Материалдар / Сайыс. "Ал, қанекей қыздар!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс. "Ал, қанекей қыздар!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2325
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ал, қанекей қыздар!»

(топ ішіндегі сайыс)

Мақсаты: Қазақ халқының әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып қыз балаға келешекте ана, елдің құт – берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, төзімділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім: «Ана – сая болар бағың болса,

Әке – асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім?!

Ана жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана – шуақ шашатын таң екенсің.

«Ана – өмір, ана – бақыт, ана – жүрек»

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Мұғалім:

«Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дей келе бүгінгі топтағы қыздарымыз арасындағы «Ал қанекей қыздар» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Олай болса бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. Олар:

  1. Тарих пәнінің оқытушысы – Төленова Ақбала апай

  2. Кітапханашы – Қанбаева Жанар апай

  3. Өндірістік оқыту шебері – Дәрібаева Шарбану апай

  4. Колледж әдіскері –Иманғалиева Лиза апай


Мұғалім: Қазақ халқының әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа баулу. Сонымен қатар, қыз бала алдында қоғамның, елдің тыныс – тіршілігі барысында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан – жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек дей отырып бүгінгі «Ал, қанекей қыздар!» атты сайысымызға қатысатын топтармен таныстырып өтейін. Топ аттары:

  1. Алғырлар

  2. Білімділер

  3. Тапқырлар







Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныстырайық.

  1. «Кел танысайық» (Таныстыру.)

  2. «Сен білесіңбе?» (Сұрақ – жауап)

  3. «Өнер тамған он саусақ» (шаш өру)

  4. «Бабалар сөзі – тәрбие көзі» (салт – дәстүр)

  5. «Түсін мені»

  6. «Сен не істер едің?» (жағдаяттан шығу)

  7. Қортынды.

Олай болса сайысымызды бастайық. 1 – ші бөліміміз «Кел танысайық».

(Мұнда топ өздерін таныстырады.)

Мұғалім:Ата – ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де шешеде балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез – құлқындағы ерекшеліктерді білгені жөн. Балаларымен әсіресе, қыз балаларымен әңгімелескенде олардың пікірлерімен де санасып, отырған орынды.

Сөкпей сөйле ұлыңа,

Күлмей сөйле қызыңа.

Жіберіп қойып еркіне,

Күлкі болма халқыңа – деп келесі 2 – ші «Сен білесіңбе?» атты бөлімімізге кезек береміз. Мұнда барлық топқа ортақ сұрақтар беріледі. (Бірінші болып қол көтерген топ жауап береді). Бұл бөлімде әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Қазақстан тәуелсіздігін алған уақыт? (1991ж 16 желтоқсан)

  2. Ұлттық валютамыз қабылданған уақыт? (1993ж қараша)

  3. Ана туралы қандай мақал білесің?

  4. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986ж)

  5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров, Т.Мұсабаев)

  6. ҚР – ң бірінші ханымы кім? (Сара Назарбаева)

  7. Қазақстанның оңтүстік астанасы? (Алматы)

  8. Елімізде қанша облыс бар? (14)

  9. Ұлы Отан соғысы жылдарын ата: (1941 – 1945ж.ж.)

  10. Үш биді атаңдар: (Төле, Қазбек, Әйтеке би)

  11. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата. (күрес, аударыспақ, бәйге, теңге алу)

  12. Қыз бала туралы қандай мақал білесің?

  13. ҚР – ң тұңғыш Ата заңы қабылданған уақыты? (1993 ж. 28 қаңтар)

  14. Үш байлықты ата. (денсаулық, ақ жаулық, он саулық.)

  15. Мемлекеттік рәміздерді ата: (Ту, елтаңба, әнұран)

  16. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата. (қазы – қарта, жал – жая, шұбат, құрт, ірімшік)

  17. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ) 

  18. Қазақ хандығының негізін қалағандар: (Керей мен Жәнібек)

  19. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)

  20. Жылда қанша ай, қанша күн бар? (12 ай, 365 күн)

  21. Бес дұшпанды ата. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.)

  22. Тұңғыш Президент күні: (1 желтоқсан)

  23. 38 – Дүниежүжілік қыстық универсиада қай жылы қай қалада өтті: (2017 жылы Алматы қаласында)

  24. ЭКСПО – 2017 қай мемлекетте өтеді? (Қазақстан)

Мұғалім: Осы бөлімнің қорытындысын есептеп айтып жіберулеріңізді әділқазылар алқасынан сұраймыз.

Келесі кезекті әнге берсек. Қазақ дәстүрлері – ай, орындайтындар Бақтығалиева С пен Бөртебай Айзада

Мұғалім: Шеберлерім өнер тамып қолынан,

                         Жаңылмаған ата – баба жолынан

                         Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін, дей келе

                         кезекті 3 – ші бөліміміз «Өнер тамған он саусаққа» береміз. Мұнда қыздарымыз шаш өре алатындықтарын көрсетеді.


Мұғалім: Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұлт тәрбиелеу. Ал жастарды жан – жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт – дәстүрлердің тәлім – тәрбиелік, білім – танымдық рөлі орасан зор. Халқымыз салт – дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды асыл қоймасындай сақтады.

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе біз келесі 4 – ші бөліміміз «Бабалар сөзі – тәрбие көзі» - деп аталады.

Мұнда салт – дәстүрдер сұрақтар беріледі. Барлығына ортақ сұрақтар беріледі. Сұрақтың жауабын топ мүшелері бірінші болып қол көтерген топ жауап береді.

  1. Шілдехана дегеніміз не ? жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.

  2. Базарлық деніміз – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелетін сыйлығы.

  3. Бесікке салу дегеніміз – жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, баланың алтын ұясы болып есептеледі.

  4. Асату дегеніміз – ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалармен жігіттерге асатады.

  5. Тұсаукесер дегеніміз – сәби қаз – қаз тұрғаннан каейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалынатын ғұрып.

  6. Ат қою дегеніміз – Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.

  7. Шашу дегеніміз – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.

  8. Ерулік дегеніміз – басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғыни қонаққа шақырады.

  9. Енші дегеніміз – балалар ер жетіп, жеке үй болғанда ата – анасы дүние – мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады.

  10. Аманат дегеніміз – Бір адамның екінші біреуге берген аманаты.

  11. Бет ашар дегеніміз не? Беташар деп жаңадан түскен келіннің бетін ашу салтын. Бет ашарды ауылдың беделді, сыйлы адамына өткізетін болған.

  12. Қырқынан шығару дегеніміз – Баланың туғанынан 40 күн толған соң оны ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып, енді өсуіне деген ақ тілекпен шыққан.

  13. Тілашар дегеніміз ол – Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу – жабдықтарын дайындап шағын той өткізеді. Мұны «тілашар тойы» деп атайды.

  14. Байғазы деп - балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай не заттай сыйлық.

  15. Сыбаға деп – Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын жуығына сақталған кәделі ет мүшелері «сыбаға» деп аталады.

Енді сандарға байланысты және тыйым сөздерден сұрақтар қоямын.

  1. Жеті жоқты ата: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

  2. Бала туралы тыйым сөздерді атаңыздар: Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Бала қырқынан шыққанша түнде алып жүрмейді. Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды. Баланы сыпырғышпен ожаумен ұрмайды. Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне ескі киім кигізіп қояды.

  3. Жеті жұтты атаңыз: құрғақшылық, ашаршылық, өрт, су, оба, соғыс, зілзала.

  4. Киімге қатысты тыйым сөздер: Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолданбастап шешеді. Киімді желбегей жамылмайды. Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Киім жағасын басуға болмайды. Бас киімді тебуге, лақтыруға, айналдыруға, теріс киюге болмайды. Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды.

  5. Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы.

  6. Ыдыстарға қатысты тыйым сөздер. Пышақты адамға кезенуге болмайды. Пышақты сыйға бермейді, сұрап қалап алмайды. Ет кескенде қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.

  7. Жеті ғалам: күншығыс, күнбатыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғары ғалам, жер орта ғалам, жер асты төменгі ғалам.

  8. Төрт қонақ: Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ.

  9. Жеті көк: Жер, Меркурий, Марс, Плутон, Сатурн, Шолпан, Юпитер

  10. Тұрмыстық затқа байланысты тыйым сөздер: Қазақта түнде айнаға қарамайды. «Қараса ажары кетеді, өңі бұзылады, нұры таяды, дидары солады, шұғыла қуарады» деп ырымдайды. Өйткені адам баласы жарықта жүзіне нұр жинайды.

Мұғалім: Рахмет!Олай болса осы «Бабалар сөзі – тәрбие көзі» - деп аталатын 4 – ші бөліміміздің бағаларын әділқазылардан сұраймыз.


Мұғалім: Отбасы – адам баласының діңгегі, өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтанда отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар жанұя мектебінің ұстаздары болады.

Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырманы орында қамсынбай кеп,

Сүрінбесең бұл сыннан жарайсыңдар – дей келе келесі 5 – ші бөліміміз «Түсін мені» кезегіне береміз. Мұнда әр топқа жеке – жеке беріледі. Топтың бір мүшесіне сөз көрсетіледі, сол топ мүшесі өз тобына сол сөзді түсіндіру керек. Кезектесе отырып қояды.

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Әділқазылар есептеп отырарсыздар.

1 – ші «______________________________»топ

  1. Сәукеле

  2. Тарақ

  3. Гүл

  4. Алтыбақан

  5. Жүзік

  6. Жылқы

  7. Мейрам

  8. Бүркіт

  9. Компютер

  10. Қалам

2 – ші «_________________________________»топ

  1. Көйлек

  2. Айна

  3. Жаңбыр

  4. Арқан

  5. Моншақ

  6. Асық

  7. Сабын

  8. Ұялы телефон

  9. Кітап

  10. Шар

3 – ші «________________________________» топ

  1. Бөрік

  2. Сөмке

  3. Етік

  4. Бесік

  5. Қолшатыр

  6. Ана

  7. Оқушы

  8. Шаш

  9. Жалақы

  10. Күрес

Мұғалім: Осы бөлімнің бағасын сураймыз әділқазылардан


Мұғалім: Отбасының ұйтқысы, берекесі, мерей – шапағат көзі – әйел. Әйелдің рөлі отағасының жамағатына, бала – шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен қамқорлығымен биіктей береді. Олай болса келесі

6 – ші бөліміміз «Сен не істер едің?» (жағдаяттан шығу)

  1. Ата – анаңыз сізге туған күніңізге ақшалай сыйлық жасады. Сіз, әрине, қатты қуандыңыз. Себебі, көптен бері оқушы анықтамасын сатып алмақ ойыңыз бар еді. Кітап дүкеніне бара жатып, жолда бір киім сататын дүкенге жай ғана кіре салуды ойладыңыз. Кенет, соңғы сән үлгісіндегі әдемі күртені көріп қалдыңыз. Ол күртені сатып алсаңыз құрбыларыңыздың алды болары сөзсіз, себебі, ондай киім ешкімде жоқ. Сіз не істейсіз?

  2. Бүгін ерекше қуанышты күн. Бүгін сіз көптен күткен туған күн кешіне бара жатырсыз. Ерекшелігі, өзіңіз бар өнеріңізді салып тоқыған соңғы сән үлгісіндегі көйлекпен баруыңызда. Дәл туған кун кеші өтейін деп жатқан уйге жақындаған сәтте байқаусызда бір шегеге ілініп қалып, көйлегіңіз тарқатыла бастады. Ал сіз оны тек үйге кіріп сырт киіміңізді шешер сәтте бірақ байқадыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

  3. Сіз үйіңізге бір топ жолдастарыңызды шақырдыңыз. Олардың ішінде сізге қымбат адам да бар делік. Бар өнеріңізді салып дәмді тамақ әзірлеп, оны таң қалдырмақ болдыңыз. Бірақ, өкінішке орай сіз асығып жүріп тамаққа тұзды көбірек қосып жіберіпсіз. Өте ащы. Ал қонақтар 5 минуттан соң келеді. Сіздің әрекетіңіз?


Мұғалім:Сайыскелерімізге рахмет айта отырып әділқазылардан бағасын сұраймыз осы бөлім бойынша.


Мұғалім: Бабаларым қыздарды қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір терең.

Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып

Күн болам саған сазды күй төгілмеген

Әрине кемшілікте сыналады,

Қыздарым өкпелемей ұғар оны

Ұлдарға тағатын мініміз бар,

Көңілге ап жүрмесін оны ұлдар – деп рахмет айта отырып әділқазылардан қорытынды бағасын сұраймыз. Олар қорытынды шығарғанша ана туралы ән тыңдайық.


Мұғалім: Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!



Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!