Материалдар / Сайыс сабақ 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін арналған сайыс сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2018
860
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-сынып
Тақырып: «Қазақшаңыз қалай?»
Мақсаты: оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. оқушылардың қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау,  тілдерін дамыту     оқушыларды қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.
Көрнекілігі: ойын бөлімдері жазылған плакаттар,суреттер, стикерлер, смайликтер
Ұйымдастыру кезеңі:
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Жарысқа қатысып көріңдер - деп балалар ортаға шақырылады.

Топ ережесі: Оқушылар бәрі - бірге қайталайды:
1. Тыныштық сақтау.
2. Бір - бірін тыңдау.
3. Ойды ашық айту.
4. Жауапты толық айту.
5. Сабаққа белсенді қатысу.

Бүгінгі
сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:
1) Сәлемдесу
2) Сұрақ-жауап бөлімі.Зымыран сұрақтар
3) Кім шапшаң?
4)
Полиглот
«Қазылар алқасын» сайлау
Екі топқа бөлу
: «Қояндар», «Арыстандар»
1. Сәлемдесу: Топтың атын хормен дауыстап айту
2.Сұрақ жауап бөлімі. Зымыран сұрақтар
— Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден  әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа екі сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.

Қ. Мектеп
1. Мектеп қандай?
2.Мектепте не бар?
А. Аңдар
1. Қандай аңдарды білесің?
2. Үлкен аңдар?
З. Киімдер
1. Жейде-аудармасы
2. Қандай киімдерді білесің?
А. Менің досым
1. Сенің досың кім?
2. Сенің досың қандай?
Қ. Неше доп?
1. 5-ке дейін кері сана
2. 10-ға дейін кері сана
Т. Үй жануарлары
1. 3 үй жануарын ата
2. Лиса, волк-аудармасы
І. Отбасы
1. Отбасы мүшелері
2. Сенің отбасыңда кім бар?
Л. Оқу құралдары
1. 5 оқу құралын ата
2. Сурет салу үшін не керек?
І. Сен неше жастасың?
1. Сен неше жастасың?
2.Сен нешінші сыныпта оқисың?

3. Кім шапшаң?
жылқы, сиыр, әже, ю, түлкі, қоян, алты, қалам
4. « Жеті жұрттың тілін біл» немесе полиглот / дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.(Балықтар аквариуымы)
Мұнда сендер қазақша, орысша, ағылшынша тілде айтуларын тексеріледі.
Орысша ----- Қазақша ---- Ағылшынша
1. Желтый ------- Сары ---------- Yellow
2. Красный ------- Қызыл -------- Red
3. Учитель ----------- Мұғалім ------ Teacher
4.семь ----- жеті --------- Twelve
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.Келесі сөз кезегін  қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық.

Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
 -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!