Бекітемін:.................................
Күні:......................
....................................................
Дефектолог: А.
Сейдахметова
Сабақтың
тақырыбы: Баланың бойында « Мен»
бейнесін қалыптастыру.
Сабақтың
мақсаты:
Баланың өзі жайлы мәлімет бере
алуын
қалыптастыру.
Білімділігі: осы тақырыпқа байланысты
мысалдар мен
тапсырмалар арқылы
меңгерту.
Дамытушылығы:
ойлау қабілетін дамыту,
есте
сақтау қабілеттілігін
дамыту.
Тәрбиелігі: мұғалімнің нұсқауын тыңдай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: жинақтау,
түсіндіру,
сұрақ-жауап,
дидактикалық ойын ,жаттығу,
сергіту.
Көрнекі-құралдар:
балалардың фотосуреттері,
суреттер, тақта, бор,
ойыншықтар.
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу ( балалар
хормен)
Сәлемдесейік
иіліп,
Жылы жүзбен
жымиып.
Қызыға мол
сабақта
Ойнайық та
күлейік.
Жүректен-жүрекке ( бәріміз
шеңбер құрып айтамыз)
Жігер деген- Мен Жастық
деген-Мен
Күш деген- Мен Денсаулық
деген
Махаббат деген-Мен Ақылдылық
деген-Мен
Кешірім деген-Мен Жарқындық
деген-Мен
Құдырет деген-Мен Бар ғажайып
деген-Мен
Бәрі маған
байланысты
Бәрі менің
қолымда
II. Негізгі
бөлім:
1.Ұсақ қол моторикасын
дамыту.
« Саусақтар
сәлемдеседі»
Орындалу тәсілі: Бас бармаққа
қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың
саусақтарына орындау.
« Жұдырық тақтай
алақан»
Орындалу тәсілі: Алақандарды
алдымен жұдырыққа түйып, одан соң тігіне ұстап, сосын алақанды
үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре тез
орындау.
III. Жаңа
сабақ.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда
ата-тегімізді, неше жаста екенімізді, қандай бала екенімізді айтуды
үйренеміз.
-Біздің сыныбымызда неше бала
бар екен?
-Жеті
бала
-Дұрыс, жарайсыңдар,
балалар!
-Әр баланың өзінің аты-жөні
бар, әрқайсысымыздың әртүрлі мінез-құлықтарымыз бар екен,дұрыс па
балалар.Сабақ барысында балаларға кезек-кезек сұрақ қоя отырып,
жауап аламын.
Қол саусақтарына
арналған жаттығулар.
1.
Саусақтың бірінші жаттығуы.
Алақаныңды үстелдің үстіне қой. Әр саусағыңды кезекпен көтер,
түсір.
2.
Саусақтың екінші жаттығуы.
Шынтақты бүгіп, алақанды бір-біріне қарсы көтеріп, қолдарыңды солға
қой. Саусақты кезекпен бүк, жаз.
3.
Саусақтың үшінші жаттығуы.
Шынтақты бүгіп, қолдарыңды үстелге қой. Саусақтарыңды алақаныңа
баяу «сырғанатып» төмен жылжыт, дәл осылай саусақтарыңды жоғары
жылжыт. (алақанды жаз).
IV. Сергіту
сәті.
Бала,бала,балақай,
Кәне, қайсы
алақан.
Алақандар
айбат,
Былай-былай
ойнат.
Санамақ. Бас бармағым-атам-үй
данасы
Балаң үйрек-әжем-ошақ
анасы.
Ортан терек-әкем-отау
панасы.
Шылдыр шүмек-анам-шаңырақ
ажары.
Титтей бөбек-мен-бәрінің
базары.
V.
Бекіту.
« Жұдырық тақтай алақан»
ойыны.
Орындалу тәсілі: Алақандарды
алдымен жұдырыққа түйып, одан соң тігіне ұстап, сосын алақанды
үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре тез
орындау.
VI.
Қорытынды.
Балалар сұрақ-жауап арқылы
өздерінің аты-жөнін айтуға тырысады.
VII.
Бағалау.
Балаларды
мадақтау.
Бекітемін:.................................
Күні:......................
....................................................
Дефектолог: А.
Сейдахметова
Сабақтың
тақырыбы: Баланың бойында «Мен» бейнесін
қалыптастыру.
Сабақтың
мақсаты: тақырыпқа сай сөздік қорын
молайту(аты-жөні,
жасы,тобы, тұратын
жері)
Білімділігі: Мәдени-эстетикалық дағдыларын
қалыптастыру. Дамытушылығы:
балалардың сөздік қорын, сөз
байлығын ойлау, есте сақтау қабілеттілігін
дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап,
қорытындылау.
Көрнекі-құралдар:
суреттер,
ойыншықтар.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі:
Баланы психологиялық жағынан
сабаққа дайындау.
Психожаттығу:- Қорбаңдап
жүрген аюдың жүрісін салайықшы.
- Қорқып қашып бара жатырған
қоянды саламыз.
III. Жаңа
сабақ.
-Балалар бүгін барлығымыз
өзіміздің аты-жөнімізді, неше жаста
екенімізді айтып
үйренеміз.
Сурет
көрсету.
IY.Сергіту
сәті: Орнымыздан
тұрайық
Алақанды
соғайық.
Бір отырып, бір
тұрып.
Бір отырып, бір
тұрып.
Дем алғасын
отырайық.
Шаттық
шеңбері
Сендердің барлығыңның
есімдерің өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып,
шаттық шеңберін құрайық, есімдерімізді дауыстап
айтайық.
Тез тұра ғой,
өтінем,
Кім болады
есімің?
(Балалар есімдерін айтады да,
тәрбиеші барлық балалардың есімдерін
қайталайды.)
– Балалар, бүгін шынымен де
сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер
құрдық.
«Жүректен - жүрекке»
шеңбері
– Әрбір еркелетіп айтатын есім
гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та,
бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш
сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай
керемет!
– Бәріміз қол ұстасып, шын
жүректен былай деп айтайық.
Есімімді
сүйемін!
Оны аялай
білемін!
V.
Бекіту.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты
бекіту.
VI.
Қорытынды.
Балалар сұрақ-жауап арқылы
өздерінің аты-жөнін айтуға тырысады.
VII.
Бағалау.
Балаларды жеке-жеке
мадақтау.