Сабақтың тиімділігін арттырудың
бірден бір жолы оқу пәндерінің
сабақтастығы.
-
5 сынып. Процент (пайыз) –
әдебиет, ағылшын және орыс тілдері бойынша – әріптердің орналасу
жиілігі (информатика – перне тақта)
-
Статистика. Кездейсоқ
оқиға.
-
Координаттар жүйесі – бейнелеу
өнері, сызу
-
Астана қаласындағы ғимараттар
–көпжақтар, тарихи мәліметтер, сызу, бейнелеу,
география
-
9 сынып геометрия – векторлар
физика, информатика пәндерімен байланыстыруға
болады.
Білім беруде пән аралық
байланыстың маңызы зор
Дүние жүзіндегі
ғылыми-техникалық прогресстің ілгерілеуі – әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие
үдерісін дұрыс ұйымдастыру технологиясының жаңа сатыға
көтерілуін талап етеді. Елбасымыз кезекті Жолдауында: «Ғаламдану
жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің
жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген
«ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік
деңгейімен анықталады»,–деп атап
көрсетеді.
«Сабақ өту – жай ғана шеберлік
емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,–дейді Ж.Аймауытов. Расымен
де, мұғалім болып, бала оқыту – оңай шаруа емес. Кез келген педагог
өз сабағының қызықты, әрі тартымды өтуі үшін өз сабағымен қатар,
жалпы білім беретін басқа да пәндерге байланыс жасау арқылы білім
беруі тиіс. Пән аралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу процесін,
ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді.
Мұғалімге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ
мүддені шешуге жұмылдырады, оқушының интеллектуалдық өрісін
байытуға мүмкіндік береді. Сабағымда 6 сынып математика
пәнінен «Координаттар жүйесі» тарауында
– бейнелеу өнері, сызу, география пәндерімен, 9 сынып геометрия
пәнінен «Векторлар» тарауында физика, информатика пәндерімен
байланыстырдым және 9 сынып геометрия пәнінен «Көпжақтар» тарауында
Астана қаласындағы ғимараттар , тарихи мәліметтер, сызу, бейнелеу,
география пәндерімен байланыстыруға болады. «Процент» және
«Кездейсоқ оқиға» тарауларын – информатика, қазақ тілі, әдебиет,
ағылшын және орыс тілдері пәндерімен байланыстыруға болады.
Нәтижесінде комьютердің перне тақтасында әріптер жиілігін
орналастыруға болады.
Байқағаным, балалар дәстүрлі
сабақтан гөрі, пән аралық байланыс жасау арқылы өткен сабақты тез
меңгереді, әрі есінде жақсы сақтайды. Сонымен бірге, оқушыларға
пәнаралық байланыста негізделген көптеген тапсырма беремін.
Нәтижесінде, балалар әрбір тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Мұғалімнің көздейтін мақсаты – оқушыларға берілетін ғылыми білім
негіздерінің бірлігін, пән аралық байланысын сақтап отыру. Пән
аралық байланыс кезінде, оқушылардың ойын тиянақталуына,
қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға
жағдай жасалады. Пән аралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің
арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен
оқыту талаптарының бірі. Пән аралық байланыстың қазіргі
оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүние танымын
тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми
педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі
пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы
ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық
сипат беріп, барлық алынған білімін
жүйелейді.
“Білімді ұрпақ – болашақтың
кепілі”, – демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің
басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер
етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай
үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа
талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп
отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі
тиіс.