Тәжірибелік сабақ №7
Сабақтың
тақырыбы: Сенімхат. Қолхат.
Кепілхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сенімхат, қолхат, кепілхат туралы түсіндіру, білімдерін
кеңейту.
Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын
арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа
тәрбиелеу
Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы
инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге
қызығушылығын арттыру
Көрнекі және
дидактикалық құралдар:кестелер,сызбалар,анкета
сұрақтары
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
-
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
-
Сабақтың мақсаты ме міндетін түсіндіру.
Жаңа сабақ:
СЕНІМХАТ
Сенімхат — сенім
білдірілген тұлғаға сенім білдіруші
атынан (кәсіпорын, азамат)
қандай да бір іс-әрекетті жүзеге
асыруға құқық беретін
құжат.
Сенімхат екі түрлі болады:
- мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар
- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.
Ресми сенімхаттар мекеме
өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға
немесе басқа да
іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі.
Ресми сенімхаттар мекеме
бланкінде рәсімделеді.
Жеке сенімхаттар жеке
тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің
орнына:
-
жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар алуға;
-
өтініш жазуға;
- қол қоюға;
- пәтер сатуға және сатып алуға;
- пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
- машина жүргізуге;
- банктегі есептерді пайдалануға;
- барлык мекемелерде іс жүргізуге;
- сот мекемелерінде
оның өкілі болуға құқық береді. Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі.Егер
оның мерзімі көрсе -тілмесе,
берілген күннен бастап бір жылға дейін
өз күшін сақтайды. Ал
егер берілген күні көрсетілсе, мерзімнің аяқталуына байланысты ол
өз күшін
жояды. Сенімхаттар нотариалдық
кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы
анықталады, құқықтық іс-әрекетке
қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып,
тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік
салық алынады және
нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.
Сенімхаттың құрылымы:
Ең алдымен жолдың
ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні жылы және
мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні
жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның
аты-жөні, мекенжайы, жеке
басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті
іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы койылады. Осыдан кейін
сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.
ҚОЛХАТ
Қолхат — белгілі бір
құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,
ақша) алынғанын
куәландыратын ресми құжаттың бірі.
Қолхатта ең алдымен қолхат
беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және
қолхат берушінің не алғаны
жазылады. Содан кейін қолхат берушінің
міндеттемелері
көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып,
нотариалдық кеңседе
куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе,
екінші данасы қолхат
берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда
сақталады.
Тәжірибелік жұмыс кезеңі:
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Сенімхат қандай құжат ?
-
Сенімхаттың неше түрі болады ?
-
Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде ?
-
Жеке сенімхат қандай іс-әрекеттері орындауға беріледі ?
-
Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды ?
-
Қандай жағдайда ол өз күшін жояды ?
-
Сенімхат қайда куәландырылады ?
-
Нотариус сенімхатты
қалай куәландырады ?
-
Сенімхаттың құрылымы қандай ?
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Нотариалдық кеңсе, мөр
басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген
тұлға, материалдық
құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар
алу, іс жүргізу, құқық беру,
өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке
адам, қол қою, салық
алу, жеке басын анықтау, есептерді
пай-далану.
3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз
СЕНІМХАТ
2006 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы
Мен, азамат Жұбанов
Қайрат, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан
Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12
наурызда берген жеке куәлігімнің №
645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй,
45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан
Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14
қарашада берген жеке куәлігінің №
925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34
мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім
білдіремін.
Бұл үшін азамат Ержанов
Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма
қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген
2006 жылғы 20
қаңтар қолы
________________
Осы сенімхатты 2006
жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Алмагүл, Алматы қаласындағы лицензия № 001911 "Сенім"
нотариалдық кеңсенің
нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа
менің қатысуым кезінде
азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке
басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні
дауыстап оқылды, № 22 тізбеге
тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз)
теңге.
Нотариус қолы _________________
мөр орны
4-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын
жазыңыз.
1.
Сенімхатта сенім білдіруші кім ?
2.Сенім білдіруші кімге сенім білдірген ?
3. Қандай іс - әрекетке сенім білдірген ?
4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған ?
5-жаттығу. Екі қатарды
сәйкестендіріңіз.
сенімхат 4 айға
дейін құқығын
бердім
нотариалдық
кеңсенін қабілеттілігі
менің
қатысуым тіркелді
қол
қою алынды
өтініш
жазуға дауыстап оқылды
құқықтық
іс-әрекетке өкілетті
еттім
тізбеге кезінде
салық нотариусы
сенімхаттың
мәтіні өз күшінде
6-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Қолхат — қандай құжат ?
-
Қолхатта қолхат беруші
мен колхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс
?
-
Қолхат неше дана етіп жасалады ?
-
Олар кімде сақталады ?
7
-жаттығу. Сұрақтарға жауап
беріңіз.
1.
Қолхат беруші кім ?
_______________________
2.
Қолхат алушы кім ?
_______________________
3.
Қолхат беруші қанша теңге алған ? __________
4.
Қолхат беруші не істеуге міндеттенеді ? ______
5.
Қолхат неше дана етіп жасалған ? ___________
8
-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімшартқа сәйкес, үш
күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда,
ақшаны қайтару, қайтаруға
міндеттену, пайыз төлеп тұруға, мерзімінде
қайтару, қолхат беру,
келісімшарт талаптары.
Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын
тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша
тексеру
Сабақты бекіту
Сабақты қорытындыла