Материалдар / Сайыс сабақ "Дарындылар додасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ "Дарындылар додасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пән бойынша білімдерін нақтылау, ойлау қабілеттерін арттыру, жылдам жауап беруге ынталандыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Шілде 2018
955
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дарындылар додасы».

Мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы мен белсенділігін, білімділігін арттырып, жылдам ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, шешендікке, танымдылыққа баулу, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әлемнің саяси картасы, жарты шарлардың физикалық картасы, Қазақстанның физикалық және саяси - әкімшілік карталары, компьютер, интерактивті тақта.
1-жүргізуші: 8-9 сынып оқушыларымен интеллектуалды ойын өткіземіз.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін «Дарындылар додасы» » атты зияткерлік сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші: "География - қоршаған ортаны танып білу".
"Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып, пирамиданы көрмей кету немесе Астанада болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең" деп айтсақ артық айтқандық болмас. Олай болса бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой - өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

1 - жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)

1 - жүргізуші: Енді бүгінгі сайысымыздың жалпы жоспарымен таныстырып өтейік:
І. «Кім жылдам»
ІІ. "Жұлдызды сәт"
ІІІ. «Білім бәйгесі»
ІV. «Полиглот»

V. «Сергіту сәті»

2 - жүргізуші: Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Білімді бір тексеріп көрейік біз
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар!- деп сайысымыздың келесі "Кім жылдам" I-ші кезеңін бастаймыз. Әр сайыскерге 4 сұрақтан қоямын,әр дұрыс жауап 2 балл.
1-қатысушы:

1. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)
2. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы жалғастырып тұрған канал?
(Панама каналы)
3. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519 - 1522ж)
4. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (
Түбек)

2-қатысушы:

1. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді(Анд)
2. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер(үндістер)
3. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)
4. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)

3-қатысушы:

1. Көршілес екі толқынның арасындағы қашықтық (Толқын ұзындығы)

2. Италия елі орналасқан түбек? (Аппенин)

3.Ең ежелгі материк? (Пангея)

4.Хуанхэ қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді? (сары өзен)

4-қатысушы:

1. Қай мемлекеттің туында үйеңкі жапырағы бейнеленген? ( Канада)

2. Ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған орыс ботанигі? ( Н. Вавилов)

3. Анды тауының ең үлкен құсы ? (кондор)

4. Титикака көлінің оңтүстігіндегі ыстықта кеуіп қалатын тұзды көл?

( Поопо)

5-қатысушы:

1. Темір мен никельден тұратын, жердің ең орталық өзегі.
(Ядро)
2. Жер бетіндегі таулардың орташа қалыңдығы.
(70 – 80 км)
3. Қазақстанның ең биік тау жүйесі (Тянь - Шань)

4. Жер сілкінісі жиі болатын аймақты қалай атайды? (Сейсмикалық аймақ)

6-қатысушы:

1. Аустралияның эндемик өсімдіктері? (Эквалипт, казуарина)
2. Канаданың туында не бейнеленген? (Үйеңкі жапырағы)
3. Мұхит гиганты, сүтқоректі. (
Көк кит)
4. Ең кішкентай құс. (Колибри)

7-қатысушы:

1. Қай құрлықта өзен жоқ. (Антарктида)
2. Ең тұзды мұхит. (Үнді)
3. Арабия түбегіне таяу жатқан шығанақ. (Парсы)
4. Гондурас астанасы?
(Тегусигальпа)

8-қатысушы:

1. Жер шарындағы ең үлкен көл (Каспий — 390 мың км²;)
2. Месопотамия ойпаты қай өзендер аралығында жатыр? (Тигр және Евфрат)
3. Жер шарындағы кіші материк
(Аустралия )
4. Дүние жүзінде ең суы мол өзен (Амазонка)

1 - жүргізуші: Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста, - деп сайысымыздың келесі «Жұлдызды сәт» ІІ-ші турын бастаймыз. Бұл кезеңде жалпы география пәнінен сұрақ-жауап.Жылдам әрі нақты жауап беру керек.Әр дұрыс жауап 2 балл. Әр қатысушыға 2 сұрақтан қоямын.

1-қатысушы:

1.Халқы тек бір ұлттан тұратын мемлекет?

Жауабы :Жапония

2.Барлық меридиандар түйіскен материк ?

Жауабы :Антарктида

2-қатысушы:

1.Жер бетінің қанша пайызын дүние жүзілік мұхит сулары алып жатыр?

Жауабы:71 %

2.Африка неше мұхитпен шектеседі ?

Жауабы:2

3-қатысушы:

1.Аустралия материгінде ғана мекендейтін жануар?

Жауабы: кенгуру

2. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км кв?

Жауабы: 361 млн кл кв

4-қатысушы:

1.Тынық мұхитының Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болатын жойқын жел атауы ?

Жауабы:тайфун

2. Толысу мен қайту құбылысы ненің әсерінен болады?

Жауабы: Айдың тартылыс күшінің әсерінен

5-қатысушы:

1. Мадагаскар аралы қай мұхитта орналасқан?

Жауабы:Үнді мұхитында

2. Орталық Азияға бірінші өтіп, оның батыс бөлігі-Қашғарияның табиғат жағдайлары, халқы, тарихы жайында мәлімет жинаған ғалым кім ?

Жауабы:Ш.Уәлиханов

6-қатысушы:

1. Қай материкте 16 ел ғылыми стансаларын орнатып, оның табиғатын жан-жақты зерттейді?

Жауабы:Антрактидада

2.Ауданы аралдарымен қосып есептегенде 30,3млн км 2 құрайтын материк?

Жауабы:Африка

7-қатысушы:

1.Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы?

Жауабы: Анхель

2.Оңтүстік Американың ең  үлкен  аралы?

ЖауабыОтты жер аралы, көлемі 47000 км кв;

8-қатысушы:

1.Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ?

Жауабыгейзер

2.Индонезияның ең үлкен аралы?

Жауабы: Калимантан

2 - жүргізуші:Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып – деп ІІІ-ші тур «Білім бәйгесі».Бұл кезеңде жалпы қазақ тілі,әдебиет,орыс тілі,литература,математика пәндерінен сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 5 балл.

1-қатысушы:

1. 250 санының 20%-ін тап? (50)

2. Үшбұрыштар қабырғасына қарай қаншаға бөлінеді және ата?

(үшке бөлінеді: тең қабырғалы, тең бүйірлі, әртүрлі қабырғалары бар)

3. «Тіл туралы» Заң толықтырылып қайта шыққан жыл? (1997 ж. 11шілде)

2-қатысушы:

1. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 400 болса, екіншісі нешеге тең? (1400)

2. Үшбұрыштың әрбір төбесінде қанша сыртқы бұрыш бар? (2 )

3. Дененің кинетикалық энергиясы тәуелді ?
(дененің жылдамдығы мен массасына.)

3-қатысушы:

1. Сызықтық функцияның графигі қандай? ( түзу)

2. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы қаншаға тең? (3600)

3. «Шежірелер жинағы» шығармасының авторы? (Қадырғали Жалаири)

4-қатысушы:

1. Елтаңба тану ғылымы не деп аталады? (Геральдика)

2.Неолит дәуірінің басты жаңалығы? (балшықтан ыдыс жасау және егіншілік пен мал шаруашылығы пайда болды)

3.Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар (арий, тур)

5-қатысушы:

1.Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінген ғасыр? (VII ғасыр)

2.1165-1220 жылдары өмір сүрген Отырар қаласының билеушісі? (Қайырхан)

3. Бостандық сүйгіш,ержүрек,еркін адамдар дегенді білдіретін атау? («Қазақ»)

6-қатысушы:

1. Қазақстанның Ресей империясына бодан болуы қай жылдан басталды? (1731ж.)

2. «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» деп айтқан? (Г. Гегель)

3.Ойды сыпайы,әдепті,жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер ? (эвфемизмдер)

7-қатысушы:

1. «Борис Годунов» атты тарихи трагедияның авторы? (А.С. Пушкин)

2.Раздел науки о языке,изучающий лексическое значение? (Фразеология)

3.Часть слова,которая стоит после корня и служит для образования новых слов? (Суффикс)

8-қатысушы:

1. Летний вечер прохладу льёт,

Свежий ветер – как сладкий мёд,

И, красуясь в далёком небе,

Свой привет нам звёздочка шлёт. Өлең жолдарының авторы?

(С. Торайғыров)

2. Қазағымды, қалың елді сағындым,

Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.

Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,

Арқадағы айдын көлді сағындым. Өлең жолдарының авторы?

(М. Жұмабаев)

3. Автор сказки «Волшебник изумрудного города» ?

(Александр Мелентьевич Волков)


1 - жүргізуші: ІV-ші кезең «Полиглот». Жұмбақтың жауабын 3 тілде айтасыздар. Әр дұрыс жауап 5 балл. Әр қатысушыға 1 жұмбақтан жасырамын.



1-қатысушы:.Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы (
Найзағай-гроза-thunderstorm)

2-қатысушы:.Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады
( Бұлт-облако-cloud)

3-қатысушы:.Күні - түні жүйткиді,
Кең далада бір тарлан (
Жел-ветер-wind)


4-қатысушы:.Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың
(жаңбыр-дождь-rain[rein])

5-қатысушы:.Ат үстінде асыл тас,
Алайын десем табылмас
(Жұлдыз-звезда-star)


6-қатысушы:.Ол келсе орман шулайды
Толқын теңіз тулайды.
Қуса өзен қуады,
Ешкім оны қумайды      (Жел-ветер-wind)


7-қатысушы:. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ
(Қант – сахар - sugar )

8-қатысушы:. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал.
( алма – яблоко - аpple )



2 - жүргізуші:V. «Сергіту сәті» . Бұл сайысымызда қазақтың белгілі күйлерін тыңдайсыздар және күй орындаушысы мен атауын тауып айтуларыңыз қажет. Әр дұрыс жауап 5 балл.



1. Ақан сері «Құлагер»

2. Ақан сері «Мақпал»

3. Құрманғазы «Сарыарқа»

4. Ақан сері «Маңмаңгер»

5. Дәулеткерей «Қыз ақжелкен»



1-жүргізуші: а) Әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтағанша, ортаға

оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

б) Ұлылардың ізін басар
Бізде жоқ па талапкерлер?
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші бүгінгі сайыскерлеріміздің жан - жақты екенін көрдік. Ойынның аты ойын. Ойын болған соң жеңімпаз болады. Сайыскерлеріміздің еңбегін бағалау үшін сөз әділқазыларға беріледі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!