Материалдар / Сайыс сабақ.8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ.8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі апталығына арналған сыныптан тыс шара.8-сыныптарға арналған.Тақырыбы:Тіл білгірі.5-кезеңнен тұрады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
900
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сөз мерген» сайысы
Мақсаты: Қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты, асыл сөздер мен мақал - мәтелдердің негізгі ойын түсініп, оны өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, мультимедия.

Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі «Тіл білгірі» сайысына қош келдіңіздер
! Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Көпұлтты мемлекет болу үшін мемлекеттік тіл қажет. Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл - қоғамдағы адамдардың қарым - қатынас құралы. Сондықтан да тіл мәртебесін көтеріп, оны дамытатын біздің білімді шәкірттеріміз. Бүгінгі сайысымызды ана тіліміздің қанша - мықты көркем, әдемі тіл екенін дәлелдегіміз келсе, барлық сайыскерлер жақсылап ат салысайық дегім келеді. Барлығыңызға сәттілік тілей отырып сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

Кезеңдері:
1.
Ойлы болсаң, озып көр.
2. Тапқыр болсаң тауып көр
.
3. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

4. Шешен болсаң, сөйлеп көр.
5. Жүйрік болсаң шауып көр.
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына - дей келе сайыскерлерімізге сәтттілік тілейміз.

Жүргізуші: Қазақ халқы - сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектермен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Ендеше келесі сайысымыз мақал - мәтелдер туралы болмақ. «Ойлы болсаң, озып көр»,- деп аталады.

Мақсаты : оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсарту, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Бұл кезеңде тақтадан 25 сөз көрсетіледі. Бұл сөздерден мақал-мәтел құрастыруы тиіс.

Мысалы: жер, Отан, тіл, жүрек, пәле, ой, қанат, бас, ыстық, дос, ынтымақ,қызыл, шешен,орамал,жақсы, жаман, кітап, етік, ұстаз, мектеп,қазан, әке, сөз,өнер, өткір.

Жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты,
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күні бармақты - дегендей келесі кезең
«Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Мұнда біз тұрақты тіркестердің тура мағынасын ашып түсіндіретін қарсы мәндес сөздерді дәл табуымыз керек.


Жігері құм болды. (Дәрменсіз күйге түсті.)
Төбе шашы тік тұру. (Қатты қорықты. )
Қой аузынан шөп алмау (Өте жуас.)
Ширегіне келмеді. (Теңесе алмады.)
Екі көзі төрт болу(күту)
Төрт құдыласы тең(еш нәрсеге мұқтаж емес)
Құралайды көзге атқан (Мерген.)
Сілесі қату (Шаршау.)
Қыршынынан қиылу (Жастай қайтыс болу.)
Қозы көш жер (2 – 3 шақырым жер.)
Он саусағынан өнер тамған (өте шебер адам)
Сайыс қорытындысын әділ қазылар берсін.
Қол ұшын беру(көмектесу)

Жерге қарау(ұялу)

Бөркін аспанға лақтыру (қуану)

Жүргізуші: Тәртіп, талғам, тәрбие,
Үлкендерден аламыз.
Қанат байлап қияға
Тұлпар мініп шабамыз.
Ғылым, білім кімде көп,
Соған ұқсап бағамыз
Сағат санап өсуде,
Ақыл, ой мен санамыз,- дей отырып келесі тапсырмамыз тез әрі, нақты жауапты талап етеді. Қолдарыңызға берілген сөзден бірнеше сөз шығарамыз. Яғни «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады.
Жүргізуші:

Мәңгілік дана сөзбен жасар адам,

Сүйектен өтетін тіл аса қатаң.

Бұл тілде желмаямен жортып келіп,

Кемеңгер кеңес берген Асан атам, -деп келесі кезекті «Шешен болсаң, сөйлеп көр» деп аталатын бөлімге береміз. Мұнда оқушылар өздеріне берілген жаңылтпашты жаңылмай айтулары тиіс.

Келесі кезекте сайысымыз «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. Өлеңнің соңғы жолы беріледі, соған өлең ұйқастырып құрастырамыз.
Отан, ел, туған жер туралы өлең шығару.
----------------------- сүйемін,
---------------------- өлеңім.
---------------------- асыр сап
---------------------- келемін.


Қорытынды. Мұғалім сөзі. Жеңімпаз топты марапаттау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!