымы кеңеюде, жаңа сапалық белгілер қалыптасуда) және қоғам мүшелерінің функционалдық сауаттылығына қажеттілік артып келеді;

Жалпы білім беру ұйымдарына білім беру процесінің жаңа объектісі болып табылатын, функционалдық сауаттылықты бағалаудың әзірленген жүйесі арқылы нақты әдістемелік көмек ұсынылып отыр.

Өткен ғылыми зерттеулерге шолу. Отандық және шетел әдебиеттерін талдау ғалымдардың функционалдық сауатсыздықтың себептерін анықтау және оны қалпына келтіру жөнінде белсенді зерттеулер жүргізіп жатқандығын көрсетіп отыр. В.В.Гаврилюк [5] «функционалдық сауаттылық» деген ұғымның өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында ЮНЕСКО-ның құжаттарында пайда болғанын және кейінірек зерттеушілердің қолданымына кіргенін атап көрсетсе, С.А.Тянган [6] «функционалдық сауаттылық» ұғымын талдай келе ұғымды кеңейте түседі: бастапқыда, шамамен 1970 жылдардың ортасына дейін зерттеудің тұжырымдамасы мен стратегиясы адамдардың кәсіби қызметімен байланысты болған: осы саладағы жетіспейтін білім мен шеберліктің орнын толтырды; кейінірек мұндай тәсіл бір жақты деп танылды; функционалдық сауаттылық одан да кеңірек мағынада қарала бастады: компьютерлік сауаттылықты, саяси, экономикалық сауаттылықты және т.б. қосылды. Американдық зерттеуші Е.Д.Херш «мәдени сауаттылық» деген ұғымды енгізді. Көп тер төккен зерттеудің нәтижесінде ол өзін мәдени тұрғыда сауаттымын деп санайтын әрбір американдық білуі тиіс 4500 пәндердің атауларын, аттарды, даталарды, оқиғаларды іріктеп алды. Сауалдамалар нәтижелері 1988 жылы (Hirsch E.D. Cultural literacy. What every American needs to know. N.Y. 1988) жарияланды [7].

В.А.Ермоленконың, Р.Л.Перченоктың, С.Ю.Черноглазкиннің «Қазіргі жағдайда функционалдық сауаттылықтың дидактикалық негіздері» [8] атты еңбектерінде қазіргі жағдайда функционалдық сауаттылықтың қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған, функционалдық сауаттылықтың жаңа деңгейін қалыптастырудың тәсілдері сипатталған, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тәрбиелік аспектісі ашылған, жалпы білім беретін мекемелердегі ақпараттық, кәсіпкерлік және технологиялық дайындық бағдарламалары ұсынылған. Қазіргі заман қоғамының талап-сұраныстарына сәйкес адамдардың функционалдық сауаттылығына қойылатын жаңа талаптар П.Терешкович пен С.Крупниктің еңбектерінде қарастырылған.

Функционалдық сауаттылық мәселесі білім беру философиясы деңгейінде қарастырылады (Б.С.Гершунский [9], В.В.Мацкевич, С.А.Крупник [10]. Бұл ұғым С.А.Тангянның, И.А.Колесникованың еңбектерінде үздіксіз білім беру аспектісінде ашылып көрсетілген, А.В.Хуторскийдің, О.Е.Лебедевтің [11] еңбектерінде құзыреттілік амалдар контексінде қарастырылған. Т.И.Акатова [12] тілдік функционалдық сауаттылықты студенттердің тілдік мәдениетімен өзара байланыста; Л.М.Перминова, О.Е.Лебедев и др. [13] оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру технологиясын; Л.Н.Полищук орта арнайы білім беру мекемелерінде технологиялық типті функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды; П.И.Фролова [14] гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамытудың негізі ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қарастырады.

Келесі авторлардың еңбектерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесі жалпы орта және ортадан кейінгі білім беру жағдайларында қарастырылған. Авторлар В.А. Ермоленко, Р.Л. Перченок, С.Ю.Черноглазкин [8] функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясын жалпы, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қарастырады; М.А. Холодная [15] социумға және интеллектуалдық даму мен тәрбиеге бейімделуге қабілетті, қазіргі заманғы мектептегі білім беру басымдықтарына ерекше назар аударады.

Мектептегі білім беру жағдайындағы функционалдық сауаттылық соңғы жылдарда зерттеулер объектісіне айналды. Мысалы, Н.Н.Сметанникова [16] функционалдық сауаттылықты оқуға үйретудің стратегиялық тәсілдері шеңберінде зерттеді. М.И. Губанова, Е.П. Лебедева [17] функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелерін зерделей келе, мектептің кіші буын оқушыларын оқыту үдерісіндегі тиісті мазмұнды енгізудің перспективасын ашты. С.Г.Вершловский, М.Д.Матюшкин [18] соцологиялық зерттеулерді жүргізудің негізінде қазіргі заманғы мектепті бітірушілердің функционалдық сауаттылық деңгейін талдайды. Дегенмен, жекелеген пәндерді оқыту кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесі бойынша нәтижелері мектептегі білім берудің мазмұнына әлі жаппай енгізілмеген бары-жоғы бірнеше ғана еңбектер бар. Оларды атап өтсек. Қазақстандық зерттеушілер Ж.Ж. Ордабаева [19], А.Ж.Мұрзалинова [20], А.К. Рауадина [21] оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесін қазақ тілінде оқытатын мектептерде физиканы, орыс тілін оқыту, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту барысында қарастырады, ресейлік әдіскерлер Г.Д. Клок, В.И. Анурова [22, 23] функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарын химия және шет тілі сабақтарында көрсетеді. Мұндай мектеп жағдайында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесіне қатысты аз көлемдегі жұмыстар оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүйелі түрде қалыптастырудың өзекті мәселелерін шеше алмайды.

Осы мәселенің біртұтас ғылыми-әдістемелік шешімі болған жағдайда орта білім берудің базалық мазмұнында және ғылыми нәтижелерді МЖБС-те және барлық жалпы білім беретін пәндердің типтік оқу бағдарламаларында көрсету функционалдық сауаттылықты жобалаудың нақты жолдарын негіздеу арқылы нақты нәтиже алуы мүмкін.

Ғылыми еңбектерді талдау және мектеп бітірушілерді уақтылы әлеуметтендіруге мемлекеттік сауал:

  • мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қойылатын талаптар мен білім беру парадигмасы шеңберінде қалыптасқан оқыту тәжірибесі арасындағы;

  • функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиісті деңгейіне бітірушілерді қоғамның қажет етуі мен оқуды аяқтау кезеңінде оның бүгінгі оқушыларда жеткіліксіз деңгейде болуы арасындағы;

  • орта білім беру мазмұнының мүмкіндіктері мен оқушылардың ерте әлеуметтенуі мен өз бағытын анықтауға ықпал ететін оқу пәндерінің базалық мазмұнында функционалдық сауаттылықты жобалау формаларының, әдістерінің жеткіліксіз деңгейде әзірленуі арасындағы;

  • функционалдық сауаттылық компоненттерінің жаңартылған білім беру мазмұны мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру параметрлерін қарастырмайтын ескірген бағалау жүйесі арасындағы қайшылықтарды анықтайды.

Функционалдық сауаттылық ұғымы. 1957 жылы ЮНЕСКО-ға енгізілген «сауаттылық» термині бастапқыда әлеуметтік контексте қолданылатын оқу мен жазуды қоса алғандағы біліктер жиынтығы ретінде анықталған болатын. Басқа сөзбен айтқанда, сауаттылық - оқу мен жазудың дағдыларын меңгерудің анықталған деңгейі, яғни баспа сөздерімен жұмыс істеу қабілеті (неғұрлым заманауи мағынада – бұл оқу, жазу, есептеу дағдылары және құжаттармен жұмыс).

«Сауаттылықтың төменгі деңгейі» және «функционалдық сауаттылық» ұғымдары қатар енгізілген болатын. Біріншісі қарапайым хабарламаларды оқу және жазу қабілеттерін, ал екіншісі социуммен өзара әрекет ету жағдайында оқу мен жазу дағдыларын қолдану қабілеттерін сипаттайды (банкте шотты ресімдеу, сатып алынған музыкалық орталыққа қоса берілген нұсқаулықты оқу, сотқа талап-арыз жазуь және т.б.), яғни бұл индивидтің әлеуметтік қоршаған ортада толыққанды әрекетін ете алатындай сауаттылық деңгейі.

Функционалдық сауаттылықтың ерекше белгілері:

1) тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталған;

2) өзін нақты әлеуметтік жағдайларда қалады деп есептейтін жеке тұлғаның жағдайлық сипаттамасы болып табылады;

3) стандартты, стереотипті мәселелерді шешумен байланысы;

4) бұл әрқашанда оқу мен жазу дағдыларының кейбір қарапайым деңгейі;

5) ең алдымен ересек тұрғындарды бағалау ретінде қолданылады;

6) ең маңыздысы, сауатсыздықты жылдам жою тәсілдерін іздестіру контексіндегі мақсаттардың болуы.

Атап айтқанда, С.А. Крупник, В.В.Мацкевичтің ойларынша сауаттылықтың келелі мәселелерінің жиынтығы (функционалдық сауаттылық) ел басқа елдерге қуып жету, жоғалған пайданың орнын толтыру кезеңінде ғана өзекті бола бастайды. Сондықтанда, функционалдық сауаттылық ұғымы қоғам өмірінің сапасын түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін салыстыру кезінде, бағалау шарасы ретінде (мәдениет стандарты) қолданылады
(С.А. Крупник, В.В. Мацкевич Функционалдық сауаттылық
) [10].

Павел Терешкович пен Светлана Крупниктің «Новый порог функциональной грамотности вызов 21 века» [24] еңбегінде функционалдық сауаттылықты қоғамның негізгі даму тенденцияларымен байланыстырады. Біріншіден, бұл өндірістік және гуманитарлық қызмет аясын ерекше технологияландыру. Гуманитарлық саладағы технологияландыру (қызмет жүйелерінің элементтерін ұйымдастыру және реттеу) интеллектуалдық және ақпараттық шиеленістердің белгіленген өрісін жасайды. Сондықтан адамның білік қызметтері жүйесінде жұмыс істеуге қажетті біліктің ең төменгі деңгейі айтарлықтай артады. Бұл өз кезегінде, ақпараттар мен ақпараттық техникаларды шығару, қолдану, қызметтің жалпыланған мақсаттары мен міндеттерін өз бетінше белгілей білу және қарым-қатынастардың қалыптасқан жүйеге жылдам бейімделуі. Екіншіден, геометриялық прогрессияда еселеніп отыратын ақпараттар ағыны. Осыған сәйкес, кез келген ақпарат мәдениетті ақпарат бола алмайтынын және оқу үдерісінде міндетті түрде меңгерілуі тиіс нормаға жатқызылуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Ақпараттардың адамның өз қызметі үдерісінде алдына қойған міндеттеріне сәйкес түрлену қасиеттері болады. Үшіншіден, қызметтің шамадан тыс кәсібилілігі (кең ауқымда). Кеңес заманында қол жеткізген білімнің молдығы осы күнге дейін белгісіздік пен тұрақтылықтың жоқтығы, сондай-ақ, өмірлік белсенділіктің құлдырауы, жекелеген кәсіптік салалардың, негізінен өндірістік-техникалық салалардың жұмыс істеу деңгейінің тұрақты режиміне қатысты жеткілікті дәрежеде қолдау көрсету жағдайында мүмкіндік беріп отыр. Төртіншіден, өркениетті дамудың жаһандық мақсаттарының белгісіздігі (Хайек Поппер). Осының барлығы сауаттылық деңгейіне қойылатын белгіленген талаптарды және адамның қызметтер жүйесіндегі өндірістік және қоғамдық қарым-қатынастарға қатысты білімдерін де қалыптастырады. Функционалдық сауаттылық деңгейі елдегі нақты сол немесе өзге де технологиялардың даму деңгейімен бағаланады. Қазіргі таңда өркениетті дамытудың әлемдік үрдістерін есепке ала отырып, ең төменгі қажетті сауаттылық деңгейі: компьютерді пайдалана білуден, қызмет саласы үшін қажетт ақпараттар алудан ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!