Материалдар / Сайыс сабақ Физика білгірлері

Сайыс сабақ Физика білгірлері

Материал туралы қысқаша түсінік
9-10 сыныптарға арналған сайыс сабақ, сайыс 5 бөлімнен тұрады, викториналық сұрақтар, тәжірибелік тапсырма, формула табу, капитандар сайысы, деңгейлік есептер шешу. Викториналық сұрақтар жылулық, механикалық, магниттік, электрик, дыбыс, жарық құбылыстарына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
895
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білім алу мен білім берудің өзара үйлесімділігі,

түпкі нәтижеге жету кепілі»

Сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың тақырыбы: «Физика білгірлері» интеллектуалдық сайысы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін жетілдіру, ойлау, бақылау, зерттеу, өмірде қолдана алу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: презентация, нақыл сөздер, практикалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

1) сайыстың барысымен таныстыру

2) топтармен таныстыру

3) әділқазы мүшелерімен таныстыру

2. Сайыс барысы

1) Ой ширату (сұрақ-жауап)

2) Кім көп формула біледі

3) Кім тапқыр (практикалық тапсырма)

4) Капитандар сайысы (шешендік сайысы)

5) Кім жылдам (деңгейлік есептер)

3. Қорытынды

Топтардың ұпайын есептеп, жеңімпазды анықтау



Жүргізуші: Қайырлы күн, бүгінгі сайысқа жиналған ұстаздар, оқушылар. Физика және информатика апталығы аясында 9-10 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Физика білгірлері» атты интеллектуалдық сайысқа хош келдіңіздер!

Сайыстың мақсаты: оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін жетілдіру, ойлау, бақылау, зерттеу, өмірде қолдана алу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру

Бүгінгі сайысымыздың барысымен таныстырып кетейін. Сайыс барысы

1) Ой ширату (сұрақ-жауап)

2) Кім көп формула біледі

3) Кім тапқыр (практикалық тапсырма)

4) Капитандар сайысы (шешендік сайысы)

5) Кім жылдам (деңгейлік есептер шығару)



Бүгінгі сайысқа қатысатын топтармен таныстырып өтейін: 9 А сынып «Ньютон» тобы, 9 Ә сынып «Архимед» тобы, 10 А «Паскаль» және 10 Ә «Джоуль» тобы.

Және бүгінгі сайысқа бағаларын беретін, әділқазы мүшелері:



Олай болса, топ мүшелеріне сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

9 А Ньютон : Тапқырлық таныту мақсатымыз

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз

9 Ә Архимед: Болашақтың ұрпағымыз білімді

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді

10 А Паскаль: Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл

Қарсылыстарды жеңістерде жеңе біл

10 Ә Джоуль: Қандай сынақ болса дағы беріспе

Әрқашанда үміткер бол жеңіске



Ой ширату бөлімінде топтар интерактивті тақтада физикалық құбылыстар мен ұпайларды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаса, келесі топтар жауап беруге болады. Ұпайды дұрыс жауап берген топ алады.

Сұрақтар:


Жылу құбылыстары.

  1. Қыста адамның аяғы қандай аяқ киімде тоңбайды, тар аяқ киімде ме, кең аяқ киімде ме? Жауабы: Кең аяқ киімде

  2. Неліктен қыста көлік бұзылғанда радиатордың суын төгіп тастайды? Су мұзға айналғанда көлемі артады, сондықтан радиаторды жарып жіберуі мүмкін

  3. Ақ шәугім мен қара шәугімнің қайсысы тез қайнайды? Жауабы: ақ шәугім

  4. Егер суы бар ыдысты терең шахтаға түсірсе, судың қайнау температурасы қалай өзгереді? Жауабы: суы бар ыдысты терең шахтаға түсіргенде қысымы артады, сондықтан қайнау температурасы да артады

  5. Арктиканың зерттеушілері неліктен сынапты термометр емес, спиртті термометрді таңдайды ? Жауабы: сынап -39 градуста

ал спирт -112 градуста қатады.


Электр құбылыстары:

  1. Неліктен синтетикалық киімді шешкенде ерекше дыбыс шығарады? Ал қараңғы бөлмеде кәдімгідей жалт еткен ұшқынды көруге болады. Жауабы: делелер үйкелгенде электрленеді

  2. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом екі өткізгіш параллель жалғанған? Осы бөліктің жалпы кедергісі неге тең? Жауабы: 2,4 Ом

  3. Бір металдың бетін басқа металмен қаптау қалай аталады? Жауабы: электролиз

  4. Изотоп атомы ядросында 107 бөлшек бар. Ядроны 47 электрон айналады. Бұл атомның ядросында қанша нейтрон мен протон бар? Жауабы: 47 пратон, 60 нейтрон

  5. Неліктен біз найзағайды алдымен көріп, дауысын кейін естиміз? Жауабы: жарық жылдамдығы (300 000 км/с) дыбыс жылдамдығынан (340 м/с) артық болғандықтан, найзағайды алдымен көріп, дауысын кейін естиміз


Магниттік құбылыстар:

  1. Бір полюсы бар магнит жасауға бола ма? Жауабы: Магниттің 2 полюсы болады: оңтүстік(S) және солтүстік (N). Бір ғана полюсы бар магнитті жасау мүмкін емес.

  2. Жердің магнит өрісінің пайдасы қандай? Жауабы: жердің магнит өрісі күн және басқа жұлдыздардан тарайтын қауіпті радиоактивті сәулелерді кері қайтарады

  3. Неліктен Жерде магнит өрісі бар? Жауабы: себебі, оның сұйық ядросы бар

  4. Күн жүйесіндегі қай ғаламшарда магнит өрісі жоқ Жауабы: Марста жоқ

  5. Жердің магниттік полюстері оның географиялық полюстерімен сәйкес келе ме? Неліктен? Жауабы: Сәйкес келмейді, жердің солтүстік полюсының маңында магнит өрісінің оңтүстік полюсі, оңтүстік полюсының маңында магнит өрісінің солтүстік полюсі бар.



Механикалық құбылыстар:

  1. Біз ұшаққа ақшаны не үшін төлейміз, жүрілген жол үшін бе, орын ауыстыру үшін бе? Пойызға ше? Жауабы: Ұшаққа орын ауыстыру үшін, пойызға жүрілген жол үшін

  2. Дене тік жоғары V0=15м/с жылдамдықпен лақтырылған. Ол қандай жылдамдықпен жерге қайтып оралады? Ауаның кедергісі ескерілмейді. Жауабы: ауаның кедергісі ескерілмейтіндіктен, дене қандай жылдамдықпен лақтырылса, сондай жылдамдықпен жерге түседі. Олай болса, жауабы: 15м/с

  3. Белгіленген жерге түсу үшін ұшып келе жатқан самолеттен жүкті қай кезде тастау керек? Жауабы: Сол жерге жетпей

  4. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысының траекториясы Жауабы: парабола

  5. Сегізаяқ, кальмар, медуза, теңізқұрт сияқты теңіз жәндіктерінің қозғалысын қандай қозғалысқа жатқызады? Жауабы: Реактивтік қозғалыс



Жарық құбылыстары:

  1. Өзендер мен көлдердегі судың көрінетін тереңдігі шын тереңдігінен қандай болады? Жауабы: аз болады

  2. Кемпірқосақтың пайда болуын түсіндір Жауабы: Күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге бөлінуі

  3. Ең ұзақ күн, яғни жазғы күн тоқырау қай күнге сәйкес келеді? Жауабы: 22 маусым

  4. Жақыннан көргіштікті жою үшін қандай көзілдірік кию керек? Шашыратқыш линзасы бар көзілдірік кию керек

  5. Лазер сәулелері қай жерлерде қолданылады? Жауабы: медицинада, биологияда, мал дәрігерлігінде

Кім көп формула біледі бөлімінде интерактивті тақтада көрсетілген формулаларды табады, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан

Кім тапқыр бөлімінде әр топ өзі таңдап алған практикалық тапсырманы орындайды.

А) шардың көлемін анықта

Б) сабынның тығыздығын анықта

В) майдың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта

Г) металдардың жылуөткізгіштігін салыстыр

Дискриптор:

Тапсырманы түсініп орындайды 10 балл

Берілген құралдарды дұрыс пайдалана алады 10 балл

Нәтижені шығарады 10 балл

Жалпы: 30 балл

Капитандар сайысында шешендік өнер сынға түседі. Әр топ басшысы берілген сөздерден мәтін құрастырып, 1 минутта қорғап шығу керек.

А) Ғылым мен техника, физика, ХХ ғасыр, атом энергиясы, кибернетика

Б) ғарышты игеру, ғарышкер, интернет, пайдасы, зияны

В) Пайдалы, зиянды, диффузия, температура, темекі шегу

Г) Экспо 2017, сарқылатын, сарқылмайтын, ел мәртебесі, энергия

Дискриптор:

Сөздер түгел қамтылу керек, мәтін дұрыс құралу керек, физикалық мағынасы ашылу керек. Жалпы 10 балл

5) Кім жылдам (деңгейлік есептер шығару) Барлық топқа А, В, С деңгейдегі есептер беріледі. А деңгейлі есепке 5 балл, В деңгейлі есепке 10 балл, С деңгейлі есепке 15 балл, барлық есеп дұрыс болған жағдайда 30 балл беріледі.

Сергіту сәт


Адасқан әріптер

У

С

П

Г

А

З

И

А


М

О

Л

Е

Ф

И

К

А


А

Т

А

К

У

Л

Е

П


Р

Е

З

М

Р

А

Н

Т


Е

Р

Й

А

Д

И

Ф

У


Ж

И

Я

И

З

У

Ф

Н




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ