Материалдар / Сайыс сабақ:Тапқырлар тартысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ:Тапқырлар тартысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге ,жас оқытушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
1546
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ



Жол-көлік колледжі







ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ


(Интеллектуалды сайыс)






Орындаған: Сақбаева Н.

Қожаева А.

Жандарбекова А.







Жалпыбілім және жалпыкәсіптік

Пәндері циклдік комиссиясында

талқыланып, қаралған.

Хаттама № __ «__ » 20__ ж

Төраға:_____ Сақбаева Н.Т.








Шымкент 2019 ж.


5.12.2019 ж.

АЭ 9-191, АЭ9-192, ТМ 9-193, ОПУЖТ 9-191,ТҰРАТ 9-191,ТҰРАТ 9-192 топтары

Сабақтың тақырыбы: «Тапқырлар тартысы»

Мақсаты:

Білімділік: Студенттердің математикалық және физикалық ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, тез шешім қабылдауға үйрету, есеп шығару дағдыларын тиянақты қалыптастыру, математика және физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, ойлауға, ізденуге үйрету, өзіндік талдау мен жинақтау жасай білуге, қиялын ұштап, білімін шыңдауға жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, еңбектенуге үйрету, кез-келген ортада ойларын ашық түрде жеткізе алуға, берілген тапсырманы жауапкершілікпен сезіне отырып, дер кезінде орындай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын сыйлай білуге үйрету.

Көрнекіліктер(құрал-жабдықтар): Мультимедиалық проектор,

электронды тапсырмалар, презентация, сценарий, бағалау парақтары, мадақтамалар, оқушылардың жауап парақтары.

Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын сабағы.

Сабақ өтудің пед.технологиясы: өздігінен дамыта оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: химия, сызу, информатика,тарих.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, назарын аудару, оқушыларға интеллектуалды сайыстың мақсат-міндеттерін, шарттарын таныстыру.


Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі математика және физика пәндерінен білімдерімізді шыңдайтын, алғырлыққа, тапқырлыққа баулитын “Тапқырлар тартысы” атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа 3 топ қатысады, кезеңдерден жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Сонау-сонау алысқа

Жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа

Ұшсын десең денелер.

Математика,физика

Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан бұл маңызды

Ғылымдардың тілін біл,- дей келе, сайысқа қатысушы топтарымызды таныстырып өтейік:

1.Пифагор тобы

2.Архимед тобы

4.Евклид тобы


Ендеше сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1.«Ой ұшқырлығы»

2. «Ұлы ғалымдар»

3.«Текшемен ойын»

4. «Графиктер сайысы»

5. «Жұмбақтар сайысы»


Бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Колледжіміздің әдіскері – Тұрғынбаева Фарида апай.

2.Химия пәнінің оқытушысы – Аймырзаева Набат апай.

3.Металдар технологиясы пәнінің оқытушысы Сәрсенова Маржан апай

Жүйелі сөз шығады шабытты ерден
Жүйріктер бар талай сында озып келген
Білімі мен ақылын қайрат қылған
Жүзден жүйрік, мыңнан бір тұлпар деген
Бәйгеден келеді екен талмай шапқан
Жүйріктен тұлпар озар күш сынасқан
, – дей келе, интеллектуалды сайысымызды бастаймыз.

І кезең: «Ой ұшқырлығы»

Бұл кезеңде әр сайыскерге математика және физика пәндерінен 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл. Жоғарғы ұпай – 10 балл.

1

1.Бағытталған кесінді (вектор)

2. Кәдімгі күнбағыс өсуі математиканың қай тарауына байланысты?(логарифм)

3. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар қалай аталады (қарама-қарсы сандар)

4. Геометрияның негізін қалаған математик. (Евклид)
5.
Әріпті өрнектің алдындағы сандық көбейткіш қалай аталады? (Коэффициент)

6. Елеуішпен суды қандай агрегаттық күйде әкелуге болады? ( қар немесе мұз күйінде)
7. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады?
( ауа)
8. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
9. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
10. Ауасыз кеңістік (вакуум)
11. Төртінші дәрежелі теңдеу қалай аталады (биквадрат)

12. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш ( квадрат)

13. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)

14. Кеңістіктегі фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі (стереометрия)

15.Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

16.«Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
17. Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ, өйткені ұшпайды)
18. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
19.  Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
20.  Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? (инерция)

2

1. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (косинус)

2. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)

3. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем.(Теорема)

4. Тұңғыш әйел-математик кім? (С.Ковалевская)

5. Квадрат теңдеудің D<0 болғанда неше шешімі бар? (Шешімі жоқ)

6.Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
7.Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
8. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
9. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз берілетінін тұжырымдаған ғалым (Паскаль)

10. Сүт қанша градуста қайнайды? (100 С)

11. Квадрат теңдеудің D=0 болғанда неше шешімі бар? (1 шешім)

12.Бір нүктеден шығатын екі жартытүзуден құралған фигура (бұрыш)

13.Бұрыштың градустық өлшемін табуға арналған құрал (транспортир)

14.Екі қабырғасы тең үшбұрыш қалай аталады? (тең бүйірлі үшбұрыш)

15. Қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы (тангенс)

16. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

17.Ең кішкентай заряд? (электрон)
18. Электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
19. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр)
20.Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)


3

1.Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрия бөлімі (планиметрия)

2.Барлық қабырғалары тең үшбұрыштар қалай аталады? (тең қабырғалы немесе дұрыс үшбұрыш)

3. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы қанша градус (180 0)

4.Түзудің екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерден тұратын бөлігі (кесінді)

5.Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)

6.12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
7. Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, тәжірибе, теория)
8. Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
9. Будың сұйыққа айналуы (конденсация)

10.Массаның өлшем бірлігіне ХБЖ (СИ) жүйесінде не алынған? (кг)

11. 100 о бұрыш қай ширекте орналасқан?(ІІ ширекте)

12. Шаршының периметрі 88 см, 1 қабырғасы неге тең?(22)

13. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.(Аксиома)

14. Квадрат теңдеудің D>0 болғанда неше шешімі бар? (2 шешім)

15. Екі санның қосындысы айырмасына тең бола ма?(О саны)

16.Аттас зарядтар бір біріне қалай әсер етеді?(тебіледі)
17. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама…
(энергия)

18.Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)

19. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

20. Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мақта)


ІІ кезең: «Ұлы ғалымдар»

Әрбір топқа экраннан ұлы математиктер мен физиктердің бейнесі көрсетіледі. Ғалымның еңбегі, енгізген жаңалығы туралы айтылып, есімін табу жасырылады.Дұрыс табылған бір ғалымның есімі үшін – 5 балл. Жоғарғы ұпай – 10 балл.


1.а)Логарифмді ойлап шығарған математик (Джон Непер)


б) Физикаға «электр тогы» ұғымын енгізген ғалым (Андре Мари Ампер)


2.а)Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген ғалым (Рене Декарт)


б)Электромагниттік индукция құбылысын ашқан ғалым (Майкл Фарадей)



3.а)Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларын катеттері арқылы табу формуласын ойлап тапқан ғалым (Пифагор)


б)Нүктелік денелердің өзара әсерлесу заңын тағайындаған ғалым(Шарль Кулон)


4.а) «Негіздер» оқулығының авторы (Евклид)


б)Бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдаған физик, математик (Исаак Ньютон)


5. а)Ең алғаш алгебра оқулығын жазған ғалым (Әл-Хорезми)


б)Салыстырмалылық принципінің негізін қалаған физик (Альберт Эйнштейн)



6. а) Отырардан шыққан ұлы ойшыл-математик, физик,астроном (Әл-Фараби)


б)Алғаш радиоқабылдағышты ойлап тапқан ғалым (Александр Попов)


ІV кезең: «Текшемен ойын»

Бұл кезеңде әр команда ұяшық таңдау арқылы экранда көрсетілетін фигуралар мен тәжірибелердің атын табуы тиіс. Дұрыс жауап үшін 5 балл.



Жауабы:Зарядтың сақталу заңы


Жауабы:Конус.Цилиндр.Шар


Жауабы: Ом заңы


Жауабы: Призма


Жауабы:Фарадей тәжірибесі


Жауабы:Пирамида






V кезең: «Графиктер сайысы»

Бұл кезеңде экранға функциялардың графиктері шығады, сол график қандай функцияның графигі екендігін табуы тиіс. Дұрыс жауап үшін 10 балл.


Жауабы:Квадраттық функцияның графигі

Жауабы:y=tgx функцияның графигі

Жауабы:Логарифмдік функцияның графигі

Жауабы:Көрсеткіштік функцияның графигі

Жауабы: y=cosx функцияның графигі

Жауабы: y=sinx функцияның графигі



VI кезең: «Жұмбақтар сайысы»

Бұл кезеңде халықтық педагогикамыздың басты бөлігі болып саналатын жұмбақтар әр сайыскерге қағазбен тапсырма болып таратылады. Жауабын тауып әділ-қазылар алқасына өткізеді. Дұрыс табылған жауап үшін 3 балл.

Жалғыз бағыт білері

Бұрғанына көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді. (компас)


Өмірі оның қызық,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы.
(шеңбер)


Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді,

Өлшемдерін қарасақ

Ньютонға ол келеді. (күш)



Алуан түрлі із салғанның өзі еді,

Өзінен де пайдалысы өзегі. (қарындаш)


Көкке қараған,

Жұлдыз санаған (телескоп)


Мұздай мөлдір жұмыртқа

Жарық берер ымыртта (электр шамы)


Сайыс кезеңдері аяқталды. Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпайды есептеп болғанша, көрермендердің көңілін аулайық.

Қорытынды:


Ғылымның сырын ұғына 
Шығыңдар білім шыңына 
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына
– дей келе, интеллектуалды сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «Мектеп» журналы.

2. В.Т.Лисичкин. Математика.

3.Интернет желілері.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!