Материалдар / Сайыс сабақ. "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ. "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез"

Материал туралы қысқаша түсінік
Географиядан дарынды оқушыларға арналған білім сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
751
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы 

Аршалы ауданы

3 Аршалы орта мектебінің география пәні мұғалімі



Маханов Руслан Жалғасбайұлы 

( 8-11 сыныптар) 

«Білімдіден шыққан сөз, 

Талаптыға болсын кез» атты білім сайысы 

Мақсаты: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2.Жастарды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.



Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, плакат, шарлар. 

Барысы: Жүргізуші: Білгенге: білім-байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра,

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Жүргізуші: Білім- өшпес жүрекке жанған шырақ,

Ол-көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.

Асыл сол ақыл, білім бойда барлық

Кезі келді міне ойланарлық.

Жүргізуші: Оқысаң ғылым қорын білім асар,

Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,-дей келе білім-адам баласының ортақ қазынасы. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырайық .

Жүргізуші: Көзге түсер жүйріктер бағасымен,

Суда ағар таулардың саласымен.

Қара қылды қақ жарар алдарыңда,

Таныстырайық әділ қазы алқасымен.

( Қазыларды таныстыру)

Жүргізуші: Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.

Оқу керек, білім керек қашанда,

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па? дей отырып сайысымызды бастаймыз. 
Сайыстың шарттары: 

1. Кім тапқыр? ( географиялық сұрақтар) 

2. Ойлан тап! ( қалалар, саяхатшылар, қорықтар) 

3. Сөз тапқанға. ( әріптермен жауабын табу) 

4. Ойлы болсаң озып көр. ( географиялық жұмбақтар, мақал-мәтелдер) 

1-айналым.

1. Қ.Р. шекарасының ұзындығы ) 15 млн.км.)

2. Тоқыма, былғары, аяқ киім, тігін қай өнеркәсіптің салалары ( жеңіл өнеркәсіп)

3. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал ( Греландия)

4. Ең кіші материк ( Австралия)

5. Тропиктен экваторға қарай соғатын тұрақты желдер ( пассат)

6. Қ.Р. қанша облыстан тұрады. ( 14)

7. Фонтан түрінде оқтын-оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар ( гейзерлер)

8. Дүние жүзіндегі ең терең көл ( Байкал)

9. Жердің тас қабаты, жер қыртысы қалай аталады. ( литосфера)

10. Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді. ( промиль)

11. Жердің су қабығы ( гидросфера)

12. Жанартаудың атқылауынан бөлінетін қоймалжың масса. ( лава)

13. Жердің кішірейтілген бейнесі. ( глобус)

14. Ең кіші мұхит ( Солтүстік мұзды мұхит)

15. Екі дүние бөлігінен тұратын материк ( Еуразия)

16. Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді. ( 9)

17. Отын-энергетикасының салаларын ата ( мұнай, газ, көмір)

18. Қ.Р. қанша экономикалық ауданнан тұрады ( 5)

19. Ең саны көп халық ( Қытай)

20. Жағалауын төрт мұхит суы шаятын материк ( Еуразия) 

2-айналым.

1. Облыс орталығы-Талас өзенінің темір жолымен қиылысқан жеріндегі жөңеске, Талас-Асы ірі алқабының орталығына орналасқан. Бұл қала Қазақстанның Тараз деген атпен 6 ғасырда белгілі ежелгі қаласы, Ұлы жібек жолындағы ірі сауда орталығы болған. ( Жамбыл)

2. Оңтүстік қазақстан облысының орталығы, республиканың ең ежелгі қалаларының бірі, ол Өгем жотасының етегіндегі жазықты, Сайрам және Бадам өзендерінің аралығында, Арыстан, Жамбыл мен Алматыға қарай темір жол өтетін тұсқа салынған. Бұл қай қала. ( Шымкент)

3. Тобыл өзенінің сол жағасында орналасқан, оның негізін 1879 ж бұл жерге Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан қоныс аударып келген орыс және украин шаруалары қалаған. 1893 ж бастап Торғай облысының уездік орталығы болды. ( Қостанай)

4. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы, республиканың солтүстік қақпасы. Петр мен Павелдің жаңа Есілдегі орыс әскери

Бекіністерінің басты қамалы ретінде есілдің биік оң жақ жағасында 1752 ж негізі қаланған. ( Петропавл )

1. 1927 ж құрылды. Бұл қорық Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85,4 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Бұл қай қорық. ( Ақсу-Жабағылы)

2. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447м биіктіктегі Азутау жотасы аралығында орналасқан. ( марқакөл)

3. 1992 ж құрылған қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің Қазақстандық бөлігінің солт-батыс жағын, Холзун, Көксу, Иванов жоталарын қамтиды. ( Батыс Алтай қорығы)

4.1984 ж Қазақстанның солт-к-шығысындағы табиғи кешенді сол қалпында сақтап қалу үшін құрылған қорық. ( Үстірт)

1. 1875-1876 ж Тянь-Шаньның солт-гі мен Жоңғар Алатауына үлкен саяхат жасап, Тараз қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын сонымен Ыстықкөлді зерттеген саяхатшы. ( И.В.Мушкетов)

2. Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысын, одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізген саяхатшы. ( Н.А.Северцов)

3. Тянь-Шань ьау жүйесі мен Балқаш көлі маңындағы шөлді аймақтың өсімдіктер жамылғысын зерттеген саяхатшы. ( А.Н.Краснов)

4. Қарсақбай, Темір, Жезқазған, Атбасар, кен орындарын зерттеп, Атасу,Аят темір кенін, Қаратаудың ванвдий кеніштеріне барлау жасаған геолог. ( Қ.И.Сәтбаев)



3-айналым. ( Г, А, М,С осы әріптерден басталатын сөздермен жауап беру керек)

1. Жердің су қабаты (гидросфера)

2. Жердің кішірейтілген үлгісі (глобус)

3. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал ( Греландия)

4. Оңт. Америка материгі ежелгі қай материктің құрамында болды. ( Гондвана)

5. Пәкістан, Үндістан жеріндегі тау жүйесі ( Гиндокуш)

6. Ең жүйрік сүтқоректі ( гепард)

7. Аккро қай елдің астанасы ( Гана)

8. Парламенттік басқару түріне жататын ел ( Германия)

1. Оңт. Американың ең үлкен өзені ( Амазонка)

2. Ең ұзын тау ( Анд)

3. Ең биік сарқырама ( Анхель)

4. Оңт. Американың ең үлкен шөлі ( Атакама)

5. Кеме қатынасы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алатын мұхит ( Атлант)

6. Мұз жамылған материк ( Антарктида)

7. 1931 ж құрылған Қазақстандағы қорық ( Алматы)

8. Ауа құрамында кездесетін газ ( ауа)

1. Ең бірінші жердің шар тәрізді екенін, дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеген теңіз саяхатшысы. ( Магеллан)

2. Нақтылы қашықтықтардың картада немесе планда кішірейтілгенін көрсететін өлшемді қалай атайды. ( масштаб)

3. Жер қыртысының тереңінде пайда болатын су буы мен газдарға қаныққан балқыған масса. ( магма)

4. Австралияны зерттеген саяхатшы ( М.Маклай )

5. Фосфорит рудасы қай таудың жотасында өндіріледі ( Мұғалжар)

6. Қиыр шығыстың климаты қандай ( муссонды)

7. Ең үлкен нәсілді ата ( монғолдық)

8. Латын Америкасындағы федеративтік елді ата ( Мексика)

1. Темірқазық жұлдызы көрсететін бағыт ( солтүстік)

2. Түзу сызық түрінде бейнеленіп, тең бөліктерге бөлінген масштаб ( сызықтық)

3. Жер қыртысының қозғалысын өлшейтін аспап ( сеймограф)

4. Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері ( сағасы)

5. Әр түрлі елдермен оның астанасы, шекарасы белгіленген карта ( саяси карта)

6. Баренц қай мұхиттың ең үлкен теңізі ( Солт. Мұзды мұхит)

7. Парсы шығанағының мұнай өндіруші елі ( Сауд Арабиясы)

8. Эр-Рияд қай елдің астанасы ( Сауд Арабиясы) 

4-айналым.

1. Көлдің көркі- құрақ



Таудың көркі -бұлақ

2. Елінен безген ер оңбас



Көлінен безген қаз оңбас

3. Сағынған елін аңсайды



Сарала қаз көлін аңсайды

4. Туған жердей жер болмас



Туған елдей ел болмас

1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. ( күн)

2. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады ( аяз)

3. Аяғы жоқ жүреді

Сылқ-сылқ күледі (су)

4. Кең әлемді кернейді

Көзің бірақ көрмейді ( ауа)

Жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берейік

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік,-дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,



Жеткізеді сіздерді , 

География сырына,-дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!