Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Жеке құрам бойынша ережелер.Штат кестесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: Жеке құрам бойынша ережелер.Штат кестесі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал колледждің меемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні мұғалімдеріне қажет. тәжірибелік сабақты қызықты өткізуге септігі тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
9027
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні


Сабақтың тақырыбы: Жеке құрам бойынша ережелер.Штат кестесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жеке құрам бойынша ережелер және штат кестесі туралы ақпарат беру, білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру

Көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер,сызбалар

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру

Кәсіпорынның құрылымы және штат саны оның жарғысына сәйкес айқындалады және кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері, лауазымдардың атауы және әрбір лауазым бойынша штат саны арнайы құжатпен бекітіледі. Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалады, кәсіпорын басшысының орынбасары қол қояды, бас бухгалтермен келісіледі және кәсіпорынның директоры бекітеді. Бекіту грифі мөрмен расталады.

Штат  кестесі. Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, бірін-шіден, «Құрылым және штат саны» деген құжатта бекітіледі. Құжаттың мөтіндік бөлігі кесте түрінде орындалады. Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып, оған басшының орынбасары қол қояды, бас есепшіменкелісіліп, бірінші басшы бекітеді. Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы,  жалақы қоры көрсетіліп, «Штат кестесінде» бекітіледі. Штат кестесіне кәсіпорын  басшысының орынбасары   қол қойып, бас есепшімен келісе отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, еңбек ақының айлық қоры көрсетіледі. Бұл аталған құжаттарға тек директордық бұйрығымен өзгерістер енгізіледі.

Үлгімен таныстыру.

Үлгі

____________________________________________

кәсіпорын немесе мекеме атауы1

БЕКІТЕМІН

кәсіпорын немесе

мекеме басшысы


_______________ ______________________________

(қолы) (аты-жөні)


200__ жылғы «____ » ________ 200__ жылғы «____ » _________


___________ қаласы Мөр

Кәсіпорын немесе мекеме басшысының орынбасары2

__________ ___________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Бұрыштама

Тәжірибелік жұмыс:

А. тапсырма. Құрылым және штат саны графаларымен танысып, толтырыңыз


БЕКІТЕМІН

Кәсіпорынның басшысы

Қолы Аты-жөні

00.00.00

Мөр

Кәсіпорынның атауы

ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ШТАТ САНЫ

00.00.00

Алматы қаласы

Құрылымдық бөлімшенің және лауазымның атауы

Штат саны

Кәсіпорын басшысының орнынбасары қолы Аты-жөні

Бұрыштамалар

Б. тапсырма. Штат саны графаларымен танысып, толтырыңыз

Кәсіпорынның атауы

Штат санын ______бірлікте,

Жалақының айлық қоры __________теңге мөлшерінде

Бекітемін

Кәсіпорынның басшысы

Қолы Аты-жөні

00.00.00

Мөрі

ШТАТТЫҚ КЕСТЕ

00.00.00

Алматы қаласы

Лауазымның атауы

Штат бірлігінің саны

Лауазымдық жалақылар

Үстемақылар

Жалақының айлық қоры

Ескерту

Дербес басқа

Кәсіпорны басшысының орынбасары қолы Аты-жөні

Бас бухгалтер қолы Аты-жөні

00.00.00

1-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нұсқаулықты енгізу, құжаттармен жұмыс істеу, қамтамасыз ету, нұсқаулықты бекіту, ережені басшылыққа алу, нұсқаулықты көбейту, бұйрықтың орындалуын қадағалау, институттың барлық бөлімшелері, қамтамасыз ету мақсатында, бұйрық негізі, бұйрық шығару, акционерлердің жалпы жиналысы, негізгі қызмет бойынша, міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар, жеке құрам бойынша бұйрық, бұйрықтың орындалу мерзімі, мекеме басшысы, өндірістік қажеттілік, келісімшарт мерзімі, кәсіпорынның жойылуы, еңбек тәртібін ұдайы бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, штаттық кестеге сәйкес, айрықша жұмыс жағдайлары, үстемақы белгілеу.

Қосымша ақпарат:

Өкім — распоряжение

Нұсқау — инструкция, указание, директива

Нұсқау хат — инструктивное письмо, директивное письмо

Қаулы — постановление

Шешім — решение

Жарлық - указ

Есте сақтаңыз

2 апталық

4 айлық сынақ мерзімімен

10 күндік

штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде - с окладом согласно штатному расписанию

атқаратын қызметінен — с занимаемой должности

Бұйрықта қолданылатын модельді есте сақтаңыз

Етістіктің ырықсыз бұйрық

бұйрық + етіс + райдың

райы жұрнағы жұрнағы

2-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа кестеге сәйкес

Штаттық белгілеу

Орынбаевтың жағдайына байланысты

Үстемақы шығуына байланысты

Отбасы сынақ мерзімімен

Еңбек шартының қызметінен

Зейнеткерлікке өтініші

2 апталық қабылдау туралы

Атқаратын аяқталуына байланысты

3-жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз

Үлгі: белгілеу - белгіленсін

енгізу -

босату -

қысқарту -

жүктеу -

жүргізу -

орындау -

тыйым салу -


Тапсырма: Штат кестесін құру.

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру

Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Қорытындылау сұрақтары:

  1. Штат кестесін кім толтырады?

  2. Штат кестесінің құрылымы?

  3. Жеке құрам бойынша ережелер қандай?

Үйге тапсырма беру: Құрылым және штаттық кестелермен жұмыс

Сабақты бекіту

Сабақты қорытындылау









































Тәжірибелік сабақ № 6

Сабақтың тақырыбы: Түсініктеме. Анықтама.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Баланың мектепке психологиялық-педагогикалық дайындығының мониторингін түсіндіру.

Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру

Көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,сызбалар,анкета сұрақтары

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақ:

Түсініктеме -өндіріс орнының, мекеме жұмысшысының немесе қызметкердің еңбек тәртібін бұзған жағдайда оның себебін түсіндіріп жазатын құжат.

Түсінік хаты еңбек тәртібін бұзған азамат немесе басшысының немесе арнайы бақылау орнының қызметкерінің талап етуі бойынша жазады.

Түсінік хат қалыпты қағазға қолмен жазылып тапсырылады.

Түсініктеме жазғанда қамтылатын міндетті мәліметтер:

  1. Кәсіпорын, ұйымның аты, кімге арналғаны

  2. Құжат тақырыбы

  3. Нөмері, мерзімі

  4. Құжат мәтіні

  5. Түсінік хат иесінің қолы

Түсініктеме мынандай жағдайларда жазылады:

1.Студент сабақтан белгісіз себептермен қалған жағдайда

2. Жеке азамат еңбек тәртібін бұзған жағдайды

АНЫҚТАМА

Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын кұжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан "Анықтама" деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады.Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анықтама не үшін беріледі ?

  2. Онын құрылымы қандай болады ?

2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.

Грамматикалық минимум

Ырықсыз етіс -ыл, -іл, - л

жұрнақтары: -ын, -ін, - н

Мысалы: Анықтама азамат А. Құмаровқа берілді.

Анықтама оқу бөлімінен алынды.

3-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды.

2. Бүгін 150 анықтама берілді.

3. Келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылды.

4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды.

5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.

4-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз

Анықтама № 34/1

2 мамыр 2006 ж.

Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.

Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.

Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін берілді.

Анықтама 10 күн өз күшінде.

Мөр орны

Оқу бөлімінің бастығы Ж.Сабырова

5-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анықтамалар кімге берілген ?

  2. Не үшін берілген ?

  3. Қайда тапсыру үшін берілген ?

6. Анықтама кімнің атынан берілген ?

6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, тұрғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.


7-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

Анықтама

Осы анықтама жолдас Жақыпов Жандос берілді. Жақыпов Жандос шын мәнінде Заң академиясының 3 курс оқиды. Анықтама Ғылым Академиясы берілді.

Оқу бөлімі бастығы А. Назарова


8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.

  1. Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау
    үшін әскери комиссариатқа керек.

  2. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-сі, 45-үй,12-пәтер.

  3. Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың әл-Фа-
    раби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (3-курс)
    оқитынын растау үшін керек.

Үлгі: Студент сабақтан қалған жағдайда

Халықаралық қатынастар және филология

факультетінің деканы Б.Т. Айнабековке

Түсінік хат

Мен, Нұржанов Асан, 7 мамыр күні інімнің үйлену тойы болғандықтан, сабаққа келе алмадым. Қалдырылған сабақтар тақырыптарын жеке консультация кестесі бойынша тапсырамын.

00.00.00 ж. қолы

2. Жеке азамат еңбек тәртібін бұзған жағдайда.

(сабақтың өтілмегені туралы)

№11 орта мектептің

директоры Сарсенбай ұлына

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру

Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Сабақты бекіту

Сабақты қорытындылау

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Усачева И.В.Курс эффективного чтения учебного и научного текста. – М.,1993.

3. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994

4. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.




























Тәжірибелік сабақ №7

Сабақтың тақырыбы: Сенімхат. Қолхат. Кепілхат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сенімхат, қолхат, кепілхат туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру

Көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,сызбалар,анкета сұрақтары

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақ:

СЕНІМХАТ

Сенімхат — сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.

Сенімхат екі түрлі болады:

- мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар

- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.

Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкінде рәсімделеді.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына:

  • жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар алуға;

  • өтініш жазуға;

- қол қоюға;

- пәтер сатуға және сатып алуға;

- пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;

- машина жүргізуге;

- банктегі есептерді пайдалануға;

- барлык мекемелерде іс жүргізуге;

- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық береді. Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі.Егер оның мерзімі көрсе -тілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілсе, мерзімнің аяқталуына байланысты ол өз күшін жояды. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.

Сенімхаттың құрылымы:

Ең алдымен жолдың ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы койылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.

ҚОЛХАТ

Қолхат — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.


Тәжірибелік жұмыс кезеңі:

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сенімхат қандай құжат ?

  2. Сенімхаттың неше түрі болады ?

  3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде ?

  4. Жеке сенімхат қандай іс-әрекеттері орындауға беріледі ?

  5. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды ?

  6. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды ?

  7. Сенімхат қайда куәландырылады ?

  8. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады ?

  9. Сенімхаттың құрылымы қандай ?

2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пай-далану.

3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз


СЕНІМХАТ

2006 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы

Мен, азамат Жұбанов Қайрат, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің № 645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің № 925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген


2006 жылғы 20 қаңтар қолы ________________


Осы сенімхатты 2006 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Алмагүл, Алматы қаласындағы лицензия № 001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.


Нотариус қолы _________________

мөр орны

4-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

1. Сенімхатта сенім білдіруші кім ?

2.Сенім білдіруші кімге сенім білдірген ?

3. Қандай іс - әрекетке сенім білдірген ?

4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған ?

5-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

сенімхат 4 айға дейін құқығын бердім

нотариалдық кеңсенін қабілеттілігі

менің қатысуым тіркелді

қол қою алынды

өтініш жазуға дауыстап оқылды

құқықтық іс-әрекетке өкілетті еттім

тізбеге кезінде

салық нотариусы

сенімхаттың мәтіні өз күшінде

6-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қолхат — қандай құжат ?

  2. Қолхатта қолхат беруші мен колхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс ?

  3. Қолхат неше дана етіп жасалады ?

  4. Олар кімде сақталады ?

7 -жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолхат беруші кім ? _______________________

2. Қолхат алушы кім ? _______________________

3. Қолхат беруші қанша теңге алған ? __________

4. Қолхат беруші не істеуге міндеттенеді ? ______

5. Қолхат неше дана етіп жасалған ? ___________

8 -жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп тұруға, мерзімінде қайтару, қолхат беру, келісімшарт талаптары.

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру

Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Сабақты бекіту

Сабақты қорытындыла

Тәжірибелік сабақ №8

Сабақтың тақырыбы: Хат – хабарлар рәсімдеу ережелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сенімхат, қолхат, кепілхат туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру

Көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,сызбалар,анкета сұрақтары

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақ:

Іскерлік хаттар осы кезге дейін байланыстың ең көп тараған түрі болып келді. Телекс, телефон, компьютерлік байланыс өте тез, жылдам іске асады, алайда хаттың да өз артықшылығы бар: ол көлемі, арзандығы, әсіресе, заң тұрғысынан тыңғылықтығымен маңызды. Шет елдерде хаттың формалдық жағына ерекше көңіл бөледі. Өйткені әріптесіңмен қарым-қатынасынды ушықтырмас үшін – хабар алмасу этикетін қатаң сақтау керек. Іскерлік хаттар фирма не ұйымның деректемелері бар арнаулы қағазға (бланк) жазылады. Оның сыртқы түрі фирманың өзіндік бет-бейнесін береді, сондықтан оны безендіру ұсақ-түйегіне дейін ойластырып жасалады. Халықаралық ережелер бойынша мекен-жай екі рет жазылады: конверттің төменгі оң жағына және хаттың сол жақ жоғарғы бұрышына. Егер хат көрінетін конверт түріне салынса, онда мекен-жай хаттың сол жақ жоғарғы бұрышына бір-ақ рет жазылады. Демек, онда хат алушының мекен-жайы конверттің ашық жерінен көрініп тұратындай болып орналастырылуы керек. Хаттың міндетті түрде болуға тиіс келесі тізбесі – хат арналған адамның аты-жөні. әр мемлекетте аты-жөнін жазудың әр түрлі дәстүрі қалыптасқан, бірақ көбінесе алдымен атын, содан кейін тегін жазу қалыптасқан. «Мырзаға», «Докторға» деген арнаулар және басқалары міндетті түрде қысқартылған түрде беріледі. Одан кейін қабылдаушы жұмыс істейтін фирманың аты, мекен-жайы жазылады: үйдің нөмірі, көше аты. Ең соңында қала, штат (графство, кантон т.б.), пошта индексі және елдің атауы тұрады. Толық мекен-жай, мысалы, былай жазылады:

К. Липински мырзаға,

«ТАМПЕЛЛА ПАУЭР Инк»,

Бас директорына

109, Лапинти,

ТАМПЕРЕ, 33101,

ФИНЛЯНДИЯ (6, 71).

Жіберуші фирманың деректемелерінен кейін жіберілген күні көрсетіледі. 12.05.97 деген сияқты, қысқарту түрі халықаралық тәжірибеде қолданылмайды. Хаттың жазылу уақыты төмендегідей үлгіде беріеді: 12 май, 1997 ж. АҚШ-та алдымен айын, одан кейін күнін көрсету қалыптасқан: Май 12, 1997.

Хаттың өзі сол жақ жоғарғы бұрышына мекен-жайды жазумен басталатыны айтылған болатын. Одан кейін төменде азат жолсыз сол жақтан сыпайы түрдегі арнау жазылады. Ол дәстүрлі мынадай сөздерден тұрады: «Қымбатты (тегі) + мырза (немесе ханым)» немес «Қымбатты (тегі) + доктор» немесе «Құрметті мырзалар», «Құрметті (тегі) + мырза».

Хат арналған адам сізге қаншалықты жақсы таныс болса да, іскерлік хаттарда «сен» деп айтуға болмайды. Кіріспе қаратпа сөзден кейін леп белгісі емес, үтір қойылады.

Қаратпа сөзден кейін келесі жолда хат тақырыбы аталады. Бұл үшін Re («Reference») белгісін қою жеткілікті, бұл сөздің мағынасы «тақырыпқа байланысты» дегенді білдіреді.

Мысалы: Re: Сіздің 1997ж. 8 майдағы телексіңіздің жауабына. Егер тақырыбы бірнешеу болса, онда олардың әрқайсысы жаңа жолдан басталады. Мысалы:

Қымбатты Смит м-за, 

Re: Сіздің «Омега» жобасы бойынша ұсыныстарыңыз жөнінде,  Төленбеген есепшоттар № 28765, 54 328, 1996 ж. қазан айында мұнай өнімдерін жеткізу туралы.

Хат мәтінінің тақырыбын бас әріптермен жазу немесе астын сызу қазіргі жаңа үлгінің тәсілі болып табылады. Мысалы:

Қымбатты Смит м-за, 

Сіздің «Омега» жобасы бойынша ұсыныстарыңыз жөнінде,

Одан әрі хат мәтіні жалғасады.

Хат әдетте жақсы тілек білдіру сөздерімен аяқталады. Егер хат ресми болса, онда «Сізге шынайы тілектес...» деген жақсы ықпал білдіру құрылымы қолданылады. Немесе хат соңында мынадай тілектерді айтуға болады: «... мырзаға ең жақсы тілектер тілеймін», «Ең жақсы тілектермен», «Менің игі тілектерімді қабыл алыңыз» т.б.

Кіріспе сөз бен тілек білдіруді құруда өзара сабқтастық принципі сақталады: жауапхатта да жіберілген хатта айтылған сөздер қолданылады.

Тілек сөзден кейін қол қойылып, одан төменірек сіздің аты-жөніңіз бен қызметіңіз көрсетіледі. Көптеген елдерде қол парақтың оң жағынан ізеттілік сөздерінен кейін қойылады. Егер хатқа қандай да бір материал немесе құжат тіркелсе, әдетте олар хат соңында сол жақта жолда «Қосымша» сөзінен кейін санамалап жазылады. Мысалы,

Қосымша: 1. Келісім (5 бет)

2. Сақтандыру полисі (6 бет)

Көшірмесі жіберілгендігі жөнінде (егер болса), қосымшадан кейін көрсетіледі. 

Бақылау сұрақтар.

  1. Іскерлік хаттың аршықшылығы қандай?

  2. Хат –хабарларды ресімдеу ережелеріне не жатады? 

  3. Хат мәтінінің құрылымы қандай?

1-жаттығу. хат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Хабарламахат кімге арналған ?

  2. Екі кәсіпорын арасындағы келісімшарт қай кезде жасалған ?

  3. Келісімшарт бойынша "Адал" ААҚ кандай міндеттеме алған ?

  4. "Қарлығаш" ЖШС неліктен 500 мың теңге зиян шекті ?

  5. «Қарлығаш» акционерлік қоғамы неден бас тартатынын мәлімдеді ?

  6. Құттықтаухат қандай жағдайларда жолданады ?

  7. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады ?

  8. Құттықтаухаттың құрылымы қандай ?

  9. Құттықтаухат қандай сөздермен аяқталады.?

  10. Хабарламахатты кім жіберген ?

2-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

аса көңілден

іскер жоғары

ізгі арасында

шынайы ниетпен

беделді маман

қызметкерлер құрметті

келісімшарт жеткізу

шағын шегу

шикізат бас тарту

зиян мерзімде

келісімшарттан бойынша

көрсетілген кәсіпорын

3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Хабарламахат кімге жіберілген ?

  2. Келісімшарт қашан жасалған ?

  1. Келісімшарт бойынша Б.Кеңесбаев қандай міндеттеме алған ?

  1. Неліктен А.Кеңесбаева қысқы сессияға жіберілмейді ?

  2. Университет ректоры Б.Кеңесбаевқа не туралы мәлімдейді ?

  3. Хабарламахатты жіберуші кім ?

4 - жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз

Шикізат жеткізу, міндеттеме алу, келісімшарт бойынша, көрсетілген мерзім, келісімшарттан бас тарту, Оспанованың оқуы үшін, хабарламахат жіберу, сессияға жібермеу, оқудан шығару, хабарламахат алу, хабарламахат арқылы хабарлау.

Грамматикалық минимум

  1. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Неліктен ? Не себепті?

Етістіктің ған

бұйрық + (ген) + дықтан

райы (қан) (діктен)

(кен)

Мысалы: Бәрі жиналған + дықтан, жиналыс уақытында өтті.

Бәрі жиналмаған + дықтан, жиналыс уақытында өтпеді.

5-жаттығу. Жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

Тәжірибелік жұмыс: Хат жазу

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру

Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасын беру: Қосымша мәлімет әкелу. Глоссарий жазу.

Сабақты қорытындылау

Тәжірибелік сабақ №9

Сабақтың тақырыбы: Істер номенклатурасын құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: істер номенклатурасын құрастыру туралы түсіндіру

Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру

Көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,сызбалар,анкета сұрақтары

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақ:

Әдістемелік нұсқаулар:

Мекемелерде істі қалыптастыру мен есепке алудың бірыңғай тәртібін дұрыс топтау, белгілеу мақсатында жыл сайын іс номенклатурасы жасалады. Іс номенклатурасы оларды сақтау мерзімі көрсетіле отырып жасалған, мекеменің барлық ісі атауларының тізбесін білдіреді. Іс номенклатурасы мекеменің құрылымдық бөлімшелері жасайды, содан кейін кеңсе мекеменің бірыңғай (жиынтық) іс номенклатурасын қалыптастырады. Келесі жылға арналған жиынтық іс номенклатурасын ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей мекеме басшысы бекітеді.Жиынтық іс номенклатурасын жасауға жауаптылық кеңсеге жүктеледі. Іс номенклатурасы бойынша құрылымдық бөлімшелерге немесе салаларға шартты белгілер (сандық) беріледі. Номенклатураға енгізілген әрбір іс құрылымдық бәлімше немесе сала шегінде өз нөмірін алады. Құрылымдық бөлімшенің немесе саланың шартты белгілерін осы бөлімшенің номенклатура бойынша іс нөмірімен біріктіру істің индексін жасайды. Іс номенклатурасы жаңа күнтізбелік жылдың 1қаңтаррынан бастап қолданысқа енгізіледі. Номенклатураны құрылымның қайта ұйымдастырылуына және мекеменің функциясының немесе сипатының өзгеруіне байланысты ғана қайта жасалады немесе қайта бекітіледі. Министерліктер мен ведомоствалар бағынышты мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар үшін үлгі іс номенклатурасын әзірлейді. Іс номенклатурасына кәсіпорынның барлық ісі және тіркеу журналы кіреді. Номенклатураға ғылыми- техниқалық құжаттар және баспа басылымдары кірмейді. Іс номенклатурасын хатшы- референт, кәсіпорынның құжаттарына жауапты маман немесе мұрағат жүргізуші жасайды. Номенклатураның бәлімдері ретінде кәсіпорынның құрылымдық бөлемдері ретінде кәсіпорыннның немесе мамандарының қызметінің бағыты пайдаланылады. Әрбір бөлімнің басында кәсіпорынның қызметі үшін маңызды құжаттар көрсетіледі; бұйрықтар, хаттамалар, содан кейін – хат алмасу және ақпараттық – анықтамалық құжаттар. Бөлімдердің соңында тіркеу журналы көрсетіледі. Іс номенклатурасына құрастырушы қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Жылдың соңында расталған істердің саны туралы қорытынды жазба жасалады. Істердегі құжаттарды жіктеу және негіздеп бөлу, оларды есепке алу және іздестіру мәліметтерімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымда істердің номенклатурасы әзірленеді. Істердің номенклатурасы ұйымның ақпараттық- іздестіру жүйесін жасау кезінде пайдаланылады, тұрақты және уақытша сақтаудағы істердің тізімдемесін құрастыруда негіз болып табылыды.Жоғары тұрган органның құжаттама қызметі құжаттар құрамыбіртектес ведомствоға қарасты ұйымдар үшін істердің тұрпатты (үлгі) номенклатурасын әзірлей алады. Ұйымның істер номенклатурасын әзірлеген кезде құрылтайшылық құжаттарын, құрылымдық бөлемшелер туралы ережелерді, құжаттардың сақтау мерзімдері көрсетілген тұрпатты, салалық (ведомстволық ) тізбелерін, істердің тұрпатты (үлгі) номенклатураларын, құрылымын (штат кестесін) басшылыққа алады, ұйым қызметінде жасалған құжаттардың түрлері, құрамы және мазмұны зерттеледі. Ұйымның істер номенклатурасы белгіленген нысагда жасалады


Тәжірибелік жұмыс:

А. тапсырма. Істер номенклатурасы графаларын толтыру

БЕКIТЕМIН

Кәсiпорын басшысы

Қолы, аты-жөнi

00.00.00.

IСТЕР НОМЕНКЛАТУРАСЫ

00.00.00.

200____жылға

Істің

индексі

Істің

тақырыбы

Істің саны

(томдары)

Істің сақталу мерзімі

және тізбесі бойынша

баптары

Ескертулер

Референт қолы аты-жөнi

Архив меңгерушiсi қолы аты-жөнi

Iс 200____жылы жүргiзiлдi.

Референт қолы аты-жөнi

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру

Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Негізгі талаптар.

  2. Істерді қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар.

  3. Мемлекеттік есеп.

  4. Тізімдерді қалыптастыру


Үйге тапсырма беру: Істер номенклатурасы кестесімен жұмыс

Сабақты қорытындылау





Тәжірибелік сабақ № 10

Сабақтың тақырыбы: Ұйымның істер номенклатурасын жасау және бекіту тәртібі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұйымның істер номенклатурасын жасау және бекіту тәртібі туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру

Көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер,сызбалар,анкета сұрақтары

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақ:

Номенклатура ұйымның бекітілген құрылымына сәйкес орналасқан құрылымдық бөлімшелердің атаулары ұйым істердің номенклатурасы бөлімшелердің атаулары болып табылады. Номеклатураның бірінші бөліміне ұйымдық-өкімдік құжаттамасы бар істердің тақырыптары енеді. Құрылымдық бөлімшелерден кейін маңызына қарай ұйымдардың атаулары орналастыруға тиіс.Егер ұйымның құрылымдық бөліктері жоқ болса, істердің номенклатурасы өндірістік-салалық немесе қызметтік схема бойынша құрылып, оның бөлімдерің атаулары ұйым қызметінің міндеттері мен бағыттарының мазмұнына қарай белгілінеді.Істер номенклатурасының 2-бағанына істердің (томдардың, бөлімдердің) тақырыптары енеді.Номенклатура бөлімдері мен бөлімшелерінің ішіндегі істердің тақырыптарын орналастырудың реті істердің құраған құжаттардың маныздылық дәрежесіне қарай және олардың өзара байланыстылығына қарай айқындалады.Алдымен ұйымдық-өкімдік құжаттамалары бар істердің тақырыптары орналыстырылады. Бұл ретте жоғары ұйымдардың қаулылары мен бұйрықтары бар істердің тақырыптары ұйымның бұйрықтары бар істердің тақырыптарының алдынан орналастырылады. Одан кейін жоспары және есептік құжаттары бар істердің тақырыптары орналастырылады.Өкімдік құжаттардың жобалары мен оларды әзірлеу жөніндегі басқа да құжаттар, жоспарларға енгізілетін өзгертулер, бұйрықтарға арналған негіздемелер істердің номенклатурасында тиісті негізгі құжаттардан кейін орналастырылады.Географиялық белгілеріне қарай және хат-хабар жолдаушының белгісіне қарай құрылған істердің тақырыптары істердің номенклатурасына хат-хабар жолдаушылардың аттары мен географиялық атаулардың алфавиттік реті бойынша енгізіледі. Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдардаң келесі жылғы іс номенклатуралары үстіміздегі жылдың сонғы тоқсанда құжаттаманы басқару үшін жауапты адамдар тарапынан жетекші мамандарды қатыстыра отырып, жасалады да ведомствалық архивпен келісіледі және оларға бөлімшелердің басшылары қол қояды. Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар істердің номенклатуралары негізінде құжаттаманы басқару қызметі ұйым істерінің номенклатурасын жасайды. істерінің номеклатурасына ведомствалық архивтің меңгерушісі рұқсат белгісін соғып, құжаттаманы басқару қызметінің басшысы қол қояды және ұйымның сарапшылар комиссиясы мақұлдағаннан кейін тиісті мемлекеттік архивтер мен құжаттама басқармасы органының сарапшы-тексеру комиссиясымен келісіп алуға жолданады, содан соң оны ұйымның басшысы бекітеді.

Ұйым істерінің номенклатурасы қажетті болатын данада компьютерде басылып, қаңтардың 1-інен бастап күшіне енгізіледі. Ұйымның іс-қаракеті мен құрылымы өзгерген күнде істердің номенклатурасы қайта жасалып, қайтадан келісіледі. Бірақ бұл 5 жылда кемінде бір рет болады. Ол жыл сайын тиісті түзетулерімен бірге қайтадан компьютерде басылып, бекітіліп отырады. Істер номенклатурасының бірінші данасы құжаттаманы басқару қызметіне сақталады, екінші данасын осы қызмет жұмысын бабында пайдаланады, үшінші данасы ведемствалық архивке беріледі. Төртінші данасы істердің номеклатурасы келісілген ұйымда қалтырылады. Істердің номенклатурасы бекітілген кейін құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар жұмыста пайдалану үшін оның тиісті бөлімдерін көшіріп алады. Құжаттарын мемлекеттің сақтауына тапсырмайтын ұйымдар істердің номенклатурасын жоғары ұйымның ведомстывалық сарапшы қызметімен келісіп алады.

Бақылау сұрақтары

  1. Істерді қалыптастыру туралы түсінік. Оларға қойылатын негізгі талаптар.

  2. Мұрағаттың жұмыс істеуінің негізгі ережелері. Әр түрлі дегейдегі құжаттарды қалыптастыру.

  3. 3.Құжаттар жүйесінің қағидалары

  4. Жеке құрам бойынша істерді түгендеу.

  5. Істерді қалыптастыруға қандай талаптар қойылады.

Тәжірибелік жұмыс:

1-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа кестеге сәйкес

Штаттық белгілеу

Орынбаевтың жағдайына байланысты

Үстемақы шығуына байланысты

Отбасы сынақ мерзімімен

Еңбек шартының қызметінен

Зейнеткерлікке өтініші

2 апталық қабылдау туралы

Атқаратын аяқталуына байланысты

2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пай-далану.

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру

Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Сабақты бекіту

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: мәнжазба дайындау

.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!