Материалдар / Сәбилер тобына арналған таңдау курс бағдарламасы «Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сәбилер тобына арналған таңдау курс бағдарламасы «Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!» таңдау курсында саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін, ән ырғағымен ойдағыдай меңгерту үшін қызықты саусақ ойын жаттығулары таңдап алынды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
484
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Рецензенттер туралы мәліметтер:





Төрағасы:

Осакаровка к. әкімі аппаратының ҚМКҚ «Балдырған»бөбекжай-бақшасы» меңгерушісі - Константиниди А. П.


Хатшы:

Осакаровка к . әкімі аппаратының ҚМКҚ «Балдырған»бөбекжай-бақшасы» әдіскері - Ибрагимова Е. А.


Хаттама № 2 03.09.2019 жыл

Білім беру ұйымы басшысының қолы.

Константиниди А.П. ________





















Түсініктеме хат:

Сәбилер тобына арналған таңдау курс бағдарламасы «Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!»

Ағзаның барлық қозғалыстары мен сөйлеу іс-әрекетінің бірыңғай механизмдері бар, сондықтан қолдың жұқа моторикасын дамыту баланың сөйлеу тілінің дамуына оң әсер етеді. Саусақ ойындары өте эмоционалды, қызықты. Осындай ойындардың арқасында бала әртүрлі сенсорлық әсер алады,оның көңіл-күйі дамиды. Осындай ойындар балалар арасында, сондай-ақ ересектер мен бала арасында жақсы қарым-қатынасты қалыптастырады.

«Саусақ ойындары »қоршаған әлемнің шынайылығын бейнелейді-заттар, жануарлар, адамдар, олардың қызметі, табиғат құбылыстарын. «Саусақ ойындары» барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдың моторикасын белсендіреді. Осылайша, ептілік, өз қимылдарын басқара білу, бір қызмет түріне назар аудару. Көптеген ойындар екі қолдың қатысуын талап етеді, бұл балаларға «оңға», «солға», «жоғары», «төмен»ұғымдарына бағдар беруге мүмкіндік береді.

Саусақ ойын жаттығулары балалардың ойын,қиялын, сөйлеу тілін дамытуда үлкен роль атқарады. Сондықтан екінші кіші топ тәрбиенушілері үшін саусақ жаттығуларының маңызы зор.

«Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!» таңдау курсында саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін, ән ырғағымен ойдағыдай меңгерту үшін қызықты саусақ ойын жаттығулары таңдап алынды.

Балалар саусақтардың көмегімен өлең - тақпақ шумағын сахналайды.

Мектеп жасына дейінгі бала естігеннің мағынасын түсініп, сөйлеу ырғағын ұстай білуді үйренеді. Шағын моториканың даму деңгейі-мектепке зияткерлік дайындық көрсеткіштерінің бірі және дәл осы салада мектепке дейінгі балалар елеулі қиындықтарға тап болады. Сондықтан ұсақ моториканы дамыту бойынша жұмысты мектепке түсер алдында, атап айтқанда ең ерте жастан бастау керек.

«Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!» бағдарламасы ортаңғы топ балаларының тілдерін дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын дамыта отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғымдарын, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйрету үлгілері берілген.

«Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!» бағдарламасының жылдық жүктемесі 36 сағатқа құрылған. Апталық жүктемесі - 1 сағат.

Бағдарлама 3 жас аралығындағы балаларға арналып ұсынылған.

Бағдарламаны оқыту төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.






Бағдарламаның мақсаты:

Өлең ырғағымен баланың саусақ жаттығуларын, өз бетімен орындауына дайындап, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қол моторикасының қалыптасуын және саусақ қозғалысының еркіндігін меңгерту.Саусақ жаттығулары арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттыру. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуына, есте сақтау, есіту, көргенін жадында сақтап қалуға, мұқияттылыққа тәрбиелеу.


Бағдарламаның міндеттері:

1.Саусақ ойындарын тиімді пайдалану оқу іс – әрекеттің әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін арттырып, таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, оқу іс – әрекеттіне ынталандыру. Қол саусақтарының, көздің, қолдың икемділігін, ырғақты үйлесімді қозғалысын қалыптастыру.

2. Саусақтардың, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;Қол қимылдарын жетілдіру, танымдық психикалық үдерістерді, өз бетінше зейін, логикалық ойлау, көру және есту қабылдауы, есте сақтау қабілеттерін ,балалардың сөйлеу тілін дамыту.

3. Қоршаған ортаға қатысты адамгершілік қасиеттерді, мейірімділік, серіктестік сезімдерін, көркемдік талғамдарын, шыдамдылыққа, мақсаттылыққа тәрбиелеу.


Осы міндеттерді шешу үшін келесі қағидаттар әзірленді:

- жүйелілік принципі: қарапайымнан күрделіге дейін, жекеден жалпы;

- балаларды сенсорлық тәрбиелеу бойынша мазмұнды пәндік-ойын ортасының принципі;

- сенсорлық, ақыл-ой және дене дамуының өзара байланыс принципі;

- тәрбие, білім беру және дамыту міндеттерін біріктіру принципі;

- белсенді танымдық-сенсорлық тәжірибені қамтамасыз ету принципі.


Күтілетін нәтиже:

Саусақ ойын жаттығуларының нәтижесінде балалардың тілдері ,саусақ бұлшықеттері дамиды.Балаларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғымдарын, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйренеді. Бұл жаттығулардың баланың шығармашылығын дамытуда да маңызды. Егер бала қандайда бір «саусақ жаттығуын» меңгерсе, ол міндетті түрде басқа да тақпақтар мен әңгімелерге саусақ жаттығуларын ойлап табуға тырысады. Саусақ ойындары балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Пассивтік сөз дегеніміз- бала алдымен пассивті сөйлеуге ие деп есептеледі. Яғни ол алдымен сөйлейтін адамдарды түсінуге тырысады. Кішкене сөзден бастап сөздердің мағынасын есіне сақтай алады. Сөйлем құрап айту қабілет оянады.

Активтті сөз дегеніміз- сөйлем құрап айта алу қабілетті дамыған. Өз ойын еркін жеткізе алатын белсенді дамуды айтамыз

Логика- деген сөз гректің «Легос», «Логос» деген сөздерінен алынган. «Легос» сөйлеу, түсіндіру, «Логос »ақыл ой деген соз. Логика деп дұрыс ойлаудың заңдары және ережелері туралы ғылымды айтамыз. Адам баласының тұрмысында дұрыс ойлау күрделі роль атқарады. Адамның ойы дұрыс болу үшін, ол белгілі бір ережелерге, зандарға бағынуға тиісті. Ойлау адамның рухани тұрмысының ең жоғарғы формасы.

 

Ортаңғы топ балаларының тілін дамытуда жүргізілетін саусақ ойын жаттығуларының тақырыптық жоспары.

«Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз!»

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Күні

1

«Достық»

Қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

1

Қыркүйек

2

«Мамандықтар»

Саусақ қимылымен тәрбиеші жұмысын көрсете білу.

1


3

«Балықтар»

Тақпақ шумақтарын, әндетіп орындау арқылы қолдың негізгі қызметін жаттықтыру.

1


4

«Ойыншықтар»

Дөңгелек заттарды салыстыра, айыра білуге үйрету.Қол бұлшықеттерін дамыту.

1


5

«Күз»

Кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.Көк түсті ажырата білуге дағдыландыру.

1

Қазан

6

«Отбасы»

Саусақ жаттырулары арқылы бала тілін дамыту.

1


7

«Үй тұрғызу»

Өлең шумақтарын, әндетіп орындау арқылы қолдың негізгі қызметін жаттықтыру.

1


8

«Қала»

Қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

1


9

«Бір үйде біз нешеуміз?»

Саусақ бұлшықеттерін дамыту. Отбасы мүшелерінің атауларын атай білуге үйрету.

1

Қараша

10

«Дене мүшелері»

Саусақ жаттығуы арқылы балаларға дене мүшелерінің атауларын атауға үйрету.

1


11

«Көкөністер»

Көкөніс түрімен таныстыра отырып жасыл түсті бекіту. Жасыл түсті заттарды таба білуге үйрету.

1


12

«Алма бағы»

Қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылын дамыту.

1


13

«Тук-ток»

Баланың қол қимылдарының икемділігін дамыту.


1

Желтоқсан

14

«Қыс»

Саусақ қимылымен қарды бейнелей білуге үйрету.Сөйлеу ырғағын дамыту.

1


15

«Ыдыс»

Балалардың қол қимылдарының икемділігін, дәлелдігін, көз мөлшерін дамыту.

1


16

«Серуен»

Қол қимылдарының икемділігін дамыту.

1


17

«Жаңа жыл»

Балалардың саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту.

1

Қаңтар

18

«Үй жануарлары»

Қосаусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

1


19

«Құстар»

Тоқылдақты саусақтарымен бейнелей білуге үйрету. Саусақ бұлшықеттерін дамыту.

1


20

«Ыстық жақтың жануарлары»

Қол қимылдарының икемділігін, дәлелдігін, көз мөлшерін дамыту.

1


21

«Жабайы жануарлар»

Саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту.

1

Ақпан

22

«Жиһаз»

Саусақтарының бұлшықеттерін дамыту.

1


23

«Қозылар»

Балалардың қол қимылдарының икемділігін дамыту.

1


24

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!