«Ал, қанеки,
қыздар!»
Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)
Міндеттері:
Ойын тәсілі арқылы оқушылардың
ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын
ояту;
Өнерді түсініп, бағалап,
меңгеруге бағыт-бағдар беру;
Өнер үйренуде өз беттерінше
ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық және
шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа
тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен
таныстыру
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.
Сайыс
барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді
бастайық.
Жүргізуші:
Армысыздар қадірменді көрермен
қауым! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі
мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып
өтейін.
1-кезең
«Сәлем – сөздің
атасы» деп аталады, әр топ атымен,
ұранымен таныстырады. (4 мин)
2-кезең «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. (5
мин)
3-кезең «Кім
жылдам?» (8 мин)
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін
көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) Картоп ашу
б) Кестелеу
в) Түйме қадау
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп
шығады).
4-кезең
«Тіл
өнері» (5 мин)
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын
табу.
5-кезең
«Ас – адамның
арқауы» (10 мин) салат түрлерін
дайындау.
6-кезең
«Он саусағы майысқан шебер
болар ұрпақпыз» қолөнер бұйымдарын көрсету
және қорғау
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
1. Мектеп директоры:
2. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары:
3. Мұғалім:
Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен
таныстыру.
(әр топқа 1 мин – 4 мин)
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға
жауап береді.
«Бәйге»
Әр
топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру
керек.
«Бәйге» 10 -
сыныпқа
-
Ұлттық бас киімдерді ата.
(сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
-
Малдың сүтінен дайындалатын
ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
-
Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі,
тамақ)
-
Ою-өрнек түрлері нешеге
бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік
тектес, геометриялық,
космогониялық).
-
Киізге ою-өрнек басып жасалған
кілемше қалай
аталады? (түскиіз)
-
Қандай қолданбалы өнер түрлерін
білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ
сыру)
«Бәйге» 9
«А»
1. Табиғи жүнді неден алады?
(қой, ешкі)
2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу
керек? (3 сағ)
3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
4. Көкөністен дайындалған салқын тағам (салат)
5. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
6. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
«Бәйге» 9
«Б»
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)
3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек?
(түсте)
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
6. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
3-кезең
«Кім
жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып
беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа,
әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Кесте кестелеу (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені
ескерілуі керек).
г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу
керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)
4-кезең
«Тіл
өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп
көрейік.
10-сынып
1. Бар
екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.
(Ине) Оқу инемен құдық
қазғандай.
2.
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың.
(Тұз) Доссыз адам – тұссыз
ас.
3. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан.
(Қасық) Құрғақ қасық ауыз
жыртар.
9 «А»
сынып
1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене
сыйлайды.
(Дастархан) Дастархан көркі
– нан.
2. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік май құртыңда.
(Сүт) Жылқыда өт
жоқ,
Құста сүт жоқ.
3. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат
жуынар.
(ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп,
асын іш.
Шешесін көріп, қызын ал
9 «Б»
сынып
1. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер
(Қол) Көз қорқақ, қол
батыр.
2. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса
аттама
(Кітап) Кітап – білім
бұлағы,
Білім – өмір
шырағы
3.
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас
(Нан) Ас атасы -
нан
5-кезең
«Ас адамның
арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас
көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау
жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5
минут)
Келесі 7-кезең бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі
ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер
бұйымдарын тамашалап, бағалайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз
мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін
әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Қыздар, бүгін сендер өз
білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа
қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды
айтамыз.