Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Тағам құрамындағы қоректік заттар. № 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Сабақтың тақырыбы: Тағам құрамындағы қоректік заттар. № 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2024
97
0 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Тағам құрамындағы қоректік заттар.

Бөлім:

7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Педагогтің аты-жөні:

Жаңабаева Эльмира

Күні:

03.04.2024ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тағам құрамындағы қоректік заттар.

4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Адам организміне кіретін химиялық элементтерді анықтайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Тағам өнімдері химиялық қосылыстардың жиынтығы екенін
анықтайды

Кейбір оқушылар үшін:

Тағам құрамындағы қоректік заттарды біледі

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы



(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Макро жəне микроэлементтер деген не? Мысал келтір.


2. Тағам құрамындағы химиялық элементтердің өзара байланыста
болуының қандай маңызы бар?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Адам организміне кіретін химиялық элементтерді анықтайды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

«Сағат тілі » әдісі бойынша оқушылар орындаған жұмыстарын келесі топпен алмасады.

1-тапсырма

Адам организміне кіретін химиялық элементтердің маңызын сипаттап береді

2-тапсырма

Нəруыздың құрамына қандай элементтер кіреді? Олардың химиялық
таңбаларын жазып, периодтық жүйеден орнын анықта.




Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы орындайды

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-тапсырма

Құрамында­
көмірсулар ­бар ­тағамдарды ажыратады

4-тапсырма

Нəруыздардың адам организміндегі биологиялық маңызы қандай?
Организмге нəруыз жетіспеуінің қандай салдары барын айт.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл



1.Айырмасын анықтайды.



2. Сұрақтарға жауап береді.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ немесе есеп дайындайды. Әрбір сұрақты немесе есепті стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтар немесе есепді оқиды (көрсетеді), топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.

Үй жұмысы:

Рефлекция: «Уақытпен ойла» әдісі

Мұғалім сөз айтады.

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23











Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!