Материалдар / Сабақтың тақырыбы: "Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?" 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: "Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жопары өте тамаша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
781
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:Жаратылыстану

Мерзімі: 06.11.,2018

Мектеп «Свободный орта мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні: Ержан Т

Сабақтың тақырыбы:


Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1. 1.2.1 Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жүргізу

1.2.2.3 Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына

бейімделетінін білетін болады (қысқы ұйқыға кетеді,қысқы қор жинайды,өрістейді.)

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жыл құстарымен, қыстап қалатын (бұлдырық, көкшымшық, шұбаршымшық, сұр тырна, сарыайдар үйрек) танысады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Аң құстар ,жануарлар атауын дұрыс атай алады.

Сөз тіркестері:

Қоныс аудару- миграционные маршруты - immigration

ұйқыға кету- ложиться спать – go to sleep

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Ұйқыға кететін жануарларды білесің бе?
2.Құстар күзде қайда ұшып кетеді?

3.Тиін қысқа қалай дайындалады?

Не себепті ...... деп ойлайсыз?

1.Неліктен кейбір жануарлар қыc мезгілінде ұйқыға кетеді?
2.Неліктен кейбір құстар күз мезгілінде оңтүстікке қарай ұшып қетеді?

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

1.Жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделетін жануарларды анықтайды.
2.Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделу жағдайларын сипаттайды.

3.Оқушылар жануарлар мен құстардың қоныс аударуы/қысқы ұйқыға кетуі туралы біледі.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары негіз бола отырып оқушылардың бойында азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық, еңбекпен шығармашылықты дарыту.

Пән аралық байланыс

Дүниетану,математика, көркем еңбек пәндерімен байланыс орнайды.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетілетініз)

Жыл мезілі суреттері,интербелсенді тақта,слайд,жануарлар суреттері,азық түрлері.

Алдыңғы оқу:

Қыстайтын жануарларды біледі

Жоспар:


Жоспарланған

уақыт есебі:

Жоспарланған жаттығу түрлері

(төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған

жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)


Ресурстар



Басы



І.Ұйымдастыру кезеңі:

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!


Оқушыларды құстардың суреттері арқылы 4 топқа бөлу.

1-топ «Сұр тырна»

2-топ «Бұлдырық»

3-топ «Көкшымшық»

4-топ «Шұбаршымшық»


«Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен сабаққа шолу жасау.

Мақсаты: Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуге жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс.



Алдыңғы білім тексеру.


- Жануарлардың қандай түрлері болады ?

- Үй жануарларының пайдасы қандай?

- Жануарлардан қандай өнім алынады?

-Не себепті ірі үй жануарларын қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?

Дескриптор:

1.Үй жануарларының түрлерін айта айтады.

2. Үй жануарларының пайдасын біледі.

3.Ірі үй жануарларының ауыылда асырайтынын айтаалады.














Құстардың суреттері










Сұрақтар


Ортасы

Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.


Шырша саясы – күркесi,

Өзi орман еркесi.

Қарғып жүрер жан-жаққа,

Өте құмар жаңғаққа.   (Тиiн)


Әрбір жыл мегілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.Жануарлар жыл мезгілі ерекшеліктеріне бейімделіп отырады.


-Балалар, тиін қысқа қалай дайындалады?

-Тиіндер,тышқандар күзде қысқа азық жинайды.

- Жануарлар қыста да жаздағыдай тіршілік ете ала ма?

Дескриптор:

1.Тиіннің қысқа дайындығын айтады.

2.Қысқа дайындалатын жануарларды атайды.

3.Қыстық азықтарын қайда сақтайтынын айтады.

Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс.


Құстар

Құстар туралы бейнеролик көрсету. Суреттегі құстарды таныстыру. Олар туралы мәлімет беру.

Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол­ түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.


Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.


Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.


Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.

-Құстардың бұл тобы қалай аталады?

-Құстар күзде қайда ұшып кетеді?

-Оларға қыста не жетіспейді?

-Бұл жерде қай құс артық? Неге?

Жеке жұмыс

(Дәптер/19-бетШешуін тап. Құстарды сипаттау арқылы құсты тауып, тор көзге сандарды ретпен қою.

Дискриптор

- құстар атауларын айта алады;

- неліктен жыл құсы деп аталатындығын нақтылайды

- дәптердегі тапсырма орындалады


Орман жануарлары.

  • Суреттегі жануарларды қара?

  • Қыста олардың ішінен қайсысын орманда кездестіруге болады?

  • (Қасқыр, түлқі, қоян, бұлан).

  • Олардың әрқайсысы немен қоректенеді?

  • Қай жануар үшін қыста азық табу қиын?

  • ( аю, борсық, кірпі).

Оқушылардың жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — бұл жай ұйықтау емес, олардың ағзасының үнемдеу режіміне ауысуы.

Ұйқыға кететін жануарлардан басқа қорегін қыста табатын жануарлар да бар.

Аюлар, борсықтар, кірпілер қыста азық таба алмайды себебі қысқы ұйқыға кетеді. Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі.

2-тапсырма «Сен маған мен саған» әдісі арқылы жұптық жұмыс. Мақсаты: Оқушылар орындап болған тапсырмаларын жұпта бір бірімен алмасып тексереді.

Дұрыс жауаптың астындағы торкөзге () белгіcін қойыңыз.




  1. Қыста ұйқыға кететін жануар:


  1. Күзде терісінің түсін өзгертеді:








3. Ол қысқа қорек жинайды:

Дескриптор: Білім алушы

- қысқы ұйқыға кететін жануарды анықтайды;

- қыста терісінің түсін өзгертетін жануарды анықтайды;

- қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды.

Бағалау:

Барлық оқушы өздерін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Сергіту сәті.

Таңертең ерте хайуанат бағында төлдер оянып жатыр сендер қимылмен көрсету

  • -Борсықтар көздерін ашады;

  • -Кішкентай тиіндер жуынады;

  • -Түлкінің күшіктері керіледі;

-Түйеқұс балапаны жүгіреді;

  • -Күркетауық балапаны қанатын қағады;

  • -Мазасыз маймылдар оңға-солға айналады;

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Мақсаты:Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.


Топпен жұмыс

1 –ТОП: ҚЫСТА ҰЙҚЫҒА КЕТЕТІН ҚОР ЖИНАЙТЫН ЖАНУАРЛАРДЫ ТАБАДЫ.

2- ТОП: ЖАНУАРЛАРДЫ ТИІСТІ ҚОРЕГІМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРЕДІ

3- ТОП: ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ТАП ЖӘНЕ ҚОРШАП СЫЗАДЫ.

4 ТОП: СӨЗДЕРДІ СУРЕТТЕРМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРІП ӘҢГІМЕЛЕ.

ДЕСКРИПТОР:

  1. Қыста ұйқыға кететін қор жинайтын жануарларды табады.

  2. Жануарларды тиісті қорегімен сәйкестендіреді

3. Жабайы жануарларды табады.

4. Сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіріп әңгімелей алады.;

Кері байланыс : «Үш көлік» әдісі

Мақсаты: Кері байланыс беру оқушылардың сабаққа қызығушылығын артты және ынтымақтастық орта қалыптасты.































Құстардың суреті слайд

АКТ,суреттер
























































Жануарлардың суреті

АКТ,суреттер


































Жануарлар суреті бар қима қағаздар






































Үнтаспа














Плакт

Маркер

Соңы



Саралау әдісі

А-Қыста ұйқыға кететін жануарларды анықтайды.

В- Қандай аңдар тонын ауыстырады Соны бояп береді

С- Қыста қандай жануарлар сенің көмегіңе неліктен мұқтаж екенін айтып береді

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі

Дескриптор:

1. Қыста ұйқыға кететін жануарларды анықтайды

2. Тонын ауыстыратын аңдарды бояйды

3. Көмекке мұқтаж аңдарды айтады


-Бүгінгі сабағымызда қандай қызықтармен таныстық?

-Қай жануардың тіршілігі ерекше?

Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында «Табыс ағашы» әдісі арқылы кері байланыс алу үшін үш түрлі алманы пайдаланамын

Мақсаты: «Табыс ағашы»

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.


Жасыл түсті алма= Мен түсіндім.

Сары түсті алма= Мен түсінгендеймін.

Қызыл түсті алма = Мен түсінбедім.



















Білім ағашы

Қосымша мәліметтер

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Саралау, оқыту өз бетінше тапсырмалар орындау кезінде мұғалім қолдауының алмасуы арқылы іске асады.



Оқушылар өздері жасаған бет бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл күйлерін айтады

Кері байланыс жасайды

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма)?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды.


Бүгін оқушылар жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделетінін білді.


Жоспарыма саралау әдістерін енгіздім, себебі, алдыңғы жоспарланған жұмыстарымда тапсырма жалпылама болып кеткен еді.


Уақытты әдіс – тәсілдер арқылы тиімді пайдаландым


Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты):

1. Үлестірмелік материалдарды алдын ала әзірлеп әкелгенім.

2. Оқушылар сурет бойынша қызыға жұмыс жүргізеді.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Топпен жұмысқа бейімделмеуі.

2. Уақытты тиімді пайдалана алмауы

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?




Тексерілді: Оқу ісінің меңерушісі:

Күні:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!