Материалдар / Сайыс сабақ : Ағаш өңдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ : Ағаш өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пән мұғаліміне көмек ретінде әртүрлі әдіс- тәсілдер қолданып сабақты қызықты өткізуге бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағаш өндеуСабақ жоспары Күні_____ Сынып -________-Сабақтың тақырыбы: Ағашты жону білдегінде өңдеуМақсаты : ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын игеру. Қауіпсіздік ережесін сақтау.Жабдықтар менқұрал-саймандар, айлабұйымда: ТСД-120 білдегі, әр түрлі қашаулар, бекіме айлабұйымдар, штангенциркуль, сызғыш, осьтік және тура жонуға арналған дайындама, қалам, кронцрикуль, нутромер, қима үлгілер.Сабақтың түрі: пратикалықСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі А) Сәлемдесу ә) Түгелдеу б) Сыныпты сабаққа даярлауІІ.Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар
  • Жонғыш құрал-саймандарының қандай түрлерін білесіңдер? (Екі түрі бар....?)
  • Фасонды кескіштер не үшін қолданады?
  • Бекітүші айлабұйымдарға не жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ:1. Техникалық мәліметтер беру: Білдекте сызатсыз, бұтақсыз, шірігі жоқ, жақсы кепкен дайындаманы өңдейді.Білдекте қайың, үйеңкі, алмұрт, шамшат, қызылқайың, жөке ағаштары жеңіл, ал көктерек, шырша, емен, шаған ағаштары біршама қиын өңделеді. Іс жүзінде барлық ағашты (қатты, жұмсақ) өңдеуге болады. Ол үшін әрбір ағаштың қасиетін білу керек. Ағашты жасалатын бұйымына қарай таңдайды.Жұмыс сызбасымен, техникалық мәліметтермен және технологиялық картамен танысқаннан кейін дайындаманы дайындауға кіріседі. Дайындамаға арналған ағаштың шетжақтауы сызатсыз техникалық шарттарға сәйкес болуы керек. Егер дайындамада сызат болса, дайындаманы білдек центріне орналастырғанда, сызат үлкейді дежұмыс барысында сынып немесе ұшып кетіп, адамды жарақаттауы мүмкін. Сызат дайындама ұшында болса, тегіс жеріне дейін аралап алып тастайды. Дайындаманы білдек центрінеорналастырғаннан кейін люфтті текмереді. Жұмыс істеп бастаған соң, 1-2мин өткізіп тағы тексереді. Жонудың бірінші минутында, тіптімайлап қойғанның өзінде (әсіресе жұмсақ ағаштарда) артқы тұғырдың айналмайтын жағынан дайындамада центрлік тесік пайда болады.Құрғақ тақтайды ұзындығы 30-, қалындығын білеушілерге шаршы қима етіп (өңдеуге әдіп қалдырып) бөліп аралап дайындама алады. Шаршы дайындамаларды шетжақтауына қаламен екі диагональ сызып, айналу центрін тауып жонуға дайындайды. Содан кейін сегіз қырлы немесе цилиндрге ұқсас пішін беру үшін білеуше жиегін сүргімен сүргілейді. Дайындама шетжақтауына (диагональ сызықтары қилысында) кішкене ойықтар жасайды – біреуі үшашаның центрдегі тісіне арналған, ал екіншісі артқы тұғыр центрі астына қарай бағытталған.Алдымен дайындаманы шетжақтауынан үшашаға балғамен соққылап қондырып, екінші шетжақтауына центр жүргізеді. Артқы тұғырды бекітеді, тегершік айналуымен сүйеутөлке дайындаманы центрінен қысады, тоқтатқыш тұтқамен артқы тұғыр центрімен жояды. Білдекті 2-3 минут жұмыс істегенне кейін тоқтатып, кеспелтектің бекітілуін тексереді (қатты бекітіліп тұрғанына көз жеткізеді). Бекітілудің кез келген түрі жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.Білдек асты тіреуішін өңделіп жатқан дайындама бетіне (мүмкінгінше аз саңылау қалатындай етіп) параллель етіп әкеледі де, тіреуіштің биіктігін сызықтар центрімен бірдей етіп бекітеді (немесе одан сәл жоғары). Білдекті іске қоспастан бұрын дайындаманы қолмен айналдырып немесе төңкеріп көріп, дайындаманың білдек асты тіреуішке тиіп тұрмағанына көз жеткізеді. Білдек асты тірек пен күймешенің, артқы тұғырдың, артқы тұғыр сүйеу төлкесінің бекітілуін тағы бір рет тексеріп алып, дайындаманы өңдеуге кіріседі. Алғашқы қаралатын жұмыс жартылай дөңгелек жүзді қашаумен жүргізіледі. Оң қолмен қашаудың тұтқасынан ұстайды, ал сол қолмен оны білдек асты тіреуішке мығым басып тұрады. Қашаудың кесуші жиегі өңдеуші беттің кішкене бұрышына қарай бағытталуы керек. Қашау жүзін ағашқа 0,5-1мм енгізіп, оны дайындаманың ұзын бойынан жүргізіп шығады. Бірінші қаралтым жоңқаны қашаудың ортасынан алып тастайды, содан кейін салыстырмалы түрде одан әрі өңдеу үшін біресе оңға, біресе солға кезектестіріп бағыттап отырады.Жартылай дөңгелек жүзді қашауменжонуды дайындама диаметрі бойынша әдіпке 1-2мм қалағанда тоқтатып, жүзі қиғаш қашаумен таза өңдеуге көшеді.Жүзі қиғаш қашауды да жартылай дөңгелек жүзді қашауды ұстанғандай етіп ұстайды, жүзінің бағыты цилиндр беті бағытымен (45ºС жақын бұрыш) сәйкес келуі керек.Жүзі қиғаш қашаудың тұйық бұрышы қозғалыс жағына қарайды. Жүзі қиғаш қашаудың мықтап ұстап тұрып, оның өңделіп жатқан беттен сырғып кетпеуін, білдек тіреуіші тұсында көтеріліп кетпеуін мұқият бақылау керек. Өңделіп жатқан беттаза болып шығуы үшін кескіш бағыиымен жанасушы өңделіп жатқан бет бағыты саәйкес келуі керек.Диаметрі кронциркульмен бақылау жасап отырады, дайындаманы ұзын бойына және әр түрлі жағдайда, сондай-ақ аударып та өлшейді.Беттің түзулігін дайындамадан алынған цилиндрге сызғышы көлденең жатқызып қойып өлшейді.Цилиндрлік беттің бұрыс қашалғанына көз жеткізген соң мойынды белгілейді. Мойынды жонғанда біраз арақашықтық сақтап, оң шет жақтаудан белгілеу сызығына жүзі қиғаш қашаудан үшкір бұрышын бетке бетке перпендикуляр жүргізеді де сәл ғана ағашқа енгізеді. Содан кейін белгілеу сызығынан аз ғана оңға шегініп, бірінші түзу тілікке қиғаш тілік түсіреді. Шет жақтауға да осылай жүргізеді. Қашауды көлденеңі ұстап қалған ағаш бағанасын кесіп тастайды. Сыртқы дөңгелектен жонуды кеспелтек бұрыштарын жаймен кесе отырып, қашаудың тұйық ұшымен жүргізеді.Сыртқы жұмырлауды кеспелтектің бұрыштарын жаймен кесе отырып жүзі қиғаш орналасқан қашаудың тұйық шетімен орындайды. Бақылау жүргізу үшін қиық үлгілерді пайдаланады.Қажауқағаздармен ажарлау үшін арнайы қалыпты қолданады, ажарлау жұмыс істеген білдекте жүргізіледі.Ағашты жонудың кез келген түрінен осьтік жонудың айырмашылығы- кескіштің жүзі білдек центр осімен деңгейлес жатады, ал кескіш радиалды бағытта орналасады. Жонудың бұл түрінде білдекасты тіреуіш бағыттаушыға перпендикуляр бекітіледі. Жонудың бұл түрі өте курделі.2. Дайындаманы өңдеуде әзірлеу.Таңдап алынған дайындаманы білдекте өңдейді, сызыққұралмен белгі салады. Шаршы қимамен білеушелерге бөледі. Дайындамаға цилиндр тәрізді пішін беріп, бұрыштарын кеседі. Содан кейін дайындаманы ұзынынан кесіп бөледі. Дайындаманы беткі жағын өңдегенде, қысқұрылғыға, кескіш құралға бекітуші бұрамалар жанаспайтындай етіп бекітү керек.Құрал- саймандарды қолдану реті осьтік жонудағы сияқты. Дайындаманы алдымен периметірлері бойынша жонады, бұл кезде білдек тіреуіші бағыттаушыға параллель орналасады. Кейін тіреуішті әр түрлі жонуға ыңғайлап 0ойып, дайындаманың беткі жағын өңдейді.Айналып тұрған дайындаманы зімпарамен ажарлайды.іV. Тапсырма. Практикалық жұмыс
  • Жұмыс істеу үшін құрал-самандарды дайындау.
  • Берілген тетікті дайындау үшін білдекті баптау.
  • Артқы тұғырды орналастыру.
  • Қажет бекітуші айлабұйымдарды орналастыру.
  • Дайындама центрін дайындау, білдек тіреуішін орналастыру.
  • Қысқы уақытта іске қосып, білдектің жұмысын тексеру.
  • Цилиндрлік және конустық беттерді жону, тетіктерді кесу, шетжақтауды кесуге жаттығу жасау.
  • Профильді және ішкі беттерді жону амалдарына жаттығу.
  • Кез келген жонуға барлық дайындық жұмыстарын жасап үйрену.
  • Мұғалімнің берген тапсырмасын орындау.
Ескерту.Әр түрлі құралдарды пайдалану ережелері.- Жұмыс кезінде құралды (аспапты) мұғалім көрсеткендегідей ұста.- Пышақ, қайшы ж/е арамен жұмыс істегенде сол қолды олардың жүзінен алшақ ұста. - Беті жылтыр қатты заттарды: кепкен жаңғақ қабыршығын, қарағай бүршігін, жаңғақ қабығын бізбен теспе. Ол үшін арнайы жіңішке бұрғышанны қолдан.- Жолдасыңа жабық қайшыны шеңберше жағымен, пышақты сап жағымен ұсын.- Пышақ пен қайшының жүзін жоғары қаратын ұстама.- Тақтайды, ағашты жонғанда қолыңды пышақ жүзінен жоғары ұста. Өзіңнен әрі қарай жон.- Жұмыс алдында балға сабының нық орнауын қадағала.- БР. ПВА. желімдерін қолданғанда бөлме меиінше желдетілетін болсын. V. Сабақ қорытындысы: Сұрақтар
  • Ағаш жоу білдегі қалай құрастырылған?
  • Ағаш жону білдегіне дайындама қалай бекітіледі?
  • Ағаш жону білдегінде қыру қалай жүреді?
VI. Оқушылардың жұмыстарын қарап бағалауЖұмыс орындарын реттке келтіру.VII. Үй тапсырмасы. Тех. карта



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!