Сайыс сабақ : Электротехникалық жұмыстар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ : Электротехникалық жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пән мұғалімдеріне көмек ретінде әтрүрлі әдіс -тәсілдер қолданып , сабақты қызықты өткізуге бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Электротехникалық жұмыстар

Сабақ жоспары

Күні______Сынып -___9_____-

Пәні: технология

Сабақтардың тақырыбы: «Электротехникалық жұмыстар. Электр ажыратқыш, патрон мен электр ашасының құрлысымен танысу, оларды монтаждау».

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: электротехникалық жұмыстар бойынша алған білімдерін тиянақтау, қызметтерін ажырата білуге үйрету.

2.Дамытушылық: оқушыларды білім дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін практикамен ұштастыру, шеберлігін шындау .

3.Тәрбиелік: оқушыларды үнемділікке баулу, үнем тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: аралас.

Көрнекі құралдар: электр аша, патрон, ажыратқыш, бұрауыш, Венн диаграммасы, перфокарта.

Пәнаралық байланыс: физика.

Сабақтың технологиясы: сәйкестендіру тесті, Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырма, кубизм.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру. Электротехникалық жұмыстар тарауы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау мақсатында кубизм стратегиясын пайдалана отырып, сұрақтарға жауап алу.

ІІ. Теориялық бөлімі.

І. Кубизм.

1.Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?

Қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұрады. Олар ток көзі, ажыратқыш, электр өткізгіш, қабылдағыш.

2.Электр тізбегін құрастыру неше амалдан тұрады?

Электр тізбегін құрастыру екі амалдан тұрады. 1 –сымды ұштау, 2 –электр арматурасына жалғау.

3.Электр сымдарының ішкі және сыртқы қабаты неден жасалады?

Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты ток өткізбейтін оқшаулауыштан жасалады.

4.Электр аспаптарының қатарына нелер жатады?

Электр аспаптарының қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т.б. жатады.

5.Өндірісте ток көзі ретінде нелерді пайдаланады?

Өндірісте ток көзі ретінде гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланады.

6.Электрматериалдарының қатарына нелер жатады?

Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш таспа, бау т.б. жатады.

7.Электр тұтынушыларға нелер жатады?

Электр тұтынушыларға элекр шамы, үтік, телевизор, тоңазытқыш т.б. жатады.

8.Қандай материалдар ток өткізбейді?

Ток өткізбейтін материалдарды оқшаулауыш деп атайды. Оларға пластмасса, әйнек, резеңке, құрғақ ағаш, фарфор жатады.

ІІ. Сәйкестендіру тесті.

  1. а)Электрсұқпа разетка

  2. б)Электрсұқпа шанышқы

  3. в)Сымдарды қосу

  4. г)Ажыратқыш

  5. д)Гальваникалық элемент

  6. ж)Электр шамы

  7. з)Сымдардың қиылысуы

  8. и)Аккумулятор

Тест кілті: 1 – и, 2 – д, 3 – б, 4 – в, 5 – ж, 6 – а, 7 – з, 8 – г.

ІІІ. Электр арматурадағы ақауларды түзету, перфокарта толтыру.

Ақаулардың түрі

Түзету жолдары

1

Бір шамды шырақтың шамы күйген


2

Шырақтың шамы бос бекітілген


3

Электр тізбегін тоққа қосқанда шам жанбайды


4

Электр патронның тірек түйіспесі сынған


ІҮ. Венн диаграммасы

Электр ажыратқыш Электр разетка

1. Тізбекті токты қосу, ажырату. 1.Электр энергиясын жылуға, дыбысқа айналдырады

2. Жарық аламыз. 2.

3.

1) Оқушылар Венн диаграммасы бойынша бір-бірінің жазған жұмыстарын тексереді.

2) Оқушылар өздерін тексеру мақсатында электр ажыратқыш пен электр разетканың айырмашылығы мен сәйкестігі тақтаға ілініп тексеріледі.

Оқушылардың жұмыстары әр бөлім бойынша тексеріліп отырады. Жаңа технология элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімі жан-жақты тексерілгенненкейін, сарамандық жұмыс жасалады.

ІІІ. Сарамандық жұмыс:

Ү. Электр ажыратқыштың, патрон мен электр ашасының құрлысымен таныстыру, оларды монтаждау.

Жұмысқа қажетті материалдар:

1-бұрауыштар, 2-электр ажыратқыштар, 3-электр патрондары, 4-электр ашалары.

Мақсаты: тұрмыста қолданылатын электр ажыратқыш, электр патроны, электр ашасының құрлысымен танысып, құрастырып үйрену.

Оқушыларға жұмыстың орындалу ретін, қауіпсіздік ережелерін және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, құрлысымен таныстырылады.

Патрондар – электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, қабырғаға бекітілетін және асып қойылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластинкаларға бекітіледі.

Электр ажыратқыштар – электр тізбегін қосу және ажырату үшін қолданылады.

Электр ашасы – токтың тұтынушысы мен тізбегі қосылады. Олардың екі түрі бар. 1-бөлшектентін, 2-бөлшектенбейтін.

Бүгінгі сабақта электр ашасының бөлшектенетін түрін қарастырамыз. Оқушыларға электр патроны, электр ажыратқыш, электр ашасы, бұрауыш, қауіпсіздік ережесі таратылып беріледі.

ҮІ. Сарамандық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

Электр ажыратқыштың патроны мен ашасының құрлысымен танысу, оларды монтаждау.

  1. Электр тізбектерін жинағанда, оны токтан ажыратуды ұмытпа.

  2. Электр тізбегін тек мұғалімнің көмегімен қос.

  3. Электр құрастыруға арналған құрал-саймандарды ешқандай ақау болмауы тиіс.

  4. Электр сымдарын оқшаулағанда, олны мықтап бекіт.

ҮІІ. Жұмыс барысы.

Электр патроны:

1.Патронның корпусынан қақпағын ажыратып алындар, фарфордан жасалған өзегін шығарындар.

2.Өзектің құрлысымен танысып, түйіспе бұрауыштарын табындар.

Оқушылар сарамандық жұмыс кезінде бұрауыштың көмегімен электр ашасының, патронның құрлысымен танысып, оларды монтаждап көреді.

ҮІІІ. Сарамандық жұмысты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

  1. Тұрмыстық электр арматураларының корпустары неліктен пластмассадан жасалған?

  2. Электр арматураның контактілері қандай материалдан жасалған?

ІҮ. Бағалау: Оқушылардың электротехникалық жұмыстар тарауы бойынша білімдері мен сарамандық жұмыс кезіндегі бағалары қорытындыланып бағаланады.

Бағалау парағы

Оқушылардың аты-жөні

Кубизм стратегиясы

Сәйкестендіру тесті

Перфокарта толтыру

Венн диаграммасы

Сарамандық жұмыс

қорытынды

1.

2.

3.

4.

5.








Ү. Үй тапсырмасы. Пәтерді жарықтандыру (схемасы).


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1017
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі