Материалдар / Сайыс сабақ 9 сынып. "Тіл жүйрікте кім жүйрік?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ 9 сынып. "Тіл жүйрікте кім жүйрік?"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2019
4246
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Накипова Марияш Нурллаевна

Сыныптан тыс жұмыс 9-сынып


«Тіл жүйрікте кім жүйрік?» ( сайыс сабақ)

Мақсаты:

1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2) оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
Мұғалім:

Қуан халқым, қуанатын күн бүгін,

Тіл заңының күшіне енген күн бүгін!
– Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тіл мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Білім сайысы 9 «А», 9 «Ә», 9 «В» сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 7 оқушы қатысады.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген - дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз! Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін.

9 «А» сыныбы – «Жеті дана» тобы

9 «Ә» сыныбы – «Болашақ» тобы

9 «Б» сыныбы – « Ұлтының ұлы мұраты »

9 «В» сыныбы – «Алғырлар» тобы
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Кастекбаева Алтынай , Сазанбаева Рабиға апай, Жаутикбаева Айгүл және Телтаева Гүлшахра. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.
– Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Деген екен...
ІІІ. Білімді мыңды жығар
ІҮ. Өлең өрнегі
Ү. Сөз болаты – мақал
ҮІ. Бейнесұрақ
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
ІІ. «Деген екен» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі сахнада ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне назар аударылады.
– Құрметті әділ қазылар,осы бөлім бойынша әр топтың ұпай сандары сұралады.
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.


9«А» сыныбына қойылатын сұрақтар реті

1.Анық сөзін қандай тұрақты тіркеспен ауыстырып айтуға болады? (Тайға таңба басқандай)
2. Қазақ тіл білімінің зерттейтін неше саласы бар? (Фонетика, лексика, грамматика)
3. Қазіргі өмір талабына қойылатын тілдер. (Қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі)

4. Абай Құнанбайұлы қай жылдар аралығында өмір сүрген? (1845 - 1904ж)

5. Қызғыш құс өлеңінің авторы кім? (Махамбет Өтемісұлы)

6. «Сұлу» сөзінің синонимі – әдемі, көрікті

7. Сұраулы шылауларды ата.( Ма, ме, ба, бе, па, пе, ше)

8. Сөздердің дұрыс жазылу ережесі қалай аталады? (орфография) 

9. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхаммедқанафия)

10. Абайдың жастарды өнер –білімге, адамгершілік қасиеттерге шақырған өлендерін ата. («Жасымда ғылым бар деп ескермедім.», «Ғылым таппай мақтанба.», «Әсемпаз болма әрнеге») 
9 «Ә» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата ( 5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; 5 дұшпан -өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйем мүшелері)
8. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)
9. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

9 «Б» сыныбына қойылатын сұрақтар реті

1. Абайды әлемге танытқан кім? (Мұхтар Әуезов)

2. «Тілді үйіреді» тұрақты тіркесінің мағынасы қалай? (тәтті)

3. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар) 

4. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)

5. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -лар ,-лер,- дар ,-дер,-тар ,-тер жалғауын жалғайды.)

6. Жазылуы, айтылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа лексикалық сөз қалай аталады? (омоним)

7. Батыр сөзінің антонимі? (Қорқақ)

8. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ыбырай Алтынсарин)

9. «Менің атым Қожа» хикаятын кім жазды? (Бердібек Соқпақбаев)

10. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек)

9 «В» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан? (Ахмет Байтұрсынұлы)
5. -Балталы, Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман қол! – үзінді қай жырдан алынған? («Қозы Көрпеш –Баян сұлу»)
6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата (жалғау арқылы, шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонациы арқылы)
7. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамы, сөз таптары)
8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер. (7 септік: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
9. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз).
10. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
ІV. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа (ана тілі, тәуелсіздік, білім, туған жер) өлең шығару. (әуен ойнап тұрады)
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
V. «Сөз болаты-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы» демекші сайысымызды жалғастырамыз.V турымыздың шарты бойынша сайыскерлер тақтадағы суреттерге қарап соған сәйкес мақал тауып жазулары керек. 3минутта қай топ көп жазса, сол жеңіске жетеді.
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.
VІ. «Бейнесұрақ» бөлімінде әр топ экранда көрсетілген бейнесұрақтағы тұлға жайлы мәлімет айту керек (Сұрақты ұстаздар жасырады, видиодан көрсетіледі)
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады.
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық!

«Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!