400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ "Жасыл яғни үнемді" 2- "ә" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты сүйе білуге, білдірмеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ БАРЫСЫ

Мақсаты:

  1. Оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемелар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, экологиялық тәрбие беру

  2. Табиғатты сүйе білуге, білдірмеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу

  3. Экологиялық аймақтар туралы мағлұмат беру

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балаларды психологиялық дайындау.


Топтарға бөлу(мұғалім сыныптың сандық және сапалық құрамына қарай балаларды «Су» тобы, «Табиғат» табы, «Жарық» тобы болып 3 топқа бөледі).


2.Психологиялық тренинг.

1.Балалар, бастарыңды төмен түсіріп, көздеріңді жұмыңдар. Адамдар мекендемеген планетадасыңдар деп елестетіңдер. Кенет сендердің жүздеріңде күлкі ойнады. Неліктен күлкі ойнады? Сендер не көрдіңдер? Көңілдеріңді не көтерді?

2. Балалар автор орындығында отырып, өздерінің елестеткен бейнелері туралы айтып береді.

А) 1. Ынталандыру:

- Берілген әріптерден сөз құрыңдар: а, с, ж, л, ы. (жасыл)

Б) қызығушылық тудырту.

1. «Жасыл» сөзі орысша қалай болады? (зеленый).

Ал ағылшын тілінде қалай болады? (green).

2. Осы сөзбен сөз тіркестерін құрыңдар

(жасыл өскін, жасыл (көк) шөп, жасыл планета, жасыл жапырақжәне т.б.)


II. Шақыру кезеңі.

- Жылдың қай мезгілінде табиғат көктей бастайды? (көктем)

- Көктемде қандай құбылыстар пайда болады? (табиғат оянып, жаңа өмірін бастайды)

- Жасыл сөзі нені білдіреді деп ойлайсыңдар? (жаңа өмір)


- Енді біз «Жасыл – яғни үнемді» деген сабақ тақырыбына да жеттік.

III. Түсініп алу кезеңі.

Ауызсу туралы не білесіңдер?

А)

«Алма» ойынмен модельдеу:

Мұғалім қолына алма алып, «Осы алма – бұл біздің Жеріміз». Құрлық бетінің төрттен үш бөлігін су алады (осы сөздерді айта отырып, мұғалім алманы төртке бөліп, үш бөлігін алып тастайды). Жер бетінің төрттен бір бөлігі – құрлық.

- Балалар ғаламшардағы су қорының көлемі туралы қорытынды шығарады.


- «Жер бетінде қанша су қалды» атты масштабталған тәжірибе

Мұғалім балаларға су толтырылған 2 литрлік банканы көрсетеді. Банкадағы су Жер бетіндегі бүкіл суды – тұщы су мен тұзды суды білдіреді деп түсіндіру қажет. Мұғалім балалардан планетадамыздағы тұщы және тұзды суы бар барлық су объектілерін атап өтуін сұрайды.


1. Литрлік банкаға көк түсті гуашьпен боялған су толтырамыз. Ол бүкіл жер бетіндегі су қорын білдіретін болады.

2. Литрлік банкадан тамызғыштың жартысына (1 мл) су толтырып, оны ауаға сығып шашамыз, бұл атмосферадағы су.

3. Тамызғышты екі рет суға толтырып, оны стақанға құямыз – бұл өзендер мен көлдердегі тұщы су.

4. Литрлік банкадан басқа ыдысқа 973 мл су құйып, оған тұз қосамыз – бұл теңіздер мен тұзды көлдердегі тұзды су.

5. 21 мл (4 шәй қасық) судымұз жасауға арналған ыдысқа құямыз – судың осындай мөлшері (біздің масштабқа сәйкес) жер бетінде мұз күйінде бар.

6. Литрлік банкада қалған суды топыраққа құямыз. Бұл жер қыртысының ішіндегі су.

7. Талқылау.

Қай ыдыста адамға жарамды су бар? (өзен, көл мен топырақтағы суды білдіретін стақандағы су пайдалануға жарамды).

1 бейнеролик «Су»

Блиц-турнир: балалар мұғалімнің сұрағына жарысып жауап береді және су ресурстарын, атап айтқанда ауызсуды үнемдеу қажеттілігі туралы қорытынды шығарады.

- Жер бетінің қанша бөлігін су алады? (3/4)

- Адамның қанша бөлігі судан тұрады? (3/5)

- Тұщы су дегеніміз не? (тамаққа қолдануға болатын су)

- Тұзды су дегеніміз не? (адам мен жануарлар үшін зиянды)

- Тұщы су қайда бар? (өзендер, көлдер, батпақтар,мұздықтар)

- Тұзды су қайда бар? (теңіздер мен мұхиттар)

- Жер бетінде қандай су көп? (тұзды су)

- Тұщы су қалай тазартылады? (зауыттарда, тазарту жүйелері арқылы)

- Тұщы су бітпеу үшін не істеу керек? (крандарды жауып отыру, сумен ойнамау, ауызсуды мақсатына қарай ғана пайдалану, яғни үнемдеу.

Б) Жаттығу

- «Болады, болмайды» ойыны: балалар дұрыс немесе бұрыс пайымдамаларды таңдап, қозғалу ережелеріне сәйкес қажетті қимылдарды жасайды (дұрыс пайымдама болса – алақандарын соғады, бұрыс болса – аяқтарын тыпырлатады).

1. Тоққа қосылған электр фенімен ойнауға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).

2. Тоққа қосылған үтікке ылғал қолмен тиюге бола ма (аяқтарын тыпырлатады).

3. Бөлмеден шыққанда жарықты сөндіруге бола ма (алақандарын соғады).

4. Қосылып тұрған теледидарға жақын отыруға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).



5. Ұйықтаған кезде компьютерді қосылған күйінде қалдыруға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).

6. Керек болмаған кезде үтікті тоқтан ажыратуға бола ма (алақандарын соғады).


2 бейнеролик «Энергия»

- Ой-талқы: 1 минуттың ішінде роликтен естілген немесе роликте көрсетілген сөздерді жазып алу.


Әрбір командадан бір оқушы шығып, команда жазып берген барлық сөздерді оқып шығады, кейінгі команда әлі айтылмаған сөздерді ғана оқып береді. Ең көп сөзді жазып алған команда жеңімпаз болады.


- Мәнді-мағыналы сұрақтар:

- Әрбір команда 2 минуттың ішінде біздің жаңа ғана қараған бейнематериал бойынша сұрақтарды дайындауы қажет.

Командалар бір-біріне сұрақ қойып, энергия мен энергия ресурстарын пайдалану және үнемдеу проблемасына назар аудару қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Ең көп дұрыс жауап берген команда жеңімпаз болады.

- Бізге тоқ не үшін қажет? (құралдарды пайдалану үшін)

- Тоқты қайдан алады? (зауыттарда, электр станцияларында)

- Ондай зауыттар қандай зиян келтіреді? (табиғатты ластайды)

- «Табиғатты ластау» дегеніміз не? (бұл табиғаттың ластанып жойылуы)

- Тоқты тағы қалай алуға болады? (күннен, желден, судан)

- Тоқ алудың қай әдісі ең жақсы? (екіншісі)

- Бұл әдіс қалай аталады (жасыл энергетика)

4. Рефлексия.

А) Қорытынды шығару

- Тақтаға жазылған сөздермен қандай сөз тіркесін құрастыруға болады?

- «Жасыл экономика» деген сөздерді қалай түсінесіз? (балалар жауаптары)

Б) №3 бейнеролик «Қоқысты бөліп жинау»

- «Кім тезірек болады?» атты жарыс» (әрбір команда пакет түсіне сәйкес келетін қоқысты жинауы тиіс, мұғалім командаларға түрлі түсті пакеттерді үлестіріп береді, алайда қай пакетке не салу керек екенін түсіндірмейді:

1-команда – қызғылт сары пакет – батарейкалар мен лампочкалар,

2-команда – сары пакет - пластик,

3-команда – көк пакет – қағаз).

- Мини-диспут: балалар өз таңдауының дұрыстығын дәлелдеп, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Диспутты өткізу барысында балалар екі негізгі сұрақтың жауабын табады: Экологиялық із дегеніміз не? Және экологиялық мәдениет дегеніміз не?

5. Үй тапсырмасы.

Покетмодты бояп шық.

- Балалар, ресурстарды үйде қалай үнемдеу керектігі туралы ақ-қара покетмодты жаднама мен түрлі түсті қарандаштардың көмегімен толтырындар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.01.2018
552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12