Материалдар / Сайыс сабақ "Білімділер сайысы" 7а,ә
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ "Білімділер сайысы" 7а,ә

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта оқушылар білімдерін ортаға салып , топтық, жұптық жұмыстарды көрсете білді.Сайыс барысында сын тұрғысынан ойлана отырып шығармашылықпен де айналысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1047
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Білімділер сайысы

Сабақтың мақсаты: Сабақ барысында топтық жұмысты тиімді пайдалана отырып ЖАДА арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, білімдерін пысықтау, шығармашылығын дамыта отырып өз ойларын еркін айта білуге баулу.

Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ – жауап, «Сыр сандық құпиясы», «Ақылдың алты қалпағы»,

Сабақтың көрнекілігі: Қалпақтар, бейнетақта, слайдтар,

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Пән аралық байланыс:қазақ тілі ,әдебиет, тарих

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт , суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

Сабақта екі топ сайысады. І. топ «Тілшілер»

ІІ.топ «Ақындар»

Сайыстың кезеңдері:

1-кезең Таныстыру

2-кезең Сырсандық құпиясы

3-кезең Шығармашылық –жетістік бастауы

4-кезең Әдеби кейіпкерлер әлемінде

5-кезең Ақылдың алты қалпағы

1-кезең бойынша екі топтан екі оқушы шығып өз топтарын таныстырады .

«Тілшілер» тобынан А.Дарибаев

Әлемнің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет.

Келесі оқу жылына,

Аман –есен түгел жет.



Меккедегі Мұхаммед

Түркістанда Қожа Ахмет.

Осы айтқан тілеуімді ,

Аллахым сен қабыл ет.

«Ақындар»тобынан Б.Ордабек таныстырады

Ұстаздай боламын ,

Білім де аламын.

Қазақты қорғайтын,

Данышпан тұлғаның ,

Барлығы қолдаса ,

Біліммен сынаса,

Бәрібір,бәрібір, бәрібір білімді боламын.

2-кезең Сырсандық құпиясы

1 . Етістік қалай түрленеді?

2. А.Құнанбаев балалық шағына тоқтал?

3.Тіл дыбысын зерттейтін сала?

4. «Атаның әлдиі» кімнің өлеңі?

5. Әрі батыр,әрі ақын?

6.Тілдегі сөздердің жиынтығы қалай аталады?

7. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады?

3-кезең Шығармашылық – жетістік бастауы

Екі топқа : Отан, Қазақстан,Болашақ, Туған жер, Үш тіл, Бақыт, Ана т.б. «Ақындар» тобы

осы сөздерді қатыстыра отырып өлең шығарады. «Тілшілер» қысқаша эссе жазады.

4-кезең Әдеби кейіпкелер әлемінде

Бейне тақтада Алдар көсе , Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш Баян сұлу , Қожа суреттері шығады оқушылар осы кейіпкерлерге тоқталып үзінділер келтіреді.

5-кезең «Ақылдың алты қалпағы» мұнда «Алғырлар» тобы әдебиет жайын да сыр шертеді. Әдебиеттің даму жолы, қазіргі жағдайы, ақын - жазушыларымыздың өмірі олардың еңбектері жайында әңгімелейді. «Тапқырлар» тобы қазақ тіліміздің өсу деңгейі, ана тіліміздің дамуына өз үлестерін қалай қосатыны жайында сыр шертеді , әр қалпақ өз міндетін атқарады.

Сабақты қорытындылау: сабақ соңында жеңімпаз топ марапатталады.





Арыстанова Назым Рахматуллаевна №59 жалпы орта мектебінің к.м.м. қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!