400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Сайыс сабақ «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» 5-7 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Қазақ халқы “ақыл – жастан, асыл - тастан” деп бекер айтпаған, олай болса ұшқыр қиял мен ойлылықты қажет етер, оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыруға, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеуге септігін тигізер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы . Іле ауданы . Чапаев ауылы № 45 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Сейпулаева Алма Адиевна



Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова «Бала Мәншүк»


Сабақтың мақсаты:

1. Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.                                        

2.Оқушыларды ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандару.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

3.Жас ұрпақты елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың технологиясы: сыни тұрғысынан ойлау мен жазу.
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәриям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбер.
Топқа бөлу

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

ІV топ: Өжет

Бағалау парағын тарату ( топ басшылары басшылық жасайды).
І. Қызығушылықты ояту.
- Өткен сабақта қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
- Әлия Молдағұлова
- Әлия туралы білімімізді жинақтайық. Әлия қалай естеріңде қалды.
(ватман тарату)
топ бойынша қорғау.
қайратты, ақылды, өжет, қайсар, жауынгер, батыр, ержүрек, батыл
, байсалды.
I топ Әлиянің ерлігі (жауапкершілігі, қайсарлығы)
II топ Әлия - Шығыс шынары. (Кенес Одағының батыры, қазақтың қаһарманы қызы,)

IІІ топ Әлияға мінездеме.
Әр топ тапсырмаларын қорғайды. Әр топтың
пікірі құнды болады .
II. Мағынаны ажырату.
- Ә. Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров,Рақымжан Қошқарбаев
,Доспанова Хиуаз.
- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз
дар кімдер?
Мәншүк Мәметова
, Доспанова Хиуаз,
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.

1. ББҮ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке - жеке орындайды
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Білемін

Білгім келеді

Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.
1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
- Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
Білемін
. Білгім келеді . Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.

Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?
2. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 2 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.
Балалар, сендер білгім келеді бөлімін топтастырғанда тереңірек білгім келеді дедіңдер ғой. Қазір бейнефильм ұсынамын.
- Қандай сезімде отырсыңдар бейнефильнен кейін

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? (18 жаста)
- Қай жерде және қай жылы дүниеге келген екен?(
Бейнефильнен «білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма?
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта «Бала Мәншүк» туралы М. Хакімжанованың естелік шығармасы бар.
- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар?
- Мәриям Хакімжанова туралы не білеміз?
- М. Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны. «Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.
Енді, балалар, мәтін бойынша жұмыс жасаймыз.
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі

Сөздік жұмыс. Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп қойындар.
Дәптерлеріңе жазып алыңдар.«Түртіп алу» әдісі.
Дерлік – түгел, бәрі, айтарлық
Әсте қыңыр – басқаша, қызық, бір түрлі, өзгеше сөйлейді
Домбығып – ісіну, томпаю
Схема арқылы негізгі ойымызды анықтайық.
I топ –Негізгі ой. І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы» жауапкершілігі, қайсарлығы,
II топ – Рөлге бөлу.
ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»
Топта талдау.
«Ой ширату»
I топ –- Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсиянің қандай мінездері ұнады? Өздеріңе ше?
ІI топ – Әңгімедегі Мәнсиянің қандай қызықты жайы естеріңде қалды?
III топ – Сендердің ойларынша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?
Топта талдау, сұрақтарға жауап беру.
ІІI. Ой – толғаныс.
Балалар, Мәншүк апаларын
барлықтарыңа ұнады ма?
Ендеше қалай ұнағанын көрейік.
Бес жолды өлең құрастыру.


1. Зат есім. Кім? – Мәншүк
2. Етістік Не істеді? Қайтті? – атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.
3. Сын есім. Қандай? – ержүрек, батыр, өжет.
4. Синоним. Мәншүк - Мәнсия
5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.
Қорытынды:
1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?

 

  1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.

  2. Олар бір-бірімен кездеспеген.

  3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.


Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Үйге тапсырма:
1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
2. «Батырларға ризамын» эссе жазу.
3. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтел жаттау.
Бағалау парағы
бойынша топ басшылары сөйлейді.Мадақтау.
Тілек: «Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!
Бейбітшілік болсын!» демекпін.











































Сабақтың тақырыбы: «Бала Мәншүк»

                                           М.Хакімжанова

Сабақтың мақсаты:    1. Оқушыларды қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстыру, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдету.

                                        2.Оқушыларды ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандару.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

                                        3.Жас ұрпақты елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:           Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі:           Әңгімелеу,сұрақ жауап, мәнерлеп оқу, топтастыру, көрнекіліктер.

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия  Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар,карта.

Сабақтың барысы:  

  І. Ұйымдастыру кезеңі

 а) Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Шығыс шынары» мәтінінің мазмұны

ә) Батырлық, ерлік туралы мақал жинақтау, жатттау.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

  • Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?

  • Әлия Молдағұлова

  • «Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік

  • Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

ІV топ: Өжет

ІV. Жаңа сабақ.

-Ә.Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?

 

  1. ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?

Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды

«Білемін» бөлігін топтастырады.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

 

 

 

  1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.

  • Мәншүк туралы не білгілерің келеді?

«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?

 

 

  1. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.

  1. Автормен таныстыру.

М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.

5. Мәншүк туралы слайд арқылы мағлұмат беру.

М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма:

Оқушыларға  оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.

І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»

ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІ  бөлім. «Мәнсияның жанама аты»

Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап,түсінігін бір-біріне айтады. Әр топқа 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші нөмірлер бір жерге, 2-ші нөмірлер екінші жерге т.с.с. жиналады. Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топта айтып береді. Сонда тұтас  мәтін мазмұны толық түсінікті болады.

  1. Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата

ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.

ІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.

  1. Зат есім. Кім? – Мәншүк

  2. Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.

  3. Сын есім. Қандай? –ержүрек, батыр, өжет.

  4. Синоним. Мәншүк-Мәнсия

  5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.

 

IV топқа. «Мәншүк туралы естелік» оқып көрініс көрсету.

 

Қорытынды:

1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?

 

  1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.

  2. Олар бір-бірімен кездеспеген.

  3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.

 

2. Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.

 

Үйге тапсырма:

  1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.

  2. Батырлық, ерлік туралы мақал жаттау.

Бағалау: Оқушы білімін бағалау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1315
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі