Материалдар / Сайыс сабақ "Білгір биолог" 6-сынып

Сайыс сабақ "Білгір биолог" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
биология пәнінен сайыс сабақ ,6-сыныпқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2018
1122
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білгір биолог» (танымдық сайыс) 6-сыныпМақсаты: Оқушылардың биология пәнінен қызығушылығын арттыру.Түрі: интеллектуалды ойынКөрнекілігі: слаид, презентацияЖоспары: 1-бөлім: Таныстыру 2-бөлім: Кім жылдам? 3-бөлім: Бәйге 4-бөлім: Шығырмашылық жұмыс 5-бөлім: Шешімін тап! 6-бөлім: «Адасқан әріптер»



Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар және ұстаздар! «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген халқымыздың қанатты сөзі тегін айтылмаса керек. Білімсіздіктен кейін біреулер ішерге ас, істергеи жұмыс таппай жүрсе, білімділер ғаламды таң қалдырып, көкке ұшып, көк тіреген ғимарат тұрғызып, роботтарды адамша сөйлетіп жатқаны бұл күнде ешкімге таңсық емес.Ендеше біздің ортамыздан да осындай білімді оқушылар шығатынына сенімдіміз дей отырып Білім ордамызда өткелі отырған Жаратылыстану пәндер онкүндігінде биология пәнінен өткізгелі отырған «Білгір биолог» сайысына қош келдіңіздер!

Көзге түсер жүйріктер бағасымен,Су да ағар таулардың саласыменҚара қылды қақ жарар алдарыңдаТанысайық әділ – қазы алқасымен – дей отырып, сайысымызға төрелік ететін әділ – қазы алқаларымен таныс болыңыздар. биология пәнінің мұғаліміоқу ісінің меңгерушісі Тәрбие ісінің меңгерушісі,

Тек сәттілік қатысыңдар сайысқаМықты болсаң қабырғаңмен қайыспаОқу керек, білім керек қашан даОл болмаса, сайыс деген сайыс па – дей отырып сайысымызды бастаймыз.

1.Таныстыру.Екі топ өздерін таныстырады (Алғырлар, Тапқырлар )

2.Кім жылдам?. (топқа сұрақтар беріледі, тез жауап беру керек)1-топ:1.Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)2.Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қашан шықты? (1978ж)3.Жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)4.Өсімдіктің вегетативті мүшелері (тамыр сабақ жапырақ)5.Қазақстанда қанша қорық бар? (9)6.Тек өсімдік жасушасына тән денешік (пластид)7.Өсімдіктің көбею мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)8.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (ұлпа)9.Күн гүлі деп аталатын өсімдік (күнбағыс)10.Жапырақтар түгел тікенге айналған өсімдік (кактус)







3.Бәйге (берілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді)Жұмбақтар:10.Біреу бердім, көп қып тердім (тұқым немесе дән)20.Тіршіліктің қуатын өзбойына жинайтынЖинай-жинай азықты адамзатқа сыйлайтын (өсімдік)30.Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі (жеміс)40.Алуан түсті жайқалып тұр даладаБасты азық бал жинайтын арадаОдан артық сый болмайды анаға (гүл)Сандар:10. Жалпы гүл бөлімдері нешеу(6)20.Роберт Гук жасушаны қашан ашты? (1665ж)30.Тұқым неше жарнақты? (2)40.Пластидтердің неше түрі бар? (3)Ең,ең,ең...10.Ең тез жылдам өсетін өсімдік (бамбук, тәулігіне 1 м өседі)20.Ең ұзақ жасайтын ағаш (емен, 2000 жыл)30.Ең үлкен балық (кит акуласы)40.Ең биік сүтқоректі (керік)Ғылымдар10.Микробиология нені зерттейді (ұсақ ағзаларды)20.Вирусология нені зерттейді (вирустарды)30.Цитология нені зерттейді (жасуша)40.Бриология нені зерттейді (мүктер)

4. Шығармашылық жұмыс «Табиғатты қорғайық» атты тақырыпта тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме жазыңдар. Тірек сөздер: табиғат, әсемдік, байлық, қоршаған, орта, қорғау, міндет, өсімдік, парыз, жануар.





5 Шешімін тап? (логикалық есептер беріледі)1.Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп – өшті. Үй иесі бұрын көреме, әлде салт аттылар бұрын көреме? (ешқайсысы көрмейді себебі сәуле сөнгеннен кейін жанған жоқ)2.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? (Бір пұт)3.Әрбәр бұтаға 3 қарғадан қонғанда 1 қарға төбеде ұшып жүрді. Қарғалар қайта ұшып, бұтаққа төрттен қонғанда 1 қарға тағы ұшып жүрді. Бұтақ қанша, қарға қанша (5 бұтақ, 16 қарға)4.5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады)6.Шығармашылық жұмысҰшқыр ойға серік болсын шеберлік,Сөз кезегін қазыларға берейікАрамызда тапқыш достар көп екенСолардың біз нәтижесін көрейік - деп қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

Жеңімпаз топты құттықтаймыз. Қатысып, тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ