Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Қанайналым жүйесінің аурулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: Қанайналым жүйесінің аурулары

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып биология ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп: Алматы облысы. Балқаш ауданы

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Кажымуханова Г.К

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қанайналым жүйесінің аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • қанайналым жүйесі ауруларының себептері мен белгілерін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • қанайналым жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • қанайналым жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қанайналым жүйесі мүшелерінің ауруларын атайды;

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

Осы аурулардың алдын алу жолдарын ұсына алады;

Оқушылар тиісті терминологияны пайдалана отырып, аурулардың себептері, белгілері мен алдын алу шараларын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт, коронарлы артерия, тамырдың бөгелуі.

Құндылықтарды дамыту.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Қан қысымы, ағу жылдамдығы, қан тамырларының кеңеюі, тарылуы түсініктері арқылы физика пәнімен байланысады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының себептерін қарастырғанда тамақ құрамындағы әртүрлі химиялық заттардың табиғаты туралы білім арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

7-сыныптан оқушылар жұқпалы аурулардың себептері микробтарға байланысты екенін, 8-сыныптан асқорыту жүйесі мүшелерінің аурулары мен жұқпалы аурулардың туындау себептері мен алдын алу шараларын біледі. 8-сыныптан қанайналым жүйесінің түрлері, қанның құрамы мен қызметтері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ұйымдастыру. Түгендеу.
«Ақ тілек, әсем күлкі» әдісі арқылы психологиялық ахуал тудыру.
– Көңіл – күйлеріңіз қалай?
– Керемет! (қолдарын көтереді)
– Сабаққа дайындықтарын қалай?
– Тамаша (алақандарын шапалақтайды)
– Ынталарын қалай?
– Ғажап!
(қолдарынкөтереді)
– Ендешесабағымыздыбастайық!
– О, о, о (бас бармағынкөтереді).

Оқыту көздері мен ресурстар


Сабақтың басы


0-5мин


Оқушыларды топқа бөлу.

1 топ Дәрігер

ІІ топ Тұрғындар

ІІІ топ Сарапшылар

Мен бүгінгі сабағымды қан тамырлар туралы болғандықтан мынадай өлең жолдарымен бастағым келіп отыр.

Қан айналады жүректің әмірі мен

Қан тілдеседі жүрек деген тәңірменен

Ақ түсті мөлдір және қызылданып,

Адамға күш береді пәрменімен.

Оқушыларға біз өткен сабақтарымызда танысқанымыздай жүректің құрылысы, қанайналым жүйелерінің түрлері, қан тамырлардың ерекшеліктері қызметтерін білеміз және таныспыз. Осыған байланысты қан тамыр жүрек туралы нені білетіндігі туралы 3-4 сөйлемнен эссе жазу.

Осы мүшелер туралы тағы нені білу қажет деп ойлайсыздар сұрағын қоя отырып, тақырыпты ашу тапсырмасы беріледі.

Жанды матор сынбайды, Кейде оның жүрісін,

Күні – түні тынбайды. Дәрігерлер тыңдайды \ жүрек\


Тарам-тарам бір ғалам, Толған ағыс тоқтаса,

Айқұш-ұйқыш шырмалған. Жоғалады бір адам \қантамыр\

Жүрек қантамыр туралы тағы ағы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаты анықталады

.

1– қосымша

1-4 слайдтар


Сабақтың ортасы


6-25 мин

Қолдану

кезеңі

«Bilimland» сайтынан « Жүрек қантамыр жүйесінің аурулары» тақырыбында бейнефильм көру.

Оқушылар бейнефильмнен және оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып тапсырмаларды орындайды.

«Кубизм» стратегиясы

І топ Дәрігерлер Суреттеу

Жүрек қантамырлар жүйесінің ауруларын суреттеп сипаттайды.

ІІ топ Тұрғындар Зерттеу

Жүрек қантамыр ауруларының себебін зерттеп түсіндіреді.

ІІІ топ Сарапшылар Талдау.

Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын – алу шараларына талдау жасайды.

Әр топ өзінің бағытына сай зерттеу жүргізеді. Мысалы, дәрігерлер тобы барлық 6 аурудың туындау себептерін тұрғындар әрбір аурудың белгісін, сарапшылар аурулардың белгілері мен туындау себептеріне қарай алдын алу жолдарын ұсынуға дайындалады Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт сілтей отырып, кері байланыс ұсынады. Оқушылардың тиісті ақпаратты жинақтауына назар аударылады.

Критерийлер:

  • Қан тамыр жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • Аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Дескрипторлар:

  • «Тұрғындар» берілген аурулардың барлық белгілеріне қатысты зерттеу жұмысын жасауды біледі.

  • «Дәрігерлер» берілген аурулардың себептері туралы суреттейдуді біледі

  • «Сарапшылар» берілген ауруларың себептері туралы сұрақтарға талдау жасай алады.

  • Қантамырлар жүйесі ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

  • Аурудың белгілерін сипаттайды;

  • Барлық аурулардың алдын-алу шараларын ұсынады.

Критерий бойынша әр топ бірін бірі смайликтер арқлы бағалайды.

Мұғалім сұрақтар қойып, толықтыруларға бағыттай отырып, кері байланыс ұсынады.

2 - қосымша







5-11 слайдтар


26-27мин

Бағдаршам кабинеті "Ауырып ем іздегенше..."Сергіту сәті

ШАРТЫ:

Артериялыққан кету болса – солқолкөтеру.

Веналыққан кету болса – оңқолкөтеру.

Капиллярлыққан кету болса – дененібұру.

  • Ал қызылқанағады

  • Қоюқызылтүсті қанағады

  • Қаншапшып ағады

  • Жарақаттанған жердің айналасы қанайды

  • Жгут салу қажетемес

  • Терінің беткі қабаты жарақаттанса

  • Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу керек

12-слайд


28-36 мин

Жинақтау кезеңі

«Дискуссиялық өрнек» әдісі

Сұрақтарға «ия\жоқ» деп жауап беру:

Жүрек кемістігі туа және жүре пайда болған деп бөліне ме?


Спиртті ішімдік жүректің соғуын жиілете ме?


Вена қан тамырларынан аққан қан ашық қызыл түсті ма?


Қан бұлшықеттерді оттекпен және қоректік заттармен байытады ма?


Қанда гемоглобиннің түсіп кетуі жүрек жұмысының бұзылуына әкеле ме?


Бағалау критерийі
Дескриптор
Жүрек- қан тамырлар жүйесі туралы дұрыс ақпараттарды біледі.
Жүрек-қан тамыр ауруларының маңыздылығын біледі.

Критерий бойынша әр топ бірін бірі смайликтер арқылы бағалайды.

2-қосымша

А3, А4 парақшалары

13 слайд


Сабақтың соңы


37-38 мин







Қ.Б: «Гүлдер». Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша қызыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал ақ гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүлшоғыр кімде болар екен?


14 слайд











Кері байланыс:
1.Салауатты өмір салтын сақтау дегенді қалай түсінесің? (мұғалім-оқушыға)
2.Кардиолог мамандық иесі болғың келе ме? (оқушы-оқушыға)

Бүгінгі сабақтың ұнаған, ұнамағаны, сабақты түсінгені түсінбегені туралы бағдаршам арқылы көрсетеді .

Бағалау парағы арқылы топ мүшелерін және өзін өзі бағалайды.




39-40

Үйге тапырма

«Жүрек қан-тамырлар жүйесі аурулары» тақырбында қосымша ақпарат жинақтау,. «Жүктің өмірдегі маңызы» эссе жазу.

15 слайд


Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың ақпарат жинақтау тапсырмасын орындау кезінде ақпаратты мазмұны бойынша топтастырып жинақтауы арқылы

Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасау барысында өз білімдерін қосымша ақпараттармен толықтыру мүмкіндігін беру арқылы

Оқушылардың дөңгелек үстелдегі талқылау барысында сұрақтар қоюлары мен жауап берулері арқылы

Оқушылардың білімді бекіту мақсатындағы ауруларды болдырмауға байланысты ұсыныстар берулері арқылы




Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың сәйкестендіру тапсырмасын орындаулары

Ауызша жауаптары арқылы

Сұрақтар құрастырулары мен жауап берулері арқылы

Сабақ барысындағы рөлдік ойынға қатысуы кезіндегі іс-әрекеттері арқылы

Сабақтың соңындағы қорытынды тапсырманы орындауы, таныстырулары арқылы




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба??

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!