Материалдар / Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады. Кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: "мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру" тек шағын кәсіпкерлік арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі. Оның себебі, біріншіден, рыноктардың қажетті бөліктерінде әрекеттенеді; екіншіден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшіншіден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейімделген; төртіншіден, олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз етуі; бесіншіден, бұл кәсіпкерлік түрі тікелей кәсіпкердің басқаруымен қызметін жүргізе береді (басқа басқарушы кадрларды қажет қылмайды).
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2022
651
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.


Шағын кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады. Кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: "мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру" тек шағын кәсіпкерлік арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі. Оның себебі, біріншіден, рыноктардың қажетті бөліктерінде әрекеттенеді; екіншіден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшіншіден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейімделген; төртіншіден, олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз етуі; бесіншіден, бұл кәсіпкерлік түрі тікелей кәсіпкердің басқаруымен қызметін жүргізе береді (басқа басқарушы кадрларды қажет қылмайды).

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің саны 50-ден аспайтын дара кәсіпкерлер және жыл бойындағы активтерінің орташа құны 60 мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.

Шағын кәсіпорынның негізгі проблемалары – ресурстық базасының жетіспеушілігі; материалдық-техникалық және қаржылық. Бұл проблемаларды шешуге мемлекет тікелей қатысуы керек. Кәсіпкерлікті қолдаудың ең тиімді үлгісі – лизинг. Кәсіпкерлікпен шұғылданғысы келетін кез келген адам лизинг компаниялары арқылы өзіне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең зерделейтін жүйе жоқ. Басты проблеманың бірі–ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.

Шағын кәсіпкелікті мемлекеттік қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгеді.

Шағын және орта кәсіп­кер­лікті дамыту – ел экономи­касының өсімін және оның тұрақ­тылығын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Қазіргі уақытта бұл мәселенің маңызы бұрынғыдан да арта түсті.

Пандемия бірқатар салаға, оның ішінде шағын және орта бизнеске де өз зардабын тигізді. Көлік, сауда, қызмет көрсету, қоғам­дық тамақтану, қонақүй және жылжымайтын мүлік биз­несі айтарлықтай шығынға ұшы­рады. Пандемия жағдайында кәсіпкерлер үшін жалғасып жатқан шектеулер кезінде шағын және орта бизнесті қолдау өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті 2021 жылы Ұлттық банктің айналым капиталын толықтыруға жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» және «жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, айналым капиталын толықтыруды қаржыландыру едәуір кеңейтіліп, кредиттер сомасы ұлғайтылған. Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімді микрокредит беру іске қосылған. Экономиканың зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын және орта кәсіпкерлік кредиттерін қайта қаржыландыру жүзеге асырылуда. Осы іс-шараға бюджеттен 18,4 миллиард теңге бөлінген. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде жаңа бизнес жобаларын субсидиялау үшін бюджеттен қосымша 13,2 миллиард теңге бөлінген. 2021 ж. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Бастау-Бизнес» жобасының түлектеріне шағын несие беру басталған. Оған 22,5 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар, ауылдағы өз кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлердің 5 мыңдай жобасын қаржыландыру жоспарланып жатыр.

Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттегіш эко жүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері жасалып жатыр. Олар мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді көздейді.

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе шеңберінде бизнес мәселелері тұрақты негізде талқыланып жатыр. Соның ішінде, күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтау үшін негізгі тәсілдердің бірі – бұл «Ashyq» қосымшасын кеңінен пайдалану. Сондай-ақ, қазіргі таңда бұл бизнестің кәсіпкерлік қызметтен табыс табу және азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі екенін атап өтті.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу кезінде мына мақсаттар көзделеді:

- кәсіпкерлікті мемлекеттің, қоғамның мүддесін сақтай отырып дамыту;

- кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау;

- барлық шаруашылық субьекті-лерінің заң алдындағы теңділігін қамтамасыз ету.

Шағын кәсіпкерлік субьектілерін мемлекет тарапынан қолдаудың мына келесідей шаралары заң жүзінде белгіленген:

- Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржымен қолдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жеңілдікті жағдайларда статистикалық және ақпараттық қызмет (кұралдар), сондай-ақ ғылыми - техникалық талдамалар мен технологиялар беріледі.

- Шағын кәсіпкерлер үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шағын кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалатын барлық қаражат көлемінің кем дегенде 2 проценті мөлшерінде шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарла-маларыңда көзделген қаражат есебінен жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, мамандырылған консалтингтік ұйымдар және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін құру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту арқылы жүргізіледі.

- Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілері мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл бойына, жылжы-майтын мүлікке құқығын төлеу үшін ақы төлеуден босатылады.

- Өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілеріне (заңды және жеке тұлғаларға) жер учаскелерін беру (сату, жалға беру) олардың жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану (жерді иелену) актісін бергені үшін ақы алмастан және жерді сатып алған немесе оны жалға алғаны үшін төленетін соманы үш жыл кейінге қалдыра отырып жүргізіледі.

- Шағын кәсіпкерлік үшін мемлекет қатысатын екінші деңгейдегі банктерде шот ашу ақысы алынбастан жүргізіледі.

- Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілері кәсіпорындардың - табиғи монополистердің қызметін монополияға қарсы реттеу қолданыла отырып, электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойын-ша біріктірілетін қуат үшін ақы төлеуден босатылады. Аса маңызды бағыт ретінде шағын кәсіпкерлік аясындағы өзіндік реттеуді дамытуды айтуға болады. Кәсіпкерлер одақтар, ассоциациялар, клубтар, бизнес орталықтарын құра алады. Ең тиімдісі қалалық әкімшіліктің жанында шағын кәсіпкерліктің өкілдігін құру. Шағын кәсіпкерлікке басқарушылық ықпалын тигізу жүйесіндегі пайдаланылатын негізгі реттеу нысандары мына келесідей болып келеді:

- муниципалдық тапсырыс;

- баға деңгейіне ықпал ету;

- несиелеу;

- салықтарды жіктеу және жеңілдіктер беру;

- кәсіпкерлікті дамытуға қажетті қаржылық қорлар құру;

- кәсіпорындардың басы бос қаражаттарын ерікті түрде белгілі мақсатта біріктіру (жиыстыру).

Бұлардан басқа әкімшілік реттеу түрлері қолданылуы мүмкін:

- негізді, негізсіз тексерулерді шектеу, прокуратура қадағалауына берді;

- инспекциялау, салықтық және әкімшілік бақылау;

- айыппұл санкциялары;

- қызметке тыйым салу.

Қорыта келіп айтсам, кәсіпкерліктің дамуын мемлекет тарапынан қолдау үш бағытта жүргізілуге тиіс: 1) жаңадан құрылған кәсіпорындар мен фирмалардың құрылу және қызмет атқару процестеріне бастапқы кездерде кеңес беріп отыру; 2) осы жаңадан құрылған құрылымдарға белгілі бір мөлшерде қаржылық көмек көрсету немесе салық салу аясында жеңілдіктер беру; 3) қаржы жағынан әлсіздеу кәсіпкерлік құрылымдарға техникалық, ғылыми-техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!