Материалдар / "Шағала" мектеп жанындағы оқушылар лагері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шағала" мектеп жанындағы оқушылар лагері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал лагер жетекшілеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
716
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:01.07.2019ж

Тақырыбы: «Біз және музыка күні»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсенділіген арттыру.
Оқушыларды топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа:
топ ішінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы, бір - бірінен үйренеді;
ортада ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндік болады;
жұмыс әрекетінде бір - бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын игеруге қол жеткізеді;
музыка тыңдау және ән айту ережелерін еске түсіреді;
Сабақтың түрі: сыныптан тыс ертеңгілік.
Сабақтың әдістері: кіріспе сұрақтары, музыкалық - дидактикалық ойындар;
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1.
Құралдар: мультимедия, интерактивті тақта, компьютер, ән – күй маркер, музыкалық аспаптар;
2. Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар, 

1. Жүру барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым! «көкірегі кең, көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар, оқушылар және кішкентай бүлдіршіндер! Баршаңыз да бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер.
Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. Мектебімізде бастауыш сыныптар оқушылары «Ән - көңілдің ажары» ән кешін өткізгелі отыр.
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар бар ма? Олай болса тұрмайық кешімізді бастайық.
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе ортаға «Бала тілегі» әнімен Ақанды ортаға шақырамын.

Мұғалім: Бүгін сіздер «Музыка патшалығына» саяхат жасайтын боласыздар! Сіздер қарсы болмассыздар деп ойлаймын.
Сахнаға Музыка патшайымы шығады. Жан - жағына таңдана қарайды.
Музыка патшайымы: Сендер кімсіңдер, қайдан келдіңдер?
Жүргізуші: Біз Ж. Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінен келдік, сіздердің патшалыққа саяхат жасауға болады ма?
Музыка патшайымы: Әрине болады, білгім келеді, көргім келеді, үйренгім келеді дегендерге әрдайым есігіміз ашық. Қош келіпсіңдер!
Музыка патшайымы: Музыка патшалығына келгендер міндетті түрде, менің тапсырмамды орындайды. Дайынсыңдар ма балалар?! Менің нөкерлерім қайдасыңдар?
Сахнаға жеті нота шығып, би билеп ән салады. «Көңілді ән»
Музыка патшайымы: Менің мына нөкерлерімді танисыңдар ма? Онда қане бәріміз бірге - до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Енді осы жеті нотаның тапсырмасын орындайсыңдар. Кімнің жеңгенін менің уәзірлерім анықтап отырады. 
- Дайын болсаңдар, бірінші тапсырманы алып келіңдер!

До нотасы музыка әуенімен билеп келіп, ханшаға тапсырма салған конвертті береді.
Патшайым тапсырманы алып оқиды. 
1 - ші тапсырма: 1 - 2 сынып оқушыларына келіпті. Шарты ән орындау.
«Тұлпарым» әнімен 1 - сынып оқушыларын қарсы алыңдар.
Музыка патшайымы:
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отыра келесі кезекте 2 - сынып оқушыларының өнерін тамашалайық. «Спорт - біздің досымыз» әнін орындайды

2 - ші тапсырманы музыка әуенімен, би билеп, ре нотасы тапсырманы береді.
2 - ші тапсырма «Музыкалық жұмбақ»
Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе қайда. (домбыра)
Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)

Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған,
Қандай аспап балалар. (дабыл)

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)
Ми нотасы ортаға шығып, тапсырманы береді,
3 - тапсырма: 3 - сыныпқа келіпті, музыка аспабы туралы ән орындап беру.
«Қасиетті домбыра» әнін орындайды. 
4 - ші тапсырманы фа нотасы әкеледі.
4 - ші тапсырма: Әнді тыңдап, қай ән екенін тауып жатқа орындап береді. Бұл тапсырма бойынша «Ән сарайына» келдіңдер.
Айтылатын әндер: «Қошақан», «Аяқпененен топ - топ»,
5 - ші тапсырманы соль нотасы әкеледі.
5 - ші тапсырма: «Музыка сан ғылымда» сарайына барып, «Пішіндер», «Санау» әндерін тыңдайды. (видео)
6 - шы тапсырманы ля нотасы әкеледі
6 - тапсырма: «Музыкалық ертегі» сарайынан келіпті.
Ендеше кезекті ертегіге берейік.
3 - 4 - сынып оқушылары орыстың халқының «Үйшік» ертегісін қояды.

7 - ші тапсырманы си нотасы әкеледі
7 - тапсырма: Шық достарым билеуге,
Бір - бірінен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
«Айгөлек» биі

Музыка патшайымы: Осымен біздің тапсырмамыз аяқталды. Сендер менің барлық тапсырмамды орындадыңдар. Сендерге «Музыка патшалығының» есігі әрдайым ашық. Кез келген уақытта сендерді қуана қарсы алуға дайынмын. Өз халықтарыңның музыкасын, өнерін қастерлеп, сақтап жүріңдер. Қазақ халқының музыкасы сендердей ұрпағы барда мәңгі жасай береді!

Жүргізуші: Осымен «Музыка әлемінде» саяхатымыз аяқталды.
Музыка сабағынан алған білімдеріңді саяхат барысында жақсы көрсете білдіңдер. Музыка біздің өмірімізде өте маңызды роль атқарады. Сондықтан да тек музыка сабағында ғана ән айтып, музыка тыңдамай, кез келген уақытта ән айтып, күй тыңдап жүрсеңдер, үнемі көңілді, шаршамай жүріп, өмірде кездесетін кез келген қиындықты жеңетіндеріңе кәміл сенемін!
Бүгінгі ертеңгілікті халқымыздың мынадай дана сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Ақылың болса ән тыңда!»

Жас дәуірдің түлегіміз,
Ән салу біздің өнерім

іӘрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегі
міз





Күні: 02.07.2019ж

Тақырыбы: «Теңіз қазыналары күні»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.

Керекті спорттық құрал — жабдықтар: гимнастикалық орындық, арқан, карта, монеталар. Сайыстың салтанатты түрде ашылуы. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің таныстыруы кәміл шықты. Қазына іздеушілер сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

І — кезең. Топтың атын табу «Апачи» сөздерді кері қарай оқу арқылы топтың атын табу. «Чунгачкук»

ІІ — кезең. «Тайпа басшыларымен би билеу»  Отқа табыну. О құдіретті күн құдайы! Әлемді жаратушы тәңірім, Бізге жеңіске жетуге күш бере гөр! Бойымызда үрей менен қорқыныш, Кедергіден өтеміз бе, деп тұрмыз. Бірақ біздер саспаймыз, Дәл қазір қазынаны іздеуді бастаймыз.

ІІІ — кезең. «Картаны құрастыру» Қиылған қиындылардан жол көрсететін карта құрастыру. Жүргізуші:Қазына аралына баруға дайынсыңдар ма? -иә Олай болса, жолда сендерге көп кедергілер кездеседі, сол кедергілерден сүрінбей өтіп жеңіске жетуге сәттілік тілеймін.

IV – кезең «Батпақты дала» Балалар батпақтан секіріп өтеді.

V — кезең. «Жасырылған затты табу» Сағатты табады. Жүргізуші: сендер сағат 11-00-ге дейін «Қазына аралына» жетіп қазынаны табуларыңыз керек. Егер уақыт асып кетсе, аралдағы үңгір жабылады.

VI — кезең. «Сынық көпірден өту» Жүргізуші: Балалар сіздердің алдарыңызда үлкен өзен жатыр, сол өзеннен сынық көпір арқылы өте аласыздар.Өте алмаған балалар ойыннан шығарылады.

VII — кезең. «Балық аулау» Жүргізуші сендер әрі қарай бару үшін көп күш керек. Ол үшін сендер тамақтанып алуларыңыз қажет. Өкінішке орай сендер тамақ жоқ. Енді тамақ тауып жеу керек.Жерде сендерге 3 зат берілген, сол заттарды пайдаланып түскі тамақты тауып жеу қажет. /Таяқ, жіп, сымнан қармақ жасау/

VIII — кезең. «Үңгірден өту» Үңгірде улы жылан бар,сол жыланды ұйқыдан оятпай өтіп кетулеріңіз қажет.

IX – кезең «Орман перілері» Сендер ағашта жасырынған қағазды тапсаңыз ғана, орман перілерінен құтылудың жолын табасыз және сол қағазда көрсетілген бағдар арқылы қазына толы сандықшаны таба аласыздар. Жасырынған сандықты тапқан топ қазынаны алады және марапатталады. Жүргізуші: Жарайсыңдар нағыз қазына іздеушілер екенсіздер, жеңістеріңіз құтты болсын!

Күні: 03.07.2019ж

Тақырыбы: «Теңіздегі дүлдүлдер»
Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру, өнерлі, білімді оқушыларды анықтау.
Құрметті тәрбиешілер мен демалушылар бүгінгі «Теңіз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауға қош келдіңіздер!
Ендеше ханзада мен ханшайымдарды ортаға шақырайық:
1. Джанбаев Дінмұхамед, Мұхаметқали Шынар - « Алтын балық» тобы
2., Семилутский Данила, Ботаева Жанайым- «Дельфин» тобы
Жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық - өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 5 турдан тұрады.
1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)
2. «Жүйрік болсаң тауып көр» (білімділік сайысы)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
5. Үй тапсырмасы
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - бүгінгі байқауға төрелікке ететін әділ қазы мүшелерімен таныс болайық:
1. Лагерь бастығы Абжатова Жанар Калкешовна
2. Лагерь тәрбиешісі : Абдула Толғанай
3. Лагерьтәрбиешісі: Тураханова Гүлғайша

Жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Тайсалмастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен, танысуға - олай болса, 1 турымыз «Сәлем сөздің анасы» таныстыру сайысын бастаймыз.(өздерін таныстырады)
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар
Сіздер өтер әлі де талай сын бар
Тапқырлықпен тауып айт қысылмай - ақ
Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар
(сұрақтар қойылып, жауап алынады).
«Жүйрік болсаң тауып көр» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Жүргізуші:
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ханзадалармен, ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.
(өз өнерлерін көрсетеді)
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Ән орындайтын Берікқызы Аякөз
«Өнерлі өрге жүзер» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Би орындайтын «Айжұлдыз» тобы
Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді
Түрлі - түсті сән көйлек
Көз тартады не керек - деп келесі «Сұлулықтық сыры» сән үлгісі бойынша келесі 4 турымызды бастаймыз.
«Сұлулықтық сыры» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Көркем сөз оқитын Біржанова Дильназ
Жүргізуші:
Келесі соңғы 5 турымыз үй тапсырмасы ханзада мен ханшайымдардың өздері дайындап келген заттарын көрсету, таныстыру.
«Үй тапсырмасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Қорытынды бөлім: Әділқазы алқасына сөз кезегін беру (марапаттау).
Ән орындайтын Қанатқали Айым
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екенін байқадым
Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым
Әрқашанда осы шақты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңдар!
Жеңімпаздарды марапаттау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!