Материалдар / Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу туралы ойтолғау (рефлексивті есеп)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу туралы ойтолғау (рефлексивті есеп)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім тәжірибесіндегі зертттеу туралы есеп. Мектеп тренеріне көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
922
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А хмет Байтұрсынов атындағы

50 мектеп-гимназиясының

о/с қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Баратова Калдыкыз Жарылкаповна,

Еңбек өтілі – 32 жыл,

жоғары б.с., зерттеуші-педагог




Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу туралы ойтолғау

(рефлексивті есеп)


Пит Дадлидің нұсқаулығында берілгендей, «Сабақты зерттеу» - сабақтарда іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше формасын сипаттайтын, мұғалімдік тәжірибе шеңберінде білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл. Ал іс-әрекеттегі зерттеу- тәжірибені жетілдіру, терең түсіну мақсатында немесе қабылданған шешім туралы хабарлау үшін сыныптағы жұмысты, тәжірибені  жүйелі зерттеу.  Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында  төмендегідей жоспар құрылатындығы мәлім.

1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Сабақты зерттеу тәсілі бірлескен топ мұғалімдерімен бірлесіп әрекет ету ретінде қарастырылса, іс-әрекеттегі зерттеу практик-маман өзінің оқыту тәжірибесіне белгілі бір өзгеріс енгізіп, сол өзгерістің ықпалын зерделеуі ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру үдерісіне қатысатын адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да мүшелерін, жоғары оқу орындарының оқытушыларын тартуға болады.

Сабақты зерттеуді осы күнге дейінгі жүргізіліп келген қоғамдастық жұмысын дамытып, жаңа жоспар құрудан бастағанымыз жөн. Қоғамдастық жұмысына жаңа бағыттар мен өзгерістер енгізілу керек. Қоғамдастық құрамына мектеп әкімшілігі, деңгейлік курс бітірген мұғалімдер, және көрші мектептердің тәжірбиелі ұстаздары, ата -аналар енгізіледі. Қоғамдастық жұмысының мақсаты - мектепке өзгеріс енгізу, даму жоспарын жүзеге асыру болды. «Сабақты зерттеу» үдерісін мектеп тәжірибесіне енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында зерттеу командасы құрылып, осы үдеріс іске асырылды. Оған түрткі болған себептің бірі 2019 жылы мектеп директорымыздың басшылығымен Lesson study зерттеу жұмысының зерттеу сұрағын «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың өз бетімен жұмысын шығармашылығын, өзіндік ізденісін қалай арттыруға болады?» деп анықтаған болатынбыз. LS ынталы тобы ІІ деңгейлік курстың тыңдаушысы 2 «А» бастауыш сынып пәні мұғалімінің (зерттеу сабақтарына тоқталмақпын) К.Л. дүниетану пәні бойынша тізбектелген сабақтар жоспарын жаңа әдіс- тәсілдермен бірлесе жоспарладық.

Дүниетану пәнінен "Тамыр" тақырыбында бірінші сабағын өтті. Сабақта «Серпілген сауал», «Айналмалы бекет», «Бес жолды өлең» әдістерін қолданды. Бұл әдістерді қолдану кезінде сыныптағы «С» оқушының сабақтағы белсенділігі төмен болды. «Айналмалы бекет» әдісін қолдану кезінде «А» «В» деңгейдегі оқушылардың жауап беруі, талпыныстары,ынтасы арта бастады. Бірақ топтың көшбасшысы бола алмады. Олар тек өздерін ғана көрсетіп, мәтінді меңгергені туралы кері байланыс жасап, стикерлерін пікірлер ағашына ілді .Ал «С» деңгейдегі оқушыға тиімсіз болды. «С» деңгейдегі оқушы бүгінгі сабақта не үйренгені туралы кері байланыс жасауда кідіріп, ойын еркін жеткізе алмады. Мұғалімнің өткізген сабағындағы басты кемшілік - оқушының түгел сабаққа қатыспауы. «С» оқушы топтық жұмыс кезінде топқа толық қосыла алмады. Өйткені оған ешкім қолдау көрсетпеді. Оқушылардан кері байланыс ала отырып, сабақтың қай тұстары «А» , «В», «С» оқушыларының ынтымақтастығына, белсенділігіне ненің кері әсері болғанын дәлелдеп, шешу жолдарын қарастырдық. Ынталы топтың қорытындысы бойынша келесі тізбектелген сабақты, «С» деңгейдегі оқушының қажеттілігіне бағыттап жоспарлауды ұйғардық. Келесі тізбектелген сабақтар дүниетану пәнінен «Сабақ», «Гүлдер мен жемістер» тақырыбында болды. Ынталы топтың қорытындысы бойынша келесі тізбектелген сабақты«А» деңгейдегі оқушының топта «С» деңгейдегі оқушыға қолдау көрсете алатындай, «С» деңгейдегі оқушының қажеттілігіне бағыттап «Ыстық орындық», «Кубизм» «Кластер» «Он сұрақ» әдістерін,топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс түрлерін қолдандық.

Соның нәтижесінде сабақта «А» деңгейдегі оқушының жауапкершілігі, белсенділігі артып, топтың қозғаушысы бола алды. Олар тек өздерін ғана көрсетепей, топтағы «В», «С» деңгейлі оқушыларға қолдау көрсете алғаны бізді қуантты.«А» оқушы әрдайым топты алға жетелеп, өз тапсырмасын орындаумен қатар топтың да іс-әрекетін қадағалап,түсінбеген жерлерінде өз ойын айтып көмектесіп отырғанын, белсенділік танытып отыратынын байқадық. «В» оқушы да өз тобында көшбасшы болып, әр балаға жұмыс түрін бөліп отырды. «С» оқушы алғашқыда топ жұмысында белсенділік таныта алмағанымен, кейіннен қызығушылық танытып, топтық жұмысқа араласа бастады. Келесі сабақтарда өз ойын айтып, суреттер салып, постер қорғады. А» , «В», «С» деңгейдегі оқушылар сабақты меңгергені туралы кері байланыс жасап, жинаған балдарын санап, өз-өзін мақтанышпен бағалағанының куәсі болдық. Сабақтан соң оқушылармен жүргізілген кері байланыс кезінде «С» оқушы еркін сөйлеп, өз ойын сеніммен, мақтанышпен айта алғаны әдістердің дұрыс таңдалғанының дәлелі болды.

Сабақтардың барлығында сұрақ-жауап әдісін қолданып, диалогтік оқыту үрдісіне негіздедік. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасы, ойдың логикалық жүйелілігі, логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар берілді, сөз маңыздылығы, дәлелдің дәйектілігі, деректің өзектілігі – барлығы да тізбектелген сабақтар барысында табылды. Өз жұмысымызға кері байланыс жасай отырып, сабақтың қай тұстары «А»,«В», «С» оқушыларының ынтымақтастығына, белсенділігіне ненің кері әсер болғанын анықтап, шешу жолдарына ықпал жасаудың табысты екенін түсіндік. Зерттеу барысында кездескен қиындық: бәсекелестік қабілеттер басым,оқушы пікірін тыңдамау, сенімді қарым-қатынастың саяздығы, оқуға зейіннің жоқтығы, өз ойын еркін жеткізе алмауы, т.б. Ал ұтымды жағы – бір-біріне қолдау көрсетуі, жаңа әдістерді қызыға орындауы.

Кедергіні жою үшін келісілген іс-әрекет: Уәж оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты болғандықтан, мұғалімдер сабақта оң уәждеме қалыптастыру негізгі талап екендігін түсінді. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативті қарым-қатынасқа бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын, стратегияларды таңдады. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңашыл сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, құлшынысын оятты. Осының барлығы педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, бала психологиясының қыр-сырын түсінуге икемдедіАлдағы уақытта зерттеу сабағын өткен мұғалім тәжірибесін жетілдіруді және жетілдіру барысында өзінің қандай деңгейде екендігін түсінгендігін айтты. Сабақты талдау біздің командаға көп көмек берді. Кәсіби білімімімізді әлі де жетілдіру керектігін, мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүру керектігін ұқты.

Мектептегі оқу үдерісіне өзгеріс енгізуді іске асыратын қоғамдастық жұмысы жанданғанда, бөлінген көшбасшылық дұрыс ұйымдастырылып, жаңа педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы, әр сабақтан соң кері байланыс алу арқылы нәтижелі сабақ беріліп, мұғалімдердің кәсіби дамуы артады. Сабақты зерттеу біздің мектеп тәжірибесіне енгелі оқушыларымызды зерттеуге қатысты түрлі мәселелер мен сұрақтардың шешімі табылуда. Зерттеуші топ ынтымақтаса жұмыс атқарды, пікірлесе отырып, бір шешімге келді.

Сабақты зерттеудің ерекшеліктері – жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарай оқыту және әріптестермен бірлесе отырып, тәжірибемен бөлісу.

Осы қиындықтарды жеңуді жоспарлау (мүмкін шешімдер)

. Оқу үрдісінде оқыту мен оқудағы диалогты, топтық жұптық жұмысты жүйелі түрде пайдалану арқылы оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, оқушылардың өз көзқарасын білдіруі және дәлел келтіруі, басқалардың пікірін тыңдау, өзгенің пікірін кұрметтеу және бағалауы арқылы оқушылардың өз бетімен жұмысын шығармашылығын, өзіндік ізденісін арттыру. Бастысы - мұғалім оқытуына емес, оқушы оқуына назар аудару. Зерттеу жұмысын жоспарлау басында оның мақсатын белгілеуге мән беру қажет.

Іс-әрекеттегі зерттеу үрдісінің бірінші қадамы - Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу қиындау болатын сияқты. Себебі Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығы мен тақырыптың көкейкестілігінінің қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру үшін коучинг сабағын өткізуді жоспарлаймыз. Коучинг барысында мұғалімдерге зерттеу тақырыбымызды анықтау үшін алдымен нақты сұрақ қою арқылы зерттелетін тақырып пен сұрақты зерделеуіміз керек. Бұл - нақты, топталған, ықшамды, кешенді және дәлелді талап ететін сұрақ болғандықтан, осы сұрақ айналасында зерттеуіміз шоғырланады. Ф.Киркман зерттеуі бойынша , мысалы: «Диалогтік оқыту не?»-ауқымды сұрақ, ал «Диалогтік оқыту оқушылардың жұмыс сапасын қалай жақсартады? »- деген сұрақ нақтылау. Әріптестеріммен бірге осы іс-әрекеттегі сабақты жұргізуде басты назарды нақты, адамды ойландыратын сындарлы сұрақтарды қоюға дағдылану керек. Осыдан ендігі мектепте іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарын ұйымдастыру барысында зерттеу тақырыбы мен зерттеу сұрағына көңіл бөлу керектігі айқын болды.

Зерттеуші ретінде тренеріміздің қолдауымен осы бағдарлама материалдарын оқып, зерделеп, талдау барысында барлық уақытта бір әдісті пайдалана беру оқушылардың дағдыларының дамуын баяулататынын сезіндік. Келесіде ұйымдастырылатын іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарында тәжірибеге өзгеріс енгізу қажеттігін ескеріп, жаңа әдістерді пайдаланған ұтымды екеніне көзіміз жетті. Әсіресе, "Мектептегі тәжірибені қалай жүзеге асырамын?" деген сұраққа дұрыс жауап таба білуге , оқушылармен сұхбат жүргізуге, оқушы үнін тыңдауға, аудио-видео жазбаларын тиімді пайдалануға, бағамдау әдістеріне, кері байланыс жасай білуге, рефлексиялық есепке назар аударуды ұйғардық. Өзара сабаққа қатысу үдерісін сабақты зерттеу тәсіліне айналдырса, мұғалім әлеуеті мен оқушының оқуға қызығушылығын арттыруда табысты тәсіл болатынына зерттеу жүзеге асқан соң, көз жеткіземіз деген үміттеміз. Бұл қиындықтады, сабақта кездесетін кедергілерді жеңу үшін осы «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курсы бағдарлама нұсқаулығын негіздей отырып, іс-әрекеттегі зерттеудің 3 циклін жүзеге асыруда, бірлескен жұмысты қолға алу қажеттілігі туындайтыны мәлім болды. Сабақты Зерттеу қағидаттары – Сабақты Зерттеуді жоспарлау, өткізу, қадағалау, талдау. Нәтижеде Сабақты Зерттеу тәжірибелік білімді әріптестермен бөліседі, әріптестер бір-біріне көмектеседі, оқушылардың маңызды білім алуына жағдай туады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!