Материалдар / Сайыс сабақ "Атажұрт"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ "Атажұрт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) білімдік Қазақстанның физикалық географиясы бойынша алған білімдерін еліміздің экономикалық географиясынан алған білімдерімен ұштастыру, сабақтастыру, білімдерін тереңдету, толықтыру, жүйелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2018
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Атажұрт.
Мақсаты: а) білімдік
Қазақстанның физикалық географиясы бойынша алған білімдерін еліміздің экономикалық географиясынан алған білімдерімен ұштастыру, сабақтастыру, білімдерін тереңдету, толықтыру, жүйелеу.
б) тәрбиелік
Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға, ұтымды қолдана білуге, табиғатты сүюге, оны аялауға тәрбиелеу.
с) дамытушылығы
Бағдарламадан тыс білім алуға құштарлығын, танымдық қызуғышылығын арттыру, шығармашылық ізденіске баулу.
әдісі: топтық жұмыс 


Ойынның өткізілу барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Сайыс кезеңдері:

1. « Қанат қақты »
2. « Самғау »
3. « Өрлеу »
4. « Шарықтау »


Қорытынды бөлімде жеңімпаз атанған топ « Жер ұйық » деп аталатын кезеңге қатысады. Ойы
нымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

«Қанат қақты» кезеңі
« Қыран » тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар
1. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы қалай аталады, шыңды ашқан ғалым. ( Жауабы: Хан тәңірі, П.П. Семенов –Тянь –Шаньский ) 
2. Қазақстан аумағындағы Орал тауының жалғасы ( Мұғалжар )
3. Қазақстан жеріндегі ежелгі платформа ( Шығыс Еуропа )
4. Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы қай қалада орналасқан 
( Курчатов қаласы )
5. Астанадағы « Бәйтерек » монументін жобалаған суретші « Қазақстан суретшілер одағының президенті Ақмырза Рүстем »




« Сұңқар » тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1. Сарыарқаның ең биік нүктесі қалай аталады ( Ақ сораң )
2. Балқаш көліне құятын өзендерді ата ( Іле Қаратал )
3. Қазақстандағы титан – магний өнеркәсібінің орталығы ( Өскемен ) 
4.Қазақстандағы алғашқы химия кәсіп орны қай қалада орналасқан, зауыт ашы жусанды өңдеу арқылы қандай дәрі шығарды ( Шымкент, Сантонин )
5. Қазақстанның қай қаласы Боливияда өткен « әлемдік қалалар » Халық аралық конференцияда

« Бейбітшілік » қаласы атанды ( Астана )



Ойынымыздың келесі
«Самғау » кезеңінде әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады, егер жауап бере алмаса қосымша көмек алуға болады.Бірақ қосымша көмек алған жағдайда жарты ұпай кемиді, бір сұрақ 20 балл, 
Қыран тобының сұрақтары:

1.
Қазақстанның орта ғасырлық ірі қалаларының бірі Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Бұл қаланың аты 8 ғ.-дан бастап аталғанымен оның тарихы б.з. д. 2-ші ғасырдан басталған, Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты, оның алып жатқан ауданы 200-га –ға жетіп, нағыз шығыс қаласына айналды. ( Отырар ).
Қосымша көмек 1219 жылы күзде моңғолдар қаланы қоршап, 6 айдандан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. 
2. Бұл үстірт шығысындағы Сарыарқа, Батысындағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, Оңтүстігі Шалқар теңіз ойысына жалғасады, абсалюттік орташа биіктігі 200-300 м 

Қосымша көмек.- Бұл үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзенінің және Торғай қолатының шағын өзендері ағып өтеді. (Торғай )
3. 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылған қорық, Маңғыстау облысының Ералы аудынының оңтүстігінде Жаңа өзен қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан аумағы 223 мың 342 гектар ( Үстірт )
Қосымша көмек.- Солтүстік және солтүстік –батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Теңіз деңгейінен биіктігі 200 м. ( интерактивті тақтадан Үстірт қорығы көрсетіледі )
Сұңқар тобының сұрақтары:

1. Атырау қаласынан 55 км жерде, Жайықтың оң жағасындағы бір кездегі атақты қала. Қаланың іргесі 11 ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі 13-14 ғасыр аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолында орналасқан. ( Сарайшық )
Қосымша көмек. Қаланың екінші атауы Саранджук. Қала Алтын Орда заңдары жерленген қасиетті орынға айналған. 
2. Қала өткен ғасырдың ортасынан дейін өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол тарихи және мәдени орталық. Мұнда мұсылман сәулет өнерінің інжу маржаны, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан көне қала қалай аталады ( Түркістан )
Қосымша көмек 
Айтылып отырған қаламыз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі қала.

3. Өзі аттас өзеннің аңғарында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған мемлекеттік ұлттық табиғи парк. Ауданы 93150 гектар, Алматы қаласынан 193 км қашықтықта орналасқан 
( Шарын шатқалы )
Қосымша көмек Іле тау аралық аңғарында орналасқан. ( интерактивті тақтадан Шарын шатқалы көрсетіледі )

Ойынымыздың келесі
«Өрлеу » кезеңінде әр топтың жанкүйерлеріне сұрақтар қойылады, әр сұрақтың жауабына 5 ұпай беріледі, жанкүйірлер өздерінің ұпай санын қалаған екі топтың біріне қосады. 
Қыран тобының жанкүйірлеріне қойылатын сұрақтары :
1. Рахманов термальді бұлағы Қазақстанның қай аймағында орналасқан 
( Шығыс Қазақстан )

2. Халық ең көп қоныстанған Қазақстанның ауданы (Оңтүстік Қазақстан ауданы )


Сұңқар тобының жанкүйерлеріне қойылатын сұрақтар 
1.
Мұғалжар тауының ең биік жері қалай аталады (Үлкен Боқтыбай, 657 м )
2. Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. ( Сайқан )


Ойынымыздың келесі Шарықтау кезеңінде тақтада 14 сан ілінген, әрбір топ 4 санды таңдап, соған сәйкес жазылған сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.

1. Қазақстан Республикасының аймағындағы жауын-шашын ең аз түсетін жер, ол Жамбыл облысының территориясында, Балқаш көлінің батысында орналасқан. ( Мың арал )
2. Өзен бойында елімізде егілетін күріштің 80% егіледі, бұл өзен Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының территориясын кесіп өтеді. Өзеннің атауы ( Сырдария )
3. Бұл қорық Ақмола облысының территориясына кіреді. Қорық ЮНЕСКО-дан өте маңызды қорғалатын аймақ деген атақ алды. 
( Қорғалжын қорығы )
4. Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төменгі ойыс орналасқан жері қалай аталады ( Қарақия -132 м, Маңғыстау облысы )
5. Қостанай облысындағы темір кен орындарын атаңыздар 
( Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар )
6. Каспийге келіп құятын, бекіре балыққа бай өзен қалай аталады, өзен қай облыс территориясы бойынша ағып өтеді ( Жайық өзені, Батыс Қазақстан обл. )

7. Марал, панты, омарта шаруашылығымен айналысатын облысты атаңыз ( Шығыс Қазақстан )
8. Никель хром өндірісіне маманданған облыс ( Ақтөбе )
9. Алюминий, трактор шығаратын, мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттар орналасқан облыс ( Павлодар )
10. Республиканың « Солтүстік қақпасы » атанған Солтүстік Қазақстан облысының орталығы ( Петропавл )
11. 17 ғасырда балықшылар елді мекен ретінде іргетасы қаланған Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан қала қалай аталады, қай облыстың орталығы ( Атырау )

12. Іле Алатауының баурайында орналасқан еліміздің аса ірі қаласы (Алматы )
13. Бау-бақша, жүзім өсіруге маманданған облыс ( Оңтүстік Қазақстан облысы )
14. Кокстелетін көмір өндіретін Орталық Қазақстанның басты қаласы 
( Қарағанды )

Осымен кезеңдер аяқталды,женген топты анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі, женген топ –« Жерұйыққа » жеттіңіздер, ойынды жалғастырсаңыздар бір сұрақ беріледі, жауап берсеңіздер ұпайларыңыз екі еселінеді.
Мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептелетін, мыстан басқа Республикамызбен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын шығаратын 95 мың тұрғыны бар қала статусын 1954 жылы алған қаланың атауы. ( Жезқазған )
Жеңімпаз тапты анықтап, марапаттау;











АТАЖҰРТ»
(этногеографиялық және тарихи танымдық ойыны)

Оқушылардың өздерінің ата жұрты, мекені, отаны – Қазақстан туралы алған білімдерін сарапқа салып талдауға, өз елін, жерін қорғай білуге, табиғат байлықтарды көздің қарашығындай сақтауға және топтық жұмыс барысында ұйымшылдыққа, еркіндікке, ізденмпаздыққа баулу.

I. Ойынға қатысатын топтармен танысу
I топ
II топ

II. Ойын ережесімен таныстыру
Ойын 5 кезеңнен тұрады.
I кезеңде топ капитандарына 10 сұрақтан қойылады, тез жауап беріп алтын қорға ұпай жинайды. 1 сұраққа 10 ұпай беріледі. Келесі бөлімдерде 1 рет көмек сұрауға болады, 1 рет нартәуекел жасауға болады. Нартәуекел деген – қарсылас топ сұрақтың жауабын біліп кезек сұраса, онда кезегін берген топ 500 ұпайдан айырылады. Ал олар жауап бере алмаса, ұпай кезегін берген топқа қосылады.

I кезең «Қанат қақты»
I топ капитанына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш. Ниязбеков)
2. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)
3. Отырар қаласының арабша аты. (Фараб)
4. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
5. «Арал теңізі» еңбегінің авторы кім? (Л.С.Берг)
6. Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі? (Хан тәңірі 6995 м)
7. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып қабылданды?
(1992 жылы 2 наурызда)
8. Қазақстан Республикасы оңтүстігінде қай елдермен шектеседі?
(Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
9. 1836 – 38 жылдардағы ұлт – азаттық көтеріліс Қазақстанның қай жерінде
болды? (Бөкей Ордасы)
10. Ұлттық валютамыз теңге қашан айналымға енді? (1993 жылы 15 қараша)

II топ капитанына қойылатын сұрақтар:
1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 4 маусымда)
2. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала? (Орынбор)
3. ҚР қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады? (131)
4. Қазақстан жер бедерінің ең төменгі нүктесі. (Қарақия ойысы –132м )
5. Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген, Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген тұңғыш қазақ географы кім?
(Шоқан Уәлиханов)
6. Геологиялық жыл санау бойынша неше эра бар?
(Архей, Протеорезой, Палеозой, Мезозой, Кайнозой)
7. ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет. (Түркия)
8. Қазақ КСР – і қай жылы құрылды? (1936 ж)
9. 1837 – 47 жылдардағы ұлт – азаттық көтерілістің басшысы кім? (Кенесары)
10. 2009 жылы халық санағы бойынша ҚР халқының саны қанша болды?
(16402 млн адам)

II кезең «Самғау»
I топ
1 – сұрақ:
Орта Азияның солтүстік батысы мен Қазақстанның оңтүстік батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Негізінде орта Азия Республикасы жерінде орналасқан. Бұл қандай ойпат? (Тұран ойпаты)
Қосымша көмек: Бұл ойпат көл, теңіз, өзендерінің шөгінді жыныстарынан түзілген. Батыс Сібір жазығымен жалғасады.

2 – сұрақ:
Бұл Орда негізінен 1801 жылы құрылған. Орда халқының барлығы дерлік Кіші жүз қазақтары болды. 1801 жылы император II Павелдің рұқсатымен Орда жерінде қазақтардың көшіп қоуына рұқсат етілді. Бұл қай Орда жөнінде айтылған? (Бөкей Ордасы)
Қосымша көмек: Бұл территория – Еділ өзені мен Жайық өзенінің аралығын алып жатқан.

II топ
1 – сұрақ:
Бұл қала VII – VIII ғасырларда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығы. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолы тоғысады.(Тараз)
Қосымша көмек: X ғасырда араб географы Әл – Макдиси оны бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, 4 қақпасы, төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала деген.

2 – сұрақ:
1723 жылы қалмақтар қазақтарды жеңіп, бұл жыл «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» атанғанымен, кейіннен қазақтар бірігіп, сол жерде қалмақтарды қирата жеңеді. Қалмақтар аңырап қашады, қалмақтар жеңіліске жеткен жер, жота қалай аталады? (Аңырақай)
Қосымша көмек: Бұл жота Алматы облысы мен Жамбыл облысының шекарасында жатыр.

III кезең «Шарықтау»
Бұл кезеңде топ жанкүйерлеріне сұрақ қойылады.
I топ.
1 – сұрақ:
Бұл кен орнын 1944 жылы геолог Г.С.Катковский басқарған геологиялық барлау экспедициясы іздеп тапқан. Ол Шар қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан. (Еспе)
Қосымша көмек: Елді мекен Қызылсу өзеніне құятын өзімен аттас бұлақтың оң жақ жағалауында, солтүстік Қалба таулы қыратындағы аңғарда орналасқан.
2 – сұрақ:
Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. (Алтай тауы)
Қосымша көмек: Бұл өлкенің үш бөлігі бар. Ең биік шыңы – Мұзтау

II топ.
1 – сұрақ:
Қазақстандағы байырғы алтын өндіру орындарының бірі. Ауданорталығы Қалба тауынан оңтүстік батысқа қарай 20 шақырым, Жаңғыз төбеден 18 шақырым жерде, үш жағы аласа бұйраттармен қоршалып, солтүстігі кең жазыққа ұласатын алқапта орналасқан. Бұрын бұл жер Жәдік деген өз ортасына белгілі болған адамның қыстауы болыпты. Кеніштің әу бастағы атауы Қара кезең деп аталыпты. (Ақжал)
Қосымша көмек: Академик В.Обручев пен белгілі геолог А.Мейстер бұл маңда алтынның геологиялық қорын зерттеп, картаға түсіру кезінде елді мекен осылай деп жазылған көрінеді. Бұлай дейтіні, кеніштен Қалба тауына шығар жақтағы кең жазықтың ортасында жалғыз төбе бар. Соның үстін ала табиғаттың өзі ақшыл жолақ тартыпты. Кеніштің қазіргі аталуына себеп болған осы төбе көрінеді
2 – сұрақ:
Шығысында – Балқаш көлі, батысында – Сарысу, оңтүстігінде – Шу өзені, солтүстігінде – Сарыарқа аралығында жатыр.
(Бетпақдала үстірті)
Қосымша көмек: Сарыарқаға ұласатын солтүстік – шығыс бөлігі биіктеу. Мұнда тұзды көлдер, сор, тақыр кездеседі.

IV кезең «Шырқау»
1 – сұрақ:
Республикамыздың «Солтүстік қақпасы» Петр мен Павелдің Жаңа Есілдегі орыс әскери бекіністерінің басты қамалы ретінде есілдің биік оң жағасында 1752 жылы негізі қаланған. 1807 жылы қалаға қазіргі атауы берілген. (Петропавл)

2 – сұрақ:
1948 жылы ұшқан М.Сургутанов осы кен орнын ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темірдің анамалиясының әсерінен тұсбағдар тілі кенеттен ауытқиды. Көп кешікпей бұл жерден сирек кездесетін темір кені ашылды. Бұл қай кен орны? /Соколов – Сарыбай/
3 – сұрақ:
Қазақтың тұңғыш академигі, геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қай жерде дүниеге келді? /Павлодар облысы, Баянауыл ауданында/
4 – сұрақ:
Қала Есілдің көтеріңкі оң жағасына, өте маңызды екі темір жол магистралінің қиылысына орналасқан. 1824 жылы Есілдегі әскери бекініс ретінде пайда болған, ал 1868 жылы қала мәртебесін алған. 1954 жылы тың игеруге байланысты Целиноград деп аталған. /Астана/
5 – сұрақ:
Бұл қала Жайықтың оң жағасында, Шаған өзенінің құя берісіне орналасқан. Жайық қалашығы деген атпен 1603 – 1622 жылдары пайда болған. 1775 жылы Е.Пугачевтың көтерілісін басқан соң II Екатерина жарлығымен «болған жағдайдың барлығын ұмыту үшін» қалаға қазіргі атауы берілген. /Орал/
6 – сұрақ:
Қала Өскемен қаласының оңтүстік батысында Нарын өзенінің өзімен аттас өзеніне құятын тұсында орналасқан. Іргесі 1831 жылы қаланған. 1841 жылы Ресей патшасы Александар II ұлы Срегей князьдің құрметіне Сергиополь болып аталды. 1927-30 жылдары Түркістан – Сібір темір жолының салуына байланысты бұл елді мекен ірі теміржол станциясы болды. 1939 жылдан қала мәртебесі берілді. /Аягөз/
7 – сұрақ:
Қала Қазан революциясына дейін шаруашылықтың бір ғана саласы – балық аулаумен айналысатын шеткері уездік қала еді. Каспий теңізін мұз басқан кезде қала жылына 6 айдай сырт әлемнен мүлде оқшау қалатын. Революциядан кейін мұнай өнеркәсібін ұйымдастырушы орталыққа айналды. 1615 жылы Жайық өзенінің сағасындағы балықшылар қонысы ретінде негізі қаланған. /Атырау/

8 – сұрақ:
Қала Батыс Қазақстанның ірі индустриалды қаласы, Жайықтың сол жақ саласы – Елек өзенінің сол жағында, биіктігі 250 – 400 м Орал маңы үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан. Қаланың іргесі 1869 жылы қаланған. Ал XX ғасырдың басында қала арқылы Орынбор – Ташкент теміржолы салынып, қала экономикасының дамуына жаңа серпін берді. /Ақтөбе/

9 – сұрақ:
Бұл кесене – Қарахан немесе оғыз – қыпшақ заманында, XIV – XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш. Кесене қаракеңгір өзенінің оң жағында орналасқан.
/Алаша хан кесенесі/
10 – сұрақ:
Маңғыстау түбегіндегі кең жазықтың Каспий теңізіне тірелген қолтығына салынған. Әсемдігі жөнінде бұл қала Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы көптеген орындардан кем түспейді. Кеңестік дәуірде қала атауы украин халқының ұлы ақыны Шевченко атымен белгілі болған. /Ақтау/
11 – сұрақ:
Бұл XIX ғасырдың басында қоқандықтар тұрғызған бұрынғы шағын Ақмешіт бекінісі. Оны орыстар жаулап алған соң 1853 жылы Перовск қалашығы деп аталды. 1925 жылдан қазіргі атымен аталды. 1925 жылдан Қазақ Автономиялы Республикасының астанасы Орынбордан осында көшірілуіне байланысты ло осылай деп өзгертілген. /Қызылорда/
12 – сұрақ:
Жазба деректерде бұл қала VI ғасырдан бастап белгілі, 568 жылы Түркі қағаны Дизабул Истемидің қол астындағы осы қалаға Византия императоры III Юстинианның Земарх Киликийский басшылық еткен елшілігі келген. VII ғасырдың алғашқы 10 жылдықтарының өзінде – ақ қала Ұлы Жібек жолының торабындағы орталық ретінде маңызды рөл атқарды. X ғасырда атақты араб географы Әл – Макдиси бұл қаланың үлкен екендігін атап өтеді. Қала алдымен Түргеш, кейіннен Қарлұқ қағанатының орталығы болған.Қазақстандағы ең ежелгі қалалардың бірі. 2002 жылы қала өзінің екімыңжылдық тойын тойлады. /Тараз/
13- сұрақ:
Қазіргі қаланың негізі қаланғанына 150 жылдай болды. Ол Іле әскери бекінісі ретінде 1854 жылы пайда болды, алайда қаланың тарихы ғасырлар тереңінен басталады. Бұл жерде орта ғасырдың бас кезінде Алимату деген елді мекен болған, ол арқылы Византия мен Орта Азиядан Қытайға баратын Керуен жолы өткен.XIII ғасырда қаланы монғолдар жермен – жексен еткен. Қазан революциясынан кейін, 1921 жылды қалаға қазіргі атауы берілген. /Алматы/
14 – сұрақ:
Бұл қала Шымкент қаласынан 225 шқ жерде, Сырдария өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан. VIII – X ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған. IX – X ғасырларда ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді және осы кезден бастап қала Яссы деп аталады. Ал XI ғасырдан бастап қазіргі атымен аталады. Қала XVII ғасырдан бастап қазақ хандығының билігіне берілді. Көп уақыт қазақ хандығының орталығы болды. /Түркістан/

V кезең «Жерұйық»
Бұл кезеңде жеңіске жеткен топқа сұрақ қойылады.

1 – сұрақ:
Бұл қала жөнінде алғаш рет X ғасырдың деректерінде кездеседі. XI ғасырда М.Қашқаридың айтуынша, ол оғыз қалалары қатарында болған.XII ғасырда қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігінің астанасы болды. XIV ғасырдың II жартысында қала Ақ Орда астанасы болды. XVI – XVIII ғасырьларда қала қазақтардың қол астына қарады және Сырдарияның төменгі ағысындағы ең ірі қала саналды.

2 – сұрақ:
Солтүстік Мұзды мұхиттың басты өзені. Ұзындығы 4248шқ, оның 1700 – ге жуық бөлігі Қазақстан жері арқылы өтеді. Ол Зайсан көліне құяды. Көлден ағып шыққанда Ресей аумағындағы Объ өзеніне құяды. Оған Семей, Өскемен қалаларының аралығындағы көптеген салалар келіп қосылады. Бұл қандай өзен? /Ертіс/



«Атажұрт»сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтау, ой - өрістерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Армысыздар, құрметті көрермендер!
"Атажұрт"ойынына қош келдіңіздер!
Құрметті ойыншылар, сіздерге сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.
Ойынға екі топ қатысқалы отыр. Екі топты таныстырып өтейін.
Бірінші топ "Қыран"құрама тобы.
Екінші топ "Тұлпар"құрама тобы
Ойынымызды бастаймыз.
1 - айналым. Өткел.
Әр сұраққа 20 ұпай қосылады. Бұл бөлімде ұпай "Алтын қорға"жиналады.
Топты жақсы алып шығу үшін топ басшылары 5 сұраққа жауап бересіздер.
(1минут уақыт беріледі)
"Қыран"құрама тобының басшысына сұрақ:
1."Қараңғы түнде тау қалғып"өлеңінің авторы кім? (А. Құнанбаев)
2. Төле бидің он түрлі жұмбағын шешкен кім? (Қазыбек би)
3. М. Өтемісұлы қай жылы өмірге келді? (1804 ж)
4. Сөздерді қарама - қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды
не дейміз? (ирония)
5. Толқын өлеңінің авторы кім? (М. Жұмабаев)
"Тұлпар"құрама тобының басшысына сұрақ:
1."О, Ақтан жас Ақтан жас"қай автордың өлеңі? (Д. Бабатайұлы)
2. М. Жұмабаев қай жылдар аралығында өмір сүрді? (1893 - 1938)
3. Қобыландының тұлпары (Тайбурыл)
4. Жылдың төрт мезгілін, табиғаттың төрт кезеңін қатар жазған ақын кім? (Абай Қ.)
5. Көркем шығармада суреттелетін табиғаттың көрінісін не деп атайды? (пейзаж)
2 - айналым. Белес.
Өткелден өтіп белеске жеттік.
Кезек көп ұпай жинаған топқа беріледі.
Бұл бөлімде қосымша көмек алуға болады
Егер жауапты білмесеңіздер қарсыластарыңызға кезекті бересіздер.
"Қыран"құрама тобының сұрақтары:
1. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде беріледі. Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете, мысқылдай суреттеуді не деп атайды? (Сатира)
Қосымша көмек:
Сұлтанмахмұт "Бір адамға"өлеңінде ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыра әшкере етеді.
2. Жетішатыр - жақсы қала.
Қаптап жатқан қазақ. Жазы - қысы қымыз, ойын - сауық. Айт, той, ат жарыс, күрес. Үй қыдырған көлең - көлең ақ жаулық. Жаз шықса параход, желқайық, жасыл арал, қалың орман.
Қай әңгімеден алынған үзінді? (Әнші)
Қосымша көмек:
Жүсіпбек Аймауытұлының әңгімелерінің бірі.
"Тұлпар"құрама тобының сұрақтары:
Ұлы ақын 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Оның әкесі Абайдың туған ағасы. Әкесінен жастай айрылған, ақын немере ағасы Абайдың тәрбиесін көріп өседі.
Ол қай ақын? (Шәкәрім)
Қосымша көмек:
"Жолама қулар маңайға",
"Адамдық борышың" өлеңдерінің авторы.
2. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын
суреттеуді не деп атайды? (Портрет)
Қосымша көмек:
"Ақын қонақтар"әңгімесінде М. Әуезов он үш жасар Абайды "Бойы өскен. Қол - аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты"...
3 - айналым. Бекет
Жанкүйерлерге де сұрақ қойылады. Жанкүйерлердің ұпайлары да қосылады.
"Қыран"тобының жанкүйерлеріне сұрақ:
1. Азырақ құлағың сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
Ағалық правасын қолыма алып,
Келемін айтайын деп ақыл, інім!
Қай өлеңнен алынған үзінді? (Ахмет Б. Ақын ініме)
2. Көксерек әңгімесіндегі баланың есімі кім? (Құрмаш)
"Тұлпар" тобының жанкүйерлеріне сұрақ:
1. Алпамыс жырындағы Алпамыс батырдың қалыңдығының есімі кім? (Гүлбаршын)
2. Әбдіжәміл Нұрпейсовтің қай шығармасымен таныстыңыздар? (Балықшылар)
4 - айналым. Асу
Бекеттен өтіп Асуға жеттік.
Бұл бөлімде қосымша көмек болмайды. Алдарыңызда 14 терезе берілген. Әр терезенің өзінің сұрақтары болады.

1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11 12 13 14
"Қыран" тобының сұрақтары:
1. Бұл терезеде Дулат Исабековтің "Ата үміті"атты шығармасы бойынша сұрақ жасырылған.
"Дермендегі"қарт кісінің есімі кім? (Тоқсанбай)
2. Б. Соқпақбаевтің шығармасы бойынша"Менің атым - Қожа"повесіндегі орыс тілі пәні мұғалімінің аты - жөні кім еді? (Анфиса Михаловна)
3. Тұлғаны таны Дулат Бабатайұлының суреті көрсетіледі.
Оқушылар ақын туралы айтады.
4. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтылған сөз жетім толғауын кім жазды? (Төле би)
5. С. Торайғыров қай жылы өмірге келген? (1893)
6. Екіншідүниежүзілік соғыста Жамбыл Жабаевтің қаза тапқан ұлы кім? (Алғадай)
7."Алтын көрсе, періште жолдан таяды"дейді.
Періштеден садаға кеткір - ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны. Үзінді Абай Құнанбайұлының нешінші қара сөзінен алынған? (29 қара сөзі)
"Тұлпар" тобының сұрақтары:
1. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі кім? (Сәдуақас)
2. Тұлғаны таны Мағжан Жұмабаевтің суреті көрсетіледі.
Оқушылар ақын туралы айтады.
3. Ер Төстіктің ағасы нешеу еді? (8)
4. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған үзінді? (Мен кім?)
5. Алпамыстың баласының есімі кім? (Жәдігер)
6. Асан Қайғы әр бұтағы жеміс, шаруаға жақсы қоныс деп қай жерде айтты?
Соңғы айналым. Жерұйық
Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді.
Мысалы: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Әдебиетте мұндай тәсілді не деп атайды? (кейіптеу)
Қорытындылау, жеңімпаз оқушыны марапаттау.



Атажұрт интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білу, тарихи шежірелер мәдениетінің ұлттық рухани танымдық, қасиеті киелі асыл мұралардың қазынасын жас ұрпақтың сана - сезіміне сіңіру.
Көрнекілігі: “Атажұрт ” плакат, Өткел, Белес Бекет, Асу, Жерұйық бейнелері жазылған таспа.
Ойынға 7 - 9 сынып оқушыларынан екі топ қатысады
“А”тобы “Атамекен ”.
“Б” тобы “Мұғалжар”.
Көлде жүрген қоңыр қаз, ----------- Ауылдағы жамандар
Қыр қадірін кім білсін ------------- Ел қадірін не білсін
Қырда жүрген дуадақ ------------- Көшіп - қонып көрмеген
Су қадірін не білсін. --------------- Жұрт қадірін не білсін - деп Асан қайғы бабамыздың осы айтқан дана сөзін пір тұта отырып, ойынымызды бастаймыз.

I. Бөлім “Өзін өзі таныстыру” екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.
II. Бөлім 1 - Тур: “Өткел” Топ басшылары 5 сұраққа жауап береді. 1Сұрақ - 4000 ұпай.
I - топ “Мұғалжар” тобы бастайды.
1. Ақтөбе облысының жерінің көлемі? (300, 6 мың км2)
2. Ақтөбенің ірге тасы қай жылы қай айда қаланды?(1868ж. 14мамыр)
3. Ақтөбе облыс болып қай жылы жарияланды? (1932ж. 10 наурыз)
4. Ақтөбе облысында неше әкімшілік аудан бар?.(12)
5. Ақтөбе облысының жері с - о қанша км.?(600 - 700км )
II - топ “ Атамекен” тобының топ басшысына сұрақ
1. Ақтөбе облысы жерінің көлемі жағынан Қазақстан Республикасы бойынша нешінші орында (Қарағандыдан кейін 2орын)
2. Ақтөбе жерінен 35 шақырым жерде Есет батырдың кесенесі тұрғызылды. Қай жылы? (1992ж)
3. Ақтөбеде кеңес үкіметі қашан орнады.? (1918ж)
4. Ақтөбе облысының жері б - ш қанша км.? (700 - 800км )
5Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану мұражайы қай жылы
шаңырақ көтерді? (1929ж. 25 тамыз)

II - тур Белес. Әрбір дұрыс жауап 5 мың ұпай ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады. Егер дұрыс жауап бермесе, сондай - ақ келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді..
1 Жеңген команда бастайды.
I - топ сұрақтар. Ақтөбе облысының аумағында Қазақ мемлекетіне шексіз үлес қосқан атақты қолбасшы және мемлекет қайраткері 1693 - 1748ж өмір сүреді. Кіші жүздің атынан орыс патшасымен бірігуге келісім жүргізеді.
Сұрақ: Ол кім.?
Көмек: Кіші жүздің ханы.
Дұрыс жауабы: Әбілхайыр
2. Белгілі теміржолшы 30 жылдары Шалқар ауданында малшылар одағы төрағасы. Алматыда Каз ком вуз аспирантурасын бітірген. Әулиеата (Тараз) Түркістан Сібір теміржолында саяси қайраткер. 1935ж Москвада Ленинградтта әскери - теміржол академиясында оқып Ташкентте қызмет етті. Фамилиясы Молдағұлов.
Сұрақ. Ол кім.?
Көмек: Кеңес Одағы батырының нағашы ағасы
Дұрыс жауабы: Әбубәкір.

II – топ 1. Сұрақ; “Азия дауысы ” фестивалінің жүлдегері Қазақстан композиторлар одағының мүшесі 1997ж. 1999ж. ҚР. Призиденті сыйлығының лауреаты Ақтөбе облысының азаматы. Боз жорға, Ауылға, Түркістан. өлеңдерінің авторы.
Сұрақ: Кім және қай ауданнан шыққан.
Көмек. Жем өзені ағып жатыр
Дұрыс жауабы. Бейбіт Оралұлы. Мұғалжар ауданы
2. Сұрақ; Мұғалжар ауд. Жем өзені Солтүстік жағы аудан орталығынан 92км. Ақтөбеден - 220км. Елді мекендері: Мұғалжар ст.№58, 56 теміржол бекеті, Қырғыз, Құдық ст. Мұнда Жұбановтар мұражайы, аурухана, баспахана, мәдениет үйі, 5мектеп, пошта бар.
Сұрақ: Елді мекеннің аты?
Көмек: 1966 - 1997ж. аудан орталығы болды.
Дұрыс жауабы: Ембі елді мекені

III - Бөлім. Бекет. Команда жанашырларына сұрақ екі рет жауап беруге болады.
1 - топқа. Қазақтың тұңғыш Академигі геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым. Қ. И. Сатпаев қай жерде дүниеге келген.
Дұрыс жауабы: (Павлодар облысы Баянауыл ауданы)
2 - топ. Арыс өзеніне Сырдарияның құяр сағасына таяу орналасқан қала. 19 - ғ. ортасынан бастап Фараб деген атпен Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болады.
Бұл қандай қала.
Дұрыс жауабы: (Отырар)

IV Бөлім “Асу ” Асық ойнаған азар. Доп ойнаған тозар, бәрінен де мал бағып білім қуған озар.
Тақтада 12 терезе. 12 ауданға байланысты.
I. Мұғалжар ауданындағы облысымыздағы ірі өзендердің бірі Жем өзені басын қайдан алады?
Дұрыс жауабы: (Мұғалжар тауының Оңтүстік батысынан)
II. Ырғыз ауданы бойынша.
Қазақ халқының батыры 1843 - 1919ж. 1916жылғы ұлт - азаттық көтерілістің басшысы Ырғызда туған қай батыр?
Дұрыс жауабы: (Иманов Амангелді Үдербайұлы)
III. Темір ауданы: “Жібек жолы” эстрадалық тобы 1980ж. құрылды. Шұбарқұдық кентінде жетекшісі - Алматының Чайковский атындағы саз училищесінің түлегі сазгер әнші, 1989ж Ш. Қалдыаяқов атындағы халықаралық фестивальде ең үздік сазгер атағы берілді. Осы топты басқарушының аты жөні
Дұрыс жауабы: (Ерлі - зайыпты Амангелді - Амангүл Сандібаевтар)
IV. Байғанин ауданы: Аудан территориясында ағатын өзен. Сағыз алабында ұзындығы 58 км. Қарақоға елді мекенінен төмен сағызға құяды. Жер бедеріне байланысты өзен ағысы төмен қарай бағытталған.
Сұрақ: Осы кері қарай бағытталған өзен қалай аталады.
Дұрыс жауабы: (Терісаққан)

V. Әйтеке би ауданы: Қарабұтақ ауд. 1957ж дүниеге келген. Белгілі өнер зерттеушісі Құрманғазы атынд. 1 республикалық конкурстың лауреаты. 1984 - 1992ж “Мұрагер” атты республика фольклор сазды ансамблін ұйымдастырушы, әрі көркемдік жетекшісі “Домбыра” үйренейік хабарын жүргізген сазгер.
Сұрақ: кім? аты жөні
Дұрыс жауабы: (Райымберген Әбділхамит)
VI. Ойыл ауданы: Ұлы Отан соғысы жылдарында Ойыл ауданы “Құрман” ұжымшарында тарыдан дүние жүзі рекордын жасаған. Ақтарының атасы кім?
Дұрыс жауабы: (Шығанақ Берсиев)
VІІ. Қарғалы ауданы: Бұл облысымыздағы ірі табиғат ескерткіштеріне жатады. Қарғалы ауданыдағы Қандыағаш тоғайы 5га. жерді алып жатыр. Осы жерде басқа еш жерде өспейтін реликті өсімдік бар.
Сол өсімдікті ата?
Дұрыс жауабы: (Жабысқақ Қандыағаш, Сүйел шөп)
VІІІ. Қобда ауданы: Қобда ауданының барлық территориясын алып жатқан табиғат зонасы?
Дұрыс жауабы: (Құрғақ дала зонасы)
ІX. Шалқар ауданы: Облыс территориясында минералды сулардың көптеген түрлері кездеседі. Оны ашқан гидрогеологтар
А. В. Сотников, Капустин, В. М. Овчинников. Шалқар қаласы маңында Шалқар минерал сулары ашылды.
Сұрақ: Осы минерал сулар қай жылы ашылды?
Дұрыс жауабы: 1957ж.

X. Алға ауданы: Бесқоспа Ақтөбе облысы, Алға ауданында орналасқан елді мекен. Осы топырақтың түлегі, ақын өзінің перзенттік жүрегімен:
Бес өзен келіп тоғысқан
Бес қоспа деген жер осы.
Сылдырап аққан сулары
Сыр ұрлап кетіп жатқаны
Сыңсыған құстың шулары
Сәтке де тыным таппады
деп жырлаған еді. Сұрақ: ақынның аты - жөні?
Дұрыс жауабы: (Ізтай Манбетов)

XІ. Хромтау ауданы. Хромит кен орны (хромитті темір) Ор - Елек қыратының шығыс беткейінде, облыстың солтүстігінде орналасқан. Кемпірсай сілемі меридиан бағытында 74км - ге созылып жатыр. Ені оңтүстігінде 30 шақырымға созылып жатыр Көлемі 1200 шаршы шақырым жерді алады. Негізгі тау жынысының қалыңдығы (геофизикалық есептеулер бойынша) солтүстігінде 2, 5км, оңтүстік шығысында 5шақырымға жетеді. Рудалы сілем магмалық құрылымға жатады. Құрамындағы хром тотығының мөлшері 56% Бұл жердегі хромит рудасы 1933 жылы гидрогеологиялық барлау кезінде ашылған.
Сұрақ: Ашқан кім?
Дұрыс жауабы: (С. А. Жутеев)
XІІ. Мәртөк ауданы. Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік аудан. Жері - 6, 6 мың шаршы шақырым. Халқы - 32, 5 мың адам. Мәртөк ауданының жері негізінен жазық, солтүстігі жоңды – дөңесті келеді. Климаты тым континентті, қысы суық, жазы ыстық. Бірнеше шағын көлдері бар.
Сұрақ: Осы ауданның ең басты өзенін ата?
Дұрыс жауабы: (Елек өзені)
Осы бөлімнен кейін жеңімпаз команда анықталып, сол команда келесі “Жерұйық” бөліміне өтеді.

V. “Жерұйық”
Сұрақ: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп жері, және Нұра елді мекені маңында жалпы көлемі 348 мың кв км жерді құрайтын.
Торғай мемлекеттік қорықшасы құрылды.
Торғай мемлекеттік қорықшасының көлдерінде жылына 1000 тонна балық ауланады, бұл Ақтөбе облысында бүкіл ауланатын балықтың 99%- ы.
Сұрақ: Қорықша қай жылы құрылды?
Дұрыс жауабы: 1968ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!