Материалдар / ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – оқушыларының саны аз, біріктірілген немесе толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ


Темиралиева Н. М.,

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,

Юбилейное ауылындағы Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебі


Елбасы өз жолдауында «Ауыл-бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде ауыл мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» дегені үлкен міндеттер жүктейді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі, жастардың ауылда тұрақтамауы шағын мектептер санының көп болуына тіреп отыр. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленген. Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан шағын мектептерде бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ беруіне тура келеді. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру кез-келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – оқушыларының саны аз, біріктірілген немесе толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі.

Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.

Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

-сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды.

-мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс.

-мұғалімдер ұжымының аздығына орай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігің артуына жол болмайды.

-белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ.

-оқушылар көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кейде, кейін қалады.

Шағын жинақты мектептің өзіне тән бірнеше тиімді жақтары бар:

-балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын жақсы тануына мүмкіндік бар.

-дәптер тексеруге аз уақыт жұмсалады.

-оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

-оқушылар бірінші сыныптан өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

-оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырады.

Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, яғни жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес екенін, оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатырғанын айтқан». Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері қанша уақыт өтсе де, шағын жинақты мектептер әлі де өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар:
1)     Бастауыш шағын жинақты мектеп;
2)     Негізгі шағын жинақты мектеп;
3)     Орта шағын жинақты мектеп.
Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын жинақты мектептер жалпы білім беретін мекемелердің бірі бола отырып, бірқатар әлеуметтік-эканомикалық себептерге байланысты қазіргі қалпында оқытудың сапасын жетілдіру, мемлекеттік стандарт талаптары деңгейінде сай білім беру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндігі аз. Мұндай мектептерде бүгінгі күннің талабына сәйкес пәндерді тереңдетіп оқыту, бастауыш кәсіби білім негіздерін жасау, оқушылар үшін білімділік қызметтердің қол жетерлігін қамтамасыз ету мәселелері аса қиын. Жоғарыда аталған бұл мәселелер мұндай себептерден туындауда:
- Әр түрлі жастағы балаларды бір сынып кешенінде біріктіріп, бір мезгілде, бір бөлмеде оқыту, қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы;
- Әртүрлі жастағы балалардан құралған сынып кешкендердің оқытудың арнайы әдістемесінің жасалынбауы, осы типтес сыныптарға арналған оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз етерлектей оқу-әдістемелік кешендердің болмауы;
- Ауылдық мектептердің арнаулы жабдықталған оқу кабинеттері мен шеберханалармен, лабараториялармен, оқытудың аудио-визуальды құралдармен, компютермен жабдықталмауы, оқулықтардың жетіспеуі;
- Шағын жинақты мектептердегі сабақ құрылымын жобалаудың өзіндік ерекшеліктері;
- Сынып кешендердегі сабақтың тиімді құрылымының жасалып, мұғалімдер қауымына дайын күйде ұсынылмауы,
кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің жоқтығы;
Осы оқу жылына дейін ауылымызда толық емес сыныптармен негізгі орта білім беретін мектеп жұмыс жасады. Осындай мектептің арнаулы жабдықталған оқу кабинеттері және шеберханалар, лабараториялар, оқытудың аудио-визуальды құралдарымен толық жабдықталмауы оқушының жан-жақты білім алуына кедергі келтіреді деп ойлаймын. Себебі, оқушылар бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстарды жасап, арнаулы пәндердің тапсырмасын көзбен көріп жұмыстанбаған жағдайда талапқа сай жұмыс орындай алмайтынын жақсы білеміз, осындай киындықтардың туындауынан оқушылардың сабаққа деген қызығушылығынын төмендеуіне, сабаққа немқұрайлы қарауына әкеліп соқтырады. Бұл технология, физика, химия, биология, пәндеріне қатысты. Өзім технология пәнінің мұғалімі болғандықтан оқушылардың арнайы шеберханада жұмыс жасағанын қалаймын. Осындай және басқа да шағын жинақты мектептерде күнделікті кездесетін қиындықтардың алдын алу үшін, біріктірілген әдістемелік орталықтар, әдістемелік ұйымдар ШЖМ-те жұмыс істейтін мұғалімдерді біріктіріп, (орналасу жеріне байланысты мектептің немесе үйдің) бір бірінің тәжірибесімен алмасуына жағдай жасайтын, мұғалімдердің күнделікті араласып, пікір алмасуларына мүмкіндік жасайтын өзара ұйым құрып, кездесетін қиындықтарға бірігіп, ұйымдасқан түрде, бір-біріне қолдау жасап, шешім қабылдап, өз біліктілігін ғана емес, басқада мұғалімдердің біліктілігі артар еді. Жылына әлде жарты жылда өткізіліп тұратын семинарлар аздық етеді. Мұндай жұмыстар тәжірибесі мол мұғалімдер мен жас мұғалімдермен тәжірибе алмасуына үлкен септігін тигізіп, барлық оқу үрдісін жаңартуға оң әсер етер еді.



Мектебіміздің қазіргі жағдайы өте жақсы, ауылымызда биылғы оқу жылынан бастап, оқушылар жаңа типтегі салынған мектепте білім алып келеді. Мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Оқу кабинеттері жеткілікті, шеберханалар, компьютер сыныбы, спорт зал, зертхана кабинеті жұмыс жасайды. Сынып бөлмесі жеткілікті, оқушылардың да қосымша сабақ оқуына мол мүмкіндік жасалған.

Бүгінгі шағын жинақты мектептердің мәселесі өткір қойылуы қай тұрғыдан да заңды. Өйткені ауыл мектебі- нағыз қазақи қалыпты сақтаған қазақ ұлтының -болашағы, ұлттық болмысымыздың қайнар көзі, ұлттық мәдениеттің ошағы.
Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек. Шағын жинақты мектептегі оқу сапасы оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Демек, әрбір сабақ-оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс.Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Астамбаева Ж.Қ, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагоикалық үдеріс теориясы мен технологиясы:Алматы,2010
2.  Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер:- Алматы, 2002.
3. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.
4.   Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (жобасы).
5.  Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ заңымен бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл).


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!