Материалдар / САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY) – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY) – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты зерттеу тәсілінің ерекшеліктері туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2020
1648
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY) – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ



ОРАЛБАЕВА АЙГУЛЬ ПАЛМАГАНБЕТОВНА

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылы

153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

мектеп-лицей тренері



АННОТАЦИЯ


Исследование уроков может быть использовано для устранения препятствий на пути обучения по любому предмету. Понятно, что школьное сообщество и школьная культура будут формироваться. Научные занятия помогают учителям, которые работают в исследовательской группе, не только общаться, но и работать вместе, повышать свои знания и навыки. Обучение может быть эффективно организовано посредством совместного планирования.



ANNOTATION


Lesson study can be used to solve barriers to learning in any subject. It is clear that the school community and school culture will be formed. Research sessions help teachers who work in the research team not only to communicate but also work together, raise their knowledge and skills. Training can be organized efficiently through joint planning.


Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл - жан-жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту бүгінгі таңда әдістемелік жұмысын жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруын көздейді. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады».

Кәсіби қажеттілікпен 2018 жылдың тамыз айында ПШО Қызылорда филиалында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсына барып, «педагогикалық қоржынымды» инновациялық әдіс-тәсілдерге едәуір толтырдым. «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсы бойынша аталған курста сертификатталып, сабақты зерттеу үдерісі бойынша мектеп тренері атандым.

Сабақты зерттеу (Lesson Study) – білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық тәсіл. Мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл.

Cабақты зерттеу тәсілінің қысқаша тарихына тоқталар болсақ, бұл тәсіл ХІХ ғасырда Жапонияның білім беру жүйесінде ұлттық деңгейде қолданыла бастаса, ХХ ғасырдың 1910-1960 жылдары кеңінен таралып, барлық мектептерде жүзеге асырыла бастады. 1970 жылдардан бастап «Сабақты зерттеу» тәсілі жапон мектептеріндегі мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі платформасына айналды. Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасады. Америкалық зерттеушілер сабақты зерттеу тәсілінің жапон мұғалімдерінің кәсіби дамуына көп үлес қосқанын, оқушылардың білім деңгейі америкалық оқушылардан жоғары екендігі анықталғаннан кейін, батыста бұл тәсіл 2007 жылдан бастап кеңінен танымал бола бастады. [1,5-б]

Зерттеу сабағын өткізген мұғалім де, бақылаушылар да өздеріне көп тәжірибе жинақтайды. Бұл үдеріс мұғалімдердің қадағалау дағдыларын шыңдаумен қатар, оларға оқу үдерісін ішінен тануға, оқушылардың санасында жүріп жатқан ойлау үдерісін танып-білуге мүмкіндік береді. Зерттеу сабағында сабақты жүргізетін мұғалім мен бақылаушы мұғалімдердің міндеттері нақты жолға қойылуы шарт. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, сабақ беру барысында туындаған қандай да бір өзекті проблеманы шешу мақсатында сабақты бірлесе жоспарлау сабақты зерттеудің ерекшелігі болып табылады. Қадағалау барысында жинақталған деректерді саралай келе алдағы жұмыстарды жақсартуға жоспар жасалады. Жинақталған деректерден мұғалім мен оқушының жетістіктері мен жетілдіру керек тұстары анықталып, кері байланыстар беріледі. Бір айналым өткеннен кейін жұмыс хаттамасы толтырылып, алдағы жұмыстарды жалғастырудың бағыты анықталады.

Сабақты зерттеу үшін ең әуелі зерттеу топтарын құрамыз, ортақ проблеманы ортаға сала келе, зерттеу тақырыбы анықталып, мақсат қоя отырып, зерттеу сұрағын қоямыз. Ары қарай Lesson study графигін жасап, сабақты жоспарлау, жоспарды талқылау, зерттеу сабағын жүргізу, бақылау, деректер жинау болады. Сабақ біткен соң оқушылардан сұхбат алынады. Топ жиналып, деректерді ортаға салып, талдау жасап, келесі сабақты жоспарлауға көшеді.

Зерттеу сабағын өткізу кезінде назарға ұстайтын мәселелер:

  1. Зерттеу сабағын қадағалаушылар мен зерттеу сабағын өткізетін мұғалімнің қадағаланатын оқушыларды, олардың деңгейін мүмкіндігінше жақсы білетініне көз жеткізу. Шешім қабылдауда жеңіл болу үшін мұғалімдер зерттеу сабағы барысында қадағалау парақтарына ескертпелерін жазып отыру қажет

  2. Зерттеу сабағының жоспарын барлығы бірлесіп әзірлегендіктен, бұл жоспар ортақ меншік болып табылады. Бұл дегеніміз сабақты қадағалаушы мұғалімдер мұғалімге емес, оқушыға, атап айтқанда қадағалауға алынған оқушыларға басты назар аудару керек деген сөз.

  3. Қадағалаушы мұғалімдер қадағалауды бастағанда назарға алынған оқушылардан бастап, назарға алынған оқушылардың сабақтың әртүрлі кезеңдерінде берген жауаптарын жазып алып, бұл жауаптың осы кезеңде күтілген жауапқа қаншалықты ұқсас немесе одан қаншалықты айырмашылығы бар екенін салыстыруға тырысады. [3,36-б]

Топ мүшелері фокус-топты төмендегі ерекшеліктері бойынша анықтады: А оқушы – тұрақты танымдық қабілетке ие, оқуға қызығушылық деңгейі жоғары; В оқушы – барлық пәндер бойынша оқу үлгерімі орташа, көбіне ол тапсырманы өз бетімен орындауға тырысады, алайда ол жалпы зияткерлік қабілеттіліктері дамуының орташа-деңгейін байқай келе, сабақты талқылауда белсенділік танытпайды; С оқушы – оқуға деген қабілеті әлсіз, сабақта белсенділік танытпайды, оны оқу үдерісі қызықтырмайды; [2,14-б]

Зерттеу сабақтарды өткізу барысында дәстүрлі тапсырмалардың бүкіл сыныпты белсенді қызметпен қамтуға мүмкіндік бермейтіні айқындалды, себебі оқушылар арасында білім деңгейі бойынша мықты, әлсіз, «орташа» оқушылар бар. Сондықтан оқушыларды білім беру үдерісіне белсенді түрде тарту мақсатында олардың танымдық қызметін ұйымдастырудың топтық нысанын; енгізілетін топтық жұмыстың тиімділігін бағалау үшін Lesson Study тәсілін қолдану тиімді екендігі байқалды.

Сабақты бірлесе жоспарлау және оны талдау әрбір оқушының жеке даму траекториясын қалыптастыра отырып, мұғалімдерге әрбір оқушылар тобындағы мәселелерді айқындауға көмектеседі. Әріптестер топтық жұмыс барысында зерттелуші оқушылардың қызметі қалай өзгеретінін, сабақта жұмыс істеудің және сәттілік жағдайын қалыптастырудың қандай тәсілдері барынша нәтижелі екенін қадағалады.

Сабақтарды талқылағанда әр сабақта барлық оқушылар топтарының көзқарасы өзгеретіні, топ мүшелерінің белсенділігі артатыны туралы біржақты тұжырымға келді. Әлсіз және өзіне сенімсіз балалардың сенімділігі қалыптасты: сөйледі, белсенді жұмыс істей бастады.

Lesson Study-дің бір цикліне жүргізілген талдау барлық қатысушылар үшін аталған әдістің нәтижелілігін дәлелдейді. Бірлесе жоспарлаудың, қадағалаудың, талдаудың нәтижесінде оқу туралы «ұжымдық түсінік» қалыптасты, бұл әдетте мән берілмейтін заттарды түсінуге көмектесті; тәсіл оқыту әдістемесін жетілдіруге, сабақтың нәтижелілігін арттыруға септігін тигізеді.

Шиелі ауданы Тартоғай ауылындағы №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің №77/5 бұйрығы бойынша «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курсы ұйымдастырылып, аталған курсқа 20 мұғалім қатысты.

Курстың мақсаты: Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу. Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерінің әрбір сатысын зерделеу. Нәтижесінде, мұғалімдер өз тәжірибесіне зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін бағамдау тәсілдерін біледі және Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерінің сатыларын түсінеді.

80 академиялық сағаттан тұратын теория бөлімін бітіріп, практикаға қадам басып 4 топтың алғашқы зерттеу сабақтары жүргізілді. 4 топтың зерттеу сабағының кестелері жасалып, кесте бойынша зерттеу сабақтары өткізілді. Анықталған сыныптар бойынша деректер жинақталып, зерттеу сұрақтары анықталды. Кесте бойынша әрбір өткізілген зерттеу сабағынан кейін топ мүшелерінің отырысы ұйымдастырылып, зерттеу сабақтарды талдап, оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқудың ең үздік әдіс-тәсілдерін таңдап, келесі айналымның сабақ жоспарына өзгертулер енгізіп отырды, өзара кәсіби тәжірибе алмасты, жаңаша идеялар ұсына білді. Зерттеу нәтижелеріне мониторинг жасалып, педагогикалық кеңесте насихатталды.

М агниттік мектеп арасында (№228, №40, №41, №141, №142) семинарлар өткізіп, ашық зерттеу сабақтары көрсетілді. Семинар қатысушылары мектеп-лицейдің инновациялық іс-тәжірибелерімен танысты. Критериалды бағалау тақырыбына байланысты жасалған көрмеде оқушылармен жүргізілген қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелері мен кері байланыстар, сабақ дәлелдемелері мен мұғалім және оқушы портфолиолары бойынша мектеп-лицей мұғалімдерінің іс-тәжірибелері қойылды. Тәжірибе алмасу семинарына келген аймақ мектептерінің ұстаздары семинардан алған әскерлеріне кері байланыс жасап, тақырыпқа сай ұйымдастырылуына оң бағаларын берді. Семинар барысында кіріктірілген сабақтар, шеберлік сабақтары, әдістемелік тәжірибе алмасулар, лицейлік үйірме жұмыстары, әдістемелік көрме т.б көрсетілді. Рухани жаңғыру аясында "Шахмардантану" курсының жұмысы көрсетіліп, жоғары баға берілді. Like тақтасына семинар қонақтарының пікірлері тыңдалып, кері байланыс берілді.

«Сабақты зерттеу» әдісінің нәтижесінде сыныптардағы білім сапасы едәуір артты. 2019-2020 оқу жылында «Сабақты зерттеу» әдісі әр бірлестікте жүргізілетін болды. Біздің мектеп-лицейде 9 пән бірлестіктері бар. Сондықтан, тоғыз «Сабақты зерттеу» тобы құрылды. Өйткені, зерттеу тобында пәндес мұғалімдердің болуы, зерттелетін сыныпқа сабақ беріп жүрген мұғалімдердің болуы, сынып жетекшінің болуы маңызды рөл атқарады.

Қыркүйек айында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу – педагогтың кәсіби әлеуетін дамыту ортасы» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг барысында «Сабақты зерттеудің» мақсаты, басты қадамдары туралы мәлімет берілді. Зерттеу топ мүшелері деректер жинау арқылы зерттеу сұрағын құрып, зерттеу тақырыптарын, зерттелетін сыныпты, А,В,С деңгейіндегі оқушыларды белгіледі. Сонымен қатар І отырыс барысында топ мүшелері зерттеу сабағының кестесін жасап, өздерінің рөлдік қызметтерін бөлісті. Енді қараша айынан бастап зерттеу сабағының 3 айналымы жасалады. Зерттеу сабақтары арқылы мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмаса алады, топ болып құрылған қысқа мерзімді жоспарлар өз нәтижесін табады. «Сабақты зерттеу» әдісі арқылы білім сапасының өсуіне қол жеткізуге болады және әрбір педагог өзінің кәсіби дамуына мүмкіндік алады.














Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Абдраманова Ж.С Сабақты зерттеу – бірлескен оқу тәсілі. Астана, 2017

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы. ПШО, 2018 жыл

  3. «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы. ПШО Астана, 2018




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!