Сабақтың
тақырыбы: Ұйымның істер
номенклатурасын жасау және бекіту тәртібі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Ұйымның істер
номенклатурасын жасау және бекіту тәртібі туралы түсіндіру,
білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілік:адамгершілікке,эстетикалық талғамын
арттыруға патриаттық сезімге,дүниетанымдылыққа
тәрбиелеу
Дамытушылық:қосымша материалдар арқылы
инттеллектуалдық деңгейін көтеріп,білім алушының пәнге
қызығушылығын арттыру
Көрнекі және дидактикалық
құралдар: кестелер,сызбалар,анкета сұрақтары
Ұйымдастыру
кезеңі:
-
Білім алушылардың сабаққа
қатысуын тексеру;
-
Білім алушылардың сабаққа
дайындығын тексеру;
-
Сабақтың мақсаты ме
міндетін түсіндіру.
Жаңа сабақ:
Номенклатура ұйымның бекітілген құрылымына сәйкес
орналасқан құрылымдық бөлімшелердің атаулары ұйым істердің
номенклатурасы бөлімшелердің атаулары болып табылады.
Номеклатураның бірінші бөліміне ұйымдық-өкімдік құжаттамасы бар
істердің тақырыптары енеді. Құрылымдық бөлімшелерден кейін маңызына
қарай ұйымдардың атаулары орналастыруға тиіс.Егер ұйымның
құрылымдық бөліктері жоқ болса, істердің номенклатурасы
өндірістік-салалық немесе қызметтік схема бойынша құрылып, оның
бөлімдерің атаулары ұйым қызметінің міндеттері мен бағыттарының
мазмұнына қарай белгілінеді.Істер номенклатурасының 2-бағанына
істердің (томдардың, бөлімдердің) тақырыптары енеді.Номенклатура
бөлімдері мен бөлімшелерінің ішіндегі істердің тақырыптарын
орналастырудың реті істердің құраған құжаттардың маныздылық
дәрежесіне қарай және олардың өзара байланыстылығына қарай
айқындалады.Алдымен ұйымдық-өкімдік құжаттамалары бар істердің
тақырыптары орналыстырылады. Бұл ретте жоғары ұйымдардың қаулылары
мен бұйрықтары бар істердің тақырыптары ұйымның бұйрықтары бар
істердің тақырыптарының алдынан орналастырылады. Одан кейін жоспары
және есептік құжаттары бар істердің тақырыптары
орналастырылады.Өкімдік құжаттардың жобалары мен оларды әзірлеу
жөніндегі басқа да құжаттар, жоспарларға енгізілетін өзгертулер,
бұйрықтарға арналған негіздемелер істердің номенклатурасында тиісті
негізгі құжаттардан кейін орналастырылады.Географиялық белгілеріне
қарай және хат-хабар жолдаушының белгісіне қарай құрылған істердің
тақырыптары істердің номенклатурасына хат-хабар жолдаушылардың
аттары мен географиялық атаулардың алфавиттік реті бойынша
енгізіледі. Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдардаң келесі
жылғы іс номенклатуралары үстіміздегі жылдың сонғы тоқсанда
құжаттаманы басқару үшін жауапты адамдар тарапынан жетекші
мамандарды қатыстыра отырып, жасалады да ведомствалық архивпен
келісіледі және оларға бөлімшелердің басшылары қол қояды.
Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар істердің
номенклатуралары негізінде құжаттаманы басқару қызметі ұйым
істерінің номенклатурасын жасайды. істерінің номеклатурасына
ведомствалық архивтің меңгерушісі рұқсат белгісін соғып,
құжаттаманы басқару қызметінің басшысы қол қояды және ұйымның
сарапшылар комиссиясы мақұлдағаннан кейін тиісті мемлекеттік
архивтер мен құжаттама басқармасы органының сарапшы-тексеру
комиссиясымен келісіп алуға жолданады, содан соң оны ұйымның
басшысы бекітеді.
Ұйым істерінің
номенклатурасы қажетті болатын данада компьютерде басылып,
қаңтардың 1-інен бастап күшіне енгізіледі. Ұйымның іс-қаракеті мен
құрылымы өзгерген күнде істердің номенклатурасы қайта жасалып,
қайтадан келісіледі. Бірақ бұл 5 жылда кемінде бір рет болады. Ол
жыл сайын тиісті түзетулерімен бірге қайтадан компьютерде басылып,
бекітіліп отырады. Істер номенклатурасының бірінші данасы
құжаттаманы басқару қызметіне сақталады, екінші данасын осы қызмет
жұмысын бабында пайдаланады, үшінші данасы ведемствалық архивке
беріледі. Төртінші данасы істердің номеклатурасы келісілген ұйымда
қалтырылады. Істердің номенклатурасы бекітілген кейін құрылымдық
бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар жұмыста пайдалану үшін оның тиісті
бөлімдерін көшіріп алады. Құжаттарын мемлекеттің сақтауына
тапсырмайтын ұйымдар істердің номенклатурасын жоғары ұйымның
ведомстывалық сарапшы қызметімен келісіп алады.
Бақылау
сұрақтары
-
Істерді қалыптастыру туралы түсінік. Оларға
қойылатын негізгі талаптар.
-
Мұрағаттың жұмыс істеуінің негізгі ережелері. Әр
түрлі дегейдегі құжаттарды қалыптастыру.
-
3.Құжаттар жүйесінің қағидалары
-
Жеке құрам бойынша істерді
түгендеу.
-
Істерді қалыптастыруға қандай талаптар
қойылады.
Тәжірибелік жұмыс:
1-жаттығу.
Сәйкестендіріңіз.
Жұмысқа кестеге
сәйкес
Штаттық белгілеу
Орынбаевтың жағдайына
байланысты
Үстемақы шығуына
байланысты
Отбасы сынақ
мерзімімен
Еңбек шартының
қызметінен
Зейнеткерлікке
өтініші
2 апталық қабылдау
туралы
Атқаратын аяқталуына
байланысты
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Нотариалдық кеңсе, мөр
басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген
тұлға, материалдық
құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар
алу, іс жүргізу, құқық беру,
өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке
адам, қол қою, салық
алу, жеке басын анықтау, есептерді
пай-далану.
Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын
тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша
тексеру
Сабақты бекіту
Сабақты
қорытындылау
Үйге
тапсырма: мәнжазба
дайындау
.