Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақтың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
-
Пән : Физика
-
Сынып: 7 сынып
-
Сағат саны: 68, аптасына: 2 сағ.
-
Жоспар бойынша жиынтық бағалау жұмысы – 4.
-
Жоспар бойынша практикалық сабақтар – 22; зертханалық жұмыстар – 10 сағат
-
Жоспар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016) бойынша оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан
Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2013 жылғы 3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 202-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған
«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
-
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2.7-9-сыныптардағы физика курсын оқытудыңмақсаты –оқушылардың ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыру. Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру.
3. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудыңнегізгі міндеттері:
-
оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету;
-
оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға; физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
-
оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
-
табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдануболып табылады.
2-тарау.«Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
-
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
-
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
-
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:
-
Физикалық шамалар мен өлшеулер;
-
Механика;
-
Жылу физикасы;
-
Электр және магнетизм;
-
Геометриялық оптика;
-
Кванттық физика элементтері;
-
Астрономия негіздері;
-
Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.
6. «Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Физика –табиғат туралы ғылым;
-
Физикалық шамалар;
-
Физикалық өлшеулер.
7. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Кинематика негіздері;
-
Динамика негіздері;
-
Сақталу заңдары;
-
Статика;
-
Тербелістер мен толқындар.
8. «Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Молекулалы-кинетикалық теория негіздері;
-
Термодинамика негіздері.
9. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Электростатика негіздері;
-
Электр тогы;
-
Магнит өрісі;
-
Электромагниттік толқындар және тербеліс.
10. «Геометриялық оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Геометриялық оптика заңдары.
11. «Кванттық физика элементтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Атом мен атом ядросының құрылысы;
-
Радиоактивтілік;
-
Элементар бөлшектер.
12. «Астрономия негіздері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Жер және Ғарыш;
-
Астрофизика элементтері.
13. «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімі «Физиканың дүниетанымдық мәні» бөлімшесінен тұрады.
14. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны:
-
«Физика –табиғат туралы ғылым».Физика –табиғат туралы ғылым; табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
-
«Физикалық шамалар мен өлшеулер».Халықаралық бірліктер жүйесі (SI); скаляр және векторлық физикалық шамалар; өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі; үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;
Зертханалық жұмыс:
№ 1 зертханалық жұмыс: кішкентай денелердің өлшемін анықтау;
№ 2-зертханалық жұмыс: физикалық шамаларды өлшеу;
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.
-
«Механикалық қозғалыс». Механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары; санақ жүйесі; қозғалыстың салыстырмалылығы; түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар; жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу; әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері.
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; координатаның уақытқа тәуелділік графигін зерттеу.
-
«Тығыздық». Масса және денелердің массасын өлшеу; дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу; заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі; тығыздықты есептеу;
№ 3 зертханалық жұмыс: сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау.
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әр түрлі денелердің массасын анықтау.
-
«Денелердің өзара әрекеттесуі». Инерция құбылысы; күш; тартылыс құбылысы және ауырлық күші; салмақ; деформация; серпімділік күші, Гук заңы; үйкеліс күші; үйкеліс әрекетін техникада ескеру; бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу.
Зертханалық жұмыс:
№ 4 зертханалық жұмыс: серпімді деформацияларды зерделеу;
№ 5 зертханалық жұмыс: сырғанау үйкеліс күшін зерттеу;
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; динамометр көмегімен өлшеу; ауырлық күшін зерттеу; түрлі денелердің созылуын зерттеу.
-
«Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым». Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылымы; қатты денелердегі қысым; сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы; қатынас ыдыстар; гидравликалық машиналар; атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу; манометрлер, сорғылар; кері итеруші күш;
Зертханалық жұмыс:
№ 6 зертханалық жұмыс: Архимед заңын зерделеу;
№ 7 зертханалық жұмыс: дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; кез-келген пішінді қатынас ыдыстардағы бірдей және әртүрлі сұйықтардың беттерінің орналасуын зерттеу; атмосфералық қысымның бар екендігін зерттеу.
-
«Жұмыс және қуат». Механикалық жұмыс; қуат.
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; жұмыстың мәнін график бойынша анықтау; ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру; транспорт түрлерінің қуатын бағалау.
-
«Энергия». Кинетикалық энергия; потенциалдық энергия; энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы.
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау.
-
«Жай механизмдер». Жай механизмдер; дененің массалық центрі; иіндіктің тепе-теңдік шарты; пайдалы әрекет коэффициенті.
№ 8 зертханалық жұмыс: Жазық фигураның массалар центрін анықтау;
№ 9 зертханалық жұмыс: иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;
№ 10 зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;
3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; түсірілген күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу.
-
«Жер және Ғарыш». Аспан денелері туралы ғылым; Күн жүйесі; Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл).
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
7-сынып (Барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі |
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны |
Оқу мақсаттары |
Сағат саны |
Уақыты |
Үйге тапсырма |
|||
1-тоқсан |
|
7А |
7Ә |
|
||||
Физика – табиғат туралы ғылым (2 сағ) |
Физика – табиғат туралы ғылым |
7.1.1.1 – Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру |
1 сағ |
04.09 |
04.09 |
|
||
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері |
7.1.1.2 – табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату |
1 сағ |
07.09 |
05.09 |
|
|||
Физикалық шамалар мен өлшеулер (4сағ) |
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) Скаляр және векторлық физикалық шамалар |
7.1.2.1 – физикалық шамаларды олардың SI- жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру 7.1.2.2 – скаляр және векторлық физикалық шамалар ажырату және мысалдар келтіру |
1 сағ |
11.09 |
11.09 |
|
||
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу |
7.1.2.3 – үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M); |
1 сағ |
14.09 |
12.09 |
|
|||
№1-зертханалық жұмыс. «Физикалық шамаларды өлшеу» |
7.1.3.1 – дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
1 сағ |
18.09 |
18.09 |
|
|||
№2 зертханалық жұмыс. «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау» |
7.1.3.2 – кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
1 сағ |
21.09 |
19.09 |
|
|||
Механикалық қозғалыс (10 сағ) |
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы Санақ жүйесі |
7.2.1.1 – келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру |
2 сағ |
25.09
28.09 |
25.09
26.09 |
|
||
Қозғалыстың салыстырмалылығы |
7.2.1.2 – механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру |
1 сағ |
02.10 |
02.10 |
|
|||
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар |
7.2.1.3 – түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу |
1 сағ |
05.10 |
03.10 |
|
|||
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу |
7.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу |
1 сағ |
09.10 |
09.10 |
|
|||
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері |
7.2.1.5 – s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу; |
2 сағ |
12.10 16.10 |
10.10 16.10 |
|
|||
7.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын; 7.2.1.7 – бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау |
1 сағ
1 сағ |
19.10
23.10 |
17.10
23.10 |
|
||||
№ 1Жиынтық бақылау жұмысы |
1 сағ |
26.10 |
24.10 |
|
||||
2-тоқсан |
|
|
|
|
||||
Тығыздық (4 сағ) |
Масса және денелердің массасын өлшеу |
7.2.2.11 – электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу |
1 сағ |
06.11 |
06.11 |
|
||
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу |
7.2.2.12 – әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану |
1 сағ |
09.11 |
07.11 |
|
|||
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. №3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау» |
7.2.2.13 – тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.2.14 – сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
1 сағ |
13.11 |
13.11 |
|
|||
Тығыздықты есептеу
|
7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану |
1 сағ |
16.11 |
14.11 |
|
|||
Денелердің өзара әрекеттесуі (8 сағ) |
Инерция құбылысы |
7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру |
1 сағ |
20.11 |
20.11 |
|
||
Күш
|
7.2.2.2 – күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру |
1 сағ |
23.11 |
21.11 |
|
|||
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ |
7.2.2.10 – масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату |
1 сағ |
27.11 |
27.11 |
|
|||
№4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу» |
7.2.2.4 – серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
1 сағ |
30.11 |
28.11 |
|
|||
Деформация
|
7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру |
1 сағ |
04.12 |
04.12 |
|
|||
Серпімділік күші, Гук заңы |
7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу |
1 сағ |
07.12 |
05.12 |
|
|||
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру №5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу» |
7.2.2.6 – тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау; 7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру |
1 сағ |
11.12 |
11.12 |
|
|||
Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу |
7.2.2.8 – күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету; 7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау |
2 сағ |
14.12
18.12 |
12.12
18.12 |
|
|||
№ 2 Жиынтық бақылау жұмысы |
1 сағ |
21.12 |
19.12 |
|
||||
№2 Жиынтық бағалау жұмысын талдау, қайталау |
1 сағ |
25.12 |
25.12 |
|
||||
3-тоқсан |
||||||||
Қысым (16 сағ)
|
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы |
7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау |
2 сағ |
28.12 08.01 |
26.12 08.01 |
|
||
Қатты денелердегі қысым
|
7.3.1.2 – қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау; 7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану |
1 сағ
1 сағ |
11.01
15.01 |
09.01
15.01 |
|
|||
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы |
7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру; 7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану |
1 сағ
1 сағ |
18.01
22.01 |
16.01
22.01 |
|
|||
Қатынас ыдыстар
|
7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру |
1 сағ |
25.01 |
23.01 |
|
|||
Гидравликалық машиналар |
7.3.1.7 – гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау; 7.3.1.8 – гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу |
1 сағ |
29.01 |
29.01 |
|
|||
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
|
7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну |
1 сағ |
01.02 |
30.01 |
|
|||
Манометрлер. Сорғылар |
7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау |
1 сағ |
05.02 |
05.02 |
|
|||
№ 6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу» |
7.3.1.11 – кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
1 сағ |
08.02
|
06.02
|
|
|||
Кері итеруші күш |
7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру; 7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану |
2 сағ |
12.02 15.02 |
12.02 13.02
|
|
|||
№ 7 зертханалық жұмыс. «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау» |
7.3.1.14 – дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
2 сағ |
19.02 22.02
|
19.02 20.02
|
|
|||
Жұмыс және қуат (2 сағ) |
Механикалық жұмыс Қуат
|
7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану |
1 сағ
2сағ |
26.02
01.03 08.03 |
26.02
27.02 05.03 |
|
||
№ 3 Жиынтық бақылау жұмысы |
1 сағ |
05.03 |
06.03 |
|
||||
№3Жиынтық бағалау жұмысын талдау, қайталау |
1 сағ |
12.03 |
12.03 |
|
||||
4-тоқсан |
|
|
|
|
||||
Энергия (4 сағ) |
Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия
|
7.2.3.2 – механикалық энергияның екі түрін ажырату; 7.2.3.3 – кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану; 7.2.3.4 – жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану |
1 сағ
1 сағ |
15.03
19.03 |
13.03
19.03 |
|
||
Энергияның сақталуы және айналуы |
7.2.3.5 – энергияның түрленуіне мысалдар келтіру; 7.2.3.6 – механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану |
1сағ
1сағ |
05.04
09.04 |
20.03
03.04 |
|
|||
Күшмоменті (7 сағ) |
Жаймеханизмдер |
7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру; 7.2.4.2 – күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру |
1 сағ |
12.04 |
09.04 |
|
||
Дененің массалық центрі №8 зертханалық жұмыс. «Жазықфигураныңмассаларцентрінанықтау» |
7.2.4.3 – жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау |
1 сағ |
16.04 |
10.04 |
|
|||
Иіндіктің тепе-теңдікшарты |
7.2.4.4– тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану |
2 сағ
|
19.04 23.04
|
16.04 17.04 |
|
|||
№9 зертханалық жұмыс. «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау» |
7.2.4.5 – тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
1 сағ |
26.04 |
23.04 |
|
|||
Пайдалы әрекет коэффициенті. |
7.2.4.6 – көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау; |
1сағ |
30.04 |
24.04 |
|
|||
№10 зертханалық жұмыс. «Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау» |
7.2.4.6 – көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
2 сағ |
03.05 07.05
|
30.04 07.05 |
|
|||
Жержәне Ғарыш (3 сағ) |
Аспан денелері туралы ғылым |
7.7.1.1 – геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру |
1 сағ |
10.05 |
08.05 |
|
||
Күн жүйесі |
7.7.1.2 – Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу |
1 сағ |
14.05 |
14.05 |
|
|||
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл) |
7.7.1.3 – жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру |
1 сағ |
17.05 |
15.05 |
|
|||
№ 4 Жиынтық бақылау жұмысы |
1сағ |
21.05 |
21.05 |
|
||||
Қорытынды |
1сағ |
24.05 |
22.05 |
|