Материалдар / Сайыс сабақ "Зерде"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ "Зерде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдалы материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
769
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білімдіге нұр жауар

Мақсаты:

1) Оқушыларды тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу; оқу - білімге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Тірек - сызбалар, сұрақтар жинағы, интерактивті тақта, слайд.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Ойын 5 кезеңнен тұрады. 1. Бәйге 2.Өлең-сөздің патшасы. 3.Мақал- сөздің мәйегі. 4.Полиглот. 5. Даналар ізімен... Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар. Әуелі белгі береміз, атыңыз аталғаннан кейін жауап бере аласыз. Сұраққа бірінші болып белгі берген ойыншы жауап береді, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа белгіні екінші болып көтерген ойыншы жауап береді және бірінші ойыншы келесі сұраққа жауап бере алмайды. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын мұғалім айтады.

1- кезең. «Бәйге» сайысы. «Алғырлар» тобына сұрақ

1.Тілдің басты қызметі? (Тіл-қарым-қатынас құралы)

2.Ең бірінші бақытым ...... (Халқым)

3.Қазақтың үш биін атаңыздар? (Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)

4.Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997ж. 22-қыркүйек)

5.ҚР мемлекеттік рәміздерін атаңыздар? (Әнұран, Ту, Елтаңба)

«Ақылдылар» тобына сұрақ

1.Бес асыл іс......... (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)

2.Ал екінші бақытым ........... (тілім)

3.«Тіл-құрал» еңбегінің авторы, қазақ тілінің негізін қалаушылардың бірі?
(А. Байтұрсынұлы)

4.Қазақ тілінде неше төл дыбыс бар? (8)

5.Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің саны? (45)

«Білімділер» тобына сұрақ

1.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (А. Құнанбаев)

2.Үшінші бақытым....... (Отан)

3.Қазақ әліпбиіне қазақтың төл дыбыстарын енгізген ғалым?
(А. Байтұрсынұлы)

4.Бес дұшпан......... (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

5.Алғаш мектеп ашып, қазақ жастарын оқу мен білімге шақырған ұлы ағартушы? (Ы. Алтынсарин)
(Әділқазылар 1 - кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

2-кезең. Өлең-сөздің патшасы (мәнерлеп оқу сайысы)
1. Діннен емес тілден алған үлесін,
Қазақ деген халық барын білесің.
Сондай елдің ұлымын деп өзіңде,
Шаршы топқа шалқая бір кіресің.
Осы тіл деп мінәжатың, мұраты,
Айтып өткен бар ғұлама, ұлы ақын.
Елдің үні, ердің құны дегендер,
Екі-ақ ауыз сөзге сыйып тұратын.
Сол қызыл тіл арқасында кешелер,
Отқа түсіп, оққа да ұшты нешелер,
Көре-көре көсем болып ұлдары,
Сөйлей келе шешен болған деседі ел.

2. Қазақ дейтін қалың елде қыры кең,
Болды қашан қара сөздің құны кем,
Тіл еді ғой қайтарғанда жау бетін,
Қаз дауысты Қазыбектер үнімен.
Тілі барда не бір сері, не серкең,
Иығы асып, өзгелермен өсер тең.
«Өлер едім, депті Расул, бүгін
қ,
Авар тілі жоқ болады, десе ертең.
Діннен емес, тілден тауып керегін,
Қазақпын деп, қайсар өскен ел едің.
Ана тілім құрыр болса, менде сол:
«Өмір сүріп керегі не?» деп едім.


3.Салтымызда жоқ еді деп, ғұрыпта,
Сылтау іздеп жатпайықшы сыныққа,
Көзге мақтап қайте қоям, өйткені,
Сөзден аттап кете алмайды ұлықта.
Мұратыңа жетем десең көздеген,
Бұрынырақ өтем десең өзгеден,
Айтқаныңнан айнып кетпей, абай бол,
Тас жармаса, бас жарады сөз деген.
Болжап біліп болашағын сөзбенен,
Әппақ уыз, алдындағы дәмді ақтап,
Өтсе деймін ұрпақтарым ендігі,
Ана тілін анасындай ардақтап.
Сөз аяғы айналды деп ұранға,
Тарпаң інім тағы да бір сынар ма?
Қайтем бірақ, қаным бірге тіліммен,
Әнім бірге, жаным бірге шығарда.


3-кезең. Мақал-сөздің мәйегі. (мақалдарды аяқтау)

1.Алғырлар тобы:

1.Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
3.Көп жасаған білмейді,
Көпті көрген біледі.
4.Тіл қаруы-сөз,
Сөз қаруы-ой.
5.Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Ақылдылар тобы:

1.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
2.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
3.Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
4.Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
5.Ананың ойы балада,
Баланың ойы далада.

«Білімділер» тобы:

1.Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
2. Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің бөзі ортақ.
3.Жаман сөз-жанға кірген тікен,
Жақсы сөз-таптырмайтын ем.

4.Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
5.Асыққан жолаушы,
Атына теріс мінеді.

4-кезең. Полиглот. Жұмбақтардың шешімін тауып, үш тілде айтасыздар (қазақша, орысша, ағылшынша). Әр жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Аяғы жоқ жүреді, сылық-сылық күледі (су, вода, water)
2. Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім,өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін (карта, map)
3. Тілі барда үні жоқ,
Өзін адам түсінген,
Жүрегі барда жаны жоқ,
Сөйлеп туған ішінен
(кітап, книга, book)
4. Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп
(ай, луна, moon)
5.Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр
-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(Қалам, ручка, pen )
6. Әр түстің сәні бар,
Аумайды гүлдерден,
Қанаты бар,жаны бар,
Айтпаймын білгенмен
(көбелек, бабочка, butcher)
7.
Кішкентай ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар
(орамжапырақ, капуста, cabbage)

5-кезең. Даналар ізімен... Әр топ тіл туралы 1 шумақ өлең шығарады немесе ақындар өлеңін жатқа оқиды.

Қорытындылау. Қазылар алқасына сөз береміз. Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!